Дамытушылық Оқушыларға ХV-ХVІІІ ғасырлардағы сот жүйесі,салықтар мен
міндеткерлік түрлері туралы түсіндіре отырып,құқықтық ойлау
түсініктерін дамыту.
Тәрбиелік Қара қылды қақ жарған әділ билік айтқан билер өмірін мысалға
келтіре отырып әділдікке,адамгершілікке,адалдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі аралас сабақ
Сабақтың түрі теориялық білім беру
Көрнекілігі интерактивті тақта
Сабақтың әдісі сұрақ-жауап,тестпен жұмыс,электрондық оқулық 10 сынып
Сабақтың жоспары
І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ.Үй тапсырмасын қорытындылау
ІV.Жаңа сабақ
V.Жаңа сабақты бекіту
VІ.Жаңа сабақты қорытындылау
VІІ.Оқушыларды бағалау
VІІІ.Үйге тапсырма беру
Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқу құралдарын тексеріп түгелдеу
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
«Ой-толғаныс» ойыны.
1.Қазақ хандығының құрылуы
2.Қазақ хандығының ХV-ХVІ ғасырдағы саяси жағдайы
3.Қазақ хандығы мен Моғолстан
4.Қасым ханның баласы Хақназар (1548-1580жж)
5.Қазақ хандығының күшеюі ХVІ-ХVІІғ
6.Бұхара түбіндегі шайқас
7. ХVІІ-ХVІІІғ қазақ хандығы
8.Жәңгір хан
9.Тәуке хан
ІІІ.Үй тапсырмасын қорытындылау (тестпен жұмыс)
«Кім көп біледі»
1.Қазақ хандығы қашан құрылды ? (1465-1466жж)
2.Әбілхайыр хан қай жылы қаза болды ? (1468ж)
3.Әбілхайыр ханның немересі кім ? (өзбек ханы Мұхаммед Шайбани)
4.1625-1626ж Тәуке хан хандықтың астанасы етіп алған қай қала ? (Түркістан)
5.1726 ж жоңғарларға қарсы соққы беру туралы,жиын қай елді мекенде өтті ?
(Оңтүстік Қазақстандағы Ордабасы деген жерде)
6.Орбұлақ шайқасы қай жылы болды ? (1643ж)
7.Жәңгір хан қай жылы қаза болды ? (1652ж)
8.Тәуке хан қай елмен қарым-қатынасты жақсартуды мақсат етті ? (орыс елімен)
9.Тәуке хан «билер кеңесін» қай жерде өткізді ? (Күлтөбеде)
10.Тәуке хан хандыққа қай жылы отырды ? (1680ж)
ІV.Жаңа сабақтың жоспары
1.Хандық үкіметтің басқару жүйесі
2.Ұлыстық құрам
3.Әлеуметтік құрамы
4.Жеті жарғы
5.Билер кеңесі
6.Меншік иесі
7.Салықтар мен міндеткерлік түрлері
Хандық үкіметі көшпелі өркениет елдеріндегі мемлекеттік басқару жүйесінің түрі болып табылады.Үкіметтің басқару түрі алғаш ру-тайпа көсемдерінің іскерлігін,ақыл-парасаттығы, ел басқару білу қабілетінен туған.Ондай көрнекті адамдарды халық хан сайлаған.
ХV-ХVІІ ғасырлардағы Қазақ хандығының ең жоғарғы билеушісі хан болды.Хан өзінен кейінгі сұлтан,билердің көмегімен билік жүргізді.Хандық билік мұрагерлікпен беріліп,тек сұлтан атағы бар адам ғана хан тағына отыра алған. Сұлтан тек Шыңғыс тұқымдарына ғана берілетін.Таққа хан тұқымдарының жасы үлкендері ие болды. Бұл
қатаң сақталған жоқ. Хан сайлауына ерекше мән берді. Сайлауға сұлтандар, ұлыстар, билер,ақсүйектер қатысты. Хан сайланатын адамды ақ кигізге отырғызып сұлтандар
мен билер үш рет көтеріп:Хан!Хан!Хан! –деп айғайлаған.
Ханның 5 түрлі құқығы бар
Мемлекеттің жеріне билік жүргізу
Соғыс жариялауға, билік жаса
Құқығы Хан шет мемлекеттермен келіссөз жүргізу
Өзіне бағынышты адамдарды өлім жазасына кесу не тірі қалдыру
Заң шығару,бұйрық беру
Ханның 3 түрлі міндеті бар
Елді сыртқы жаудан қорғау
Міндеті Әскерді басқару
Мемлекеттің сыртқы саяси бағытын белгілеп отыр
І. Қазақ халқының әлеуметтік құрылымы
Сұлтандар,қожалар
Феодалдар
Билер,бай-шонжарлар,батырлар,ақсақалдар
ІІ. Қарапайым халық
қараша қара кісі шаруа бұқара құл құтан
ІІІ.Құлдар,күңдер-бас бостандығы жоқ адамдар
Қасым ханның қасқа жолы Есімханның ескі жолы Әз Тәукенің жеті жарғысы
(1511-518жж) (1598-1628жж) (1680-1718жж)
Қазақ халқының заң жоралғылары Тәуке ханның кезінде өмірге келді. «Тәуке ханның ережесі» деп аталатын заңдарды,Тәуке хан үш жүздің билерінің басын қосып Ұлы жүз Төле би,Орта жүз Қазыбек би,Кіші жүз Әйтеке бидің қатысуымен дүниеге келген «Жеті жарғы» және «Күлтөбе» деген жерде жасаған. «Жеті жарғыға», «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» ел аузында сақталған жол-жоба,халықтың әдет-ғұрпы қағидалары кіргізген. «Жеті жарғы» қазақ мемлекетінің әлеуметтік-эконамикалық,құқық- тық нормалары өмірге келді. «Жеті жарғы» бойынша хан жоғарғы сотты басқарды.Хан- дық басқару тәртібін қадағалау үшін халық жиналысына шақырып отырған.Жиналысқа
қару - жарағын асынып келмеген адамның дауыс беруге құқығы болмады.Тәуке ханның
«Жеті жарғысы» қазақ елінің бірігуіне жағдай жасады. «Жеті жарғыда» мына мәселелер
қарастырылды: 1.Жер дауы. 2.Үй іші мен бала тәрбиелеу. 3.Ұрлық-қарлық,барымта. 4.Бір халық пен басқа ру арасындағы дау.5.ұлтын жаудан қорғау.6.Құн дауы.7.Жер дауы.
Салық түрлері
1.Зекет-мал басынан ханға төленетін салық
2.Хараж-жер салығы
3.Тағар-әскер үшін алынатын салық
Халықтың атқаратын міндеткерлігі
1.Хан мен сұлтанға сыбаға,соғым беру
2.Ақсүйектерді қонақ етіп күту
3.Салық жинаушыларды,көлікпен қамтамасыз ету
V.Жаңа сабақты бекіту. «жұмбақ» ойыны
VІ.Жаңа сабақты қорытындылау
«Жаңылмай жылдам ойлан тап» ойыны.
Бастапқы сөздері:
1.Жер 2.Құн 3.Ұрлық 4.Барымта 5.Үй іші 6.Ұлтын 7.Бір халық пен
VІІ.Оқушыларды бағалау
«5»- өте жақсы
«4»- жақсы
«3»- қанағат
VІІІ.Үйге тапсырма беру § 21 ХV-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ хандығының қоғамдық