kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тарих пәнін жобалау әдісін қолданудың тиімділігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Я прошла урок по истории.И новым инновациям

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тарих пәнін жобалау әдісін қолданудың тиімділігі»

Шымкент қаласы

82 Кенесары Қасымұлы атындағы

жалпы орта мектептің

тарих пәні мұғалімі

Алимбеков Сундетали Кабланович


Тарих пәнінде жобалау әдісін қолданудың тиімділігі





Кез-келген елдің болашағы білім беру жүйесінің және зиялы қауымының деңгейіне байланысты болғандықтан, Қазақстан халқына да әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде білім беру қажеттігі күмән тудырмайды. Жастардың ақыл-ой әлеуетін барынша дамыту үшін білім беру жүйесін неғұрлым тиімді құра білген ұлттың еңсесі биік, абыройы артық болмақ. Ғылым, мәдениет, адамгершілік, философия, діни негіздерінің қалыптасуы да білім беруге байланысты.

Жалпы білім берудің Қазақстандық моделі берік негізді болу үшін оқушылар санасына өз халқының тарихи тамырын, рухани және адамгершілік қағидаларын, азаматтық және отансүйгіштік идеяларын, басқа халықтарға деген ізгі көзқарасын сіңіру қажет. Бүгінгі таңдағы білім беру ол шығармашыл, дербес тұлға қалыптастыруға бағытталған.

Өзімнің 20 жылдық педогогикалық тәжірбиемде ( жоғарғы оқу орнында студенттерге сабақ бердім, мектеп қабырғасында қазіргі таңда ұстазбын) түйген ойым: оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру табыстың кепілі. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық техгологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес

Мектеп қабырғасында ұстаздық етіп жүрген жандар қазіргі таңда жан-жақты зерттеген жаңашыл әдіс-тәсілдерді қолданып жүр. Ал мен тарихшы болғандықтан тарих пәнінде жобалау әдісімен оқытудың тиімді жақтарына тоқталғым келеді. Тарих пәнінің қай кезеңде болмасын қоғамда алатын орны мен міндеті ерекше. Ол келешек ұрпаққа тарихи кезеңді, тарихи оқиғаны, тарихи тұлғаларды таныстырушы, мұра етіп жеткізуші, ұрпақ бойында рух пен жігерді баулушы қызметті де атқарушы. Сондықтан тарих пәнінде жобалау әдісі арқылы оқушының бойында белгілі бір тарихи тұлғаға, белгілі бір тарихи кезеңге байланысты қызығушылығын тудыру арқылы оны әрі қарай зерттеп дамытуына мүмкіншілік алуға болады.

Ендеше жобалау әдісін ұғыну үшін жобалау ұғымына түсінік берейін. Жобалау – «proicere» деген латын сөзі. Бұл сөз «жоспарлау, дайындау» сияқты мағынаны немесе жоспардың жүзеге асырылуын білдіреді. «Жоба» ұғымы педагогика саласында ғана емес экономика, басқару, зерттеу салаларында да кеңінен қолданылатыны белгілі. Мысалы: құрылыс жобасы, зерттеу жобасы, оқыту жобасы т.б.

Біздің жағдайымызда жобалау әдісі деп – сабақтың өткізілу түрі айтылады. Жобалық жұмыстар орындалу мерзіміне қарай ұзақ, орташа және қысқа мерзімді болып бөлінеді.

Жобалап оқыту әдісі ХХ ғасырдың басынан басталады. АҚШ-та дүниеге келген. Оны «проблемалар әдісі» деп те атаған. Америка философы әрі педогогы Дж.Дьюи және оқушысы У.Х. Килпатри ойлап тапты. Дж.Дьюи оқудың белсенді формасын ұсынды. Бұл жерде өмірден алынған проблема қажет, ол бала үшін маңызды әрі таныс болуы керек, оны шешу үшін өз білімін пайдалана алатындай болу керек. Мұғалім ақпарат көздерін қайдан алуға болатынын ғана айтады немесе оқушы ойына өзіндік жұмыс жасау мақсатында бағыт бере отырып, белгілі бір проблемаға қызығушылық тудырып, жобалап оқыту іс-әрекеті арқылы алған білімін пайдаланып, шешім жолдарын ұғындыруға жетелейді. Немесе теориядан практикаға жетуге бағыт жасайды. Бұл әдістің әлемнің көп елдерінде кеңінен қолданылу себебі оқушылардың әртүрлі пәндерден алған білімін проблеманы шешу кезінде біріктіруге көмектесуінде, алған білімді практика жүзінде қолдана алуында, ол кезде жаңа идеялар пайда болады. Жоба әдісі басқа әдіс-тәсілдері арқылы жүзеге асуы мүмкін, соның ішінде жаңа ақпараттық технологияны қолдануға да болады. Оған: компьютерлік телекоммуникация, электрондық база мәліметі, виртуальді библиотека, мультимедиялық құралдар, аудио және видеоконференциялар т.б. Сондықтан жоба әдісі бүгінде екінші рет өмірге қайта келді десек те болады.

Тарих пәнінде жобалау технологиясының тиімділігі сонда, бала ұлы тұлғаға қатысты немесе тарихи кезеңге байланысты зерттеу, шығармашылық жұмыстарының нәтижесінде тарихи фактілерді жинақтау, көзқарастарды саралау, талдау, қорытынды жасау, ой түйіндеу, ғылыми жобаны қорғау сияқты сапаларды игерумен қатар, Отанға, елге, жерге деген сүйіспеншілік пен махаббат қалыптасады. Ал басымдылықтың бірі болып табылады.

Жоғарыда айтқанымыздай жобалау жұмыстары ұзақ, орташа және қысқа мерзімді болып бөлінеді. Сондықтан жобалау жұмыстарын бір сабаққа немесе 1 аптаға арналған шағын жобалау жұмыстары және бір-екі айға немесе бір тоқсанға арналған үлкен көлемді жобалау жұмыстары деп бөлуге болады. Бұлай бөлу оқушылардың жоспарланған жұмыстарына байланысты.

Жобалау жұмыстарын жүзеге асыру мынадай кезеңдерден тұрады:


I. Мақсат қою;

II. Жоспарлау;

III. Бағдарламаны жүзеге асырудың әдісін таңдау;

IV. Орындау;

V. Бағдарламаны қорғау.


Жобалау жұмысының міндеті:

I кезең. Тарихи тұлғаға қатысты немесе тарихи кезеңге байланысты тақырыбын анықтау,

жұмыс тобын құру.

II кезең. Жоспар құру.

III кезең. Қабылдаған жобаны талдау.

Ақпаратты қайдан алуға болатынын талқылау.

Қажетті ақпараттарды іздеу

Жобаны жүзеге асыру.

IV кезең. Жобаның қорытындысын ұсыну.

Қорытындысын бағалау.


Оқушалырдың әрекеті.


I кезең - ақпаратты нақтылайды;

тапсырманы талқылайды;

II кезең - тапсырманы жүйелейді;

III кезең - жұмыс істеу әдісін талқылайды;

тиімді жолды таңдайды;

ақпаратты қайдан алуға болатынын талқылайды.

IV кезең - ақпаратпен жұмыс істейді;

ұсыныстарды талдайды;

зерттеу жүргізеді;

жобаны рәсімдейді.

V кезең - жобасын қорғайды;

әрекетке ұжымдық баға берудің қорытындысына қатысады.


Жобалау жұмысындағы мұғалімнің әрекеті:


I кезең – жоспарлау жұмысының мақсатын түсіндіреді;

әрекеттерін уәждейді;

бақылайды.

II кезең – талқылауға көмектеседі;

бақылайды;

III кезең – бақылайды;

кеңес береді(өтініш бойынша);

IV кезең – бақылайды;

талдау процесіне бағыт беріп отырады.

V кезең – жоспарлардың қорытындысын ұжымдық талдаумен бағалауға қатысады.


Сонымен жобалау әдісінің оқушы үшін де, мұғалім үшін де тиімді жақтары айтылды. Оқушыларға білім, негізінен, сабақ үстінде берілетін болғандықтан, сол сабақтың өткізу әдіс-тәсіліне байланысты оқушылардың меңгеру қабілеті осыған байланысты болады.


Тарих пәні сабақтарын өткізушіге қойылатын ең басты талаптар;

  • сабақтың пәндік және саяси идеялық дәрежесінің жоғары болуы. Баянды, түбегейлі білім беру үшін оқушылардың танымдық қабілетін дамытатын әдіс-тәсілдерді үнемі қолданып отыру;

  • танымдық қабілетті жан-жақты дамыту үшін білуге құштарлық сезімін ояту, жаңаны түсіндіру, білдіру, ескіні ұмыттырмау, тарихи тақырыптың шәкірттерге рухани тәрбие беру мүмкіндігін толық пайдалану.

Сабақ сапасының нашар болуы оқушылардың осы пәнге ынтасын төмендетеді, оларды қызықтырмайды.

Қорытындылай келгенде, мектеп қабырғасында жүрген ұстаз қандай әдіс тәсілді қолданса да, ол шәкірт үшін түсінікті, тиімді, ұғынықты, ал ең бастысы сапалы білім болуы тиіс. Әрбір ұстаз алдымызда бүгінгі отырған шәкірт, келешектегі біздің болашағымыз, тірегіміз екенін естен шығармаса, жүректен шыққан жанашырлығымен сабақты өтсе, барлық әдіс-тәсілдер тиімді және жемісті.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Қ.Р. білім беруді дамыту. 2015ж тұжырымдамасы

  2. Қ.Р. «Білім беру туралы заңы» 2007ж 27шілде

  3. Жайтапова А.Ә. Нәметқұлова Ф.Ж. «ТОМ негізінде білім сапасын басқару»

  4. Макаревич И.Г. «Проектные работы»

  5. Есеркепова И.Ж. «Жобалау әдісінің қолдану маңыздылығы»

  6. «Жобалау технологиясы – педагогтарды кәсіби ізденіске, шығармашылыққа бастау кепілі» онлайн сабақ.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Тарих пәнін жобалау әдісін қолданудың тиімділігі

Автор: Алимбеков Сундетали Кабланович

Дата: 20.01.2017

Номер свидетельства: 381569

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(91) "Тарих п?нінде жобалау ?дісін ?олдануды? тиімділігі"
    ["seo_title"] => string(54) "tarikh-p-nindie-zhobalau-disin-k-oldanudyn-tiimdilighi"
    ["file_id"] => string(6) "248762"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1446785709"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "педагогикалы? о?у "
    ["seo_title"] => string(21) "piedaghoghikalyk-ok-u"
    ["file_id"] => string(6) "194534"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1427790144"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(151) "Кембридж  ба?дарламасыны? ?дістері негізінде сыныпта?ы т?рбие ж?мыстарын жетілдіру "
    ["seo_title"] => string(93) "kiembridzh-bag-darlamasynyn-distieri-nieghizindie-synyptag-y-t-rbiie-zhu-mystaryn-zhietildiru"
    ["file_id"] => string(6) "179943"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1425101836"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(96) "Зерттеу ж?мыстарында?ы жобалау технология ?олданысы "
    ["seo_title"] => string(62) "zierttieu-zhu-mystaryndag-y-zhobalau-tiekhnologhiia-k-oldanysy"
    ["file_id"] => string(6) "171022"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1423633130"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(153) "Бастауыш сыныптарда  о?ытуды? иновациялы? технологияларын пайдалану ерекшеліктері."
    ["seo_title"] => string(86) "bastauyshsynyptardaokytudyninovatsiialyktiekhnologhiialarynpaidalanuieriekshieliktieri"
    ["file_id"] => string(6) "294206"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1455619635"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства