Сабақтың атауы
«Менің Қазақстаным» (гуашь) сюжетін жасау. О. Таңсықбаев, В. Поляков, А. Исмаиловтың шығармашылығы.
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
Тақырыптың маңыздылығымен танысады, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйренеді, тапсырмаларды дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыланады. Әнге деген қызығушылығы артады.
Психологиялық ахуал
– Балалар, айналамызда көңіл-күйі көтеріңкі, жақсы адамдардың болғанын бәріміз ұнатамыз. Ендеше қол ұстасып, бір-бірімізге жақсы көңіл-күй мен саулық тілейік.
Кел, балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Күлкі- көңіл ажары !
Күліп өмір сүрейік!
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Топқа бөлу
Шарлар арқылы топтарға бөлу.
Қызығушылықты ояту
Жаңа тақырып туралы таныстырылым тамашалау
Алған әсерімен бөлісу.
Сергіту сәті
Шаршасаңдар, балалар,
Қолдарыңды созыңдар.
Саусақтармен ойнаңдар,
Қолдарыңды сермеңдер.
Денелерiң шынықсын,
Саналарың тынықсын.
Жаңа сабақ
«Менің Қазақстаным» (гуашь) сюжетін жасау. О. Таңсықбаев, В. Поляков, А. Исмаиловтың шығармашылығы.
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау
Тақырыпқа байланысты дайындаған ресурстармен танысу
1-топ
Елордамыз Астананың 15 жылдығына арналады
Композитор Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әніне сюжет жасау ой идеясы – осыдан 16 жыл бұрын, 1997 жылы астананың Ақмолаға қоныс аударуынан 7ай бұрын туған еді. Сюжетті мақалама кадрлар мен материал жинақтауға кіріскеннен кейін 5-6 күн өткенде табан астынан нақақтан нақақ жұмыстан босап қалдым. Сөйтіп, менің «Менің Қазақстаным» сюжетім аяқсыз қалды. Айта кетсем, сол тұста біршама адамдар астананың қоныс аударуын құптай қоймады. Күңкілмен жүргендер болды. Ал, Шәмшінің «Менің Қазақстаным» әні елді ауызбірлікке шақырудың идеясы болатын.
2-топ
Алматы. 1997 жылдың мамыр айы.
«Менің Қазақстаным»
Кейбір әндер бір ұлттың тағдырынан сыр шертеді. Сол сияқты, композитор Шәмші Қалдаяқовтың «Менің қазақстаным» әнінің арқалаған тарихи жүгі ауыр. Олай дейтінім, кеңестік үкімет 1956 жылдары ұлан байтақ қазақ жерінің солтүстік аймағындағы Ақмола, Петропавл, Павлодар, Қостанай, Қарағанды облыстарын Қазақ республикасының құрамынан бөлуге әрекеттенеді. Мақсаттары, қазақ жерінде және бір автономиялы дербес республика құрмақ екен. Осы тұста Шәмші Қалдаяқов қазақтың жерін бөлшектетпейміз. Оған рұқсат жоқ деп, рухани қарсылығын білдірген осы әнді дүниеге әкеледі. Композитор бүкіл қазақ халқының атынан, қызыл кремльдің сойқан саясатына деген наразылығын осылай ән арқылы жеткізеді. Қазақ ССР Компартиясының идеология бөлімінен әннің сөзін өзгертуге арнайы бұйрық беріліп, кезінде сөздері өзгертілген екен. Ән тепкінің астында қалды десе болады. Соған қарамастан «Менің Қазақстаным» әні әнші Жамал Омарованың орындауында, автор мен ұлтжанды редакторлармен өзара тонның ішкі бауындай келісе отырып «Қазақ радиосының» әуе толқынында күніне бес- алты мәрте шырқалып тұрады. Осылайша, қазақ елінің түкпір - түкпіріне тарайды. Тұншықтырылып жатқан ұлттық рух пен идеологияға қарлығаштың қанатымен себелеп су сепкендей болады.Тура осы жылдары Қазақ Министрлер Кеңесінің төрағасы болған ұлтын сүйгіш азамат Жұмабек Тәшенов қызметінен түсіп қалады. Ал, дарынды композитор әрі өз ұлтын жанындай сүйген ұл Шәмші кеңес үкіметі тарапынан қудалауға түсіп, шығармашылығының астаң - кестеңі шығады. Бірақ, тылсым үннің талып жеткен жаңғырығындай, осыдан он бір жыл бұрын 1986 жылы 17- желтоқсанда тоталитарлық қызыл империяның режиміне қарсылық білдіріп, алаңға шыққан қазақ жастарының рухына дем берген де осы «Менің Қазақстаным» әні болатын. Демек, «Менің Қазақстаным» әні қазақтың зар заман жылдарында туған «Елім-айы» тәрізді, тарихи арқалаған жүгі ауыр- ән.
Енді міне, араға 40 жыл салып ән тарихы қазаққа қайта оралуда. Бұл жолы қуаныш сыйлауда. Сол бөлшектенбек болған бес облыстың бір облысы Ақмола - тәуелсіз қазақ елінің астанасы болғалы жатыр. Осы жылдың аяғында тәуелсіз ұлт ретінде қазақ халқы – Ақмолада өз астанасының іргетасын қалай бастайды.
3-топ
Астана. 22 маусым, 2013 жыл.
Бүгінде «Менің Қазақстаным» еліміздің әнұраны. Әлем елдерінің төрінен асқақтайды. Елордамыз Астананың орталығында Тәуелсіздік даңғылымен қиылысатын Жұмабек Тәшенов, Шәмші Қалдаяқов пен Жұмекен Нәжімеденов атындағы көшелер жылдан жылға көз тартып, көсіле түсуде. Шәмші Қалдаяқов көшесінің бойында архитектурасы лирика мен романтикаға бай нысандар бой көтеруде. Бұл ғажап дүние емес пе? Көркем архитектураның өзі ән салып тұрғандай! Әрине, бұл бастамасы ғана. Келешекте Шәмші мен Жұмекен көшелері «Менің Қазақстанымдай» қазақ елі үшін қасиетті де, қадірлі бола түсері сөзсіз.
Елордамыз Астана – ұлт абыройына айналды. Дегенмен, сол бір сынаққа толы жыл қиындықтары өз - өзінен еңсерілмегені тағы белгілі. Бұл іс басында тұрған мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ғасырлар тоғысында өліара уақыттың аласапыранын еңсерген қажыр қайраттылығының арқасы десек болады. Жарқырап, жайнай бер. Елімнің жүрегі – Астана!
Рефлексия
Екі жақты күнделік стратегиясы
Кітаптағы жазбалар
Менің жаңалығым
Үйге тапсырма
Өздік жұмысы
Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс
Бағалау парақшаларын толтыру.
Смайликтер арқылы кері байланыс орнату
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады