kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Алихан Бокейханов

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мероприятие приурочено ко Дню независмости.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Алихан Бокейханов»

Тәрбие сағаты: «Алаш көсемі- Әлихан Бөкейханов»

Мақсаты: Алаш арыстарының бірі Әлихан Бөкейхан туралы оқушыларға қосымша мағлұмат беріп, оқушылардың бойына адамгершілік, патриоттық сезім ұялату, Әлихан Бөкейхан бейнесін ашу.

Жоспар:

1.Ә.Бөкейхан өмірі мен шығармашылығы

2.Ә.Бөкейхан туралы замандастар пікірі

3.Ә.Бөкейхан- ғұлама ғалым

4.Ә.Бөкейхан- өз елінің патриоты

Сабақ эпиграфы:

Кейінгілер ғибрат аларлық үлгі тастап кетіп алғыс алармыз ба?Жоқ, далаға лағып, жөнсіз кетіп қарғыс-лағынет аламыз ба? Кеудесінде көзі бар адам көп ойланарлық жұмыс.

Сабақ барысы:

І жүргізуші: Армысыздар қадірменді қонақтар, ұстаздар ! Бүгінгі «Алаш көсемі- Әлихан Бөкейханов» атты ашық шарамызға қош келдіңіздер!

«XX ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани - зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. Олар қоғамның түрлі тарабынан шыққандар, әрі ең алдымен дәстүрлі дала ақсүйектерінің өкілдері еді. XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамында зиялы қауым қалыптасуының ұрпақтар эстафетасы сияқты сипаты болғанын атап айтқан абзал» деп елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында айтып өтті. Өткен ХХ ғасыр қазақ халқының тарихында ұлы оқиғалармен есте қалады.
Сол оқиғалардың ішінде «мың өліп, мың тірілген» халқымыздың басынан өткен 1930 - 1938 жылдар ауыр да азапты кезең болды.
Егемен ел, тәуелсіз мемлекет болу жолында өмірін сарп еткен Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев сынды арыс азаматтарымыз сұрқия саясаттың құрбандары болды.
ІІ. Жүргізуші:«Алаш» партиясы – қазақтың тұңғыш ұлттық демократиялық партиясы. 1917 жылы шілдеде Орынбордағы бүкілқазақ сезінде құрылды. Көп ұзамай он тараудан тұратын партия бағдарламасының жобасы жасалды.
Алаш партиясын ұйымдастырушы – Әлихан Бөкейханов.
ХХ ғасырдағы қазақ тарихында терең із қалдырған Алаш партиясының негізгі мақсаты Ресей Федерациялық демократиялық республикасының құрамында қазақ автономиясын құру болды.

ІІ жүргізуші: Әлихан Нұрмұхамбетұлы Бөкейхан- адамзат баласының тарихында сирек кездесетін тұлға. Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан – Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы атақты – Сұлтан Барақ. Бабасы Бөкей – қазақтың соңғы хандарының бірі. Ал әкесі Нұрмұхамед ел ішіне сыйлы, қадірлі адамдардың бірі болыпты. Анасы Бекжан (Бегім) – тобықты, Құнанбаймен туысады.

І жүргізуші: «Алашорда үкіметі» 1917 жылы Орынборда 3 - 15 - желтоқсан аралығында ІІ Бүкілқазақ құрылтайын өткізді. Негізгі мақсаты Алашорда үкіметін құру. Төрағасы Әлихан Бөкейханов. Ұлт кеңесі құрамына 25 адам кірді. Алаш астанасы Семей қаласы еді.
Сол кезде Ресейде орын алған жағдайға байланысты қазақтардың жариялаған автономиясын жүзеге асыру мүмкін емес еді, кезекте бостандықтың жауы большевизммен күресу тұрды.
Өздерінің қолға алған шараларын іске асыру жолында Алашорда үкіметі Кеңеске қарсы жақпен бірігуге тура келді. 1918 жылы Азамат соғысының басталып кетуі Алашорда үкіметінің жұмысын тоқтатуға мәжбүр етті.
І жүргізуші:
Қазағым, қақтықпа, қамалма,
Ел болар халыңды амалда!
Кетті туы, атты таң, шықты күн,
Сал малды, сал жанды аянба!
Не көрсем де Алаш үшін көргенім,
Маған атақ ұлтым үшін өлгенім.
Мен өлсем де алаш өлмес көркейер,
Істей берсін қолдарынан келгенін.

Бірінші көрініс: «Бүкіл қазақ съезі»

Автор - Гауһар К.10а

Ә. Бөкейханов – Мұхамеджан 9б

1-қатысушы – Артем 9а

2-қатысушы – Максим 9а

3-қатысушы – Алихан Шамуратов 9а

4-қатысушы – Рамазан 9а

Үстел (3), отырғыш (5) ер балалар – костюм, жейде, видеодан үзінді, «Бүкіл қазақ съезі» жазуы, қызыл мата үстелге, Ә.Б.- көзілдірік, мұрт

Автор: Ұлттық мемлекет құрылып, 1917 жылы 21-26-шілде аралығында Орынбор қаласында I жалпы қазақ-қырғыз сьезі шақырылды. Құрылтайға Ақмола мен Торғайдан, Семей мен Оралдан, Жетісу мен Сырдариядан, Ферғана облыстары мен Бөкей ордасынан өкілдер қатысты.

Ә. Бөкейханов: «Азаттықтың таңы атты. Тілекке құдай жеткізді. Күні кеше құл едік, енді бұл күн теңелдік. Қам көңілде қаяудай арман қалған жоқ. Неше ғасырлардан бері жұрттың бәрін қорлықта, құлдықта ұстаған жауыз үкімет, өзгеге қазған оры өзіне шағын көр болып, қайтпас қара сапарға кетті. Енді бүгін теңеліп, түсімізде көрмеген жақсылықты өңімізде көріп, төбеміз көкке жетіп отыр. Бұл күнге жеткізген құдайға мың шүкіршілік!

1-қатысушы: Сьездің күн тәртібіне қазақ жұртына ең өзекті деп есептелген 14 мәселе қойылып отыр. Олардың ішінде әрине ең маңыздысы «Алаш» ұлттық демократиялық саяси партиясын құру болып табылады.

2-қатысушы: «Алаштың» ұлттық идеясы бес түрлі тұжырымға негізделеді. Ол тұжырымдамалар мемлекетті саяси және экономикалық, сондай-ақ рухани тәуелсіздіке жеткізетін бағыт болары айқын.

Автор: Осыған көзі жеткен Ленин мен Сталин 1917 жылдың 20 қарашасында ресейдің және шығыстың барлық еңбекші мұсылмандарына шұғыл түрде үндеу жариялады.

Видеодан үзінді

3-қатысушы: Құрылтайымыздың тағы бір өзекті мәселесі «Алаш» автономиясының төралығына үш азаматтың кандидатурасы ұсынылған болатын. Ашық әрі демократиялық жағдайда өткен сайлаудың қорытындысын жариялай үшін сөз кезегін сайлау комиссиясының төрағасына беремін.

4-қатысушы: сайлауға 79 делегат қатысты. Олардың 19-ы Бақтыгерей Құлманов жолдасқа дауыс беріп, 20-ы Айдархан Тұрлыбайұлын таңдаса, ал қалған 40 делегат Әлихан Бөкейхановты «Алаш» автономиясын басқаруға лайық азамат деп есептейді.

Автор: «Алаш» партиясы 1917-1920 жылдар арлығында 2 жыл 3 ай ғана тәуелсіз мемлекет ретінде өзінің ұлттық саясатын жүргізді. Сол кездегі саяси жағдайларды ескере отырып, төрт жақты Кеңес, Кольчак, Құрылтайшылар үкіметтері мен ақ гвардияшылардың қыспағына ұшыраған «Алашорда» өзіне мықты одақтас табуға мәжбүр болғандықтан, Кеңес үкіметін мойындады.

І. Жүргізуші: Алаш десе, рухың сілкініп, ұлттық «менің» оянып, мақтаныш сезім билейді. Осы сезімді аспан астын Алаш атымен тұндырып, ән салғың келеді. Ал, Алаштан қалған ән бар ма осы?
ІІ. Жүргізуші: Бар. Бар болғанда қандай!
Зар заман мәнерлеп оқу.
Оқушы:

Кез болған соң кер заман біздің баққа,
Жау жарағын асырып, міндік атқа.
Ел бастайтын ерлерге бұл бір зор сын,
Жаңа талап, жас ұлан, қарап жатпа.
Заман - ай?
Азаматы алаштың
Аттанатын күн туды.
Тұлпар мініп, ту ұстап,
Баптанатын күн туды.
Ел бастайтын қайдасың, көсемдерім?
Сөз бастайтын қайдасың, шешендерім?
Тәуекелге бел байлап, бастап топты
Тигізбесін жұртқа жау кеселдерін.
Заман - ай!
Бай, қайдасың, ортаға малыңды сал,
Азды - көпті аямай барыңды сал.
Жаны тәтті жақсылар, қайдасыңдар?
Мұсылманның жолына жаныңды сал.
Заман - ай!
Ел қорғайтын қайдасың, батырларым?
Өлең, күйдің шебері ақындарым?
Азаматтың міндеті елді қорғау,
Төнгелі тұр басына күшті толғау.
Заман - ай!

І. Жүргізуші: Айбарлы елдің ұлымын ай таңбалы,
Кейіпкері емеспін ертегінің.
Қазақ деген жалғыз ұлы мен боламын,
Жер әлемге жетеді көпке үнім!

ІІ. Жүргізуші:
Әлихан Бөкейханов тек саяси лидер, ұлт көшбасшысы ғана болған жоқ. Ол соңынан ерген халқының, нақтырақ айтсақ іні-бауырларының, қазақтың бар оқыған-тоқыған көзі-ашық, көкірегі ояуының үлгі тұтар ұстазы, алға жетелеуші ағасы, бағыт-бағдар беруші ақылшысы бола білді. Соңынан ерген қазақ зиялыларының Әлиханға деген ыстық ықыласы осыдан болса керек.
Көрініс: «Кремль тұтқыны»

Автор - Гауһар К.10а

Ә. Бөкейханов – Мұхамеджан 9б

Орыс тергеушісі – Данил 9а

Қазақ тергеушісі – Самат 9б

Жендет – Максим мен Артем 9а

Үстел 1-үлкен, 2- кішірек, тергеушілер – костюм, жейде, Ә.Б.- шалбар мен көйлек, көзілдірік, мұрт; жендеттер- әскери көйлек пен пилотка.

Автор: Ә.Б. 1920 жылы Қазақ Кеңестік Республикасын мойындату үшін жан-жақты келіссөздер жүргізді. Сонымен қатар республика шекарасын құжат жүзінде бекіту үшін деректер жинады. Осы мәселені түпкілікті шешу үшін Кремльде Ленинмен кездесті. Осы сапары оның өміріне балта шапты. Өйткені 1921, 1922,1927 жылдары жер туралы Заң қабылданбас бұрын алдымен Ә.Б. түрмеге қамалатын еді. Көрініс: «Кремль тұтқыны»

А.Бөкейханов: Жер туралы Заң қабылдағалы жатсыңдар ма? Өйткені сол кезде мені түрмеге қамайтындарыңды байқадым. Бутыркадан бастап, Кремльден бір-ақ шығаратын едіңдер. Бұл жолы да соған бет алдыңдар –ау шамасы. Осы жолғы ағындарың қатты көрінді. Енді одан құтылудың жолы қалмаған сияқты.

Орыс тергеушісі: Сіз «Алашорданы» білесіз бе?

А.Бөкейханов: Бұл қай мазағың? Мен А.Бөкейханов «Алаш» партиясының төрағасымын, «Алашорда» үкіметінің төрағасы және «Алашорда» саяси кеңесінің төрағасымын. Сендерше айтқанда, «Алаш» үкіметінің премер министрімін. Маған білесіз бе деп кекетуіңізді қойыңыз.

Қазақ тергеушісі: Қалай Бөкейханов мырза, Қазақстанды Ресейден бөліп алмақ болған әрекетініңізді мойындайсыз ба?
А. Бөкейханов: Әрине мойындаймын. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құруға әрекеттену қылмыс емес шығар....
Орыс тергеушісі: Қылмыс емес?! (Столды соғып қалды). Қалай қылмыс емес?! Егер Ресейге бағынып келген әрбір халық өз алдына мемлекет болып бөлініп шыға берсе, Ресейде не қалады?! Жо оқ. Бұл тек жаудың ған әрекеті.
Қазақ тергеушісі: Мә, мойындаңыз да қолыңызды қойыңыз. (қағаз қалам ұсынады)
А. Бөкейханов: (қағазға үңіліп) Мына қағазда халыққа қарсы әрекет етті делінген ғой. Бұған қол қоя алмаймын.
Орыс тергеушісі: «Жә, жетеді! Мен қазір басшыларға барып баяндаймын. Жендетке тапсыру керек. Мықты болса, шыдап көрсін. Мен қазір келемін.
Қазақ тергеушісі: (Есікті барып қарап келеді) Ағатай ай, мен сізге не жақсылық жасай алам? Сізді қашыруға да шамам жетпейді. Бар билік осылардың қолында. Бізге де сенбейтінін сеземін.
А.Бөкейханов: Сен қуыршақсың ғой, шырағым. Мен де бәрін түсінем.
Қазақ тергеушісі: Ағатай бәрібір де мойындатпай қоймайды ғой. Азап шегіп қайтесіз. Одан да қол қоя салмайсыз ба?
А.Бөкейханов: Ей шырағым ай, артымда маған қарап қара орманым – халқым тұрған жоқ па? Мен өзімді алдасам да оны алдай алмаймын.
Қазақ тергеушісі: Сізді Ленинмен, Мұстафа Шоқаймен кездескен дейді, сол рас па?
А. Бөкейханов: Ол түрменің әңгімесі емес шырағым, қайтесің оны.
Қазақ тергеушісі: «Ағатай, мен де еліме, халқыма пайдамды тигізсем деймін. Бірақ қалай? Білмеймін....
А. Бөкейханов: Бәрі алдамшы, бәрі жалған болғаны ма?
Қазақ тергеушісі: Қазір жаңағы жан алғыш та келіп қалар. Құдайым-ай соншама дәрменсіз етіп жаратармысың?! Келіп қалды бекем болыңыз.
А.Бөкейханов: Рахмет, мен үшін қам жеме. (бөлмеге орыс тергеуші және жендет келеді)
Қазақ тергеушісі: (ұшып тұрып) Жолдас капитан айтқанынан қайтар емес.
Орыс тергеушісі: (мырс мырс күліп) Онда өз обалы өзіне. (Қасындағы жендетке алып кет деп белгі берді. Жендет сүйрей бастаған кезде Бөкейханов жендетті итеріп жібереді де былай дейді)

Ей, халқым
Еліміз үшін
Етегімізді түрген екенбіз,
Бар Алашқа ұран сап,
Елдікке шақырып жүрген екенбіз.
Шешінген судан тайынбас,
Ойымыз бір, мақсат бір,
Сорлы елімнің шіркін-ай
Жыртылған жағасын бүтіндеп.
Жығылған туын көтерсек.
Бар Алаштың ұрпағы болып қайтадан,
Ұрандап атқа қонсаң бір,
Дүние дүр сілкінер еді, -деп айта алам
Сонда менің болмас еді-ау арманым
Арнар едім, сол елімнің жолына
Мына қысқа ғұмырымның қалғанын.

Мен Алихан Бөкейханов «Мен Кеңес өкіметін жақтырмадым, бірақ мойындадым!»...

Автор: Бұл Алаш көсемінің ақырғы сөзі болатын.

І жүргізуші:

Ә.Бөкейханов – өзінің ұстанған ісіне өмірінің соңына дейін шын берілген және сол жолдан ауытқымаған, қазақ мүддесіне бүкіл өмірін сарп еткен ұлы қайраткер, халық көшбасшысы. Кешегі жаугершілік заманда хан-батырларымыз айқас алаңында талай ерлік көрсеткен болса, Әлихан Бөкейхан сол ұлыларымыздың жалғасы,заңды мұрагері іспетті. Қолына қару алмаса да, жаңа заманда қазақ халқын жаңа сапаға көтеріп, азат ел ету үшін, ел қатарына қосу үшін мүлдем жаңа күрес құралдары керек екендігін ерте түсінген де Ә.Бөкейханов болды

Сериков Нарул 5а сынып оқушысы:
Бөкейханның ұрпағы,
Асылдың сынық бөлшегі.
Қазақтың алғаш көсемі,
Өзіңсің бабам Әлихан.
Қазақ деп соқты жүрегің,
Тасыды ұлт деп жүрегің.
Жігерің қазақ үшін қан кешіп,
Қапаста жалғыз түнедің.
Ұлтың үшін от кештің,
Жан кетті ел қалды.
Ақиқат үшін жан беру,
Сен үшін олар бұл заңды.
Мұңалмас шыңға ұқсасам,
Өзіңдей тұлға бабамды.
Шыңдардан аққан селдейсің,
Ел емес ешбір тұлғаңда.
Ұрпағың сенен үлгі алсын,
Рухың өлмес ол мәңгі.

Әділет 6б сынып оқушысы:

Атақты ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров «Алаштың Әлиханын» шаттана жырлайды:

«Ас-салаумағалейкум, данышпаным,

Қамын жеп мұсылманның алысқаным.

Көп айдың көрмегелі жүзі болды,

Жүрмісің есен-аман, арыстаным!…

Заманда басқан аяқ кейін кеткен,

Жасымай Алашына қызмет еткен;

Болса да қалың тұман, қараңғы түн,

Туатын бақ жұлдызына көзі жеткен;

Түймеге жарқылдаған алданбаған,

Басқадай бір басы үшін жалданбаған,

«Қайкенде Алаш көркейер»-деген ойдан,

Басқа ойды өмірінде малданбаған…»

Сериков Нарул 5а сынып оқушысы:

Көкбай Жанатайұлы Әлихан туралы:

Қарағым, жалғызымның қазақтағы,

Ұл тумақ сендей болып аз-ақ-тағы.

Өгіз өліп, болмаса арба сынып,

Өмірің өткен жансың азаптағы,

Бал тамған, ханзадам-ай, қаламыңнан,

Тәңірім айырмасын талабыңнан!

І жүргізуші: Мағжан Жұмабаев бір эпиграммасында Әлиханды «заманынан ерте туған ел ағасы»деген ойын:

«Ойы жетім, бойы жетім,

Уа,Әли!

Ел ағасы, Қыр баласы,

Уа, пәлі!»- деп астарлап білдіреді.

ІІ жүргізуші:Азаттық жолында қиян-кескі күресінде өзінің жақын үзеңгілесі әрі адал досы Ахмет Байтұрсынұлы былай жырлаған:

«Қырағы, қия жазбас сұңқарым-ай,

Қажымас қашық жолға тұлпарым-ай!

Үйілген өлексені өрге сүйреп,

Шығармақ қыр басына іңкәрім-ай!»

3 кезең:Әлихан Бөкейхан-ғұлама ғалым

Әлиханның қазақ еліне істеген тарихи қызметі: әдеби тіл тууына себеп болды, өзіне ерген топты діни фанатизмге қарсы тәрбиеледі. Бұдан барып татардан іргесін аулақ салған қазақ ұлты туды (Қ.Кемеңгерұлы, 1924 жыл.Мәскеу)

А.Н.Бөкейханов- қазіргі Қазақстанның халық тұрмысын зерттеген санаулы ғана ғалымның қатарына жатады. (С.П.Швецов, 1928 жыл, Ленинград)

Маңғыстауға шыққан және бір экспедиция- өлкенің экономикасын зерттейтін еді.Оның басшығы біздің аса құрметті қандасымыз, беделді ғалым, экономист, Ленинград университетінің профессоры ӘлиханБөкейханов болатын.

(Әлкей Марғұлан)

І. Жүргізуші: Қапияда
Қауып алар қармақтар,
Ойды орап,
Қырды жапқан Карлагтар.
Қайда барсаң
Қан сасыған іргелер,
Тірі өлікке толған іші түрмелер.
ІІ. Жүргізуші: Қазақстанда 101мың адам репрессияға ұшырады, қазір олардың барлығы ақталды.
Енді бізге қайта оралды заңғарлар,
Сталиндік тозақтарда жанғандар.
Ахметтер, Жүсіпбектер, Сәкендер,
Ілиястар, Бейімбеттер, Мағжандар.

1. Жүргізуші: Өшіп кетіп бір жылы жер бетінен,
Өзге орында балалап өскен елмін.
Ақталды боздақтардың ақ талабы,
Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым.

2. Жүргізуші: Бет бағдарын бақиға бұрғандарым,
Қаралы жылдардай боп қарауытып,
Халқымның мәңгі есінде тұрғандарым
Құрбандарым жазықсыз құрбандарым.

Свинухова Юлия 9 сынып оқушысы:

« » өлеңін орындайды

ІІ жүргізүші: 1986 жыл 16-желтоқсан. Ақ қар. Көк мұз. Қысқы жасын. Ағаш біткен сілкініп, балаң талдар солқылдап, жас шыбықтар майысып құлап қалды.

Каргин Дмитрий 5б сынып оқушысы:

Желтоқсанда,

Алматыда,

Алма бақтар ақ қырауға батқанда

Жайдың оты жалаң қақты шатқалда!

Аппақ қала. Аппақ ғалам. О, тоба!

Найзағайлар қар жалап тұр жотада,

Бұлтты иітіп боздайды боз шынарлар,

Бұйдаланған ұқсап жетім ботаға.

Дубченко Михаил 5б сынып оқушысы:

Жас арудың жанарында – Желтоқсан,

Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан.

Қаралы өмір қайыстырған халқымның

Қара тұман қабағында – Желтоқсан.

Жауыздықты жақтаған да – Желтоқсан,

Жаңа ғұмыр бастаған да – Желтоқсан.

Жазықсыздың көз жасына жуынып,

Абақтыға тастаған да – Желтоқсан.

Намысымның шырағы да – Желтоқсан,

Сұрқай өмір сынағы да – Желтоқсан.

Жігіттіктің өмірі де – Желтоқсан,

Жаңа күннің шуағы да – Желтоқсан.

Жалын жүрек жанып тұрды мұздарда,

Қарсы келіп қаһарлы қыс ызғарға.

Түн түнеріп тұңғиыққа батқанда,

Намыс туын көтеріпті қыздар да.

І жүргізуші:

Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса, Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар. Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық. Міне, содан бері 25 жыл! Елімізде тек бейбітшілік, ынтымақ болсын

Утеева Амелия және топ оқушылары:

«Елигай» қазақ халық әні

Кел деп едің, Илигай, келіп тұрмын
Отқа түспей өртеніп еріп тұрмын

Сертке тұрсаң мен сендік жаным құрбан
Сырым осы сертімді беріп тұрмын

Айналайын қарағым, қара қасым
Қара мақпал жібектей қара шашың

Баласындай еліктің егілемін
Сені ойласам мөлдіреп көзден жасым

Илигай деп атыңды қойдым ттаңдап
Әнге қостым атыңды әдейі арнап

Еркін таудың еркесі, елік болсаң
Мен де өзіңдей жалғызбын ерке саңлақ

Базарбаева Камила 11а сынып оқушысы:

«Қазақ биі» билейді

Григорьеа Анастасия 8а сынып оқушысы:

«Тәуелсіздік» өлеңі

« Қазақ биі » бишілер тобы билейді

Артем мен Максим 9а сынып оқушылары:

«Қазақ тілі» өлеңдерін оқиды

Утеева Амелия 6в сынып оқушысы:

«Нұр аға» өлеңін орындайды

І жүргізуші: Ешкімнің Әлиханға бар ма сөзі,

Демейді қандай қазақ оны оң көзі.

Семей тұрсын, жеті облыс - бар қазақтан,

Талассыз жеке-дара тұр ғой өзі, –деп С.Торайғыров айтқандай, Әлекең әрқашан да қазақ жүрегінде жеке дара тұлға болып қала бермек.

ІІ жүргізуші: Қадірменді қауым бүгінгі Алаштың Арысы, ұлы тұлға Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығына арналған ашық тәрбие сағатымыз осымен аяқталды.

Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Алихан Бокейханов

Автор: Мурзабулатова Мадина Умбеткалиевна

Дата: 04.01.2020

Номер свидетельства: 534353

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "Алихан Бокейханов"
    ["seo_title"] => string(19) "alikhanbokieikhanov"
    ["file_id"] => string(6) "322431"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1461586068"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "Презентация Алихан Бокейханов"
    ["seo_title"] => string(36) "priezientatsiia_alikhan_bokieikhanov"
    ["file_id"] => string(6) "421491"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1497287077"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(111) "Классный час  «Алихан Букейханов – борец за свободу народа»."
    ["seo_title"] => string(60) "klassnyi-chas-alikhan-bukieikhanov-boriets-za-svobodu-naroda"
    ["file_id"] => string(6) "297429"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1456200341"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(182) "Конспект урок на тему: Жизнь и деятельность политического лидера казахского народа  А. Букейханова."
    ["seo_title"] => string(107) "konspiekt-urok-na-tiemu-zhizn-i-dieiatiel-nost-politichieskogho-lidiera-kazakhskogho-naroda-a-bukieikhanova"
    ["file_id"] => string(6) "307870"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458469158"
  }
}

Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства