Просмотр содержимого документа
«штифтік біріктірулер»
Сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы:
Штифті біріктіру
Мұғалім: Ақжолов.Д.
Сыныбы: 9
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушыларға штифті біріктірулер туралы негізгі ұғым қалыптастырып,оның орындалу әдіс-тәсілдерін үйрету.
ә) Дамытушылық: Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру,
оқушы санасына терең сіңіру,ой-өрісін дамыту.
б) Тәрбиелілік Сызу арқылы оларды тазалыққа, ұқыптылыққа
үйрету,еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың құрал жабдығы: А4 пішіміндегі қағаз, қарындаштар, сызғыш, өшіргіш, шеңберсызар және тағы басқа.
Сабақтың көрнекілігі:суреттер,плакаттар.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру
Сабақтың әдісі: Ауызша,сұрақ-жауап
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Өткен сабақты қорытындылау
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Жаңа сабақ:
Штифті біріктіруді тетікбөлшектердің өзара үйлесе орналасымын айқындап алуда қолданады.Кей жағдайларда штифтер біріктірулерде шамадан артық жүк түсуден сақтандырушы рөлінде орындайды.Штифт-бұл цилиндр немесе конус тәріздес,дөңгелек қималы,өңделген өзек.Штифті біріктірулердің үлгілері 5.4-суретте көрсетілген.Мұндай біріктірулерді,әдеттегідей,тілік арқылы кескіндейді.
Цилиндр және конус тәріздес штифтер 5.5, а және ә-суреттерде көрсетілген.
Штифтер өлшемдері стандартқа сай өлшеніп алынады.Штифтерді Штифт 10х60 түрлі белгілейді.Бұл жазу штифт диаметрі d-10мм,ал ұзындығы l-60мм дегенді білдіреді.
Заманауи техникада кеңінен тараған біріктірулер түрлері-бұрандау,пісіру,дәнекер леу арқылы алынатын біріктірулер,сондықтан сызу пәнін оқытуда бұларға ерекше мән беріледі.
Үйге тапсырма беру: Берілген сызбаны А4 пішіміндегі қағазға сызып келу.