kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Пуантилизм (нүктелермен сурет салу)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушылардың пуантилизм туралы түсінігін тереңдету. Акварель, гуашь бояуларымен нүктелеп сурет салуға үйрету. "Пуантилизм" сурет салудың жаңа мәнерімен және тәсілдерімен таныстыру. Оқушылардың көру, бейнелі ойлау, қабілеттерін дамыту. Шығармашылық ойлау қабілетін, ой-қиялын арттыру, өзінің жеке жобаларын шығармаларын қорғауға, топпен жұмыс істеуге үйрету. Әсемдікке, ұқыптылыққа, эстетикалық талғампаздыққа және еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Пуантилизм (нүктелермен сурет салу)»


Екібастұз қаласы.

Сарықамыс жалпы орта білім беретін мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі.

Рымкеш Жумабаевна Базарбекова.



Пән: Бейнелеу өнері. 3 сынып


1. Сабақтың тақырыбы: Пуантилизм (нүктелермен сурет салу) деген не?

Күтілетін нәтиже.

а) Білімділік: Оқушылардың пуантилизм туралы түсінігін тереңдету; акварель, гуашь бояуларымен нүктелеп сурет салуға үйрету; «Пуантилизм» сурет салудың жаңа мәнерімен және тәсілдерімен таныстыру;

ә) Дамытушылық: Оқушылардың көру, бейнелі ойлау қабілеттерін дамыту; Шығармашылық ойлау қабілетін, ой-қиялын арттыру, өзінің жеке жобаларын қорғауға, топпен жұмыс істеуге үйрету;

б) Тәрбиелік: Әсемдікке, ұқыптылыққа, эстетикалық талғампаздыққа және еңбекқорлыққа тәрбиелеу;

3. Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.

4. Сабақ көрнекілігі: суретшілердің пуантилизм техникасымен салынған шығармалары көрсетілген слайдтар, «Нүктемен сурет салуды кезең бойынша орындау» әдістемелік кестесі, бояумен салынған суреттер.

5. Қажетті құрал-жабдықтар: қарындаш, өшіргіш, сурет дәптері фломастер,акварель және гуашь бояулары, су құйылған ыдыс, мақта таяқшалары.

Сілтеме:

Бейнелеу өнері Әдістемелік құрал, АКТ (презентация)

Қызығушылықты ояту:

Пуантилизм (нүктелермен сурет салу) – бейнелеу өнеріндегі стилдік бағыттағы жазудың мәнері. Шамамен 1885 жылдары Францияда бастау алған. Француздың «пуант» сөзі нүкте деген мағынаны білдіреді. Қысқа дақ расында да нүкте сияқты. Немесе тік төртбұрышты болады. Қажетті түсті бояуларды бояутақтада араластыру арқылы ғана есес, сонымен қатар түсті дақтарды қатарлап жағу арқылы да алуға болады. Мұндай тәсіл оптикалық араластыру деп аталдады.


Сабақтың тақырыбы

Пуантилизм

3 сынып

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды «Пуантилизм» сурет салудың жаңа мәнерімен және тәсілдерімен таныстыру,  оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, сурет салудың тәсілдерін жетілдіру.

Көрсеткіш-тері:

Оқушылар «Пуантилизм» мәнерінің не екенін және бұл тәсілмен қалай жұмыс жасау керектігін ұғынады. Сурет салудың әдісін үйренеді. Әсемдікке, ұқыптылыққа, эстетикалық талғампаздыққа және еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Оқушылардың көру, бейнелі ойлау қабілеттерін дамыту. Шығармашылық ойлау қабілетін, ой-қиялын арттыру, өзінің жеке жобаларын қорғауға, топпен жұмыс істеуге үйрету.

Сілтеме:

Бейнелеу өнері Әдістемелік құрал, АКТ (презентация)

Қызығушы-лықты ояту:

Пуантилизм (нүктелермен сурет салу) – бейнелеу өнеріндегі стилдік бағыттағы жазудың мәнері. Шамамен 1885 жылдары Францияда бастау алған. Француздың «пуант» сөзі нүкте деген мағынаны білдіреді. Қысқа дақ расында да нүкте сияқты. Немесе тік төртбұрышты болады. Қажетті түсті бояуларды бояутақтада араластыру арқылы ғана есес, сонымен қатар түсті дақтарды қатарлап жағу арқылы да алуға болады. Мұндай тәсіл оптикалық араластыру деп аталдады.


Сабақтың барысы

Іс-әрекет кезеңі

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі


Сабаққа дайындығын тексеру. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарын түгендеп, жұмыс орнын ұйымдастыру.


Амандасу.







Үй

тапсырмасын тексеру


Үйге берілген тапсырма – Кескіндемедегі дақтың әсерлілігі. Өткен сабақты еске түсіру.

Фломастер арқылы нүктелеп сурет салу.  Оқушылардың жұмыстарын қарап шығып, талқылау. Бағалау


Жаңа сабақ


Өткен сабақта – кескіндемедегі сурет салудың жаңа әдісімен таныстық, жалпы мағлұмат алдық.Дақ сан алуан-екпінді әрі кең, алымды, қысқа да нәзік, өткір де қуатты бола алатынын білдік.

- Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қалай аталады?

(тақтада ашылады).

Сабақтың міндетін анықтау.

Сұрақтар қою:

«Пуантилизм» сөзінің мағынасы не?

«Пуантилизм» сөзінің француздың «пуант» - «нүкте» сөзінен шыққан, яғни нүктелермен сурет салу дегенді білдіреді.

Сонымен қатар «пуант» сөзі «пуанта» яғни балеринаның аяқ киіміне де қатысты мағынаны білдіреді екен. Сендер балет биін тамашалап көрдіңдер ме? Бишінің қауырсындай жеңіл қимылмен билеген іздері нүктедей әр жерге бір тиеді.

Пуантилизм бағытының негізін салушы кім?

Бұл бағыттың негізін салған француз суретшісі – Жорж-Пьер Сёра

(1859-1891).

Кескіндемедегі бұл бағыт 19 ғасыр-дың 2 жартысында пайда болған. Пуантилизм бағытымен жұмыс жасаған суретшілер кенеп бетіне таза араласпаған бояуларды жағып отырған. Бөліктермен қатарлап жағу арқылы сурет салған. Олардың түрлі түсті боп араласып көрінуі картинаға жалпылай қарағанда білінеді. Мұндай тәсіл оптикалық араластыру деп аталады.

         Біз өткен  сабақта пуантилизм техникасын үйрену үшін фломастер-лерді қолданған едік. Енді акварель немесе гуашь бояуларын қолданып нүктемен сурет салып көрейік.

Үлгі суреттер көрсету.

Топтарға тапсырма беріледі.

- Қандай жануар, жәндіктер туралы айтылған?

- осы жануармен жәндіктер туралы сендер не айта аласыңдар (қысқаша мінездеме беру).

Интерактивті тақтада жануарлар мен жәндіктердің суреттері кезегімен ашылады. ( қой, балық, көбелек.)

- Бұлар біздің бүгінгі сабағымыздың басты кейіпкерлері, Біз оларды нүктелер арқылы бейнелейміз. Бұл әдісті суретші мультипликаторлар анималистік жанрда көп қолданады. Бейнелеудің бұл тәсілі пуантилизм- деп аталады.


Пуантилизм техникасын бояу және мақта таяқшаларымен сурет салу кезеңдерін түсіндіру.

Салып көрсету

Балалар түстер жайлы не білеміз ?

Негізгі түстерді атаңдаршы (қызыл, көк, сары)

Олай болса осы үш түске сәйкес үш топқа бөлінейік және әр топтың тапсыр-масына байланысты жұмбақ жасырайық..

1 топ – қызыл түс тобы

2 топ – көк түс тобы

3 топ – сары түс тобы

Топтағыларға төмендегідей тапсырма берілді.

1 топ –қойдың суретін салу.

2 топ – Балықтың суретін салу.

3 топ – Көбелектің суретін салу.


-Бүгінгі сабақтың мақсаты:

– Бұл әр түрлі жануарлар мен жәндіктерді «Пуантилизм» тәсілі бойынша бейнелеу.


Сабақтың кезеңдері

Оқушылардың жасаған жұмыстарын шолу жасау арқылы мұғалімнің бағалауы, үздік жұмыстарды мадақтау, жекелей көмек көрсету.


Топтық жұмыс.


Қорытынды кезең Рефлексия

Оқушылардың дайын болған жұмыстарына шолу жасап, үздік жұмыстарды мадақтау.

Топтар бірін –бірі «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы бағалайды.



Әр топ өз жұмыстарын презентациялап қорғайды.

Ү/т: 34-37 бет. «Пуантилизм (нүктелермен сурет салу) деген не?» тақырыбын оқу. Жұмысты аяқтап келу.









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: ИЗО

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Пуантилизм (нүктелермен сурет салу)

Автор: Базарбекова Рымкеш Жумабаевна

Дата: 25.10.2017

Номер свидетельства: 434411

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) ""Пуантилизм ба?ыты" ашы? саба?ы"
    ["seo_title"] => string(32) "puantilizm-bag-yty-ashyk-sabag-y"
    ["file_id"] => string(6) "306795"
    ["category_seo"] => string(3) "izo"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458202663"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства