Просмотр содержимого документа
«Зат?а ?арап сурет салу»
Бекітемін:______________
Мектеп директорының оқу ісі
жөніндегі орынбасары
Кулмуханова Н.Ж.
Сабақтың тақырыбы: Затқа қарап сурет салу
Білімділікмақсаты: Оқушыларды сурет салудың түрлерімен таныстыру. Бейнелеу өнері заңдылықтарын дұрыс меңгеруге үйрету.
Тәрбиелікмақсаты: Нұсқауға қарап сурет салуға баулу, өнерді сүюге, бағалай білуге тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушыларға нәрсеге қарап сурет салу қабілеттерін дамыту, шығармашылық ойлауды арттыру.
Пәнаралық байланыс: Математика, өсімдіктану
Сабақтың әдісі: Жазықтықта бейнелеу
Көрнекілігі: Натюрморт салынған плакат, әртүрлі қойылымдар, пән оқулығы, түрлі - түсті бояулар, сурет альбомы, т. б.
I. Сабақтың барысы:Ұйымдастырубөлімі
1. Сыныпқа кіріп оқушылармен сәлемдесу
2. Оқушыларды сабаққа әзірлеу, құралдарын тексеру.
3. Сыныпта, сабақта жоқ оқушыларды белгілеу
4. Үйге берілген тапсырманы тексеріп, жақсы жұмыстарға тоқталып өту.
5. Оқушыларды жаңа сабаққа әзірлеу.
6. Жаңа сабақты түсіндіру.
7. Жаңа сабақты қорытындылау.
8. Үй тапсырмасын беру.
9. Сабақты бағалау II. Үй тапсырмасын сұрау.
III. Жаңа сабақты түсіндіру. Бейнелеу өнерінде сурет салудың бірнеше түрі бар. Затқа қарап сурет салу Елестету арқылы салу Еске сақтап сурет салу Суретші болу үшін осының үш түрінде дұрыс игеру керек. Бүгін, біздер осылардың ішінен затқа қарап сурет салуға тоқталамыз. Затқа қарап сурет салу дегеніміз суретшінің алдында тұрған затты, құбылысты өзінен аудармай нақтылы бейнелеуі болып табылады. Мұндай бейнелеуге адамның келбетін бейнелеу, табиғат көріністерін бейнелеу, натюрморт салу жатады. Адамның келбетін бейнелеу деген, ол адамның бет - бейнесін бейнелеу, яғни адамдарды отырғызып, кеудеге шейін салу. Мұны портрет деп атайды. Табиғат көріністерін бейнелеу, ол табиғат аясына серуенге шыққанда, су жағасына демалуға барғанда, табиғаттың әдемі, әсем, сұлу жерлерін бейнелеу. Мұны пейзаж деп атайды.
Натюрморт салу деген, ол жазықтық бетіне жансыз нәрселерден қойылым жасап, содан тікелей сурет салу әдісін айтамыз. Мысалы жазықтық бетіне ыдыс - аяқтан, геометриялық денелерден, түрлі көкөністерден натюрморт құрастыруға болады. Мұны "нақты нұсқа" немесе бейнелеу тілімен "натура" деп атайды. Натюрморт салу үшін дайын нұсқаудан екі метрдей қашықтықта отыруымыз керек. Нұсқаны тіке, яғни тіке алдынан, оң жағынан, сол жағынан да салуға болады. Натюрмортта бейнеленетін заттардың немесе нәрселердің түстері де, көлемдері де әр түрлі болуы керек.
IV. Натюрмортты, нақты нұсқаны қағаз бетіне қалай орналастыру керек. Ол үшін көмекші сызықтарды қолданамыз. Ең алдымен дәптеріміздің айналасын сызып аламыз. Содан кейін жазықтықты белгілеп аламыз (үстелдің суретін сызып алу). Үлкен нәрседен бастап саламыз. Салатын нәрселеріміздің көлемін, түстерін жақсы біліп, айыруымыз керек.
Натюрмортты кезеңдерге бөліп орындаймыз. 1 - кезең. Жалпы жобасын схема түрінде көрсетеміз. (зат бейнесінің орналасуын анықтау компоновка деп аталады.) 2 - кезең. Құрылымын саламыз. 3 - кезең. Пішінін сомдаймыз.(жарық, көлеңке, жылт, түспе көлеңке) 4 - кезең. Суретті аяқтаймыз. V. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы. Тақта алдына қойылған нұсқаға қарап натюрморт салу (5 - 10 минут).
VII. Бекіту. Жаңа сабақты бекіту.
Балалар сонымен затқа қарап сурет салу дегеніміз не?
елестету, есте сақтап сурет салу дегеніміз не? VI. Жаңа сабақты қорытындылау. VII. Бағалау VIII. Үйге тапсырма: «Гүл салынған құмыра мен алма» натюрмортын бейнелеу