kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саяси институттар. Саяси партиялар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саяси институттар мен саяси партияларды? ??рылыу себептері мен ?ызметтеріне сипаттама бере отырып,?о?амды? ма?ызын ашып к?рсету.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саяси институттар. Саяси партиялар»

Ашық сабақ

Топ: ТТ-13-9 күні: 23.10.2014

Тақырып: Саяси институттар.Саяси партиялар.

Мақсаты: саяси институттар мен саяси партиялардың құрылыу себептері мен қызметтеріне сипаттама бере отырып,қоғамдық маңызын ашып көрсету.

Міндеттері:
а) білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезде оның қоғамдық – саяси, әлеуметтік өмірінде болған түбегейлі өзгерістерді берік меңгерту.

ә) дамытушылық: саяси өмірдегі өзгерістерді дұрыс талдап, тұжырымдай білуге үйрету және жүйелі ойлау қабілеттерін жетілдіру.

б) тәрбиелік: Оқушылардың өз жерін, елін сүюге тәрбиелеу,қазақстандық патриотизм тәрбиелеу.


Сабақтың күтілетін нәтижесі: оқушылар жаңа сабақты меңгере отырып, өзіндік жұмыс және тақырыпқа байланысты жобалар қорғау арқылы өзінің саяси көзқарасын қалыптастырады.

Құралдар: компьютер, сенсорлық тақта, ҚР Конституциясы

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Өткен тақырыптарды қайталау.Өткен тақырыптарға шолу (сұрақ-жауап).

ІІІ. Жаңа сабақтың барысы

Жоспар.

1.Саяси институттар түсінігі, құрылымы, қызметі (Топтық жұмыс)

2.Саяси партиялар түсінігі, пайда болуы, қызметі, жіктелуі, түрлері.

3. Жоба қорғау

IV. Қорытынды.

V. Үй жұмысы.

Сабақтың барысы

ІІ. Өткен тақырыптарды қайталау

  1. Біздің заманымыздан бұрынғы мыңжылдықтың ортасында философиялық – этикалық түсіну белең алды. Осы уақыттың ойшылдарын ата? (Платон, Конфуций, Аристотель)

  2. Орта ғасырда саясаттың діни-этикалық түрі қалыптасты.Оның негізін салушы кім? (Фома Аквинский)

  3. Саясатты қазіргідей түсінуге үлкен үлес қосқан ХVI ғасырда өмір сүрген Италияның ойшылы? (Николо Макиавелли)

  4. Нағыз ғылым ретінде «Саясат» қай уақытта қалыптасты? (ХІХ аяғы ХХ ғ. басында)

  5. Саясаттың түрлері? (ішкі, сыртқы)

  6. Билік дегеніміз не? (біреудің екіншілерге әмірін жүргізіп, олардың іс-әрекеті, қызметіне ықпал етуін айтады)

  7. Саяси жүйе дегеніміз не? (билік жүргізіп, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін, және саяси өзара қатынастарды реттейтін ұйым )

  8. Саяси жүйе теориясын дүниеге әкелген? (американың саясаттанушысы Давид Истон)

  9. Саяси тәртіп дегеніміз не? (саяси билік пен қоғамды басқарудың әдіс-тәсілдер жиынтығы.)

  10. Саяси тәртіп түрлері. (Демократиялық, антидемократиялық, авторитарлық, тоталитарлық)

  11. Салық салу мемлекеттің белгілеріне жатады ма?(жатады)

  12. Мемлекеттің түрлері (монархия, република)

  13. Мемлекет дегеніміз не?(қоғамды басқаратын аппарат)

  14. Мемлекет құрылысына қарай қандай түрлерге бөлінеді? (унитарлық, федерация, конфедерация)

  15. Егемендік мемлекет дегенді қалай түсінесіздер? (ішкі және сыртқы істерін атқарудағы толық тәуелсіздігі, дербестігі)

ІІІ. Жаңа сабақтың барысы :

Қазақстан-2050 стратегиясынан:

«Мемлекеттік институттар жұмысын жетілдіру. Әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ұмтылыс кезінде бізге адал бәсекелестік, әділеттілік, заңның үстемдігі және жоғары құқықтық мәдениет ахуалы қажет.

Заң алдындағы теңдік құқық тәртібінің шынайы негізі болуға тиіс.

Сот жүйесі іс жүзінде ашық және қолжетімді, қарапайым және барлық дауды тез шеше алатындай болуға тиіс.»

Н.Назарбаев

1.Саяси институттар (түсінігі, құрылымы, қызметі) Топтық жұмыс.

Саяси институттар



Парламент Үкімет Жоғарғы сот

І топ ІІ топ ІІІ топ

(IV бөлім 49 , 50 , (V бөлім 64,66, 67 (75,76,81 баптар)

54 баптар) баптар)

Берілген жоспар бойынша: кластер жасау және қорғау.

  1. Билік түрі

  2. Құрылымы

  3. Қызмет

2. Саяси партиялар (түсінігі, пайда болуы, қызметі, жіктелуі, түрлері.)

Саяси партия деген ұғымды қалай түсінесіздер? (ой-пікірлерді тыңдау)

«Партия» деген сөз латын тілінен шыққан, бөлу, бөлшек деген мағынаны білдіреді.Тұнғыш, алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грекияда пайда болған.Бірақ олардың мүшелері аз, шамалы, дұрыстап ұйымдаспаған.
Қазіргідей нағыз саяси партиялар Еуропада ХІХ ғасырдың екінші жартысында пайда бола бастаған.
Тұңғыш көпшілік партия болып 1861 жылы Ұлыбританияның либералдық партиясы құрылды.Одан кейін Германияда 1863 жылы жалпы Германияның жұмысшы Одағы партиясы құрылды.

Сұрақ: Ал сіздер Қазақстан Республикасындағы қандай саяси партияларды білесіздер?
Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар тізімін көрсету.

Саяси идеологиясына қарай:


Саяси партиялардың негізгі қызметтері:
1. Саяси идеология мен саяси ілімдер жасау;
2. Мемлекеттік билікті іске асыруға қатынасу;
3. Қоғамдық пікірді қалыптастыру;
4. Жалпы қоғамды, топты саяси тәрбиелеу;
5. Мемлекетте билік үшін күреске қатынасу және оның жұмысының бағдарламасын жасау;
Қазіргі демократиялық қоғамдағы партияның маңызды міндеті – азаматтық қоғам мен мемлекеттің арасындағы байланысты баянды ету.


Саяси партиялардың жіктелуі, түрлері



Коммунистік Социал-демократиялық Буржуазиялық - демократиялық

Коммунистік Социал-демократиялық Буржуазиялық - демократиялық

Консервативтік Фашистік



Коммунистік партиялар – К.Маркстың ілімін басшылыққа алады. Тапсыз, меншіктің жеке түрі жоқ қоғам мүддесін қорғайды.
Социал-демократиялық партиялар – бұл партиялар үнемі еңбекші халықтың мүддесіне сай қоғамды реформалап отырады.Негізгі құндылықтары: әділеттілік, бостандық, теңдік, ынтымақтастық.
Буржуазиялық-демократиялық – билік үшін ашық күрес жүргізеді.Үкіметке жалпыға бірдей сайлау арқылы жетеді. Заң алдында бәрінің де тең болғанын қалайды.
Консервативтік партиялар – ірі буржуазияның мүддесін қорғайды.Теңсіздікті сақтағысы келеді.
Фашистік партиялар – адам құқықтары мен бостандықтары шектеледі. Ұлтшылдықты уағыздайды.Жеке мүддеден мемлекеттік мүдде жоғары тұрады.Күштеу басым болады.




Саяси өмірдегі алатын орнына қарай



Оппозициялық



Билеуші


Билеуші партиялар – билік қолға жеткен соң, қоғам дамуының басты бағыттары мен сипатын айқындауға мүмкіндік туады. Яғни, басқа партиялардың үстінен билік жүргізеді.
Оппозициялық партиялар – олар басқарушы партияның саясатын сын көзбен бағалайды.Қарсыластық қасиет тән.

Жұмыс істеу жағдайына байланысты

Жартылай ресми

Ресми





Құпия




Ресми партия – жұмысын ашық жүргізеді. Қоғамдық саяси өмірге қатынасуына заң жүзінде рұқсат етіледі.Мемлекеттік тіркеуден өтеді.
Жартылай ресми партия – формалды түрде рұқсат етілген, кейбір жұмысына шек қойылған.
Құпия партиялар – заң бойынша тыйым салынған, жұмысын жасырын жүргізеді

Санына қарай





Бірпартиялық

Екіпартиялық



Көппартиялық






Бірпартиялық – өзінен басқа партияның болғанын қаламайды.

Екіпартиялық – мұнда нағыз бәсекелестік ірі екі партия арасында болады. Жалпы сайлау арқылы үкімет басына келеді. Үнемі бірін-бірі сынға алып отырады.

Көппартиялық – мұнда үш немесе одан да көп партиялар болады.Саяси мәселелер жан-жақты қаралады,Мемлекеттік билікті жүзеге асыру үшін партиялар коалиция құруы мүмкін.
Коалиция деп жалпы мақсатқа жету үшін партиялардың жасаған бірлігін айтады.

Барлық саяси партиялардың жұмысы Конституцияға қайшы болмауы керек.


3. Саяси партияға байланысты жоба құрып, оны қорғау (үй жұмысы).
4. Қорытындылау.

Сұрақ
1.Саяси партиялардың қоғамдағы рөлінің маңыздылығы.
Қазақстан-2050 стратегиясынан:

«Біз өз халқымыздың игілігі жолында ұлы мақсаттарды алға қоямыз, сондықтан мен барлық саяси партияларды, қоғамдық бірлестіктерді, барша қазақстандықтарды 2050 Стратегиясының басты мақсатына жету жөніндегі жұмысқа белсене қатысуға шақырамын!

Әсіресе, жастарымызға мынаны айтамын. Бұл Стратегия сіздерге арналған.

Оны жүзеге асыратын да, жемісін көретін де сіздер. Өз жұмыс орындарыңызда отырып, осы жұмысқа әрқайсысыңыз атсалысыңыздар. Немқұрайлылық танытпаңыздар.

Елдің болашағын барша халықпен бірге жасаңыздар!»

Н.Назарбаев





5.Үй жұмысы.
Қазақстан Республикасындағы саяси партиялардың бағдарламаларымен

танысып, оған сипаттама беру.








Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы техникалық колледжі















Ашық сабақ

Тақырыбы: Саяси институттар.Саяси партиялар.



(ТТ-13-9 тобы)







Өткізген: Адибекова Ш.З.

















Балқаш-2014




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Саяси институттар. Саяси партиялар

Автор: Адибекова Шынар Зияда?ызы

Дата: 15.06.2016

Номер свидетельства: 334650

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(27) "Саяси мәдениет"
    ["seo_title"] => string(17) "saiasi_m_dieniiet"
    ["file_id"] => string(6) "394341"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1487683615"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "Название работа"саяси мәдениет""
    ["seo_title"] => string(34) "nazvaniie_rabota_saiasi_m_dieniiet"
    ["file_id"] => string(6) "394350"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1487685270"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства