kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жылы түстермен сәндік натюрморт салу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білімділік: Композицияның негізгі тәсілдерінің ескерілуімен сәндік натюрмортты дәйекті және кезеңімен орындауды үйрету. 
Дамытушылық: Бейнелеу шығармашылық белсенділігін, пішінді сонымен бірге өңін бір стильде біріктірілген сәндік элементтермен толықтыру икемдігін дамыту. 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жылы түстермен сәндік натюрморт салу»

Қысқа мерзімді сабақ жоспары.



Пән; Кескіндеме негізі.

М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж.

Күні:11.12.2017ж

Мұғалімнің аты – жөні: Оразбаев.Р.А.

38 тобы.

Қатысқандар саны: 12.

Қатыспағандар саны:

Шебер-сыныптың тақырыбы:

 «Жылы түстермен сәндік натюрморт салу.»




Білімділік: Композицияның негізгі тәсілдерінің ескерілуімен сәндік натюрмортты дәйекті және кезеңімен орындауды үйрету. 
Дамытушылық: Бейнелеу шығармашылық белсенділігін, пішінді сонымен бірге өңін бір стильде біріктірілген сәндік элементтермен толықтыру икемдігін дамыту. 
Тәрбиелік: қоршаған ортаны танып білуге мүмкіндік жасайтын, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін эстетикалық сезімді, жігерлік, шығармашылық қабілеттерін, қиялды тәрбиелеу

Көрнекілігі: суреттер

Сабақтың әдісі: түсіндіру, практикалық жұмыс.

Шебер-сыныптың мақсаты;

Күтілетін нәтиже



Шебер-сыныптың міндеті;

Сәндік натюрмортты салудың негізгі кезеңдерімен таныстыру. Теңестірілген, бейнелік композицияны тәжірибелік орындау. Бейнелеуде бірегей сәндік және пластикалық стильді анықтау.


Қажетті материалдар;

Оқытушыға:

1) суретшілер картиналарының репродукциялары;

3) натюрморттың заттары;

4) «Сәндік натюрморттағы «Түстер мен сызбалар үйлесімінің әуендестігі»»

Тыңдаушыларға: гуашь,акварель бояуы, № 2, 4, 6 қылқаламдары,

А3 (немесе А4) көлемінде қағаздар – 3-4 дана,

Суға арналған ыдыс, бояутақта, Т, ТМ, М – жай қарындаштары,өшіргіш,және т.б.

Психологиялық

ахуал.Шебер-сыныптың жүргізілуі.

– 1. Сәлемдесу, аудиторияда шығармашылық ахуал жасау, суретшінің жұмыс орны дұрыс ұйымдастырылғанын және сабақ құралдарын тексеру;

2. Аудиториядағы тыңдаушыларға шеберлік сабағының

тақырыбын жариялау;

3. Тыңдаушылардың материалды жақсы игеруіне алдын-ала дайындық;

а) сәндік кескіндеме туралы әңгімелеу;

б) композицияның негізгі көркемдік тәсілдерімен танысу.

5. Натуралық материал негізінде сәндік натюрмортты салу:

а) Түпкі ой. Құралдарды таңдау. Стиль мен пластиканы іздеу.

Композицияның нобайын қара түсті гуашпен орындау.

б) Композиция құрылымы. Стильдеу пішінін ескере отырып суретті толық

орындау.

в) Түстермен жұмыс. Түрлі түстердің гармониясы, үйлесімі.

г) Түстердің тепе-теңдігі. Тұтастық үйлесімі.

6. Қорытындылау.

(топтасып қарау, жұмыстарды өзді-өзі тексеру, өткізілген шебер-сынып туралы ой-пікірлерін ортаға салу.


Ашық аспан болсын!

Әр күніміз біздің

Сәттілікке толсын!

Кескіндеме пәнінен

Білмегенді білейік

Үйренейік, күлейік!

Өткен сабақтардан алған білім

Өткен тақырып бойынша сұрақтар


Жаңа тақырыпты ашу

Жаңа тақырыпты қабылдауға дайындау


Жаңа сабақ

Екі кескіндемелік натюрмортты салыстырыңдар. Екеуі де натурадан салынған. Біреуі шынайы, екіншісі сәндік.

Сәндік натюрморт ХІХ ғасырдың соңы, ХХ ғасырдың басында

пайда болды. Басты ерекшеліктері: түс, пішін, фактура.

Сәндік кескіндеме сәндікті, сұлулықты білдіреді.

Декор - сән әдемілеу, сәндеу дегенді білдіреді.

Сәндік:

- көркем пішіннің эмоциялық айқындығын арттыратын ерекше қасиеті.

- әдемілікті көрсету формасы.

Стильдеу – нысандардың өзіндік ерекшелігін бірқатар шартты тәсілдердің көмегімен сәндеп көркемдеу. Нысанның пішінін, түсін, бөлшектерін күрделендіруге немесе жеңілдетуге, сонымен бірге оның көлемін дәл беруден бас тартуға болады. Бірақ, суретті жеңілдету дегеніміз оны жұтаңдандыру емес, тек қана оның елеусіз кішігірім бөлшегін жіберіп, айқын қасиеттерін айрықша көрсете білу.

Стильдеуде сызбаларға, сұлбаға оның қозғалысына және таңбалардың өзара әрекеттесуіне маңызды роль беріледі.

Стильдеу принциптері – жазықтықта сызықты көріністі жинақтау, яғни түс пен тонның жинақталуы.

Пішін түрінің шарттылығы: сызудағыдай фронталды бейнелеу

Сызықтар – бейнелеудегі көркемділікті айқындау амалдарының бірі.

Олар сәндік суреттер салуда, кескіндемеде, эскиздерде, нобайлы

суреттерде қолданылады. Сызықтардың бірқалыптығы, оның иіндері,иілімдері, динамикалық бағыттары, тональдығы, түстердің бір-бірімен үйлесу гармониясы, құрылымдық байланысы және басқа сызықтармен арақатынасы бізге музыкадай, әуезділік белгісіндей көрінеді. Тарихтың ең алғашқы кезеңдерінде кейбір халықтарда түрлі сызықтармен бейнелеу пайда болған. Уақыт өте келе пішінге түс қосылады. Кескіндеу сызықтарымен жұмыс жасаудың техникасы көп, және әр суретшінің өз салу техникасы болған.

Қарама-қарсы сәулелер жиегі– көркемдеу амалы, заттың пішінін

бейнелейтін сызық, заттың кескіні.

Пластика – пішін айқындығы, түрлі тәсілдермен кескіндеу шеберлігі, жұмыс барысындағы еркіндік, жеңілдік.

Натуралық форманы әсірелеу мен өсіру.

Абстракция – геометриялық пішінге дейін өзгертілген натурадан

ауытқушылық.

Натуралық пішінді өсіре көрсету және әсірелеу

Сәуле мен көлеңке арасындағы анық

шекаралық силуэттік таңба.Үндестік аралықтарының

градациялары.(жарықтан-көлеңкеге ауысудың жартылай көлеңке арқылы өтуі)

Толықтырушылар – түскен көлеңкенің формалары, шағылу,

ақ дақтар.

Түстердің кеңістіктік қасиеттері – қаншалықты жақын болса,

соншалықты жылы,жарық,кереғар.Қаншалықты алыс болса,соншалықты суық, солғын.

Композициялық орта – композицияның негізгі басқарушы элементі.

Теңестіру – композицияның элементтерін орналастыру, ол кезде әр зат өз орнында, оның орнықты орналасқанына күмән жоқ және оны сол кеңістіктен қозғамау керек.

Композицияның сәнділігін күшейтетін тәсілдер:

- оверлеппинг – жартылай үйлесу немесе бір форманы келесіге

орналастыру

- кеңістікті бөліктерге бөлу

- ою-өрнектік сәнділікке жету мақсатында әшекейлік мотивтерді қолдану

- кескінді ұсақ бөлшектерге бөлу

- модульді енгізу

Модульді композицияда қолдану.

Натюрмортқа зер сала қарайық. Барлық заттардың пішінін талдап,

геометриялық фигуралармен салыстырамыз. Қағаз кеңістігінде

натюрморт заттарының дұрыс орналасуын анықтаймыз(тігінен немесе көлденең)

Түспен жұмыс. Түстердің үйлесімі.

Үндестік аралық градациясы күңгірт көлеңке арқылы жарықтан көлеңкеге өту. Түскен көлеңкенің формалары, шағылу толықтырушы сәндік элементтері.

Практикалық жұмыс

Жұмыстың тәжірибелік бөліміне көшеміз.

Натюрморт қарапайым пішіндегі тұрмыстық заттардан тұрады. Бұл Гүлсауыт және жемістер. Олардың пішініне зер сала қарап, талдаймыз. Натуралық қойылымға қарап сәндік натюрморт

композициясының кішігірім эскизін саламыз. Жоғарыда айтылғандай заттың пішінін, түсін, орнын өзгерте аламыз. Композициялық ізденіс жүргіземіз. Бұл кезде бізге шығармашылық қабілетіміз, ойымыз көмектесе алады.

Ойымызда қағаз бетіндегі тепе-теңдік пен бүтіндік болуы керек. Жұмысымыздан негізді бөліп алып, баса назар аударып, пластикасын өсіру. Мысалы: биік тігінен тұрған құмыра, арттағы сәндік перденің айқындығы, гүлшоғының өзіндік сұлулығы.

Түспен жұмыс істеуге көшеміз. Жұмысымыз неғұрлым жанды болып шығу керек. Түстер құрылымының көрермендерге эмоционалдық әсер етуін қадағалаймыз. Түстер гармониясы туралы білгендерімізді еске ала отырып, жұмысымызда сәнділік элементтерінің барлығын қолданамыз.

Үйге тапсырма

Кескіндеме сабағының теориялық және бояу түстерін ажырату

негіздерімен, көлеңке теориясы, перспектива, композиция, кескіндеме технологиясы мен техникасын меңгеру.

Шынайы кескіндеменің эстетикалық мәнін ашу және суретті салып келу,аяқтау.

Бағалау,қорытындылау.

- топпен бірге жұмыстарды қарау;

- ең жақсы жұмыстарды атап, нашарларында жіберілген қателіктеріне назар аударамыз;

- жұмыстарды өзіндік талдау және шеберлік сабағының өткізілуі туралы өз пікірлерімізді айту.


Қолданылған әдебиеттер.

1. Алексеев С.С. Цветоведение. Искусство, 1976.

2. Власов В.Г. Стили в искусстве. СПб., 1996.

3. Голованова М. Главное – не изображать, а выражать. Художественная

школа. Москва, №5 (20), 2007.

4. Калинина Н.С. Образ в декоративном натюрморте. Юный художник, 11-

12, 1995.

5. Козлов В.Н. Основы художественного оформления текстильных

изделий, Москва, Легкая промышленность, 1981.

6. Логвиненко Г.М. Декоративная композиция, Москва, ВЛАДОС, 2005.

7. Матюшин М.В. Закономерности изменяемости цветовых сочетаний. М.,

1932.

8. Миронова Л.Н. Язык пространства и цвета. Техническая эстетика. 1988,



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігі

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК






Шебер-сынып

Тақырыбы: «Жылы түстермен сәндік натюрморт салу.»

Пәні; Кекіндеме негізі.

Мамандығы; «Бейнелеу өнері, және сызу».

Топ; 38 ә.












Оразбаев Рымғали Амантөлеуұлы.

«Бейнелеу өнері, сызу,технология» ПӘК

Кескіндеме пәнінің оқытушысы.






Семей – 2017

Келісемін. Бекітемін.

Директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы Директордың оқу жұмысы

жөніндегі орынбасары; жөніндегі орынбасары;

___________ А.К.Бөленбаева. ___________ М.Ш.Тоқтарбек.

«_____» ___________ 2017ж. «_____» ___________ 2017ж.
















«Бейнелеу өнері, сызу,және технология» пәндік әдістемелік комиссиясының отырысында қаралды және бекітуге ұсынылды.

ПӘК төрағасы _____________ М.К.Айтқожин.

«____» __________2017ж.











Получите в подарок сайт учителя

Предмет: ИЗО

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Жылы түстермен сәндік натюрморт салу

Автор: Оразбаев Рымгали Амантолеуович

Дата: 13.12.2017

Номер свидетельства: 444116

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "мероприятие по ИЗО"
    ["seo_title"] => string(21) "mieropriiatiie-po-izo"
    ["file_id"] => string(6) "271994"
    ["category_seo"] => string(3) "izo"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1451883821"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(28) "Графика т?рлері"
    ["seo_title"] => string(16) "grafika-turlieri"
    ["file_id"] => string(6) "260466"
    ["category_seo"] => string(3) "izo"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1448968433"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства