Тақырыбы: «Қозғалмалы ойыншықтар» | Мектеп: Шаған ЖОББМ |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Танатаров Н.Т. |
Сынып: 2 | Қатысқан оқушылардың саны: | қатыспағандар: |
Оқыту мақсаты: | 2.1.3.2. Шығармашылық идеяларды дамыту үшін ақпарат жинау 2.1.3.1. Әр түрлі материалдар мен техникалардың негізінде, өз идеялары мен сезімдерін шығармашылық негізде ұсыну |
Сабақтың мақсаттары: | Барлық оқушылар: қозғалмалы ойыншықтарды жасауға байланысты шығармашылық ойларын дамытады |
| Оқушылардың басым бөлігі: қағаз бетінде сайқымазақтың үлгісін сызады, оны қияды және қозғалмалы етіп жасай алады; |
| Кейбір оқушылар: Өз жұмысын түсіндіреді және оны жақсарту бойынша ұсыныстарын білдіреді. |
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Негізгі сөздер мен фразалар: Көптілділік сәті: Диалог/жазу үшін пайдалы лексика және терминология: Талқылауға арналған сұрақтар: Бұл сабақта ұсынылған тірек сөздер оқушылар үшін жаңа сөздер болғандықтан, оларды өз сөзінде жиі қолдануды ұсыныңыз. Мысалы, ойыншықты жасау кезінде «тойтарма шегені қолдандым», «жеке бөліктерді біріктіру кезінде брадс қолданылды», «мен өз жұмысымда тойтарма шегені қолданамын» т.б. Диалог/жазу үшін пайдалы сұрақтар: Айталық, мынадай сұрақтарды қолдануға болады: Сен неге осылай ойлайсың? Неге мұндай шешім қабылдадың? Сен қалай ойлайсың? Сен нені қолданасың? Неліктен? Себебін айта аласыңдар ма? «Ойыншықтарды қара», «Сен сайқымазақ туралы не білесің?», «Өз сайқымазағыңды таныстыр» тапсырмаларын орындау барысында оқушылардың толық дәлелді жауап беруіне назар аударыңыз. Егер оқушылар біркелкі жауап берсе, оны ойландыратын, өз көзқарасын дәлелдейтін сұрақтар қойыңыз. |
Алдыңғы білім | Табиғи материал, қағаз, мата, ермексаз, пластиктің қасиеттері. |
Пәнаралық байланыстар | «Дүниетану» сабағынан Италияның өнердің кейбір түрлерінің отаны болып табылатынын біледі. Музыка. Д. Кабалевскийдің басқа да туындыларымен танысады. |
Ресурстар | Қатырма қағаз, жіптер, инелер, оймақ, темір сым тойтарма шеге, брадс, фломастерлер, қайшы, сайқымазақтың үлгісінің бөлшектері, гуашь, қылқаламдар, А4 қағазы, шаблондар, балауыз борлар, түрлі түсті қарындаштар, ашық түсті костюмдер киген әртүрлі сайқымазақтардың бейнелері, таяқшалар, өткен сабақтардағы ойыншықтар салынған қорап, қағаздан жасалған қозғалмалы сайқымазақтардың дайын үлгілері. |
Сабақтың барысы |
Сабақтың кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет |
Амандасу. 2 мин. Тірек білімді өзектендіру. 3–8 мин. Сабақтың тақырыбын түсіндіру. 9–15 мин. | Психологиялық оң көңіл-күй қалыптастыру. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. «Айтып бер» айдары. Театр марионеткаларын әртүрлі тәсілдермен, алуан түрлі материалдардан дайындауға болады. Театр марионеткаларының отаны − Италия. Аталмыш қуыршақтардың атауы оны жасаушы Марионидің есімімен байланысты пайда болған. Алғашқы қуыршақтар көшеде жиналған топтың көңілін көтеру үшін театрландырылған қойылымдарда қолданылған. Тойтарма шеге сымнан жасалады. Тойтарма шегенің бір жағы қаққан жерінен шығып кетпейтіндей жуан болса, екінші жағы бөлшектерді біріктіруге қолайлы болу үшін үшкір келеді. Тойтарма шеге қозғалғыштыққа жағдай туғызады. Бөлшектерді біріктірген кезде оның үшкір ұшы майысады. Брадс – бұл әртүрлі заттардың беткі қабаттарын бекітуде қолданылатын металл шегелер. Брадс сыртынан қарағанда тесікке кіргізілетін және екі жаққа қайырылатын, екі аяғы бар шегенің қалпағына ұқсайды. Қозғалмалы қуыршақтарды жасау оқушылар үшін ерекше жұмыс болып табылады. Мұндай жұмыстар оқушылардың қызығушылығын тудырады, көңіл күйін көтеріп, оқуға деген ынтасын арттырады. |
Тәжірибелік бөлім. 16–22 мин. Практикалық бөлім. 27–35 мин. . | «Сен білесің бе?» айдары. Оқушылар марионет қуыршақтар туралы біледі. Оларға мәтінді оқып шығуды ұсыныңыз. Оқушылардан мұндай қуыршақтардың қай жерде көбірек қолданылатынын білетін/білмейтіндерін сұраңыз. Ықтимал жауаптар Марионет қуыршақтар көбінесе қуыршақ театрларында қолданылады. Сіз жануарлар бейнесіндегі ойыншық марионеттерді музыканттардың домбырада ойнауы кезінде қолданатынын айтып, ақпаратты толықтыра аласыз. Бейнефильмді көрсетіңіз. Интернет сілтемелерін қараңыз. Көріп болғаннан кейін олардан қандай музыкалық а спаптарды көргендері және тыңдағандары жайлы сұрауға болады. Жауаптар: Домбыра, асатаяқ, дауылпаз, тұяқтас, сыбызғы. «Зертте» айдарында оқушыларға темір сымның қиындысын таратыңыз, одан тойтарма шегені жасап көруді ұсыныңыз. Бұл тапсырманы жұптаса немесе топтаса отырып өткізуге болады. Қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертіңіз. Олардың ойларын тыңдаңыз, не жасағандарын қарап, бағалаңыз. Бүкіл сыныпқа ең жақсы үлгілерді көрсетіңіз. Егер оқушылар қиналса, тойтарма шегенің қалай жасалатынын өзіңіз көрсетіңіз. «Анықта» айдарында оқушыларға әртүрлі сайқымазақтардың үлгілері бейнеленген парақтар таратылады. Олар парақтармен таныса отырып, қай сайқымазақты жасағысы келетінін, бөлшектерін қалай біріктіретінін анықтайды. Оқушылар «Көңіл күй және түс» тапсырмасында өз ойларын іске асыруға кіріседі, сайқымазақтың суретін салады. Олар оқулықтағы суреттерді, мұғалім ұсынған үлгілерді қолдана алады немесе өз нұсқаларын ойластырады. Салған сайқымазақтарын оларға тән мінездерін жеткізе отырып, бояу тапсырылады. Жұмыс кезінде оқушылардың көңіл күйіне, қай жұмысты жақсы атқарып жатқанына, сайқымазақтың көңіл күйі қалайкөрсетіп жатқанына назар аударыңыз «Орындап көр» айдары. Өз сайқымазағын қиып алады. Оқушыларға қайшымен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережесін сақтауды тағы бір рет ескертіңіз. Олар бөлшектерді өз қалаулары бойынша ине-жіпті, оймақты немесе сымнан жасалған тойтарма шегені қолдана отырып, біріктіре алады. Сондай-ақ зауыттан шыққан тойтарма шегелер мен брадстарды да қолдануға болады. Дайын сайқымазақты таяқшаға бекітіп және сілкілей отырып, қозғалысқа келтіруді ұсыныңыз. Бұл жұмысты тез және жақсы орындаған оқушыларға көмекті қажет ететін басқаларына көмектесуді ұсынуға болады. «Өз сайқымазағыңды таныстыр» тапсырмасы өз жұмысын көрсете білу дағдысын дамытуға бағытталған. Оқушылардан өз сайқымазақтарын көрсетіп, оның атының кім екенін, мінезінің, көңіл күйі қандай болатынын және не істей алатынын айтуды ұсыныңыз. Сонымен қатар оқушы ненің жақсы шыққанын, ал нені өзгертуге болатынын, тойтарма шегені қалай қолданғанын түсіндіріп беру керек. |
Сабақтың тақырыбын бекіту.35–43 мин. Рефлексия 43-45 мин. | Қорытынды: Бүгінгі сабақта жасаған жұмыстары туралы айтып, не жасағандарын, қалай жасағандарын айта отырып қорытынды жасайды |
Сабақтың соңы | Жұмыс орнын жинау |
Қосымша ақпарат |
Дифференциациялау – қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлап отырсыз? Қабілеті жоғарырақ оқушылардың алдына қандай міндеттер қоюды жоспарладыңыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? Жұмысты келесі критерийлер бойынша бағалауға болады: Сайқымазақ ойыншығының пішіні дұрыс берілген Ойыншықтың біріктірілген бөлшектері қозғалмалы. Ойыншық ашық түсті, қосымша детальдармен безендірілген. |
Мұғалімнің рефлексиясы. Сабақ мақсаттары /оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным сөз мәнінде жүзеге астыма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Осы бөлімді сабақты рефлексиялау үшін пайдаланыңыз. Сол бағанда берілген сабағыңыз туралы сұрақтарға жауап беріңіз. |
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі дүниені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты) 1. Әр түрлі сайқымазақ үлгілерін жасау барысындағы оқушылар пікірі 2. Өздерінің жасаған сайқымазақтарын рөлге ене отырып таныстыруы Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді?(оқытуға және үйренуге қатысты) 1. Сайқымазақтар туралы бейнекөрсетілім көрсету 2. Топтық жұмысты басқаша ұйымдастыру Осы сабақтың барысында мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы қандай ақпаратты білдім? |