Просмотр содержимого документа
«Қысқа мерзімді жоспар 1836-1838жж. Бөкей ордасындағы қазақтардың көтерілісі»
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
8.2В Отарлау және ұлт-азаттық күрес Мектебі: Қандыағаш қалалық №4ЖББОМ
Күні: 12.12.19 Мұғалімнің аты-жөні: М Сегизбаева
Сынып: 8 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы: 1836-1838 жж. Бөкей Ордасындағы қазақтардың көтерілісі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
8.3.1.5 – халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау;
8.3.1.6 – ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының рөліне баға беру
Сабақ мақсаттары
1836-38жж Бөкей Ордасындағы отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық басталуы, барысы мен нәтижесі туралы зерттейді
Бағалау критерийлері
Қолдану- тарихи оқиға орнын картаға түсіреді;
Сыни ойлау мен талдау- көтерілістің басталуын, барысын, нәтижесін, тарихи мағызын талдайды;
Бағалау- көтеріліс басшыларын бағалайды
Тілдік мақсаттары
Пәндік лексика мен терминология:
Ішкі Орда, барымта, буферлік аймақ
Оқушылар Бөкей Ордасындағы көтерілістің басталуы, жүру барысы мен нәтижесі туралы зерттеу жұмыстары жүргізіледі. «Исатай мен Махамбеттің ортақ идеясы қандай болды?» тақырыбына ой-түйін жасайды. (оқылым,айтылым, тыңдалым, жазылым дағдысы)
Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:
Исатай мен Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтерілістің басты себебі...
Исатай мен Махамбеттің ортақ идеясы...
Исатай мен Махамбетті ..... біріктірді
Бұл оқиға/тұлға маңызды болды, өйткені...
Бұл оқиғаның салдары...
Құндылықтарды дарыту
«Мәңгілік Ел» идеясының «Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы» құндылығын, көтерілістің себептерін, салдарын, маңызын талдау барысында жүзеге асады.
құндылықтарынан «Функционалды сауаттылық», «Құрмет пен ашықтық» сабақ бойы іске асады.
Жаһандық азамат ретінде-Ресей империясының отарлау саясатының нәтижесіндегі болашақ өзгеріске дайын болу қажеттігін түсінеді
Пәнаралық байланыстар
География,дүние жүзі тарихы пәндерінен алған білімдерін картамен жұмыс жасау барысында пайдаланады. Әдебиет пәнінен алған білімін Махамбеттің ақындық өнерін бағалағанда қолданады.
АКТ қолдану дағдылары
Сабақ барысында интерактивті тақта мен жеке ноутбук қолдануға рұқсат етіледі. Қауіпсіздік ережелерін сақтау үнемі бақыланады.
Бастапқы білім
ХVІІІ ғасырда басталған Ресей империясының отарлау саясатының мақсаттары мен алғашқы әрекеттерін біледі
-«Сібір қырғыздары» мен «Орынбор қырғыздары» Жарғыларының авторларын атайды; -Жарғылардың қабылданған жылдарын біледі; -Сібір қырғыздары облысы мен Орынбор қырғыздары облысының әкімшілік құрылымы мен ондағы билік басындағы тұлға атауын анықтайды
Бейнематериалмен тыңдата отырып, келесі тапсырмаларды орындатыңыз. Оқушыларға кемінде маңызды деген 6 немесе 4 мағлұматты дәптерге жаздыртып, сол мәліметтер арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтатуға әрекет жасаңыз. Бір- екі оқушының жазған маңызды ақпаратымен тақырыпты анықтатыңыз.
Б Сабақтың тақырыбымен, оқу мақсатымен, бағалау критерийлерімен таныстырылады. Сабақтың тарихи концептісі мен зерттеу сұрағына назар аударылады.
Әр топқа қорғауға 3 минуттан 12 мин. Мәтінмен жұмыс.
Т Оқушыларды төрт топқа бөліп, мәтін таратып беріңіз. Оқушылар берілген мәтінді оқып, топ ішінде талқылайды, нақты сұраққа жауап қарастырады. Мұғалім топтағы оқушыларды аралап, қолдау-көмек береді.
Топтық тапсырмалар:
1-тапсырма
Фишбоун әдісі
1-топ
1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы қазақтардың көтерілісінің себебін анықтайды
2-топ
1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы қазақтардың көтеріліc барысын мен соғыс қимылдарына талдау жасайды.
3-топ
Көтерілістің жеңілу себептері анықтайды
4-топ
Көтерілістің тарихи маңызына баға береді.
Дескриптор:
-1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы қазақтардың көтерілісінің себебін анықтайды
-1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы қазақтардың көтеріліc барысын мен соғыс қимылдарына талдау жасайды.
-Көтерілістің жеңілу себептері анықтайды
-Көтерілістің тарихи маңызына баға береді.
2-тапсырма
1-топ «Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлын қандай ортақ идея біріктірді? 2-топ SWOT ТАЛДАУ
3-топ Венн диграммасы
4-топ Сәйкестендіру тест
Дескрипторы:
-Қос батырды біріктірген ортақ мақсаттың кемінде 1-уіне мысал беру;
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басқарған көтерілісті талдау
Көтерілістің нәтижесі, жеңілу себептері мен тарихи маңызы
-Көтерілістің нәтижесін анықтайды;
-Көтерілістің жеңілу себептерін атайды;
Ресурстар
https://www.youtube.com/watch?v=p9CexAqM80o
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінгі дейін). Бес томдық. ІІІ т. – Алматы: «Атамұра», 2010 ж.
Қазақстан тарихы. 8 сынып. Хрестоматия. М. Өтемісұлы өлеңдері. 59 бет.
Махамбеттің өлеңдері: «Ереуіл атқа ер салмай», «Қызғыш құс», «Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқан сөзі»
Қосымша-1
Карта
Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Кітаптар және басылымдар. Қазақстанның Мәдени мұрасы
Махамбет Өтемісұлының Исатайдың бейнесін ашатын жырларына сүйене отырып,көтеріліс басшыларының халықшыл бейнесін ашатын эссе жазу
Үйге тапсырма
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
Оқушыларды топтарға бөлгенде әр топта қабілеті жоғары оқушылар болғанын қадағалаймын. орыс сыныптарында тілдік қабілеті жоғары оқушылар қалған оқушыларға қолдау көрсетеді.
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
Оқушылар өзара критерийлер арқылы бағалайды.Мұғалімнің кері байланысы.
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Интерактивті тақтамен мөлшерлі жұмыс жасайды.
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?