«№18 Ш. Уәлиханов атындағы жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
19. 01. 2018 Қазақстан тарихы 10 «А» сынып
Сабақтың тақырыбы: | Қазақ хандығының мемлекеттік басқару жүйесі, құрылымы |
Жалпы мақсаты: | Қазақ хандығының қоғамдық басқару жүйесі мен ішкі саяси құрылымы, әлеуметтік, сот жүйесінің құрылымы туралы меңгерту |
Міндеттері: | XV-XVIII ғасырлардағы Қазақ хандығының басқару жүйесін, ұлыстық құрылымын, әкімшілік-құқықтық нормаларының ерекшеліктерін көрсету. Сот жүйесі, салықтар мен міндеткерлік түрлері туралы білімдерін тереңдету. |
Күтілетін нәтиже: | Оқушылар алған білімдерін өз өмірлерінде қолдана отырып, білім дағдыларын арттыра алады. |
Дерек көздері | Қазақстан Тарихы, Алматы «Мектеп» 2010ж АКТ-ны қолдану Қ.Р-ның саяси картасы Тақырыптық тарихи карта Тест кеспе Нұсқаулық интернет |
Сабақтың критерилері: | «А» деңгейлі оқушылар: Қазақ хандығының басқару жүйесі мен Қазақстан Республикасының басқару жүйесін салыстырады, нақты біледі, саралайды, талдайды, зерттейді. Сонымен қатар, термин сөздерге сұрақтарға толық жауап береді, тапсырмаларды орындауда көшбасшылық жасайды. Қазақ хандығының саяси құрылымы туралы біліп талдай алады. «В» деңгейлі оқушылар: Қазақ хандығының басқару жүйелері мен саяси дамуы туралы біледі, талдайды, зерттейді, өз ойларын толық жеткізеді. «С» деңгейлі оқушылар: Қазақ хандығының басқару жүйесін біледі, картамен жұмыс жасай алады, мемлекеттік басқару құрылымдарын анықтай алады. |
Қолданылатын әдіс-тәсілдер мен ойындар | Топпен жұмыс , Инсерт әдісі, «Мағынаны тану» ДЖИГСО , Сұрақ –жауап. «Мені түсін», миға шабуыл, адасқан әріптер, мозайка, блиц-кринг, интерактивті әдіс |
Сабақта модулдердің кіріктірілуі | Жаңа әдіс-тәсілдер, СТО, ОҮБ және оқуды бағалау, АКТ, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқудағы көшбасшылық, Жас ерекшелігіне сәйкес оқыту. |
Талантты және дарынды балалармен жұмыс | Қазақ хандығының қоғамдық саяси дамуы, басқару жүйесін қазіргі Қазақстанның жағдайымен салыстыру, талдау, саралау, жүйелеу. |
Сабақ кезеңдері | тапсырмалар | Мұғалімнің іс-әрекеті | уақыты | Оқушылардың іс-әрекеті |
Білім алу Қызығушылықтарын ояту | Топтық ережені сақтау | | 3 мин | Оқушылар әртүрлі сәлемдесу арқылы өздеріннің арасында ынтымақтасу атмосферасын қалыптастырады Оқушылар суреттердің ұқсастығына қарай бөлінеді. |
түсіну | -« кім біледі?» ойыны -«Миға шабуыл», -«Адасқан әріптер» | Кері байланыс: « кім біледі?» ойыны «Миға шабуыл» тұлғаларды тану «Адасқан әріптер» арқылы мемлекеттік басқару жүйелерін анықтап, түсінеді. Қазақ хандығының мемлекеттік басқаруы туралы айтып өтемін. «Хан», «Қаған», «уәзір», «би», қолбасшы, жасауыл, бұйрық, тархан, білікшілер, беклер-бек, сұлтан, жарғы, ханталапай, хан сайлау, құрылтай, монархия, демократия, Президент, Конституция, парламент, мемлекеттік өзін-өзі басқару, т.б Салық жүйелері: тағар, ұшыр, вакфтық салық, иқта, иқтадар, сойырғал, баж, зекет, харадж, түтін т.б Слайд бойынша өткен жаңа тақырыпты түсіндіру. | 8 мин | Оқушылар Слайдта көрсетіген суреттер бойынша өздерінің өткен сабақта алған білімдерін тексереді. Тұлғалардың суреттері арқылы байланыстырып тақырыпты ашады. Адасқан әріптерді табу арқылы сөздердің мәні мен мағынасын түсінеді |
қолдану | «Венн диограммасы» Хандық басқару жүйесін байланысты постер қорғау | жоспар Хандық өкіметтің басқару жүйесі Ұлыстық құрылым Әлеуметтік құрылым Әкімшілік-құқық нормалары мен қылмыстық іс. Сот жүйесі Меншік мәселесі Салықтар мен міндеткерліктің түрлері Бірінші мәселеде хандық өкіметтің басқару жүйесінің ерекшелігіне, хан сайлауына тоқталу қажет. Ханның бес түрлі құқығы мен міндетін түсіндіру кезінде төмендегі сызбаны пайдалануға болады. Құқығы Мемлекеттің жеріне билік жүргізу Соғыс жариялау, билік жасау Шет мемлекеттермен келіссөз жүргізу Өзіне бағынышты адамдарды өлім жазасына кесу не тірі қалдыру Заң шығару, бұйрық беру Міндеті Сабақ жоспарындағы екінші мәселе-ұлыстық құрылым. Ұлыс-саяси-экономикалық басқару жүйесі. Мұғалім ұлысты шыңғыс хан тұқымдары басқарып отырғанын айта отырып, оқушыларға «Шыңғыс хан империя құрғанда аймақты басқаруды қалай бөлген?» деген сұрақ қоя отырып, өткен тақырыптарын еске түсіріп, ұлыстық құрылым туралы деректерге сүйеніп, толық түсіндіреді. Мұғалім қазақ халқының әлеуметтік құрылымы 2 топқа бөлінгенін, оларға жеке-жеке тоқтала отырып түсіндіреді. Тірек-сызбаны пайдалануға болады, бұл оқушылардың материалды терең ұғынып, есте сақтау қабілетін арттыра түседі. Қазақ халқының әлеуметтік құрылымы І. Феодалдар Сұлтандар, қожалар Билер, бай-шонжарлар, батырлар, ақсақалдар ІІ. Қарапайым халық Қараша, қара кісі, шаруа, бұқара құл құтан ІІІ. Құлдар, күңдер-бас бостандығы жоқ адамдар. Төртінші мәселе бойынша мұғалім Тәуке ханның кезінде шығарылған «Жеті Жарғы» заңдарының әкімшілік-құқықтық нормалары мен қылмыстық істі қарау, реттеуде алатын орны, маңызы жайында айтады. Бұл заңдар жинағына «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» әдет-ғұрып, қағидалары енгізілгенін түсіндіре отырып, сабақтың әрі қарай «Жеті-Жарғы» кітапшасына, оның қағаз бетіне түсірілген немесе техникалық құрал арқылы көрсетілген баптарына тоқталады. Сабақ жоспарының бесінші мәселесі-сот жүйесі. Қазақ хандығында сот үкімін шығару ханда, биде, сондай-ақ ру-тайпа басшыларының қолында болған. Егер айыпкер билердің өзіне тағып отырған айыбын әділетсіз немесе күмәнді деп тапса, онда билердің ауыстырылуын талап етуге құқылы болған. Сот үкімін орындататын орган болмағандытан, оны жүзеге асыру жеңіп шыққан жаққа берілетінін түсіндіре отырып, мұғалім оны қазіргі өмірмен байланыстырса, сабақтың тиімділігі арта түседі. Мұғалім оқушыларға қазақ қоғамында жерге, малға деген меншіктің болғанын деректемелер келтере отырып түсіндіреді. Салық, міндеткерлік түрлерін түсіндіруде мұғалімнің сызбаны пайдалануына болады. Салық түрлері Халықтың атқаратын міндеткерлагы Хан мен сұлтанға сыбаға, соғым беру. Ақсүйектерді қонақ етіп күту Салық жинаушыларды, т.б. көлікпен қамтамасыз ету. | 18мин | Оқушылар постермен топ болып жұмыс атқарады. Сонымен қатар олар семантикалық картада берілген тақырыпты жүйелеп қорғайды. Тірек сызбаға түсіреді. Оқушылар рөлдік ойындар арқылы сұрақтарға жауап береді. |
талдау | | «Венн диограммасын» толтырады.
Қазақ хандығы Қазақстан Республикасы ұқсастығы Постер қорғау: «Қазақ хандығының басқару жүйесі» | 10 мин | Оқушылар өтілген тақырыпқа сай шолу жасап өтеді. Берілген тапсырмаларды топпен және жеке орындайды |
Жинақтау | «Сәйкестендір» ойыны «Жалғасын тап» ойыны «Мағынаны таны» «Есептеп көр» Математикалық ойын | Сабақтың бекіту: | 5мин | Дарынды оқушылардың балсенділігі немесе ЖАДА құру |
Бағалау | | Бағалау: критери арқылы бағалау. суммативті және формативті түрде бағаланады | 3 мин | Лидердің бағалауы |
рефлексия | | Үй тапсырма беру. Қазақ халқының мәдениеті Кері байланыс: Инсерт әдісі бойынша не білдім? Не білгім келеді? Бойынша жауаптарын толтырады | 5 мин | |
Әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы ыңғайлас келді.
Әдет-ғұрып, салт-саналары, дәни наным-сенімдері, этникалық құрамы ұқсас болды.
Қазақстандағы этносаяси қауымдастық Жәнібек пен Керей сұлтандар төңірегіне шоғырланды.
Қазақ хандығының құрылуына, қазақ халқының этникалық құрамының күшеюіне мүмкіндік туғызды.
ІҮ. Сабақтың бекіту:
Әбілқайыр хандығы мен Моғолстан хандығының күш-қуаты әлсіреп, күйреу дәрежесіне жетті
Керей мен Жәнібек сұлтандар Батыс Жетісу жері Қозыбасыда қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, 14651466 жылдары Қазақ хандығын құрды.