kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ою-өрнектер түрлері, қобдиша жасау

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ою-өрнектер түрлері, қобдиша жасау.Оқушыларға ою-өрнек,оның түрлері,жасалу жолдары туралы мағлұмат беру.Оюдың мағынасын түсініп,жаңа үлгілерін өз шығармашылығында орындау, оюды оя білуге үйрету.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ою-өрнектер түрлері, қобдиша жасау»

Пәні: Қолөнер

Сабақ тақырыбы:Ою-өрнек құрастыру, қобдиша жасау
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: оқушыларға ою-өрнек,оның түрлері,жасалу жолдары туралы мағлұмат беру.Оюдың мағынасын түсініп,жаңа үлгілерін өз шығармашылығында орындау, оюды оя білуге үйрету.

2. Дамытушылығы: Оқушыларға қағазды қию, бүктеу, жапсыру тәсілдерін меңгерту;шығармашылық ізденісін дамыту; икемділігін,сабаққа қызуғышылығын арттыру;

3. Тәрбиелігі: ою-өрнек ая отырып, оқушыларды сұлулыққа, әсемдікке тәрбиелеу; эстетикалық талғамын арттыру;қолөнерге,еңбекке баулу.
Әдісі: Сұрақ-жауап,түсіндіру.
Көрнекілігі: «Ою-өрнек түрлері» слайды, «ою-өрнектің қолданылуы» суретті плакат,сөзжұмбақ- «Қолөнер»,тест сұрақтары.
Пәнаралық байланыс: еңбек, тарих, сурет
Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды сабаққа дайындау.Жұмыс орынын ұйымдастыру. Құрал- жабдықтардын түгендеу.
2.Жаңа сабақ.

Қазақтың «Ою» және «Өрнек» деген сөзі бірге келіп, латынша «орнамент» деген ұғымды білдіреді. Орнаменттің мағынасы-сәндеу, әсемдеу. Ою-өрнек бір затты ою,кесу,тілу,қию тәсілдері арқылы жүзеге асады. Ойылған,кесілген, қиылған оюды екінші бір затқа кіріктіріп, жапсырып, желімдеп әшекейлейді, әсемдейді, түрлендіреді.
Ою күнделікті тұрмыста үй жиһаздарын – сырмақ, текемет, көрпеше, кілем,сандық, кебеже,жүкаяқ беттерін, киім-кешектерді, ыдыс-аяқтарды, қару-жарақ, зергелік бұйымдарды безендіруде қолданылады.
Ою-өрнек түрлері мен атаулары көп. Ғылымда ою-өрнектерді 4 топқа бөледі. Олар: жануарлар тектес; өсімдік тектес; геометриялық және ғарыштық деп бөлінеді.Оюдың әрбір элементінде құрамында терең мағына, үлкен мағына бар. Ою - өрнектер кейде өте ұсақ, кейде өте ірі болып келеді. Ұсағы зергерлік, кесте тігу, ағаш, сүйек, мүйіз ұқсату сияқты нәзік істерге қолданылса, ірісі кілем, алаша, теекмет, сырмақ, сандық т.б қолданылады.

Қабырға ілінген түс киіз, кілем, сырмақтағы кестелерге, өрнектерге зер салып қарасақ, әрбір ою – өрнектің мағынасы бар екенін байқаймыз

Ою-өрнек ойып үйренуге түрлі түсті қағаз, қайшы, қарындаш,желім сияқты құралдарымызды дайындаймыз.

Қағазды бүктеу, оюды дұрыс сызу, сызылған оюды дұрыс қию тәсілдерін көрсету.Қағазды бір бүктеу тәсілін көрсету. Жұмыс барысында қағазды үнемдеп пайдалану ескеру.
3. Тапсырма

Түрлі-түсті қағаздан өз қиялдары бойынша ою-өрнек құрастыру, қиып, жапсыру. Тақтаға бірнеше үлгілерін көрсету, қолды жаттықтыру.Қобдишаны өлшемдерін картон бетіне салып, қиылған ою-өрнекті жабыстырып, әсемдеу.
5.Сабақты қорытындылау: 

Бүгінгі сабақта ою-өрнек туралы мағұлмат алып, оны қиып үйрендік. Ою-өрнек өнері қазақ халқында ертеден ақ өнердің барлық түріне арқау болып, ғасырлар бойы халықпен бірге жасасып, мәдени асыл қазынаның өзекті бір саласына арналған. Оқушыларды үш топқа бөлу. Әрбір топқа тест сұрақтары беріледі. Тест сұрақтарына оқушылар бірлесіп жауап береді.

1. Ою-өрнектер неше топқа бөлінеді?
а. 5
ә. 3
б. 4

2. Геометриялық ою-өрнектерге қай ою жатады?
а. Қошқармүйіз

ә. Тұмарша
б. Бүршік

3. Жануар тектес ою-өрнек?

а. Ирек
ә. Айша бибі

б. Сынық мүйіз
4. Аспан әлеміне байланысты ою-өрнек?

а. Шұғыла

ә. Жіліншілік

б. Өркеш
5..Өсімдіктік ою-өрнекке қай өрнек жатады?
а. Айшық
ә. Балдақ
б. Бүршік

6.Қыздарға арналған ұлттық бас киім?
а. Сәукеле
ә. Кимешек
б. Тақия

7.”Ою-өрнек” тауы қай сөзден шыққан?
а. Живопись
ә. Орнамент
б. Натюрморт

6.Оқушылардың жұмыстарын бағалау.
7.Үйге тапсырма беру.
Қағазды екі бүктеп, ою үлгілерін қию, түсті қағаздарға жапсыру.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: ИЗО

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Ою-өрнектер түрлері, қобдиша жасау

Автор: Бейсембаева Арайлым Бахытжанқызы

Дата: 24.11.2020

Номер свидетельства: 564306

Похожие файлы

object(ArrayObject)#871 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(12) "Санды? "
    ["seo_title"] => string(6) "sandyk"
    ["file_id"] => string(6) "237889"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1444411529"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства