Просмотр содержимого документа
«"Тарих әлеміне саяхат"»
Күні: 12.12.2018 жыл
Тақырыбы: «Тарих әлеміне саяхат»
Мақсаты:
тарихи материалдарды игеру барысында танымдық қажеттіліктерін қалыптастыру;
білім алушылардың тарих туралы білімдерін кеңейту және тереңдету;
қарым-қатынас жасау, іс-шараға дайындық жасау, көрмені безендіру қабілеті мен дағдысын қалыптастыру;
адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу
Көрнекілігі: Постер,плакат,фото суреттер
Мұғалім сөзі:Армысыздар, бүгінгі «Тарих әлеміне саяхат » атты «Жас тарихшы» үйірмесінің ұйымдастырылуымен өткізілетін іс шараға келген ұстаздар және оқушылар!
1-Жүргізуші: Қазақстан... Осы сөзді естігенде көз алдымызға жазық дала,кілемдей көк шалғын,көлде аққу-қаздар, жайылып жүрген отар-отар қой, ойнақтаған құлын-тай, үйір-үйір жылқы елестейді
2-Жүргізуші:Қазақстан! Ол менің Отаным.Ол үлкен,бай,тәуелсіз мемлекет.
Қазақстанның Елбасы-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Астана – жас қала.Өз мемлекеттік туымыз, әнұранымыз,елтаңбамыз бар.
1-Жүргізуші:Биыл тәуелсіз Қазақстанға-26 жыл.Сол үшін биылғы жыл ерекше жыл.Оның ерекшелігі «Тәуелсіздік» деген сөзде.
Тәуелсіздік қандай тәтті ұғым,қастерлі сөз. Рухты,жүрекке жылы жанға жайлы ұғым!
Жатса түсінен,жүрсе есінен кетпеген ата-бабамыздың арманы болған осы тәуелсіздік еді.Осыған қарағанда,біз бақытты жандардың бірі боламыз.
Тәуелсіздіктің тірегі – ол білім. Қай кезде болмасын білімді ұрпақ – ел тірегі.
Теңізге тамған тамшыдай болса да,мен де,өз білімімді,еңбегімді Отаныма арнағым келеді.Жаңа ғасырда өз елін,тілін, Отанын сүйетін,оның болашағына жүрегі сыздайтын жастардың саны көбейеді деп үміттенемін.
Менің болашақта мақсатым-жоғары білімді маман болып,еліміздің дамуына үлес қосу.
Адам елінен,жерінен тыс өмір сүре алмайды.Менің жас жүрегім елім деп, жерім деп, мәңгі соғады.
2-Жүргізуші Биыл Отанымыз – 26 жаста.Мемлекет үшін 26 жыл-өте аз уақыт.Бірақ,өте маңызды уақыт.
Осы 26 жылда көп жетістіктерге қолымыз жетті.Әлемге танымал ел болдық.Жеке мемлекет болып туған тілімізді мемлекеттік тіл ретінде көкке көтердік.Бүгінгі Қазақстан адам танымастай өзгерді.
1-Жүргізуші Осы күнге жету басымыздан өткерген қиындықтарға қарамай туәлсіздікке қол жеткіздік.
Ал енді күнге дейін болған еске алып өтпедік пе.
2-Жүргізуші Иа дұрыс айтсын «Тарих ғасырлар куәсі», деп бекер айтпаған сол себепті бірінші тарих ұғымына тоқталайық
1.Баяндама
Тарих
История
English
2.«Тарих беттерін парақтасам» әдеби монтаж
Ертеде қазақтарды алаш деген Ұрандап «Алашым» деп ту көтерген. Жәнібек, Керей хандар көшті бастап, Белесті асу-асу жиі өткерген.
3.Сахналық көрініс. «Сұлтандар кеңесі». (3 мин)
Көрініс. «Сұлтандар кеңесі»
/Керей сұлтан мен Жәнібек сұлтан сұхбат құруда, үйге бір топ ақсүйектер кіреді/
-Ассалаумағалейкум,ағалар.
-Уағалейкумсалам, төрлетіңіздер.
Ақсүйектер басшысы:-Біз бір маңызды мәселемен келіп тұрмыз. Елді бей –берекетсіздік басып алды.Хан-екем соғыстарды үдетіп, салықты көбейтті. Әскери дайындықсыз, батырларды құдалау негізінде ойраттардан жеңілгені өздеріңізге мәлім. Бөлінетін кез келмеді ме екен?
Жәнібек:-Ия, сөздеріңіз рас, ханның қаһарына жергілікті сұлтандар мен қарапайым халық та ілігіп отыр. Өз алдымызға ел болатын күн келді.
Керей: - Бар қазақты біріктіретін уақыт келгенін халық та түсінді, соңымыздан ереді деп сенемін.
Жолыңды Алла қолдасын,
Жаманшылық болмасын.
Кетілмесін тұлпарыңның тұяғы,
Қайырылмасын сұңқарыңның қияғы.
Барған жерде құшақ жая қарсы алсын
Жақсы адамдар, жайсаң жандар зиялы.
Жалпақ емес, жақсы жермен танысқын
Алла жебеп ұшқан құспен жарысқын,
Көңілің шат, ат-көлігің арымай,
Отбасыңмен аман-есен табысқын.
Әумин.
Сүрінбей өтіп келген қиындықтан Аштық пен жоқшылықтың дәмін татқан. Жауына қазақ халқы тізе қосып Тайсалмай жеңді талай тойтарыстан.
Көптеген хан басқарды қазақ халқын Әр ханнан өзіндік бір заң хатталды. Орнатқан ережені бұзбаған соң, Жағдайы халқымыздың көп жақсарды.
Жоңғардың қалмақтары соғыс ашты, Халқымның берекесі, құты қашты. Ғасырдың өте ауыр жұты еді,
Жоқтығы Тәуке ханның қатты батты. Тарихта болған осы зор қасірет- «Ақтабан шұбырынды» аталыпты.
Халқымыз аштықтан да қырылыпты, Табаны жүре-жүре мыжылыпты. 20-шы ғасырда да осындай бір, Халқымның берекесі бұзылыпты.
Тарихтың бетін тағы парақтасам, Еске алып, ауыр жылды сараптасам. Ұлы Отан соғысының нәубеті де, Қазақтың әр шаңырағын азаптаған.
Арпалыс әр ғасырда тынбапты ғой Жоқшылық әр жүректі сыздатты ғой. Желтоқсан оқиғасы тағы да бір, Жастардың көңілдерін сыздатты ғой.
Осындай алаптар талай өтті. Желтоқсан адастырды қалың көпті. Шырылдап шындықты айтқан Қайрат ерім, Өмірден ерте үзіліп, қыршын кетті.
Жеңіс бұл арпалыспен келді алыстан Ел үшін батырларым көп алысқан. Желтоқсан оқиғасы жауды жеңіп, Тәуелсіз ел атанды-Қазақстан.
«Нұрсұлтан Қазақстан Нұрсұлтан»
Атамыз-Назарбаев ел биледі, Еліме содан бері жау тимеді. Жарасып ел бірлігі, ынтымағы Төгілсін домбырадан шат күйлері.
5. Айгерімнің орындалуында күй «_____________»
Сан ғасыр бостан болар күнін күткен, Алаш ел биік бүгін білімді ұлтпен. Талай шаһар бабалар салғаны анық, Тарих боп көне жұртта сырын бүккен.
Таусылмас шежіресі, сірә, қатпар, Өткеннен сыр іздесең мұраны ақтар, Сыр бойында қорған боп жатқан жоқ па - Ескі астана - Жанкент шаһар, Сығанақтар.
Қазақ өсті болмысы арға тұнған, Кешеден бүгінгіге жалғатып ән. Іздеген жан тарихтың табар ізін Орынбор, Қызылорда мен Алматыдан.
Өткенін танып ел де сүйінген-ді, Үйренді ұлт сол арқылы иілмеуді. Талайға тәлім берген заман көші Арқада Астана боп түйінделді.
6.ұран «Ерлікті таба білу,елді тани білу»
«Ерлік ел есінде»
«Ұранды елдің ұрпағы қайсар»
Тәуелсіз боп іргесі қаланғасын, Белгілі елге ешкім сын таға алмасы. Бұл қаланың өзгеден жөні бөлек, Өйткені ол - Еркіндік Елордасы.
7. 6 «В» сынып оқушыларының орындалыуында ән «Астана»
Жүзеге асып Елбасы бастамасы, Мойындады ұлтымды дос та, қасы. Сарыарқаның төрінде - сәнді шаһар, Ол - Қазақтың Елінің Астанасы! Кеше кім едік? Бүгін кімбіз? Қазағымның тарихы бар тасқа басқан таңбадай, Қазақ деген бірге өскен, бай-кедей деп таңдамай. Қазір мүлде басқашамыз, көкірекпіз, менменбіз, Қайран қалам, өзгерген бұл, заманым ба аллам ай!
Мәдениеті қазағымның биік тым, Мәртебесі биігінде биіктің. Мәселесін айтсамда мен мақтамай, Мақтанамын қазағыммен сен әрқашан биіксің!!!
Осымен «жас тарихшы» үйірмесінің ұйымдастырумент өткізілген іс-шарамыз өз мәресіне жетті назарларыңызға көп рахмет.
«А.Розыбакиев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі