kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бір аяққа сүйенген дене

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тірі адам денесін бейнелеудің гипстік фигураны салудан көп айырмашылығы жоқ. Бірақ тірі адамды салу оқушылардан перспектива заңдылықтарын терең білуді, пропорцияларды, пластикалық анатомияны, қимылдың сипаттамасын және негізгі сипаттамалық нүктелермен бағыттаушы сызықтарды нақты қолдануды талап етеді. Тірі адамды салу күрделі, себебі адам бір қалыпта тұра алмайды, оның денесі кейбір сәттерде өзгеріп тұрады. Сонымен қатар адамды салу үлкен назар қоюды талап етеді. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бір аяққа сүйенген дене»

«Сурет» пәнінен ашық сабақтың

ЖОСПАРЫ




І. Сабақтың тақырыбы «Бір аяққа сүйенген дене».


ІІ. Сабақтың мақсаты – дидактикалық міндеттері:

  1. Білімділік: адам тұлғасының конструкциялық құрылымын ұйымдастырудағы әдіс-тәсілдерін меңгеру;

  2. Дамытушылық: адам тұлғасының анатомиялық құрылымын жіктеп, танысып, айыра білу, салып үйрену, дамыту;

  3. Тәрбиелік: адам тұлғасын бейнелеуде әсемділікке, адамның сыртқы табиғи сымбатына көңіл аудару, сурет салу барысында эстетикалық тәрбиеге баулу.


ІІІ. Қолданылатын көрнекіліктер – адам бейнесі, адам бейнесін салу кезеңдері, сурет салу реттілігі, суреттер.


ІV. Сабақтың түрі – практикалық.


V. Пән аралық байланыс – сызу, анатомия, геометрия.


VІ. Сабақтың өту әдісі – 1) хабарлама;

2) көрнекілік;

3) сұрақ-жауап;

4) практикалық жұмыс.


VІІ. Сабақтың жоспары – 1) ұйымдастыру кезеңі;

2) тақырып түсіндіру;

3) практикалық жұмыс;

4) сабақты қорытындылау;

5) үйге тапсырма.


VІІ. Сабақтың өту барысы:


1) Ұйымдастыру кезеңідәрісхананың сабақ өткізілуіне дайындығын қадағалау, оқушылардың сабаққа әзірліктерін тексеру, жоқ оқушыларды тексеру.

2) Тақырып түсіндіру:

Сабақтың тақырыбы – бір аяққа сүйенген дене.

Тірі адам денесін бейнелеудің гипстік фигураны салудан көп айырмашылығы жоқ. Бірақ тірі адамды салу оқушылардан перспектива заңдылықтарын терең білуді, пропорцияларды, пластикалық анатомияны, қимылдың сипаттамасын және негізгі сипаттамалық нүктелермен бағыттаушы сызықтарды нақты қолдануды талап етеді. Тірі адамды салу күрделі, себебі адам бір қалыпта тұра алмайды, оның денесі кейбір сәттерде өзгеріп тұрады. Сонымен қатар адамды салу үлкен назар қоюды талап етеді.

Адам салу барысында алдымен жалпының негізі, фигураның негізгі қимылымен дененің басты бөліктерінің қарым қатынас орналасуы айқындалады, бірігіп бейнелеуші модельдің образы анық қалыптасады. Бұның бәрі қағаз бетінде негізгі, басты нүктелермен модельдің негізгі бағыт беруші сызықтармен айқындалады.

Сурет салу кезінде модельдің образын айшық айқындайтын ғана орналасуын таңдау қажет. Сондықтан қағаз бетіне алдымен қимылдың негізгі бағыты, артынан жалпы қимылға бағынышты бөлшектері бейнеленіп образ айқындала түседі.

Адамның қозғалуы кезінде оның қаңқа сүйектерінің өзара орналасуы, қозғалыс бұлшықеттер топтамасы өзгереді. Бұның бәрі бүкіл фигураның сыртқы пластикалық пішінінің өзгеруіне әкеліп соғады. Сурет салу барысында осыны ескеру қажет.

Адам денесінің сыртқы пластикалық пішіні оның ішкі құрылымына тәуелді. Сурет салушы сыртқы пішіні неліктен өзгеріп жатқандығын білмесе адам денесін дұрыс құрастыра алмайды. Адам денесінің түрлі қимылын, «механика» деген ұғымды түсіну үшін біріншіден, бүкіл салмағы түсетін ортаны орналасуын анықтап алу қажет. Отырған немесе тұрған адамның дене салмағы күші бүкіл қаңқамен қабылданады, ал бұлшық ет жұмысы сол бағытты сақтайды. Сондықтан еркін тұрған немесе отырған адам фигурасының жалпы қимылы мен бөлшектердің қимылы тірек нүктелерінің орналасуымен және бүкіл дене бөлшектерінің салмағы түсетін орталарымен байланысты.

Адам фигурасын түрлі жағдайда бейнелеуде жамбастың негізгі сүйегін, кеуде қаңқасының, омыртқа сүйегінің және аяқ, қол сүйектерінің бағыттарын айқын елестету керек. Пластикалық анатомия суретшіге әртүрлі бұйымдардың қмылын, адам денесінің негізгі бөліктерінің орналасуын, бұлшықеттер топтамасының жұмысын біліп үйренуге көп септігін, көмегін тигізеді.

Адам фигурасын тез және сенімді түрде салу үшін тірек нүктелерін білу қажет және сол білімдерін қолдану керек. Тірек нүктелері арқылы фигураның кеңістікте орналасуын анықтайды. Олар сурет құрастырудың бастапқы құралы болып есептеледі және дүниенің әрбір бөлігі қимылының сипаттамасын көрсетуге жол береді.

Адам фигурасын салу бірнеше сатыларға бөлінеді.

1 саты: Адам фигурасының қимылын, бағытын біліп дененің ең шеткі нүктелерін анықтап, формат бетіне композициялық орналастырып, белгілейміз.Бүкіл композицияның орталық көз сәулесенің нүктесін табамыз. Денеің тірек нүктелерін анықтаймыз. Дене, аяқ, қол, мойын, бастың бағыт беруші сызықтарын жүргіземіз.

2 саты: Жамбас, кеуде қаңқасының, сан, тізе, табан, мойын, бас, иық, қол сүйектерінің өлшемдерін және жалпы қимылдарын айқындаушы сызықтарын анықтап, олардың бір біріне қатынастығын табамыз. Вертикаль және горизонталь сызықтарын өткіземіз. Жамбасты, белді, кеуде қаңқасын, мойын мен басты бейнелейміз. Дененің жалпы пішіні мен бөлшектерін жеңіл сызықтармен белгілеп саламыз.

3 саты: Негізгі бұлшықеттер жұмысын атқаратын орындарды ескеріп, сүйектерінің кейбір бөліктерін айқындап, бөлшектерін бейнелейміз. Нақты сызықтармен түгел фигураның пішінін айқындап саламыз.

4 саты: Жарық түсу бағытын ескеріп, өзіндік және денеден түскен көлеңкелерін белгілейміз.

5 саты: Суретті жалпыға бағындырамыз. Реңдік және сызықтық композицияға әкеліп, жарыққа жақын және алыс орналасқан пішін бөлшектерін айқындаймыз. Бірінші жағдайда жарық көлеңке контрасты күшейе түседі, екінішісінде бәсеңдейді.

Адам тұлғасын бейнелеуде оның формасы мен пропорциясына назар аударған жөн.



3) Практикалық жұмыс.

Натура – бір аяққа сүйенген адам денесі. Жарық-терезеден түскен табиғи жарық. Сурет 60*80 см көлеміндегі планшетке орындалады. Сурет натурадан қарап салынады. Практикалық жұмыс барысында оқушыларды дұрыс жолға бағыттау, қателіктері болса айтып, түзету. Сабақ аяқталуына жақындағанда жұмыстарын тексеру. Үй тапсырмаларын бағалау, үйге жаңа тапсырма беру.

4) Үйге тапсырма: А4 форматында адам тұлғасынан нобайлар, суреттемелер орындау.

5) Сабақты қорытындылап, аяқтау.






«СҚӨ және дизайн» бөлімінің

«сурет» пәні оқытушысы: Б.Ұ.Нұрашев.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: ИЗО

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Бір аяққа сүйенген дене

Автор: Нұрашев Бауыржан Ұзақбаевич

Дата: 14.02.2017

Номер свидетельства: 391753

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстар"
    ["seo_title"] => string(43) "k_azak_standag_y_u_lt_azattyk_k_ozg_alystar"
    ["file_id"] => string(6) "450998"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1516337367"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(105) "О?ушыларды? жас ерекшеліктеріне с?йкес білім беру ж?не о?у "
    ["seo_title"] => string(72) "ok-ushylardyn-zhas-ieriekshieliktierinie-s-ikies-bilim-bieru-zh-nie-ok-u"
    ["file_id"] => string(6) "175813"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1424328424"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Зат есімні? септелуі.4-сынып.?аза? тілі"
    ["seo_title"] => string(36) "zatiesimninsieptielui4synypkazaktili"
    ["file_id"] => string(6) "313431"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459487412"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(156) "Үш тілді меңгерген мәдениетті тұлғаны қалыптастыру және дамытуда шет тілінің ықпалы"
    ["seo_title"] => string(80) "ush_tildi_mien_ghierghien_m_dieniietti_tu_lg_any_k_alyptastyru_zh_nie_damytuda_s"
    ["file_id"] => string(6) "369556"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1481709631"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "Үш тілді меңгерген мәдениетті тұлға"
    ["seo_title"] => string(46) "ush_tildi_mien_ghierghien_m_dieniietti_tu_lg_a"
    ["file_id"] => string(6) "369559"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1481709844"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства