Просмотр содержимого документа
«Геометриялы? денелер тобыны? проекциялары »
Сабақ жоспары
Тобы: ТЖҰ-211
Өткізген: Сералиева А. К
Өткізілген күні: 17.03.2014
Тақырыбы: Геометриялық денелер тобының проекциялары
Сабақтың мақсаты: оқушыларға геометриялық денелердің проекциясын сызуды үйрету және де заңдылықтарын түсіндіру.
А) білімділік: Геометриялық денелердің проекциялары, олардың жазбасын салу әдістері, және де орналасқан жазықтығын анықтауға үйрету.
Ә) тәрбиелік: Еңбек сүйгіштікке, ой еңбегіне, шапшаңдыққа, топпен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Б) дамытушылық: Білімділік пен дамытушылықты байланыстыра отырып, оқушының ойлау қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың пән аралық байланысы: геометрия
Сабақтың барысы:
І. Жаңа сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Геометриялық денелер тобының проекциялары.
Проекцияға, нәрсе проекция жазықтығы бақылаушының арасында орналасатындай етіп қараймыз. Сонда нәрсенің көрінетін сызықтарының проекциялары тұтас негізгі жуан сызықпен, ал көрінбейтін сызықтардың проекциялары үзілме сызықпен жүргізіледі. Проекцияда көрінетін сызықтарды көрінбейтін сызықтан ажыратып үйрену керек. Осы мақсат үшін бәсекелес нүктелер әдісі қолданылады. Проекциялары бірігіп түсетін екінүктені бәсекелес нүктелер дейді. Ортақ қабырғасы бар екі үшбұрыш екі жақты бұрыш құрайды. Берілген нәрсенің проекциясын салуды сызудыңтура есебі деп атайды.
Берілген нәрсенің проекциясын салуға болатынгдығын көрдік, басқаша айтқанда, сызудың тура есебін шешуге болады екен. Нәрсені берілген проекциясы бойынша анықтау сызудың кері есебі деп аталады.
Цилиндр. Математика курсында цилиндрді тік төртбұрыш өзінің бірқабырғасынан айналдырғанда шығатын айналу денесі деп түсіндіреді.Тік төртбұрыштың қозғалмайтын қабырғасын цилиндрдің осі деп атайды, ал оған қарама – қарсы қабырғасы – жасаушы цилиндрдің бүйір бетін және қалған екі қабырғасы цилиндрдің табандары болатын бірдей екі дөңгелекті сызып шығады. Жасаушылары табан жазықтықтарына көлбеу болатын цилиндрді көлбеу цилиндр деп атайды. Көлбеу цилиндрдің табандарыншдағы дөңгелектердің центрлерін қосатын түзу оның табан жазықтықтарына перпендикуляр болмайтындығын байқау қиын емес.
Конус. Тік бұрышты үшбұрышты катеттерінің біреуінен айналдырғанда шығаиын айналу денесін конус дейді. Тік бұрышты үшбұрыштың қозғалмайтын катеті конустің осі, гипотенуза жасаушысы деп аталады, ал екінші катет конутың табаны болатын дөңгелекті жасайды. Конустың төбесі П2 жазықтығына өзінің горизонталь проекциясы болатын дөңгелектің центріне проекцияланады. Конустың аксонометриясын салу үшін аксонометриялық осьтер жүргізіп, табанының центрі – О1 нүктесі координаттары бойынша салынады. Одан кейін конустың табанындағы шеңбердің кескіні болатын овал сызылады. Конус төбесінің аксонометриясы – S1 нүктесі координаттары бойынша салынады.
Шар. Дөңгелекті диаметрлерінің біреуінен айналдырғанда пайда болатын денені шар деп атайды. Шардың бетін сфера дейді, оның проекциялары өзара тең шеңберлер болады.
ІІ. Қорытынды: Оқушылардың алған білімін қортындылау. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
Цилиндр дегеніміз не?
Конус дегеніміз не?
Шар дегеніміз не?
III. Бағалау. Сабаққа белсене қатысып отырған оқушыларға баға қоямын.
IV. Үйге тапсырма: Тақырып соңындағы жаттығуды орындап келу