kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашық тәрбие сағаты "Туған жерім - Қызылорда"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ашық тәрбие сағаты "Туған жерім - Қызылорда"

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашық тәрбие сағаты "Туған жерім - Қызылорда"»

Күні: 07.11.2019

Сынып жетекшісі: Омарова Г.

Тақырыбы: Гүлденген, Қызылорда!
Мақсаты
:

Балаларға сүйікті қаламыз – Қызылорда туралы мәлімет беру.
Баланың ізгілік қасиетін дамыту. Ойын арқылы балалардың ой - өрісін, қимылын ұштау.
Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз елінің отанын сүйетін патриот болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Тақырыптық суреттер
Әдісі: Әңгімелесу, сұрақ - жауап.,түсіндіру


Өтілу барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Қала туралы мәліметтер беру

Қызылорда қаласының қалыптасу тарихы бұрынғы маңызын жоғалтпай, тек аты ғана бірнеше рет өзгергенімен (Ақмешіт – 1818 жылы, Перовск – 1853 жылы, қайтадан Ақмешіт – 1922 жылы, Қызылорда – 1925 жылы), әр кезеңде Сыр бойы атрабының әлеуметтік және мәдени орталығы болып қалыптасты.

Ақмешіт 1818 жылы Қоқан хандығы кезінде Сырдария бойында алғаш қорған ретінде салынған. Оның ішіндегі ақ кірпіштен өрілген мешіттің түсіне сай бекініс Ақмешіт деп аталды.

1853 жылғы 28 шілдеде Орынбор генерал-губернаторы В.А.Перовский Сыр қазақтарын қорғауды сылтауратып орыс әскерлерімен қамалға басып кіріп, қоқандықтарды қаладан қуып шығады. Қала Перовск аталып, 1867 жылы ол Сырдария уезінің орталығына айналады. Қалада 4 сыныптық мектеп, кірпіш зауыты, жел диірмен, ұста дүкендері жұмыс істей бастайды.

1905 жылы Орынбор – Ташкент теміржолы пайдалануға беріліп, қалада депо, вокзал үйлері салынды. Ал 1917 жылы 30 қазанда Перовскіде Кеңес үкіметі орнады. Жаңа үкімет үшін болған ұрыста А.Першин, Н.Шумилов, Н.Селиверстов тағы басқа жауынгерлер ерлік үлгісін көрсетті.

1922-1925 жылдары қала қайтадан Ақмешіт атанып, 1925-1929 жылдары Қазақстанның астанасына айналды. 1925 жылы қалаға Қызылорда аты беріліп, онда С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров сияқты белгілі қаламгерлердің туындылары сахналанып, М.Әуезовтың “Еңлік-Кебек” спектаклі қойылды. Ал 1938 жылы Қызылорда облысы құрылды. 1960-70 жылдары қалада қатырма қағаз, аяқкиім, механикалық және күріш зауыттарымен қатар бірнеше фабрикалар іске қосылып, жаңадан салынған Гагарин, Титов елді-мекендері арқылы қала көлемі ұлғая түсті.

Осы жылдары Қызылордада педагогикалық институт пен Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институттарының филиалы және бірнеше арнаулы оқу орындары жұмыс істеп, көптеген мектеп үйлері жаңадан салынды.

1980-90 жылдары қазіргі Абай даңғылы, Желтоқсан, А.Тоқмағамбетов көшелерінде сәнді үйлер, зәулім ғимараттар бой көтерді. Соңғы жылдары салынған Ақмешіт, Мерей шағынаудандары, “Оңтүстікмұнайгаз” фирмасының әкімшілік үйі, Диагностикалық орталық, облыстық аурухананың жаңа үйлері қала ажарын аша түсті. Шетелдік компаниялардың Сыр бойының табиғи байлығын игеруі тұрғындардың әлеуметтік жағдайының жақсара түсуіне ықпал ете бастады. Ежелгі Сыр бойында өмір сүрген данышпан Қорқыт баба, Жалаңтөс БаһадүрӘйтеке би, Жанқожа, Бұқарбай, Тоғанас батырлар мен Ұлы Отан соғысы кезіндегі Кеңес Одағының батырлары атанған 22 майдангер ерлеріміздің есімдері – ел мақтанышы. Мұстафа Шоқай, Темірбек Жүргенов, Ғани Мұратбаев сияқты қазақтың біртуар ұлдары мен даңғайыр диқан Ыбырай Жақаевтарды дүниеге әкелген де осы қасиетті Сыр топырағы. Олар — өлке тарихына енген, көше бойларындағы үйлерге жазылған биік тұлғалы қасиетті есімдер.

Сонымен қатар, Қызылорда қаласының іргесінің қаланғанына 200 жылға жуықтаған кезеңде де оның заман өзгерістеріне толы тарихи оқиғалары, ежелгі дәуірлерден бүгінгі күнге дейін Арал өңірін, Сырдария жағасын мекендеген халықтардың археологиясы, этнографиясы, әлеуметтік-мәдени өмірі зерттеушілердің назарында болып келеді.


  1. Қала туралы өлең шумағымен таныстыру


Назгүл Бердіқожақызы

Айдай ару қала көрдім түсімде, 
Боз шымылдық, бозғұлт тұман ішінде. 
Көз талдырып желдей қашты сағым боп 
Сырлы шахар шерменде бір пішінде. 

Ақ қалаға ауды менің аңсарым, 
Көкіректен саулап ақты қанша мұң. 
Қауызынан зәм зәм суын ішкім кеп, 
Аңсап қатты, ауық-ауық тамсандым. 

Көз арбаған аппақ нұрмен жарқылдап, 
Абат қала... 
Сиқыр әлем... 
Жарқын бақ. 
Жетсем деп ем сусып кетті табаннан 
Қызыл көпір қыл арқандай қалтылдап. 

Ұмсынғанмен алға баспай аяғым, 
Сүлдер болған өз-өзімді аядым. 
Қақпасына көзін сатып мұңайып, 
Екі дүние ортасынан ояндым. 

Өңім бе бұл, түсім бе әлде соны ұқпан, 
Көз қарыған ғажайыпқа жолыққам 
Көңілдегі күмәнімді ашып кеп, 
Қызыл иек құмай қартқа жорытқам. 

Қызылорда – қызыл қала шырайлы 
Тәңірінен бір таупиық сұрайды 
Арманы зор. 
Адамы тоқ. 
Тек қана – 
Рухы мен табыса алмай жылайды. 

Рухы оның аппақ қала Ақмешіт 
(Маңайында күнде айналған бақ көші) 
Шомылдырып алған еді сүтіне 
Иігенде туған жердің ақ төсі. 

Әзі қарттың ау жайына құлақ сап, 
Қаяу көңіл орныққандай тұрақтап 
Түн баласы сол түсімді көрсем деп 
Жаным менің бір жұмақты жүр аңсап. 
Қызылорда нұрлы қала, бақ қала 
Жыр етемін мен әлемге мақтана 
Сондадағы көз алдымнан кетпейді 
Әуесінен нұр құйылған ақ қала. 













  1. Қызылорда облысының аудандары туралы 7 аудан бар.

Аудандар тізімі батыстан шығысқа қарай:

  • Арал ауданы, орталығы — Арал қаласы,

  • Қазалы ауданы, орталығы — Әйтеке-Би кенті,

  • Қармақшы ауданы, орталығы — Жосалы кенті,

  • Жалағаш ауданы, орталығы — Жалағаш кенті,

  • Сырдария ауданы, орталығы — Тереңөзек кенті,

  • Шиелі ауданы, орталығы — Шиелі кенті,

  • Жаңақорған ауданы, орталығы — Жаңақорған кенті.



ІІІ. Қорытынды бөлім


   Қала күні қызылордалықтардың ерекше мейрамына айналып үлгерді. Жыл сайын қоңыр күздің самал желіндей жайнап жарқыраған Қызылорданың қарыштап дамығанын көру қала тұрғындарына ерекше көңіл-күй, жастарына шабыт сыйлайды. Биыл қызылордалық тұрғындар қаланың 200 жылдық мерейтойын тойлауға асық. Бірақ, ел есінде қала күні қалай бекіген еді деген сұрақ туады. 
Еске түсірсеңіз, қала өмірінің маңызды оқиғаларының бірі қала әкімінің шешімімен 7 қазан «Қала күні» болып бекітілді. Қызылордалықтар 2000 жылдың қазан айында қала күнін тұңғыш  атап өтті және ең алғашқы мерейтойлық қуанышта орталық алаңда мерекелік шеру ұйымдастырылған. Шеруге қаладағы өндіріс орындары, жоғары және арнаулы оқу орындары, білім ошақтары қатысқан. Дәл сол жылы елге еңбегі сіңген бірқатар азаматтарға «Қызылорда қаласының құрметті азаматы» атағы берілді. Құрметтілердің қатарында сол кезде №198 орта мектептің директоры М.З.Подольский, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университететінің профессоры А.Х.Айдосов бастаған бірқатар белгілі азаматтар болған. Міне, содан бері қызылордалықтар қала күнін жыл сайын атап өтуді дәстүрге айналдырды. Биыл 200 жылдық мерейтойға орай қала билігі барлық іс-шараларды алдын ала халыққа ақпараттандырып, ел назарына ұсынды. 23 қыркүйектен бастау алатын іс-шаралар 10 қазанға дейін жалғасады.








Қызылорда қаласына - 200 жыл!



Жүретін нуларыңда барыс қана,
Бастапқы атың болатын Қамысқала.
Ақмешітке бекініс сап Қоқандар ,
Білді олар осы аймақты табысты қала .

Қоқан кетіп ,орыс боп қожаң сенің ,
Перовск атандың содан кейін .
Сенде орнап алғаш Кеңес үкіметі ,
Астана болып шықтың оған бейім

Ақындар арнап саған көп ән-жырды ,
Өзіңді Астанам деп Отан құрды .
Большевиктер қызыл ту тігіп саған ,
Өзіңді Қызылорда атандырды .

Бүгін сен Егеменді ел, қаласың,
Мақтансын бүкіл қала даласы үшін.
Сен өсіп -өркендесең Қызылордам ,
Қуанады бар қазақ баласы шын .

Қызылордам -сен менің мақтанышым,
Өзіңе Қыдыр қонып ,бақ дарысын .
Кеудемде өзіңе айтар мың алғыс бар ,
Өзіңде өткен бақытты шақтар үшін .

Тастап артқа сен бүгін қос ғасырды, ,
Есімің Байқоңыр боп көкке асылды .
Құт қонып Қызылорда аймағына ,
Ақ күрішім ақ маржан боп шашылды .

Құтты болсын мерейтой ,Қызылордам!!!
Шыға берсін бейбіт күн күліп алдан .
Қызылордам-өзіңсің бақ мекенім,
Әні болған елімнің ,жыры болған.

Көшесінде сан баба із қалдырған,
Бір көрген жан сәніне қызыға алған ,
Егеменді ел төсінде жайнап -өсіп ,
Мың жасай бер сүйікті Қызылордам!!! Жүретін нуларыңда барыс қана,
Бастапқы атың болатын Қамысқала.
Ақмешітке бекініс сап Қоқандар ,
Білді олар осы аймақты табысты қала .

Қоқан кетіп ,орыс боп қожаң сенің ,
Перовск атандың содан кейін .
Сенде орнап алғаш Кеңес үкіметі ,
Астана болып шықтың оған бейім

Ақындар арнап саған көп ән-жырды ,
Өзіңді Астанам деп Отан құрды .
Большевиктер қызыл ту тігіп саған ,
Өзіңді Қызылорда атандырды .

Бүгін сен Егеменді ел, қаласың,
Мақтансын бүкіл қала даласы үшін.
Сен өсіп -өркендесең Қызылордам ,
Қуанады бар қазақ баласы шын .

Қызылордам -сен менің мақтанышым,
Өзіңе Қыдыр қонып ,бақ дарысын .
Кеудемде өзіңе айтар мың алғыс бар ,
Өзіңде өткен бақытты шақтар үшін .

Тастап артқа сен бүгін қос ғасырды, ,
Есімің Байқоңыр боп көкке асылды .
Құт қонып Қызылорда аймағына ,
Ақ күрішім ақ маржан боп шашылды .

Құтты болсын мерейтой ,Қызылордам!!!
Шыға берсін бейбіт күн күліп алдан .
Қызылордам-өзіңсің бақ мекенім,
Әні болған елімнің ,жыры болған.

Көшесінде сан баба із қалдырған,
Бір көрген жан сәніне қызыға алған ,
Егеменді ел төсінде жайнап -өсіп ,
Мың жасай бер сүйікті Қызылордам!!!



Жүректен – жүрекке.
Сөйлемдерді өз ойларыңмен жалғастырып айтыңдар.
- Мен туған жерді сүйемін, өйткені.......
- Мен туған жерді қорғаймын, өйткені...
- Мен туған жерімді мақтан етемін, өйткені...
Мен табиғатты қорғаймын, өйткені...
Мен туған жерімді ғажайып деймін, өйткені...
Оқушылар бірге қол ұстасып, мұғалім соңынан мына өлеңді қайталайды.
Қазақстан, туған жерім - киелім,
Қастерлеймін басымды да иемін.
Табиғатың - таптырмас жан байлығым,
Бәрін - бәрін аялаймын, сүйемін.







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Ашық тәрбие сағаты "Туған жерім - Қызылорда"

Автор: EРЖАНОВА ИНДИРА АЛТАЕВНА

Дата: 26.12.2019

Номер свидетельства: 533697

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "Ашық тәрбие сағаты "Мен өз елімнің патриотымын""
    ["seo_title"] => string(50) "ashyk_t_rbiie_sag_aty_mien_oz_ielimnin_patriotymyn"
    ["file_id"] => string(6) "458059"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1518893499"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "Мен өз Отанымның патриотымын! тәрбие сағаты"
    ["seo_title"] => string(45) "mien_oz_otanymnyn_patriotymyn_t_rbiie_sag_aty"
    ["file_id"] => string(6) "348107"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1476122084"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "Мен Қазақстанның патриотымын тәрбие сағаты"
    ["seo_title"] => string(47) "mien_k_azak_stannyn_patriotymyn_t_rbiie_sag_aty"
    ["file_id"] => string(6) "405180"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1490895877"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "«Ту?ан жерім, т??ырым-?аза?стан» "
    ["seo_title"] => string(36) "tug-an-zhierim-tu-g-yrym-k-azak-stan"
    ["file_id"] => string(6) "233059"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1442995169"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(21) "Ту?ан жерім "
    ["seo_title"] => string(14) "tug-an-zhierim"
    ["file_id"] => string(6) "148711"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1419830658"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства