kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Политические противоречия1917-1921 гг., "Белый и красный террор"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Данное занятие разработано в технологии ТРИЗ. Направлено на развитие творческого воображения, логического мышления, на формирования умения решать задачи исследовательского и изобретальского характера.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Политические противоречия1917-1921 гг., "Белый и красный террор"»

Сабақ тақырыбы: 1917-1921 жж. саяси қарсылықтар, «Ақ және қызыл террор»

Мақсаты: Студенттердің бойында пацифизмді-бейбітшілікті жақтайтын, зорлық-зомбылықты жоюға бағытталған идеологияны қалыптастыру.

Міндеттері: Азамат соғысының барысы және қорытындысы, себептері туралы білімдерін тереңдету, тарихи оқиғаға, тарихи тұлғалардың іс-қимылына баға беру білуін дамыту, оқиғаның ұқсастық жақтарын келтіру.

Күтілетін нәтиже: Студенттер Азамат соғысының себептері және оның негізгі кезеңдері туралы өз білімдерін тереңдетіп,кеңейтулері тиіс;

Студенттер картамен жұмыс істей отыра соғыс қимылдарының жалпы көрінісін елестетуі тиіс;

Қосымша материал мен деректерге сүйене отыра студенттер қызыл және ақ қозғалысқа баға бере білуі тиіс;

Студенттер Азамат соғысының негізгі оқиғаларын есте сақтауы тиіс.

Негізгі түсініктер:

Азамат соғысы, шетел интервенциясы, ақ террор, қызыл террор.

Сабақ типі: жаңа материалды игеру сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: ми шабуыл, проблемалық міндеттерді шешу, рольдік ойын, кеспемен жұмыс, картамен жұмыс, жабық типтегі және сәйкестендіру тесттері.

Көрнекіліктер: жұмыс картасы, кескін карта, оқулық, интерактивті құрылғы, презентация, кеспе, видеоматериал.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, дүниежүзі тарихы.


САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:


І. Ұйымдастыру кезеңі. Студенттерді түгендеп, сабаққа дайындықтарын тексеру, зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Негізгі бөлім:

Оқытушы: Құрметті студенттер! Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: 1917-1921 жж. саяси қарсылықтар, «Ақ және қызыл террор»


САБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ:

Азамат соғысы туралы видеоролик. 6 мин

Топты 2 топқа бөлу- 2 мин.

1 тапсырма. Азамат соғысы және интервенция дегеніміз не? 2 мин.

Теориялық материал. 2 тапсырма. Карта және мәтінмен жұмыс– 20 мин.

3 тапсырма. Карточкамен жұмыс – 10 мин.

4 тапсырма. Екі жақты армияның құрамы. 1 топ. – ақтар, 2 топ. - қызылдар – 5 мин.
5 тапсырма. Рольдік ойын: «Прокурор және депутат» - 15 мин.

6 тапсырма. 2 топқа да бірдей сәйкестендіру тесті. – 3 мин.

7 тапсырма. «Тарихи тұлғалар» тесті - 8 мин.(тексеру критерий бойынша)

Сабақтың қорытындысы, рефлексия: «Білім ағашы» - 3 мин.


САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:


1. Ұйымдастыру сәті. Сергіту. Топты 2 бөлу. Азамат соғысы туралы бейне таспа. (6 мин) Критерийі кесте түрінде тақтаға және партаға ілінді. Критерийімен таныстыру.
Оқытушы.
Сендер соңғы уақытта Украинада қандай оқиға болып жатқандығын білесіңдер ғой? Оны қалай атауға болады? Азамат соғысы дегеніміз не? Студенттердің пікірі. Мұндай көп қан төгілген тарихтағы соғыстардың қатарына: 17 ғасырдағы Англиядағы Азамат соғысы, 18 ғасырдағы АҚШ, 19 ғасырдағы АҚШ, 20 ғасырдағы Россиядағы, 21 ғасырдың басындағы Украинадағы… Қай жақ жеңсе де, бұл соғыстар елді өзінше құлдырататындығымен өкінішті. Бүгінгі біздің сабағымыз Россия мен Қазақстандағы 1918-1920 жж. Азамат соғысына арналады. Біздің алдымызда сол жылдармен байланысты құжаттарды зеттеу жұмысы тұр, талдап, қорытынды жасайық.

Ұрыс кезінде кездескен әке мен баланың кездесуі сипатталатын, Михаил Шолоховтың «Мең» әңгімесі естеріңде ма? Туған баласы қарсыласы болған әкенің жеңісі туралы айтылады. (Үзінді)

Топқа сұрақтар мен тапсырмалар. Сұраққа кім бірінші жауап берсе, жребийді шешеді.

I. Бірінші топқа сұрақ: «азамат соғысы» түсінігінің мағынасы.

Азамат соғысы-бір мемлекет ішіндегі қарама-қарсы екі топтың билік үшін соғысы.
Екінші топқа: «шетел интервенциясы» түсінігінің мағынасы. «Шетел интервенциясы»- басқа мемлекеттің ішкі ісіне мемлекеттің агрессивті араласуы, қоршауға алу.


II. Карта және оқулық мәтінімен жұмыс: «Жигсо» стратегиясы бойынша мәтінді оқу, пармен, дөңгелене жауап беру.

  1. Азамат соғысы 1918-1920ж аралығында болды. Ол Чехославак корпусының бүлігінен басталды. 1918ж маусымда атаман Дутов Қазақстанды Ресеймен байланыстырып тұрған Орынбор қаласын басып алды. Оларды алашордашылар қолдап, қызылдарға қарсы күресті. Тб. «Ақтар» деп аталатын күштер бірігіп,большевиктерге қарсы азамат соғысын бастады. Ақтар «ақ террор» қолданып, большевиктерді қатаң жазалап, халыққа да аяушылық көрсетпеді. Мысалы: Анненков Жетісуда аса қатыгездік көрсеткендердің бірі болды. 

  2. Кез-келген соғыс халыққа азап, экономикаға құлдырау, ауыртпалықтар әкеледі, бірақ біз осы жағдайдың ішінен де жағымды жағын көруге тырыстық. Алдымен соғыс басында құрылған әскери бөлімдер туралы айтсақ, қазақ жерінде ұлттық әскери бөлімдер құрылып, Орал мен Торғай облыстарында 37-ге жетті. Дала өлкесінің төтенше комиссары болып-Жангелдин , Торғай уезінің әскери комиссары болып-Иманов тағайындалды. Бұл ортақ жауға қарсы жұмыла күш жинау еді. Құрылған бөлімдерге арнап әскери киімдер тігілді. Ол да соғыс кезінде тәртіпке шақыратын амалдардың бірі болды. Осындай киімдердің ең алғашқысы Буденныйдың әскеріне арнап тігілді.

  3. 1916ж ұлт-азаттық қозғалысқа қатысқан қазақтар партизандық соғыс әдістерін қолданып, ерлікпен күресті. Азамат соғысы кескілескен қырғынында 8 млн адам қаза тапты. Қызылдар мен ақтардың қимылынан ең алдымен халық зардап шекті. Бұл А.Байтұрсыновтың «Төңкеріс және қазақтар» мақаласында: «Ресей халықтары құқықтарының декларациясын» жариялау қазақтардың ұлт мәселесіне мұқият қарауының басталуы деп санауға болады. Бүкілресейлік Орталық Атқару комитетінің 1919ж 4 сәуірдегі қаулысында «Кеңес үкіметіне қарсы азамат соғысына қатысқан қырғыздар (қазақтар), сондай-ақ қырғыздардың бұрынғы ұлттық Алашорда үкіметінің мүшелері өздерінің бұрынғы контрреволюциялық қызметі үшін ешқандай қуғынға салынып, жазаға тартылмауға тиісті деп көрсетілген»,- деп жазды.

  4. «Алаш» партиясының бағдарламасы:- Басқару түрі; - Автономия; - Азаматтың негізгі құқықтары; - Дін ұстану туралы мәселе; - Соттар туралы; - Қорғаныс; - Салық; - Жұмысшы мәселесі; - Халық ағарту; - Жер мәселесі. Бағдарлама жобасының маңызы: 
    1. Сол кездің нақты мүмкіндіктерін ескере отырып, қазақ халқы дамуының балама жолын ұсынды. 2. Буржуазиялық – демократиялық, ұлт – азаттық революцияны аяқтауға бағытталған жолды көрсетті. Билеуші партияға айналған большевиктер Алашордамен тіл табысуға болады деп санамады. Әр түрлі саяси күштердің билік жолындағы тайталасы басталды

  5. Қазақстан­да қазақ ин­телли­ген­ци­ясы басқарған қазақтар­дың ұлттық об­лыстық және уездік ко­митет­тері де ұйым­дасты­рыл­ды. Оларға ко­мис­сарлар бо­лып ұлттық ин­телли­ген­ци­яның өкілдері, атап айтқан­да, Торғай об­лы­сын­да Ә. Бөкей­ха­нов, Жетісу об­лы­сын­да М. Ты­ныш­ба­ев, Түркістан­да М. Шоқаев, т. б. тағайын­далды.Уақыт­ша үкіметтің Қазақстан­дағы жергілікті ор­ганда­ры ку­лак­тарға, қазақтар­дың бас­шы топ­та­рына, қазақ ауыл­да­рының бай-ма­нап­та­рына арқа сүйеді. Олар жұмыс­шы­лар мен еңбекшілердің револю­ци­яшыл­дық ша­бытын әлсіре­туге ты­рыс­ты, ха­лықты то­на­ула­рын жалғас­ты­ра берді, бұқара­ны им­пе­ри­алистік соғыс­тың ауырт­па­лықта­рын өз мойын­да­рымен көте­руге мәжбүр етті. Қазақтар­ды са­яси құқықта­рынан айырған ескі заңдар күшінде қал­ды, орасан зор жер иеліктері мен орыс-ка­зак әскерінің сос­ло­ви­елік ар­тықшы­лықта­ры сақталды, қазақ халқының таңда­улы жер­лерін тар­тып алу­шы Қоныс ауда­ру басқар­ма­сы өз қыз­метін өзгерт­педі. Сөйтіп, Уақыт­ша үкімет Қазақстан­да бұрынғы пат­ша өкіметінің са­яса­тын одан әрі жалғас­тырды.Пат­ша өкіметі құла­тылған соң, Қазақстан боль­ше­вик­тері ас­тыртын жағдай­дан шықты. Боль­ше­виктік пар­ти­яның қата­рына С. Сей­фул­лин, Б. Серікба­ев, Т. Рысқұлов, С. Арғын­ши­ев және басқала­ры кірді.

  6. Ақпан ре­волю­ци­ясы жеңген­нен кейінгі Қазақстан жұмыс­шы та­бының еле­улі та­бысы – кәсіпшілер одақта­ры ұйым­да­рының құры­луы еді. Олар­дың қалып­та­су­ын­да Орын­бор-Таш­кент теміржол­шы­лары­ның Қүрыл­тай съезі және Ом­бы темір жол жұмыс­шы­лары мен қыз­меткер­лерінің бірінші съезінің үлкен маңызы бол­ды. Бұл съез­дердің күн тәртібінде бірқатар маңыз­ды са­яси және эко­номи­калық мәсе­лелер қарал­ды. Олар: Уақыт­ша үкімет пен соғысқа көзқарас, 8 сағат­тық жұмыс күні, жұмыс­шы, сол­дат және ша­ру­алар депутатта­ры Кеңес­теріне қатыс­ты­лық, конт­рре­волю­ци­ямен күрес, Құрыл­тай жиналысына қатысу, пен­си­ямен қам­та­масыз ету және т. б. мәсе­лелер. Осы кез­де Ом­бы, Орынбор, Ташкент, Се­мей т. б. қала­лары оқу орын­да­рының қазақ жас­та­ры алғашқы кез­де мәде­ни-ағар­ту істерімен шұғыл­данған жас­тар үйірме­лері мен ұйым­да­рын құрды. Орын­борда «Еркін да­ла», Ом­бы­да «Бірлік», Орал­да «Жас қазақ», Тро­ицкіде «Үміт» деп ата­латын және басқа жас­тар ұйым­да­ры, 20 шақты үйірме­лер мен топ­тар пай­да бол­ды. Бұл ұйым­дардың белгілі бір бағдар­ла­мала­ры бол­ма­ды, әле­уметтік құра­мы жағынан да біркелкі емес еді. Алай­да, олар қазақ халқын пат­ша өкіметінің ұлттық ор­та­лық езгісінен азат етуді шын пейілдерімен қала­ды, өз халқының білім алу­ын та­лап етті, еңбекшілердің са­насын­да ұлттық бірлік, бос­тандық пен тәуелсіздік иде­яла­рын оятуға ұмтыл­ды. Солардың бірі Тұрар Рысқұлов ұйым­дастырған «Қазақ жас­та­рының ре­волю­ци­яшыл одағы» еді. Оның құра­мына қазақ халқының ор­та­ша және ке­дей топ­та­рынан шыққан алдыңғы қатар­дағы жас­тар енді. Орын­бор қала­сын­да шоғыр­ланған қазақ оқыған­да­ры өза­ра кеңесіп, ке­зек күттірмейтін ұлттық мәсе­лелер­ге бай­ла­ныс­ты бір тұжы­рымға ке­лу үшін жал­пы қазақ съезін шақыру ту­ралы шешім қабыл­да­ды. Олар «Қазақ» га­зеті арқылы қазақ және қырғыз ха­лықта­рына ар­найы үндеу жол­да­ды.

  7. 1917 жылғы 21–26 шілде­де Орын­борда болған «Бүкіл қырғыз­дық» съез­де «Алаш» парти­ясы қалып­та­сып, бас­шы ор­ганда­рын сай­ла­ды. Оның құра­мына Әли­хан Бөкей­ха­нов, Ах­мет Байтұрсы­нов, Міржақып Ду­латов, Ел­дос Ома­ров, Мұста­фа Шоқай, Мұха­мет­жан Ты­ныш­ба­ев, Ха­лел Досмұха­медов, Жан­ша Досмұха­медов, Ха­лел Ғаб­ба­сов, т. б. кірді. Бұл пар­ти­яның сол жы­лы 5–13 (18–26) жел­тоқсан­да Орын­борда өткен екінші съезінде қазақтың ав­то­номи­ясы – Ала­шор­да Үкіметі – Ұлт Кеңесі құрыл­ды. «Алаш» пар­ти­ясы­ның Бағдар­ла­масы бекітілді. Ол негізгі 10 бөлімнен тұра­ды. Олар:

Ре­сейдің де­мок­ра­ти­ялық фе­дера­ция бо­лып жа­ри­яла­нуы ту­ралы;

Ре­сей құра­мын­да Қазақ ұлт ав­то­номи­ясын құру;

Ха­лықтар ара­сын­да тең құқықтық ор­на­ту;

Дін ту­ралы, дінді мем­ле­кет­тен ажы­ратып шығару;

Ел­дегі билік және сот ту­ралы;

Елді қорғау, әскер және ха­лықтық ми­лиция құру;

Ха­лықтың та­бысы­на қарай са­лық са­лу;

Жұмыс­шы­лар ту­ралы;

Ғылым және білім ту­ралы;

Жер мәсе­лесі.

  1. Жаңа құрылған үкіметтің құра­мына 15 адам, Ха­лық Кеңесі төрағасы бо­лып Әли­хан Бөкей­ха­нов бекітілді. Бұл үкіметтің негізгі мақса­ты ұлттық бірлікті жан­данды­ру са­яса­ты болған еді.1918 жылғы 5 қаңтар­да Бүкілре­сейлік құрыл­тай жи­налы­сының күшпен таратылуы Алаш ав­то­номи­ясын құру мүмкіншілігіне де зар­да­бын тигізді. Ала­шор­да басшы­лары мен боль­ше­вик­тер ара­сын­дағы қай­шы­лық те­реңдей түсті. Егер Алаш партиясы, біріккен ұлттық зи­ялы­лар боль­ше­вик­терге қазақ қоғамы­на мүлдем жат әлеуметтік тәжіри­бені күштеп та­нушы, қазақ жұрты­на іріткі са­лушы күш ретінде қара­са, боль­ше­вик­тер Алаш қозғалы­сына ұлттық бур­жу­азия мен фе­одал­дық топ­тардың тап­тық мүддесін қорғай­тын төңкеріске қар­сы кер­тарт­па күш есебінде қара­ды. Сөйтіп, қазақ елінің ғасыр­лар бойы мыңдаған асыл аза­мат­та­ры ба­сын тіккен биік ар­ма­ны – ұлттық мем­ле­кетті қал­пы­на келтіру ісі – Алаш қозғалы­сы, Ала­шор­да үкіметімен бірге то­тали­тар­лық өктемдік пен им­пе­ри­ялық зор­лық-зом­бы­лықтың ша­бу­ылы­на көміліп, та­рих қой­на­уын­да қала берді.


  1. «Әскери коммунизм» саясатының өзі халыққа ауыртпалықтар әкелді. Азық-түлік салғырты енгізілді. Өлкенің адам және материал байлықтарын игеру күштеу әдістерімен жүргізілді. Ұсақ өндірушілер майдагерлік артельдерге біріктірілді. Еңбек салығы енгізілді.

Азамат соғысының салдарлары:

  1. 1) Демографиялық жағдай ауырлап, 8 млн. адам қаза тапты

2) Мал саны күрт азайды

3) Қазақ ауылдары мен қыстақтар материалдық жоқшылыққа ұшырады.

4) Қатігездік пен зорлық – зомбылықтың күшейтілуі (ақвардияшылар тарапынан) үрей және ертеңгі күнге сенімсіздік туғызды. 

3. Әскери коммунизм саясаты: Ел экономикасын соғыс жағдайына ыңғайлап қайта құру және майданды азық – түлікпен қамтамасыз ету мақсатында тарихта Әскери коммунизмі деген атпен әйгілі және уақытша сипаты болған экономикалық саясат орнады. Бұл саясаттың ең бірінші міндеті өнім өндірісі мен бөлісін толық орталықтандыру, еліміздің азық – түлік, шикізат және басқа ресурстарын мемлекеттің қолына жинап, қорғаныс мүдделері үшін дұрыстап пайдалану болды. 

  1. «Әскери – коммунизм саясатының» негізгі белгілері:

1) Азық – түлік салғырты енгізілді.

2) Жеке саудаға тыйым салынды.

3) Азық – түлік теңгерме ұстанымы бойынша бөлінді.

4) Ірі, орта және ұсақ өнеркәсіптер мемлекет меншігіне көшірілді.

5) Жалпыға бірдей еңбек міндеттілігі енгізілді.

6) Басқару ісі орталықтандырылды.

7) Коммуналдық жол – қатынасы қызметі тегін болды.

5. 1919 жылы 11 қаңтарда азық – түлік қиыншылықтары бұрынғыдан да бетер шиеленісе түсіп, мемлекеттің қолындағы өнеркәсіп товарларының қоры одан әрі азайған жағдайларда Кеңес үкіметі әлеуметтік принцип негізінде жүргізілген азық – түлік салғыртын енгізу туралы декрет шығарды. Оның мәні: ауыл шаруашылығы өнімінің артылғанының бәрін шаруалардың мемлекетке міндетті түрде өткізуі. Қостанай уезінен 6 млн. пұт астық жиналды. Қарғалы шуға фабрикасы әскери шинельдер тігу үшін шұға дайындады. 1920 жылдың басында «Майдан апталығы» өткізіліп, мыңдаған пұт астық киім – кешек жиналды.

6.1919ж желтоқсанда Александров-Гай-Ембі темір жол желісі салынды. Ол мұнайлы Орал-Ембі ауданын Орталық Ресеймен біріктірді. 1920 жылы Атыраудан Орталық Россияға 600 мың пұт мұнай әкетілді. Майдан қажетіне әр сенбі сайын жұмыс уақытынан тыс тегін еңбек ету шешіміне сәйкес 1919 жылы сәуірде Россияда алғашқы сенбіліктер өткізілді. Семейде 500 жұмысшы сенбіліктер ұйымдастырып, паровоздарды тегін жөндеуден өткізді. Қазақ өлкесіндегі еңбекшілер күйзеліске, ашаршылыққа қарамастан жанқиярлықпен еңбек етті. 1919 жылы желтоқсанда Александров – Ғай – Ембі темір жол желісі салынды. Оның маңызы-Орал–Ембі мұнайлы ауданын Орталық Россиямен жалғастырды. Бұдан басқа Жетісу темір жолы, Петропавл–Көкшетау темір жол желісі салынды. Маңызы:елдің ашыққан облыстарының халқын астықпен қамтамасыз етті.Сөйтіп, осының бәрі Қызыл Армияны ұйымдастыруға, жау басып алған облыстар мен аудандарда партизан қозғалысын өрістетуге көмектесті. 1920ж 20 тамызда Кеңес үкіметі РКФСР құрамында «Қырғыз(қазақ) Автономиялы Социалистік Республикасын құру туралы» Декрет қабылдады. 1920ж 4 қазанда Қазақ АКСР- жарияланды.


1.Картаға майданның орналасу ауданы мен басып алған уақытын белгіле.

Бірінші топ–Жетісу майданы, Ақтөбе майданы.

Екінші топ-Шығыс майдан, Солтүстік майдан

Қорытындысы әрбір тапсырма орындалған соң тақтада көрсетіліп отырады.

III. Оқытушы:

Қазақстандағы азамат соғысының тарихи тұлғалары. Кеспе бойынша жұмыс. Кеспеде–есімдер. Әрбірі туралы ақпарат табу. Есімін атамай, топқа ақпарат беру керек. Қалғандары тарихи тұлғаға анықтама береді. Слайдта–фотосы.
IV. Бірінші топ: Кеңес үкіметін қолдаушылардың құрамына кімдер кірді?
Қызылдар мен ақтар тек таптық принциппен бөлініп жүргізілмеді. Ақтар мен қызылдар армиясының 80% шаруадан құралды. Патша офицерлерінің 40% осы армияда қызмет етті.

Россия қоғамы интеллигенциясының орта, тіпті жоғарғы қабатының басым бөлігі «осы» өкіметті қолдады. Бұл армияның негізгі ұйымдастырушы күші болып В.И.Ульяновтың басшылығымен Ресей Кеңестік демократиялық жұмысшы (большевиктер) партиясы тұрды.
Екінші топ: Ақ қозғалысты жақтаушылардың жағында кім соғысты? Және неге?
Қызылдар мен ақтар тек таптық принциппен бөлініп жүргізілмеді. Ақтар мен қызылдар армиясының 80% шаруадан құралды. Бұл армияны жақтаушылардың жағына казактар, кулактар, байлар, монархияны қайта жаңғыртушылар шықты. Басым бөлігі- кадеттер, эсерлер, меньшевиктер, «Шуро-и-Ислами», «Алаш-Орда» үкіметі саяси партия өкілдері болды. Құлатылған тап өкілдері жеке меншікті және өз мүмкіншілік жағдайына ұмтылысы, сонымен қатар бұл азамат соғысының басталуының себебі.
V. Алдарыңда сол уақыттың бірнеше құжаттары (1 қосымша), бірнешеуін оқып, өз тобыңда талдап сұраққа жауап бер:
1 топ: Жетісудағы Ақ армияның іс-қимылдарын талдап, бұл әрі қарай жергілікті халықпен ара қатынаста қандай жағдайға әкеліп соқтыруы мүмкін, «Прокурор мен айыпталушы Б. Анненковтың сөзін» дайында.
2 топ: Кеңес өкіметін жақтауға алашордашыларды үгіттеуші ретіндегі Ахмет Байтұрсыновтың ролін талдаңдар, ол туралы және оның Кеңес өкіметін қазақтардың арасында насихаттаушылық ролі Жоғарғы Кеңес съезіндегі депутаттың сөз сөйлеуін дайындаңдар.

VI. Азамат соғысының оқиғалары мен даталары белгіленген кеспелер топқа таратылады. Дұрыс, әрі тез сәйкестендіріп жауап берген топ ең жоғары ұпай алады. Тапсырманы орындау уақыты бес минут.

1. 1919 жыл күз-А. М.Тухачевский басшылығымен Шығыс майданның Бесінші армиясының Колчакшылардан Солтүстікті, сосын Шығыс Қазақстанды азат етті.
2. 1918 жыл наурыз-Б. Ақ казактар Орал облыстық Кеңесін талқандап, Оралды басып алды.
3. 1918 жыл маусымнан 1919 жылдың қазаны-В. Черкасск қорғанысы
4. 1920 жыл наурыз-Г. Қазақстанның территориясындағы соңғысы Солтүстік Жетісу майданы талқандалды.
5. 1918 жыл маусым-Д. Атаман Дутов Орынборды басып алып, Орталық Россиямен Қазақстанды байланыстыратын теміржолды кесіп тастады.
6. 1920 жыл 5 қаңтар-Е. Түркістан майданының бір бөлігі Гурьевті басып алды. Орал майданы талқандалды.
VII. Слайд-тестілеу. "Қазақстандағы азамат соғысының тарихи тұлғалары" тақырыбында 10 сұрақ. Критерий бойынша өзін-өзі бағалау.
Тест "Қазақстандағы Азамат соғысының тарихи тұлғалары"

  1. Атаман А.Дутовпен Кеңес өкіметіне қарсы күрескен:

а) большевиктер

в) үш жүзшілер

с) алашордашылар


2. Ресейдің Орталық бөлігін Қазақстан мен Орынбордан кімнің армиясы үзіп тастады?

