kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Алғашқы гүлдер

Нажмите, чтобы узнать подробности

А-ля прима техникасымен гүлдердің суретін салу

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Алғашқы гүлдер»

Бейнелеу өнері: 2 сынып; Күні: 13.02.2017ж.

Жамбыл облысы, Тараз қаласы, №10 орта мектебі

Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі:Маханбетова Гулнара Жахилановна

Сабақтың тақырыбы: Алғашқы гүлдер

Сабақтың мақсаты: «А-ля прима» техникасын пайдалана отырып, гүлдердің суретін салу.

Сабақтың міндеттері:

I .Акварельмен «а-ля прима» техникасында жұмыс істеу тәсілдерін түсіндіру.

II. Кескіндеу білімдері мен дағдыларын дамыту.

III. Табиғатты, гүлдерді аялауға тәрбиелеу.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: альбом парақтары, акварель, өшіргіш, жай қалам.

Сабақ көрнекілігі: Көктемгі гүлдер бейнелеген фотосуреттер немесе гүлсауытқа салынған көктемгі гүлдер, кітап

Сабақ типі: жаңа сабақты меңгеру

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдіс тәсілі: түсіндіру, сурет салу, көктем гүлдері туралы әңгімелеу.

Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі

II Үй жұмысын тексеру

III Жаңа тақырып

IV Сергіту сәті

V Сабақты қорытындылау

VI Білімін бағалау

VII Үйге тапсырма

I Ұйымдастыру кезеңі:

  • Оқушылармен сәлемдесу,

  • Оқушы санын түгелдеу

  • Құрал жабдықтарын тексеру

  • Қандай сабақ екенін еске түсіру.

II Үй жұмысын тексеру: Натюрморт дегеніміз не?, Пейзаж дегеніміз не?, Портрет дегеніміз не?

III Жаңа сабақ: Оқушылардан көктем және көктем гүлі туралы алған әсерлерімен бөлісуді сұрау. Бұл әңгіме балалардың эмоциялық көңіл күйін дайындауға жақсы негіз болады. Көктем гүлдерін тамашалап, олардың ерекшелігіне, құрылысына, түсіне балалардың көңілін аудару. Ал балалар көктемгі алғашқы гүлдерді бейнелеу үшін біз акварельдің «а-ля-прима» тәсілін таңдаймыз. «А-ля-прима» - «бірден салу» деп аударылады. Яғни біз акварельді парақтың бетіне жұқалап жақпаймыз,бірден бояуды қанық етіп түсіреміз. Жұмыс ретін көрсете отырып түсіндіремін. 1 Қарындашты жеңіл жүргізіп өтеміз, палитрада бояуды езіп, күзгі гүлдердің нәзіктігі мен әдемілігін беруге тырысып, суретті салуға бірден кірісеміз. 2 Оқушылардың әрқайсысымен жеке жұмыс жүргізу кезінде оларға мынадай кеңестер беруге болады. 3 Қарындаш іздері әлсіз түсіп, жіңішке болуы керек, себебі акварельдің бетінен көрініп қалуы мүмкін. «А-ля-прима» тәсілін пайдаланғанда су мөлшері көп болмауы керек. Бояуды палитрада езген дұрыс. Кескіндеме – бояудың көмегімен орындалатын шығарма, өнердің бір түрі. «А-ля-прима» - бірден сурет салу», деп аударуға болады.

IV Сергіту сәті:

Қылқаламды қояйық.

Орнымыздан тұрайық

Қолымызды созайық

Оңға қарай иіліп

Солға қарай иіліп

Белімізді жазайық

Айналаға қарайық

Отырайық тұрайық

Біз тынығып алайық

Тынығып біз болған соң

Әсем сурет салайық.


Пейзаж құрастыру ойыны

Балаларға табиғат бейнеленген суреттердің бөліктері таратылып беріледі. Музыка жайлап қойылып тұрады. Музыка тоқтаған кезде табиғат бөліктерін жинап біткен оқушылар қол көтереді. Қай оқушының жұмысы адемі шыққанын көріп мадақтау.

(Ә.Қастеевтің «Алма ағашы гүлдегенде»)

V Сабақты қорытындылау:

  • Балалар гүлдер туралы бүгінгі сабағымыздан не білдіңдер?

  • Қандай гүлдердің түрін білеміз?

  • Сабақ соңында оқушылардың жұмыстарын көріп, жақсы шыққан жұмыстарды тақтаға іліп «алғашқы гүлдер» көрмесін жасау.

VI Білімдерін бағалау:

VII Үйге тапсырма:







































Бейнелеу өнері: 1сынып; Күні:

Жамбыл облысы, Тараз қаласы, №10 орта мектебі

Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі: Маханбетова Гулнара Жахилановна

Сабақтың тақырыбы: Жапырақтарға қарап сурет салу.

Сабақтың мақсаты: Жапырақтардың құрылысымен таныстыру. Жапырақтың көркем бейнесін жасауға бағытталған шығармашылық жұмыспен танысу.

Сабақтың міндеттері:

I Әртүрлі көркемдік құралдарды пайдалану арқылы жапырақтың көркем бейнесін жасау.

II Шығармашылық ойлауды, түрлі материалдармен жұмыс істеу машықтарын дамыту .

III Балаларды табиғатты аялай білуге тәрбиелеу.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: акварель бояуы, құрғақ жапырақтар, альбом парақтары.

Сабақ көрнекілігі: оқулықтағы жапырақтың суреттері, күзгі құрғақ жапырақтардың түрлері.

Сабақ типі: жаңа сабақты меңгеру

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдіс-тәсілі: түсіндіру, сурет салу.

Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі

II Үй жұмысын тексеру

III Жаңа тақырып

IV Сергіту сәті

V Сабақты қорытындылау

VI Білімін бағалау

VII Үйге тапсырма

I Ұйымдастыру кезеңі:

  • Оқушылармен сәлемдесу,

  • Оқушы санын түгелдеу

  • Құрал жабдықтарын тексеру

  • Қандай сабақ екенін еске түсіру.

III Жаңа сабақ:

  • Бүгінгі сабағымызды Қ.Шаңғытбаевтың «Күзгі жапырақтар» өлеңімен бастағым келіп тұр.

Алтын сары, қызыл, көк,

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Ой, алақай, тамаша,

Шашу шашты жапырақ

Бақтың іші алаша

Аунар ма еді жатып ап.


Балалар шеңбер құрып тұрып, бір-біріне сәтті күн тілейді.

Балалар сабақты бастамас бұрын біз жылдың төрт мезгілінің ағаштарын бақылайық.
Жапырақтар әртүрлі пішінді болады. Балалар жаз мезгілінде жапырақтардың түсі – жасыл болады. Ал күз мезгілінде жапырақтардың түсі – сары, қызыл, қызғылт сары болып келеді. Ал көктем мезгілінде ағаштан бірінші бүршік жарады сол бүршіктерден жапырақтар шығады. Ал қыс мезгілінде жапырақтар болмайды. Балалар жапырақтардан әр түрлі жұмыстар жасауға болады. Балаларға жапырақтар туралы көрген-білгендерін еске түсіру үшін жапырақтарды, олардың кепкен үлгілерін көрсете отырып әңгімелесу. Түрлі ағаш жапырақтарының пішінін салыстыру, олардың сопақ пішіндес болатынын түсіндіреміз. Балалар жапырақтардың көлемі, пішіні, түрі-түсі жайлы толық мағлұмат алады.

Ал енді балалар сурет дәптерлерімізді алып, тақтада тұрған сурет үлгісіне қарап жапырақ салуды бастайық. Сурет дәптерді ашып жай қарындашпен ағаштың суретін саламыз. Қылқаламды бояуға малып, жапырақтың суретін саламыз. Аспан мен күнді салып сурет мазмұнын толықтырамыз.





IV Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай бөбектер

Үлкен болып өседі.

Ал енді балалар мен сендерге жұмбақтар жасырам сендер жауабын айтасыңдар жарай ма?
1. Ағайынды бәрі:
Шықса - көк, Түссе - сары.
(жапырақтар)

2. Қыста киімін тастайды,
Көктемде киіне бастайды.
(ағаш)

3. Көктемде тұрады бұтаққа асылып
Күзде жерде жатады шашылып,
(жапырақ)

V Сабақты қорытындылау:

  • Балалар бүгін біз қандай тақырып өттік?

  • Бүгінгі сабағымыз сендерге ұнады ма?

  • Жапырақтар жыл мезгіліне байланысты қалай өзгереді екен?

оқушылардың жұмыстарын көріп, жақсы орындалған жұмысты тақтаға іліп, оқушыларды мадақтау, білімдерін бағалау.

VII Үйге тапсырма: жұмысты аяқтау


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: ИЗО

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Алғашқы гүлдер

Автор: Маханбетова Гулнара Жахилановна

Дата: 14.02.2017

Номер свидетельства: 391576

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "Тақырыбы:"Көктемнің алғашқы гүлдер""
    ["seo_title"] => string(40) "tak_yryby_koktiemnin_alg_ashk_y_ghuldier"
    ["file_id"] => string(6) "470402"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1526883621"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "Ашық сабақ "Алғашқы гүлдер!""
    ["seo_title"] => string(31) "ashyk_sabak_alg_ashk_y_ghuldier"
    ["file_id"] => string(6) "462398"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1521375069"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "Ашық сабақ: "Алғашқы гүлдер""
    ["seo_title"] => string(33) "ashyk_sabak_alg_ashk_y_ghuldier_1"
    ["file_id"] => string(6) "463303"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1521966213"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) ""Алғашқы гүлдер" ашық сабақ"
    ["seo_title"] => string(31) "alg_ashk_y_ghuldier_ashyk_sabak"
    ["file_id"] => string(6) "412809"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1493742605"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "Ашық сабақ: "Алғашқы гүлдер""
    ["seo_title"] => string(33) "ashyk_sabak_alg_ashk_y_ghuldier_2"
    ["file_id"] => string(6) "469480"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1526276196"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства