Бейнелеу өнері арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
Бейнелеу өнері арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
Қазіргі кезедегі өмір тәртібі, адамдардың еңбектік, қоғамдық қарым-қатынастары, айнала қоршаған табиғат баланың эстетикалық дамуының алғы шартын жасайды. Ол әр түрлі халықтардың творчествосымен, сурет және мүсін өнерімен, музыка және биімен, қуыршақ театрының спектаклдерімен, мультфильмдерімен және басқалармен таныса отырып, өнер дүниесіне енеді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Бейнелеу өнері арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.»
Қарағанды облысы
Қарқаралы ауданы
Бүркітті ауылы
«ЖББ №20 ОМ» КММ-ң
бейнелеу пәнінің мұғалімі
Тусупбеков Даулет Омарович
Бейнелеу өнері арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие беру
Қазіргі кезедегі өмір тәртібі, адамдардың еңбектік, қоғамдық қарым-қатынастары, айнала қоршаған табиғат баланың эстетикалық дамуының алғы шартын жасайды. Ол әр түрлі халықтардың творчествосымен, сурет және мүсін өнерімен, музыка және биімен, қуыршақ театрының спектаклдерімен, мультфильмдерімен және басқалармен таныса отырып, өнер дүниесіне енеді. Совет жазушылары – В.Маяковский, С.Маршак, К.Чуковский, С.Михалков, А.Барто, композиторлары – Д.Шостакович, С.Прокофьев, АН.Александров, Д.Кобалевский, М.Красев, М.Раухвергер, Е.Тиличеева, Т.Потапенко, суретшілері – Н.Жуков, А.Пластов, А.Каневский, Е.Чарушин балаларға арналған көптеген тамаша шығармалар тудырды. Эстетикалық тәрбие педагогиканың оқшауланған саласы емес, оның барлық жақтарымен өзара әрекеттес. Эстетикалық тәрбие өмірге деген көзқарас белсенділігінің тууына әсерін тигізетіні қабылдаудың, қиялдаудың, естің қалыптасуына және ынтаның, сезімнің, бейімділік пен қабілеттің дамуына бағытталған. Эстетикалық тәрбие – күрделі процесс. Сондықтан біз кейде "балаларды эмоциялы қабылдауға үйрету", "рахаттана білу", "сүю және ұмтылу", "қабілеттілік көрсету" деген сияқты тұжырымды сөздерді жадымызда ұстаймыз да оның қалай көрініс беретінін нақтылап отырамыз. Эстетикалық тәрбие жалпы педагогикалық процестен оқшауланып алынбайды. Бала өмірінің көп жақтарына бойлай енумен бірге ол балалардың адамгершілік, ақыл-ой дене дамуымен тығыз байланысты және олардың іс-әрекетін ұйымдастырудың негізгі формаларында, ойын сабақ, тұрмыс, еңбек, мерекелер және көңіл көтерулер үстінде жүзеге асырылады. Эстетикалық қылықтардың табиғи үйлесімділігі еңбекке қоғамдық өмірге деген қарым-қатынаста әсіресе көрнекі байқалады. Эстетикалық білімнің негізі – оқу пәндері. оқушылары әр түрлі пәндерді оқудың нәтижесіне табиғаттың, еңбектің сұлулығын және адам іс-әрекетінің әдемілігін бағалай білуді түсінеді. Эстетикалық тәрбиеде халық ауыз әдебиетінің маңызы өте зор. Оның мазмұны халқымыздың бүкіл өмір тәжірибесін қамти отырып жас ұрпақ санасын, әсемдік сезімін талғамын қажеттігін білдіреді. Эстетикалық тәрбиенің маңызды міндеті - өнер және әдебиет салаларында балалардың қабілетін, ынтасы және бейімділігін дамыту. Осған орай, мектепте оқушылардың ықтимал мүмкіндіктерін және қабілетін барынша ашу керек. Эстетикалық тәрбиенің негізі құралдары әдебиет және өнер. Ола зор идеялық тәрбиелік роль атқарады. Әдебиет пен өнер адамдарды қуанышқа бөлейді, жігірлендіреді. Олардың идеялық жағынан баюына игі әсер етеді. Өнер және әдебиет адам санасына белгілі көзқарастарды әр түрлі құралдар арқылы (әдебиетте проза, кескіндемеде – жанр, баталия, пейзеж, мүсінде – бюс, музыкада симфония, оратория, ән енгізіледі). Белгігі орыс суретшілері П.А.Федотовтың, В.Г.Перовтың, И.С.Репиннің, В.В.Верещогиннің, И.И.Шишкиннің, И.Н.Левитонның және қазақ суретшілері Ә.Қастеевтің, М.Кенбаевтың, Қ.Шаяхметовтың шығармашылығымен байланысты бейнелеу өнері адамдардың тәрбиесіне күшті ықпал етеді. М.Горький, Н.А.Островский, А.А.Фадеев, М.А.Шолохов, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов – еңбектеріндегі адам баласының бақытты және бостандығы үшін күрескерлердің бейнелері жастарды ұлы ерлікке рухтандырады. Сонымен бейнелеу өнері және әдебиет шындықты игерудің және танудың құралы. Өнер мен әдебиет шындықты және рухани өсуінің басты шарттарының бірі болып табылады. Оқу тәрбие процесінде оқушыларға эстетикалық тәрбие беру барысында іскерлік пен икемділікті қалыптастыру көзделеді. Әдемілікті сезуде, эстетикалық көзқарасты қалыптастыралы. Табиғат адамды қуанышқа бөлейді, сезімін дамытады, эстетикалық түсінігін байытады. Адам табиғатты бақылаушы ғана емес, ол тұтынушы, сұлулықты жасаушы шығармашалық қызметкер. Сондықтан өзінің күшін, қабілетін адамдар бағыты үшін табиғатқа өзгеріс жасауға жұмсалуы керек. Мысалы, қала мен селоны, тұрған жерлерді көгалдандыру, бақ және гүлдер өсіру, мәдениет және демалыс орындарын әшекелейлеу – бұл зор эстетикалық қамқорлық. Бейнелеу өнері сабақтарының да балалардың эстетикалық көзқрасын тәрбиелеуде ықпалы мол. Кескіндеме, мүсін, сызықтық суреттер, сәулет өнерлері құралдарымен өмір, табиғат және қоғам әсемдігі өрнектеледі. Бейнелеу өнері шығармалары әсемдік үшін күреске шақырады, адамдар мұратына, күнделікті өмірдегі тәртібіне үлкен ықпал жасайды. Бейнелеу әсемдікті түсіну мен нәзік сезіну, алған әсерін бейнелеу өнері құралдарымен шамасына сай беру, сызықтық сурет салу сауатын меңгеру, жеке балаларда кескін, мүсін, сызықтық суреттерде әсемдікті жасау қабілеті, олардың өзіндік іс-әрекеті бейнелеу өнерін тану барысында қалыптаса бастайды. Жеке адамның сыртқы мәдениеті мен ішкі дүниесінің ұштасып жатуы эстетикалық сұлулықтың белгісі А.П.Чеховтың сөзімен айтқанда адамда: келбет, киім, жан дүниесі, ойы бәрі сұлу болу керек. Эстетика - әдемілік, сұлулық негізі. Бейнелеу өнері сабағында пейзаждың кесіндеме шығармалары, суреттік шығармалар оқушылардың эстетикалық дүниетанымын байытады. Сонымен, бейнелеу өнері пәндерінің оқушыларға эстетикалық тәрбие беруде ролі орасан зор десек, ол асыра бағалау болмас еді. Мектепгегі эстетикалық тәрбие оқушылардың сабақтағы жұмыс жүйесінде кеңінен пайдаланылады. Эстетикалық өмір елегінен өткен көптеген формалары бар. Шығармашылық үйірмелер – олар әдебиет, музыка, хореогарфия, бейнелеу өнері т.б. Балалардың шығармашылық жұмыстарының басты формаларының бірі – көрмелер, сайыстар. Көрмеде оқушылардың бейнелеу өнері, қабырға газеттері, қолжазба журналдары көрсетіледі
Сайыс оқушыларды қуанышқа бөлейді, келешекке үмітін тұтандырады. Мектепте бейнелеу өнері сабағында алдын-ала жасалған жоспарларға сәйкес эстетикалық саяхат өтікізіледі Саяхаттын негізгі объектілері көркем галерея, мұражай, табиғат, театр, кинотеатр, түрлі көрмелер. Көркемөнерпаздар үйірмесі оқушылардың өнерге әуестігін, қызығушылығын, талғамын дамытуда үлкен роль атқарады. Оқушылардың жалпы мәдениеті, яғни эстетикалық тәрбиенің мақсаты, жақтары, ізеттілік, ұқыптылық, жылы шырайлылық, қайырымдылық, тазалықты сақтау. Жалпы эстетикалық мәдениет – бұл қатынас эстетикасы, киім-кешек эстетикасы, үй-жай эстетикасы, өзін ұстай білу үлгісі, дене қимылы. Сонымен сөзімді қорытындылай келе мектеп оқушыларын эстетикалық тәрбие арқылы көркемдік өнерін қалыптастырудың маңызды құралдарының бірі. Эстетикалық тәрбие арқылы оқушының адамгершілік қатынас тәжірибесін жүйелі жинауы, дұрыс көзқарастарды тереңдету мен бекіту оқушыны қоршаған орта, өз бетінше іс-әрекетке және жағдайға қоюды жауапкершілікке итермелейтіндей талап етеді. Адам баласы дүниеге келген күннен бастап тәрбиелеуді керек етеді. "Жас бала – жаңа өркен жайған жасыл ағаш тәрізді" дейді халқымыз. Жерге отырғызған көшетте қашан тамыры тереңдеп, жапырағы жайқалып, саялы ағаш болып өскенше мәпелеп күтіп, үзбей тәрбиелеуді керек етеді. Дамуда сол тәрізді, олай болса, ұстамды, көрегенді, түп-түзу, жып-жинақы, әсем бейнелі оқушыға қараудың өзі тым жарасымды. Жастарымыздың үлгі алатын ең таңдаулы ішкі, сыртқы адамгершілік-эстетикалық сапаларын үйренетін адамы міне осындай болуы анық. Нұрсұлтан Назарбаев "Ғасырлар тоғысында" еңбегінде "Тәрбиенің түпкі мақсаты - қоғамдық нарықтың қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шығыа алатындай ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген жан-жақты мәдениеті жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру" деген тұжырымдама жасаған. Осы орайда халқының мәдениетін, әдебиетін, тілін, салт-дәстүрін, өнерін сүю арқылы нағыз мәдениетті маман даярлау да бүгінгі күннің көкейтесті мәселесі. Оқушыларды жақсылыққа, әдемілікке, машықтандыру оны тұрақты әдетке айналдырудың өзін-өзі тамаша тартымды ұстай білудің, сонымен бірге өзін-өзі тәрбиелеудің нәтижесі болмақ. Егер оқушы бойында қандай да бір жағымсыз мінез-құлық болса, одан арылып тазару, өзін-өзі тәрбиелеу ешқашан да кеш болмақ емес. Бұл жерде үстелде отыру, тазалық сақтау, денені шынықтыру, өз ортаңмен жақсы қарым-қатынас жасау барлығыда әдемі, тартымды, маңызды және ең бастысы осы. Қазіргі кезде барлығымыздың мүддеміз рухани-эстетикалық, рухани адамгершілік сана-сезім мен нормаларды қалыптастыру. Табиғат адамға әдемілікті берсе де адамның өз қолымен қосатын бояулардың да мәні зор. Өйткені "оқушының мәдениеті мен тәрбие деңгейі оның сырт бейнесінен, киіне білуінен де көрінеді. Олай болатын себебі біздің эстетикалық, эстетикалық мұратымыз сырт көріністің әдемілігі мен рухани кемелдіктің табиғи біте қайнасуы". Киіне білу әдемілігінің де жүріс-тұрыс әдемілігінен маңызды. Қазіргі жаңа дәуірдің, егеменді еліміздің адамдары, жастары қай жағынан болмасын эстетикалық талғамға сай болу керек. Олар әр-жақты келісті оқушы болу мен қатар көркем мінез-құлқы тамаша, сымбатты, әдепті, мейірманды болуға міндетті.