Просмотр содержимого документа
«8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні»
«Сыйынар ем ана деген тәңірге» атты кештің сценариі:
Нұрлан:Асылбек Еңсеповтың «Детство» күйі қосылып тұрады. Сахнаның сыртынан Мұқағали Мақатаевтың «Ана» атты өлеңі оқылады
Ана!
Сен бақыттысың,
Жыламағын!
Жай түсіп жатқанда да құламадың
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның
Сондықтан жыламағын, жыламағын!
Бармын ғой
Тірімін ғой,
Қасыңдамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,
Байырғы берекеңді қашырмағын.
Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа
Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап
«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.
Тәңірім кеше көрсін кесірімді
Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!
Ана, Сен бақыттысың, тербете бер
Құба талдан иілген бесігімді…
Бауыржан: Армысыздар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті, жан аналар! (екі жүргізуші бірге)
Нұрлан: Қош келдіңіздер, құрметті колледжіміздің ұстаздары, қыздары! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге сарқылмайтын денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Осы күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым біздердің жанымызда жүре беріңіздер.
Ана десем шешек ашып жанары,
Өмірімнің бастау алар ажары.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады, - дей отырып, алғашқы мерекелік құттықтау сөзді колледжіміздің директоры Абдигалиева Мадина Сабыржанқызына береміз.
Бауыржан: Шалқып, тасып әніміз
Жадырасын жанымыз,
Ана, сені құттықтап,
Әндетеміз бәріміз.
Алдарыңызға әнші шәкіртіңіздің орындауындағы «Асыл ана» атты әнін қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар.
Нұрлан: - Бауыржан, маған басқа мейрамдардың бәрі, осы алтын мейрамның күннен шашыраған алтын жіп тәріздес сәулелері сияқты көрінеді.
Бауыржан: - Ия, келісемін сенімен. Олай болса, көктемнің осынау шуақты мерекесі ұстаздарымыздың көңілдерін нұрға, жүректерін жырға бөлесін.Ендеше келесі тамашалайтындарыңыз «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту» мамандығының 2 курс қыздарын ортаға шақырамыз.
Нұрлан: Барша ана құтты болсын мерекеңіз,
Әрқашан ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз,-дей отырып студенттеріміз жүрекжарды тілектерін ұсынады.
Нұрдаулет, Орынбасар.
Бауыржан: Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй, – деп, Абай атамыз айтқандай Баракатова Сабинаның орындауындағы «Анашым, ана жаным» әнін қабыл алыңыздар.
Нұрлан: «Әйелдер адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады» деген екен орыс жазушысы Пирагов.
Бауыржан: Мұхаммед пайғамбар айтқан: «Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп. Ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі дейді.
Бауыржан: Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр. Ендеше жас журналистіміздің сұрақтарына жауап беріп көріңіздер. ______________ сөз кезегі өзіңізде?
(Шанышқының басына қызыл алмаларды шаншып микрофон ретінде пайдаланды).
- Қайырлы күн. Дәл қазір колледжіміздің акт залында аналар мерекесіне арналған мерекелік шарамыз өтіп жатыр. Ендеше осы шараның көрермендерінен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне қатысты сауалнама жүргізіп көрелік.
1. Колледждегі ең сүйікті студенттіңіз кім?
2. 8 наурыз мерекесіне қандай сыйлық алғыңыз келеді?
3. Жарыңыздың осы мерекеде сыйлаған ең алғашқы сыйлығы есіңізде ме?
4. Колледжіміздің ең-ең бұзық студенті кім деп ойлайсыз?
5. Өлең айтып бере аласыз ба?
6. Әріптестеріңізді құттықтап 4 жол өлең шығара аласыз ба?
7. Осы мерекеде сізді кім ең бірінші құттықтады?
8. 8 наурыз мерекесі қайдан шықты?
9. Бұл мереке біздің елімізде қай жылдан бастап атап өтіліп келе жатқанын білесіз бе?
10. Осы мерекеде анаңызға қандай сыйлық жасадыңыз?
11. Үйде мерекеде қандай дәмді тағам жасайсыз?
12. Осы мерекеде ең көп естіген тілегіңіз?
- Барлықтарыңызға көп көп рахмет келесі көріскенше сау болыңыздар. ________________ сөз тізгіні өзіңде!
Нұрлан: Рахмет ______________. Ендеше келесі кезекті әсем әнге береміз. Ортаға Назерке қыздарыңызды шақырамыз! (Қыз сыны әні)
Бауыржан: «Отбасы-шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Әйел-ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші.
Нұрлан: Келесі кезекті мұғалімдерді құттықтау үшін студенттердің дайындаған видеоролигін назарларыңызға ұсынамыз.
Нұрлан: Ендеше келесі кезекті мың бұралған бишілерге береміз. Бауыржан: Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Ана-тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Анасы жоқ балалар да аз емес. Олар ананың мейірімін, аялағанын ешқашан сезген емес. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші! Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар!
Нұрлан: 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні тағыда құтты болсын! Бүгінгі кешімізді әдемі әнмен аяқтаймыз. Қабыл алыңыздар!