а) Б. Анненковтың армиясы

в) А.Дутовтың армиясы

с) В. Колчактың армиясы


3. Шығыс майданның 25-ші дивизиясын басқарып, Ақтардан Оралды азат еткен кім?
а) М. Фрунзе

в) М. Куйбышев

с) В. Чапаев


4. Шығыс майданның 5-ші армиясын басқарған, колчакшылардан Солтүстік және Шығыс Қазақстанды азат еткен?

а) М. Тухачевский

в) М. Фрунзе

с) В. Чапаев


5. Жетісуға қаһарын төккен кімнің бандасы?

а) А. Дутовтың

в) В. Колчактың

с) Б. Анненковтың


6. Дала аймағының төтенше комиссары, Ақтөбе майданына көмектескен отрядқа басшылық еткен?

а) В. Чапаев

в) М. Фрунзе

с) Ә. Жангельдин


7. Азамат соғысы жылдарында алашордашыларды Кеңес өкіметі жағына шығарған бастамашысы, «Революция және киргиз» мақаласының авторы?

а) Ә. Бөкейханов

в) А. Байтұрсынов

с) Ә. Жангельдин


8. Торғай уезінің әскери комиссары:

а) В. Чапаев

в) Ә. Жангельдин

с) А. Иманов


9. Қазақ атты бригадасының саяси бөлім жетекшісі:

а) Б. Каратаев

в) В. Чапаев

с) Ә.Жангельдин


10. Алашордашылардың тағдырын кеңес өкіметі қалай шешті?

а) жазаға тартты

в) ату жазасы

с) рақымшылық жасады


Оқытушы.
Азамат соғысының қорытындысы.

Азамат соғысының отында 8 млн 400 мың адам өлді. Қызылдар мен ақтардың іс-қимылынан бәрінен бұрын бейбіт халық қырылды. Аналар да мыналар да малды, бірінші кезекте жылқыны, қазақ ауылдары мен далаларын өртеді. Әсіресе казактардың атамандары Дутов пен Анненков ерекше қатыгездігімен өзгешеленді. Азамат соғысының жеңісі үшін халық қымбатынан төледі. Контрреволюция күштері өте күшті қарсылық танытты. Олардың жағында халықаралық капитал, офицер корпустары, казактардың бір бөлігі, Россияның билік басындағылар тұрды. Ұлт аймақтарда қарама-қарсы күштер өмір үшін емес, өлім үшін соқтықты.

Рефлексия.
Кез келген тарихи оқиғаға қорытынды жасау керек. Азамат соғысындағы басты сабақ отандастарымыздың жаппай қырғынға ұшыратты.
Балалар, азамат соғысының алдын алуға бола ма? Егер иә болса, қандай жолмен? Студенттердің пікірі.

Қазақ елінің мұң-мұқтажын қорғауда Ермеков ерекше көзге түсті. Ал Байтұрсынов: «Анығын айту керек. Егер Қазақ өлкесі өзін басқара алмаса, республика деңгейіне өсіп-жетілмеген, яғни оны құруға жағдай жоқ, олай болса мұны сөз қылудың қажеті қанша? Ең алдымен республиканы құрамыз ба, жоқ па, соны анықтап алғанымыз жөн. Егер бұл мәселені тиянақтап шешкіміз келсе, онда өлкені басқара алатын күштерді жасақтауымыз керек, ал бұған мүмкіндік бар», – деді ( Д. Аманжолова. На изломе. Алаш в этонополитической истории Казахстана. / Алматы, 2009, 363-б.).

Ал енді "Білім ағашына" жазыңдар, бүгінгі сабақтан не білім алдыңдар?
Студентердің сөзі және бағаларды естірту.

Үй жұмысы: "Менің Азамат соғысы идеясына қатынасым"


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Политические противоречия1917-1921 гг., "Белый и красный террор"

Автор: Ахметова Айгуль Толеубаевна

Дата: 11.05.2017

Номер свидетельства: 414525

Похожие файлы

object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "Гражданская война в России : взгляд из будущего"
    ["seo_title"] => string(48) "grazhdanskaiavoinavrossiivzghliadizbudushchiegho"
    ["file_id"] => string(6) "257682"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1448372843"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства