Айша бибі кесенесі — ХІ-XII ?асырларда?ы с?улет ?неріні? к?рнекті ескерткіші. Жамбыл облысы Жамбыл ауданында Айша бибі ауылында орналас?ан. Сырты керамикалы? плиталармен ?аланып, ойып жасал?ан ?рнекті? с?н-салтанаты мен сан т?рлілігі жа?ынан ?аза?станда?ы бас?а мемориалды?-д?ст?рлік ескерткіштер ішінде о?ан те? келетіні жо?. Ескерткішті ?ала?ан кірпіштерді? ?рт?рлілігіні? ?зі та? ?алдырады. Оны? ал?аш?ы ?алпы бізді? уа?ытымыз?а дейін тек батыс ?абыр?асында са?тал?ан.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Айша Бибі, Бабаджа хатун кесенесі »
Айша Бибі,Бабаджа хатун кесенесі
Орындаған: Жунисбекова Р.Г.
Тақырыбы:
Айша Бибі,Бабаджа хатун кесенесі
Айша бибі кесенесі
Айша бибі кесенесі — ХІ-XII ғасырлардағы сәулетөнерінің көрнекті ескерткіші. ЖамбылоблысыЖамбылауданындаАйшабибіауылында орналасқан. Сырты керамикалық плиталармен қаланып, ойып жасалған өрнектің сән-салтанаты мен сан түрлілігі жағынан Қазақстандағы басқа мемориалдық-дәстүрлік ескерткіштер ішінде оған тең келетіні жоқ. Ескерткішті қалаған кірпіштердің әртүрлілігінің өзі таң қалдырады. Оның алғашқы қалпы біздің уақытымызға дейін тек батыс қабырғасында сақталған.
Вставка рисунка
Тараз қаласынан 18 км қашықтықта басқа да діни ескерткіш орналасқан. (XI- XIIғғ.) Қазіргі кезде ол кесене ЮНЕСКО қатарына алынған. Кесене құрылысын 1897 жылы В.А. Каллаур, 1938 — 39 жылы А.Н. Бернштам бастаған КСРО ҒА Қазақ филиалының тарих және материалдық мәдениет экспедициясы, 1953 жылы Қазақстан ҒА-ның экспедициясы зерттеген.
Құрылысы
Мазар сырты ерекше қапталған, оны тек Бұхарадағы Исмаил Самани мазарымен ғана салыстыруға болады. Айша бибі кесенесі Орталық Азиядағы плита түрінде қапталған оюға толы толығымен кесілген терракотамен безендірілген. Кесене безендіруінде бай және әр түрлі геометриялық фигураларымен апталған. Тізбектер терракотамен қапталған жіңішке суреттермен қазақ оюлармен безендірілген. Айша-бибі кесенесі көне орталық-азия түріктер халқының ою-өрнектерінің бай мұражай-сақтаулылардың байлығы болып келеді. Қазіргі кезде бұл ескерткіштерден батыс қабырғасы, ал қалған қабырғалардан – аз ғана суреттер қалған. Пішіні шаршыланып біткен, ауданы 7,6 х7,6 м, бұрыштар бағана-тіреулер арқылы көтерілген. Кесене ортасында құлпытас (3х1,4 м) орнатылған. Батыс жақ қабырға мен бағаналар оюлы ұсақ плиткалармен қапталған. Қабырғаның ортасында сүйір аркалы текше жасалған. Текше беттерінің қабырғаға ұласар тұсы шағын бағаналармен сәнделген.
Бабажы Қатын Кесенесі – Қазақстандағы — 10 — 11 ғасырлардан сақталған сәулетөнеріескерткіші. Тараз қаласынан] 18 км қашықтықтағы Айшабибікесенесінің маңында орналасқан. 1897 жылы В.А. Каллаур, 1938 жылы А.Н. Бернштам, 1953 жылы Т.Қ.Бәсенов зерттеген. Текше тәрізді тік бұрышты, қызыл кірпіштен тұрғызылған ескерткіштің ауданы 6,8х6,8 м, биіктігі 5 м-ден астам; қабырғаларына қаланған кірпіштерінің көлемі 24х24х5 см. Қасбеті мен 2 қапталы бір-біріне ұқсас, мәнерлеп қаланған кірпіштен күн тәрізді өрнектер жасалған. Жоғары жағы аркалы, ішке кірер есік шығыс жақ қабырғасында. Қабырғалардан сегізқырлы барабанға ауысатын тромпбелдеу жасалған. Оның үстінен ішкі еңсенің 16 қырлы күмбезі басталады. Ал сыртқы күмбезі биіктігі 86 см қырлыпризманың үстіне орнатылған. Мұндай қобылы күмбездерҚазақстандағыКөккесене, Жұбанана сияқты көне ескерткіштерден кездеседі. Бір-біріне қаптай салған қос күмбез ескерткіштің ұзақ сақталуына себепші болған. Күмбез тұғыры аршамен құрсауланып, тақталардан суағарлар жасалуы сол кездегі құрылыс өнерінің өте жоғары дәрежеде болғанын көрсетеді. Ғимаратта шағын көлемдегіархитектура. Детальдер ұтымды әрі үйлесімді пайдаланылған. Бабажақатын кесенесі сыртқы пішімінің жинақылығымен, құрылысының беріктігімен ерекшеленеді