kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Конспект урока ИЗО Т?с ж?не символ

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мен, Жа?сыбаева Айман Оразбаевна, 1979 жылы ?араша айыны? 11 ж?лдызында ?збекстанда д?ниеге келдім. Мен 2014 жылдан бері Ма??ыстау облысы Бейнеу ауданы ?стірт орта мектебі мемлекеттік мекемесінде бастауыш сынып о?ушыларына бейнелеу ?нері п?нінен саба? беріп келемін. Т?жірибе алмасу барысында т?жірибелі м??алімдерді? саба?ына ?атысып т?жірибе жина?тап келемін.   

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Конспект урока ИЗО Т?с ж?не символ»

Сабақтың тақырыбы: Түс және символ

Сабақтың мақсаты: 1. Түс және символ туралы түсінік беру, кез келген заттарға белгілі шарттарды қоюдың мақсаты туралы мағлұмат беру.

2.Оқушыларға өз ойларынан символдық сурет салуға ой-қиялдарын дамыту.

3. Ұқыптылыққа, әдемілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Әдісі: түсінік беру, сурет салу.

Көрнекілігі: слайд, суреттер, альбом, дидактикалық көрнекі құралдар, т.б.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1.Сұрақ-жауап

- Сәулет өнері дегеніміз не?

- Стиль дегеніміз не?

- Ежелгі Греки мен Рим дәуірі қалай аталған?

- Ерте кездегі ең әйгілі Грекия храмы қалай аталған?

- Роман стилінде қандай ғимараттар бой көтерген?

- Роман стилінен кейін қандай стиль пайда болды?

2. Сәйкестендіру тесті:

Қожа Ахмет Йассауи

Кесенесі қай қалада орналасқан?

Самархан

Нотр-Дам де Пари қай стильдегі қала?


Грекия

Регистан кешені қай қалада орналасқан?


Аласа, түнерген ғимараттар

Парфенон қай елдің храмы?

Түркістан

Романдық стиль

Готика стилі



3. Сөйлемді аяқта:

Қожа Ахмет Йассауи кесенесі ... әмірі

бойынша тұрғызылды?



... ХY ғасырдағы Орта Азияның ең ірі

оқу орны







Жаңа сабаққа дайындық. Ребус шешу

« Түс және символ» сөзін шешу.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Түстер туралы ғылымның суретшіге берері көп.Түрлі түстер ерекшелігін жақсы білу үшін оны кескіндемеде, сәндік өнерде пайдаланып, суреттер салу қажет.Түстер мен түрлі түсті реңктердің пайда болуын ежелгі Грекияның оқымысты ғалымы Аристотель зерделеп,түсінуге әрекет екен. Жарық жоқ жерде біз ешқандай түсті көре алмаймыз.

Табиғатты белгілі заттар өздеріне ғана тән түске ие. Сонымен қатар түспен түрлі сезімді, көңіл күйді және көптеген басқа құбылыстарды көрсетуге болады.

Қызыл түс махаббаттың , сұлулықтың ,қуаныштың,байлықтың,жеңістің , жастықтың белгісі. Мына сөздерге назар аударайық «қыз», «қызыл», «қызғалдақ», мысалы біздің ауданымыздың аты « Қызылқоға», ауылмыздың аты «Қызылқоға», ауылымыздың аты «Қызылту» сөздерінің түбірі бір. Бұл кездейсоқ емес.

Көптеген халықтарда ақ түс жарықты, өмірді ,тазалықты , бейбітшілікті білдіреді.Ақ көгершін – бейбітшіліктің белгісі. Қазақ халқы әжелердің ақ жаулығын аса қадірлеген.

Көк түске байланысты нені айтуға болады? Мемлекеттік тәуелсіздігіміздің қасиетті белгісі ретінде көтерген қыран қанатты туымыздың түсі, ашық аспан түстес зеңгір көк. Зеңгір көк түс адам баласы түйсініп қабылдап, қолданып жүрген бояулардың ең бір реңділер қатарына жатады.Тілімізде «көгеру», «көк шықты», «көкке ауыз ілікті», «көсегесі көгерер» деген тәріздес сөз тіркестері бар. Бұл сөздердің бәрі, сайып келгенде , өмір сүру, жаңарып жасарту, мұратқа жету деген ұғыммен төркіндес.

Ал қара түс зұлымдықты, түнді білдіредіКөп елдерде ол қайғы-қасіреттің түсі.Ертедегі шеберлер көркем шығармаларында ұбыжықтар мен шайтандарды қара түспен берген.

Символ- бұл кез келген бір түсінікті, құбылысты білдіретін шартты белгі.Әрбір халықтың, адамдар тобының өз символдары болады.

Сөзбен түсіндіргіміз келмеген жағдайда өз ойымыз бен ниетімізді белгімен білдіруге болады. Көпшілік түсінетін және бір түсінік пен құбылысты білдіретін шарты белгі символ деп атлатынын білеміз. Адамдар ерте кезден бастап көптеген символдар ойлап тапқан.Олардың мәнінің ортақтығы соншалықты, тіпті әр түрлі тілде сөйлейтін адамдар тез-ақ түсінеді.

Ағаш-тіршілік пен өмірді білдіреді,ал түркі халықтарында ата-баба шежіресінің символы болып есептеледі.Құс – аспанның, балық-судың,жүрек-сезімнің белгісі. Кейде символ ретінде заттың бір бөлшегі ғана алынады. Әдетте, символдық суреттің жеке ерекшеліктері болмайды. Ежелгі адамдардың жартастарға салған суреттеріндегі барлық бейнелер символдардан тұрады. Бұл суреттерден қандай адамдар мен жануарлар бейнелеенгенін байқау қиын, алайда біз суретшінің аң аулау көрінісін салғанын түсінеміз.

Слайдтан символдардың түрлерін көрсетіп, соларға түсінік беру.

Практикалық кезең. Сендердің символдарының бола алатындай түрлі түсті белгі ойлап тап. Ол сенің мінез-құлқың мен өзгеге ұқсамайтын ерекшеліктеріңді көрсетуі тиіс. Символ шағын ғана әрі сендердің болмыстарыңды тұтастай ашалатындай болсын.

Ә

Б

И

Н

Ә

Һ

Ь

І

В

А

Ы

Р

К

Л

О

Д

А

Д

А

Х

А

Н

Л

Н

М

И

С

А

Е

А

И

А

Ь

А

К

С

ІV. Сергіту сәті.

Сөздерді тап.

Мына тор көздегі әріптерден бейнелеу өнеріне қатысты сөздерді табу керек.

Шығармашылық жұмыс.

Үш қатарға түрлі суреттер бөліктерін беру.Берілген суреттерден эмблема құрастыру.

V. Қорытынды.

-Символ дегеніміз не?

-Өз еліңнің мемлекеттік елтаңбасы туралы не айтасындар?

-Онда қандай символдар бар және олар нені білдіреді?

VІ. Бағалау.

VІІ.Үйге тапсырма беру.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: ИЗО

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Конспект урока ИЗО Т?с ж?не символ

Автор: Жаксыбаева Айман Оразбаевна

Дата: 29.02.2016

Номер свидетельства: 300385

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) "Тема урока: В. М. Гаршин «Сказка о Жабе и Розе»."
    ["seo_title"] => string(47) "tiema-uroka-v-m-garshin-skazka-o-zhabie-i-rozie"
    ["file_id"] => string(6) "308492"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458587188"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) "Тема урока: В. М. Гаршин «Сказка о Жабе и Розе»."
    ["seo_title"] => string(49) "tiema-uroka-v-m-garshin-skazka-o-zhabie-i-rozie-1"
    ["file_id"] => string(6) "308493"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458587196"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства