kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"?а??а"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Арнайы білім  беру саласында "С?? ж?не дизайн" маманды?тарына "Сурет" п?нінен "?а??а" атты саба? жоспарын ?сынып отырмын. ?ыс?аша мазм?нын айта кетсем, м?нда о?ушылар?а адам т?л?асыны? конструкциялы? ??рылымын ?йымдастыруда?ы ?діс-т?сілдерін ?йретіп, адам т?л?асыны? анатомиялы? ??рылымын жіктеп, танысып, айыра білу, салып ?йрену, дамыту болып табылады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"?а??а"»

Пән: Сурет


І. Сабақтың тақырыбы: «Қаңқа».


ІІ. Сабақтың мақсаты – дидактикалық міндеттері:

  1. Білімділік: адам тұлғасының конструкциялық құрылымын ұйымдастырудағы әдіс-тәсілдерін меңгеру;

  2. Дамытушылық: адам тұлғасының анатомиялық құрылымын жіктеп, танысып, айыра білу, салып үйрену, дамыту;

  3. Тәрбиелік: адам тұлғасын бейнелеуде әсемділікке, адамның сыртқы табиғи сымбатына көңіл аудару, сурет салу барысында эстетикалық тәрбиеге баулу.


ІІІ. Қолданылатын көрнекіліктер – адам скелеті, көрінісі-тұлға сүйектері, сурет салу реттілігі, суреттер.


ІV. Сабақтың түрі – практикалық.


V. Пән аралық байланыс – сызу, анатомия, геометрия.


VІ. Сабақтың өту әдісі – 1) хабарлама;

2) көрнекілік;

3) сұрақ-жауап;

4) практикалық жұмыс.


VІІ. Сабақтың жоспары – 1) ұйымдастыру кезеңі;

2) тақырып түсіндіру;

3) практикалық жұмыс;

4) сабақты қорытындылау;

5) үйге тапсырма.


VІІ. Сабақтың өту барысы:


1) Ұйымдастыру кезеңідәрісхананың сабақ өткізілуіне дайындығын қадағалау, оқушылардың сабаққа әзірліктерін тексеру, жоқ оқушыларды тексеру.


2) Тақырып түсіндіру:

Сабақтың тақырыбы – Қаңқа (адам скелеті)

Адам тұлғасы өзінің ерекше жаратылуымен, құрылысымен өте күрделілігімен көзге түседі.

Сол күрделі құрылысын жете білу үшін оның анатомиясының құрылымын жіктеп, айыра білгеніміз жөн. Өйткені, тұлға сүйектері мен бұлшық еттері оның сыртқы табиғи сымбатына, қимыл-қозғалысына үлкен әсер етеді.

Адам скелеті (қаңқа) негізінен үш бөлікке бөлінеді: бас сүйегі, кеуде бөлігі және қол-аяқ сүйектері болып. Әр бөліктегі сүйектердің бір-бірімен байланысы әртүрлі болады.

Суретке назар аударыңыз. Мысалы, бас сүйектері өте берік жымдасқан жіктер арқылы байланысса, кеуде бөлігі сүйектері шеміршектермен байланысқан, ал қол-аяқ сүйектері буын арқылы байланысады да өте қозғалғыш қимылды келеді.

Бас сүйектерімен сіздер екінші курста танысып суреттедіңдер, енді біз кеуде бөлігі сүйектер жиынтығымен, қол-аяқ сүйектерімен танысамыз.

Кеуде сүйектері кеуде омыртқадан, көкірек қуысынан (клеткасынан) тұрады.

Осындағы көкірек қуысы өзінің жалпы формасының ерекшелігімен көңіл аударады. Ол кеуде омыртқаларынан, он екі пар қабырғадан және төс сүйегінің байланыстарынан құралып конусқа ұқсас пішін түзеді.

Кеуде омыртқалары жеке-жеке омыртқалар тізбегінен тұрады, ол жалпы омыртқа діңгегінің кеуде тұсындағы бөлігі болып табылады.

Осы тұста адам скелетінің негізі – тірегі болып табылатын омыртқа діңгегіне тоқталып өтейік. Ол ұзына бойы тізбектеліп орналасқан 33-34 омыртқалардан құралған. Оның сыртқы пішіні ирелеңдеген жыланға ұқсас пластикалық түр береді. Адам скелетінің негізгі сүйектері осы діңгекке тікелей бекітілген немесе сабақтаса келіп байланысқан. Сондықтан оның құрылысы мен қозғалысы адамның сыртқы бейнесіне, қозғалыс қимылына үлкен әсер етеді.

Жалпы омыртқа діңгегі – мойын, кеуде, бел омыртқа болып үшке бөлінеді.

Мойын омыртқа жеті омыртқа сүйегі тізбегінен тұрады.

Кеуде омыртқа он екі омыртқаның жиынтық тізбегінен құралған және оған он екі пар қабырға бекіген.

Төмеңгі бел омыртқаның саны – бесеу. Ол төмен жағында, жанбас сүйектерімен байланысқан. Қалған омыртқалар сегіз көз және құйымшақ аталып бір-бірімен бірігіп кеткен. Олар жоғарыда аталған омыртқалардай қозғалысқа қатыспайды, омыртқа діңгегінің төменгі бөлігін құрап, жамбас сүйектерінің ортасына сыналай орналасады.

Қол-аяқ жамбас сүйектері:

Қол сүйектері бұғана мен жауырынның, тоқпан жілік, білек сүйектерінен және қол басының ұсақ сүйектерінен тұрады. Бұл сүйектер бір-бірімен байланыста тізбектеле келіп бұғана арқылы төс сүйегіне бекиді.

Аяқ сүйектері: жамбас, ортан жілік, асықты (сирақ) жілік және аяқ басының ұсақ сүйектерінен тұрады. Бұл сүйектер де бір-бірімен қол сүйектері сияқты байланыса келіп омыртқа діңгегіне бекиді.

Мұндағы жамбас сүйегіне көңіл аударған жөн. Оның құрылысы басқа сүйектерге қарағанда өте күрделі және пішіні де ерекшелеу – шылапшынның формасына ұқсас. Сондықтан да оны орысша «тазовая кость» деп атайды.

Ал енді осының бәрін ескере отырып адам скелетін бейнелейміз.

Адам тұлғасын салу үшін оның пропорциясын бейнелейтін өлшем бірліктерімен танысу керек. Тұлға адам басының биіктігімен өлшенеді. Мөлшермен 8 бөлікке бөлінеді. Адам басының ауытқуларына байланысты кейде 7 немесе 7,5 бөлікке бөлінуі мүмкін. Бас пен кеуде қосындысы адам бойының жартысы болып табылады. Иықтың ені 2 бастың биіктігіне тең. Адам тұлғасын бейнелеуде адам денесіне мұқият назар аударған жөн. Сурет долбарлық сызықты бейнелеуден басталады.

Суреттің қағазға орналасуын, композициялық құрылымын алғашқы долбар сызықтармен шешкеннен кейін скелеттің құрылысын тұрғызуға көшеміз.

Сурет салу кезеңінде жалпы белгілеуден жекеге көшу заңдылықтарыныңа сүйенеміз. Ең алдымен үлкен бөлшектерге пропорциялық қатынастарды анықтай отырып, адам денесінің мүшелерін түгелдей біржола анықтауға көшеміз. Жарық пен көлеңкесін айқындаймыз. Бастан табанға дейінгі аралықта жарық біртіндеп қоюланып, көлеңкеге ұласады.

Адам тұлғасын бейнелеуде оның формасы мен пропорциясына назар аударған жөн.


3) Практикалық жұмыс.

Жоғарыда айтылған түсініктемелерді ескере отырып, оқушылар өз бетімен практикалық жұмысқа кіріседі. Сурет 60*80 см көлеміндегі планшетке орындалады. Сурет натурадан қарап салынады. Натура – кіші көлемдегі адам скелетінің көрінісі. Жоғарыдан, сол жақтан шам сәулесі түседі. Практикалық жұмыс барысында оқушыларды дұрыс жолға бағыттау, қателіктері болса айтып, түзету.

Сабақ аяқталуына жақындағанда жұмыстарын тексеру. Үй тапсырмаларын бағалау, үйге жаңа тапсырма беру.

4) Үйге тапсырма: А4 форматында адам тұлғасынан долбарлар, суреттемелер орындау.

5) Сабақты қорытындылап, аяқтау.
























«СҚӨ және дизайн» бөлімінің

оқытушысы: М.М.Тулепова



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: ИЗО

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"?а??а"

Автор: Тулепова Молдир Максутовна

Дата: 30.03.2016

Номер свидетельства: 312682

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(15) "Графики "
    ["seo_title"] => string(7) "grafiki"
    ["file_id"] => string(1) "7"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1400501839"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "Видимое движение светил "
    ["seo_title"] => string(28) "vidimoie-dvizhieniie-svietil"
    ["file_id"] => string(1) "8"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1400502238"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(131) "Образование действительных причастий настоящего и прошедшего времени "
    ["seo_title"] => string(86) "obrazovaniie-dieistvitiel-nykh-prichastii-nastoiashchiegho-i-proshiedshiegho-vriemieni"
    ["file_id"] => string(6) "100000"
    ["category_seo"] => string(12) "russkiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1400505649"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(132) "Образование действительных причастий  прошедшего и настоящего времени "
    ["seo_title"] => string(86) "obrazovaniie-dieistvitiel-nykh-prichastii-proshiedshiegho-i-nastoiashchiegho-vriemieni"
    ["file_id"] => string(6) "100002"
    ["category_seo"] => string(12) "russkiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1400506550"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "Введение. Живое Средневековье "
    ["seo_title"] => string(37) "vviedieniie-zhivoie-sriednieviekov-ie"
    ["file_id"] => string(6) "100003"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1400507579"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства