kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы майданында

Нажмите, чтобы узнать подробности

         Задачами урока являются формирование у студентов  представления об историческом значении Победы,   её участниках, сражениях,  цене победы над фашизмом. Углубить знания студентов  о героях - казахстанцах, об их подвигах в годы ВОВ.                                                                        Воспитывать чувство патриотизма и гордости за свою Родину и народ,  стремление знать историю своего народ

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы майданында»


Аралбаев Серікқали Түлкібайұлы,Атырау индустриалды колледжі қоғамдық пәндер оқытушысы,Атырау қаласы.

Пәні:

Қазақстан тарихы


Сабақтың тақырыбы

Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы майданында

Білімділік:









Дамытушылық:


Тәрбиелік:

Ұлы Отан соғысының ерлікке толы қаһарлы жылдары бірте бірте алыстап барады. Бірақ адамзат дүние жүзін фашистік құлдықтан аман алып қалған халықтың ғажайып ерліктерін ешқашан ұмытқан емес. Фашизмнің айуандық жоспарының сөзсіз күйрегендігін ашып көрсеткенін 1418 күнге созылған сұрапыл соғыстың соңғы нүктесін қойған әкелеріміз бен аталарымыздың ұлылығын тереңірек ұғындыру.Ұлы Отан соғысында елге танылған Қазақстандықтар ерлігін, насихаттау.
Соғысқа байланысты материалдарды ұғыну, батырлар ерліктеріне баға беру, қорытынды жасай білуге дағдыландыру.
Елін, жерін шексіз сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Жаңа білімді игерту

Сабақтың әдісі

- баяндау

- ой қозғау

- қосымша материалдармен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі

Карта,слайд,бейне таспа

Пәнаралық байланыс

География

Ұйымдастыру

кезеңі:

-амандасу

-студенттердің сабаққа қатынасын тексеру

-студенттердің сабаққа дайындығын тексеру,көңілін сабаққа аудару

Жаңа сабақты меңгерту:









Картамен,слайдпен жұмыс

































Слайдпен жұмыс, 28 панфиловшылар туралы студенттер хабарламаларын тыңдау.



















































Слайдпен жұмыс,

Бауыржан Момышұлы туралы  студенттер хабарламаларын тыңдау.




































Слайдпен жұмыс,

Әлия Молдағұлова туралы студенттер хабарламаларын тыңдау.











































Слайдпен жұмыс,

Батыр жерлестеріміз туралы студенттер хабарламаларын тыңдау.











Жоспары:

1.Ұлы Отан соғысының басталуы.

2.Қазақстандықтар майдан шебінде.

3.Батыр жерлестеріміз.

Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихындағы ұлы оқиға. Оның қасиеті мен қасіреті жаныңды түршіктіреді. Әрі ерліктерге басыңды идіріп таңқалдырады. Елбасына күн туған кезеңдерде рух пен намыстың мықтылығы сыналды. Қанға боялған даласы, аңыраған анасы, жетім қалған баласы үшін кектенді. Ұлы Отан соғысы 1941 - 1945 жылдар аралығында болды (соғыстын басталуы туралы таспаны тындау)
Еуропада орналасқан Германияда 1933 жылы ұлтшыл - фашистік тәртіп орнады. Жетекшісі Адольф Гитлер болды. 1939 жылы фашистік Германия әлемге иелік ету мақсатында соғыс бастады. 1939 жылы 1 қыркүйекте Польша жеріне басып кірді. 1941 жылы Германия Еуропаның көптеген елдерін басып алды. Енді тек оған қарсы шығатын КСРО ғана қалды. Фашистік Германия КСРО - ны 3 - 4 ай - дың ішінде басып алу жоспарын жасады. Ол жоспар «Барбаросса» деп аталды.
1941 жылы 22 маусымда неміс әскерлері КСРО шекарасына басып кірді. Ұлы Отан соғысы осылай басталды. Қазақстан халқы да Отан қорғау ісіне алғашқы күндерден бастап өз үлестерін қосты.
ҰОС жылдары 1 млн 200 мың қазақстандық армия қатарына алынды. Қазақстан халқының бестен бірі майданға аттанды.
Ең алдымен Қазақстан экономикасын соғысқа бейімдеп қайта құру жүргізілді. Көптеген өнеркәсіптер соғысқа қажетті заттар шығаратын кәсіпорын етіліп қайта құрылды. Сонымен қатар майдан өңірі болып саналатын Ресей, Украина, Белоруссиядан көптеген кәсіпорындар Қазақстанға көшірілді. Ондай кәсіпорындардың саны 220 - ға жетті.
1941 - 1945жж. ауыл еңбеккерлері майданға 5829 мың тонна астық, 734 мың тонна ет және басқа да азық - түлік, өнеркәсіп үшін шикізат берді.
Қазақстан майданды шикізатпен қамтамасыз ететін негізгі базаға айналды. Майданда қолданылған барлық оқтың 90%- ы Қазақстан жерінде өндірілген қорғасыннан жасалды. Қазақстан жерінде яғни тылда негізінен кәрі адамдар, әйелдер және балалар жұмыс істеді.

Қазақстандықтар майдан шебінде.

1.Москва үшін шайқас.

2.Ленинград үшін шайқас.

3.Сталинград үшін шайқас.

Мәскеу үшін  шайқас

Мәскеу алаңындағы күрес 1941 жылы қарашада басталды. Шегінген кеңес әскері Мәскеуге 25-30 шақырым таяп келді. Мәскеуді қорғау үшін шайқасқа Қазақстанда құрылған атақты 316 атқыштар дивизиясы қатысты. Оны генерал-майор И. В. Панфилов басқарды. Панфилов қаза тапқаннан кейін оның жауынгерлерін «панфиловшылар» деп атады. Осы шайқаста 16 желтоқсанда болған 28 панфиловшылардың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Қаншама әскерден тек 28 батыр аман қалып, жаудың алғаш 20, одан кейін 30 танкісін қалаға жібермей 4 сағат бойы ұстап, ерлікпен қаза тапты. Осы ротаның жетекшісі В.Г. Клочковтың: «Ресей кең-байтақ, бірақ шегінерге жол жлқ, артымызда Мәскеу» деген жалынды сөзі бүкіл майдан даласына, кейін бүкіл елге рух берді. осы 28 панфиловшылардың барлығын Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 

Бұл Мәскеу үшін шайқаста біздің еліміздің батыры, аға лейтенант Б. Момышұлы басқарған батальион жауынгерлері үлкен ерлік көрсетті. Олар жауды 1942 жылы қаңтарда астанадан бірнеше шақырымға қуып тастады. Мәскеу үшін шайқаста Мәлік Ғабдуллин, Төлеген Тоқтаров, Рамазан Елебаев сынды жауынгерлер мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Жиырма сегіз гвардияшы Панфиловшылар — Ұлы Отан соғысы жылдарында Мәскеуді ерлікпен қорғаған қазақстандық жауынгерлер. 1941 ж. 15 қарашада Германия әскерлері 51 дивизиямен Мәскеуге екінші “негізгі шешуші шабуылды” бастады. Батыс майдан жауынгерлері ауыр ұрыстар жүргізді. Осы майданға кіретін 16-армияның құрамында Алматыда жасақталған генерал-майор И.В. Панфилов басқарған 316-атқыштар дивизиясы (кейіннен 8-гвардиялық-панфиловшылар дивизиясы) Мәскеу түбіндегі Волоколам тас жолын қорғады. 16-қарашада жау Волоколам бағытында ұрысқа шығып, Дубосеково разъезіндегі 1075-атқыштар полкі 4-ротасының 2-взводы тұрған бекініс шебіне шабуыл жасады. Ротаның саяси жетекшісі В.Г. Клочковбасқарған взвод жауынгерлері — барлығы 28 адам мылтықпен, жанармай құйылған шөлмектермен, гранаталармен қаруланып, жаудың 20 танкісімен 4 сағатқа созылған ұрыс жүргізді. Жаудың 14 танкісі қиратылып, панфиловшылар арасынан да бірнеше адам қаза тапты. Жау ұрысқа тағы 30 танк шығарды. Қазақстандық жауынгерлер соғыс тарихында сирек кездесетін ерлік жасап, жаудың болат құрсанған машиналарына төтеп берді. 28 панфиловшылардың 23-і қазаға ұшырады, бірақ жау танкілері олардың шебінен өте алмады. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1942 ж. 21 шілдедегі Жарлығымен бұл жауынгерлердің барлығына Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Олар: Николай Яковлевич Ананьев,Григорий Михеевич Безродных, Николай Никонорович Белашев, Бондаренко Яков Александрович, Васильев Илларион Романович, Иван Евстафьевич Добробабин, Дутов Петр Данилович, Емцов Петр Кузьмич,Нарсұтбай (Нұрсұлтан) Есболатов, Калейников Дмитрий Митрофанович, Клочков Василий Георгиевич, Абрам Иванович Крючков, Григорий Ефимович Конкин, Қожабергенов Әлиасқар, Әлікбай Қосаев, Николай Гордеевич Максимов, Гавриил Степанович Митин, Митченко Никита Андреевич, Иван Васильевич Москаленко, Иван Моисеевич Натаров, Григорий Алексеевич Петренко, Мұсабек Сеңгірбаев, Дмитрий Фомич Тимофеев,Николай Игнатьевич Трофимов, Иван Демидович Шадрин, Иван Алексеевич Шепетков, Григорий Мелентьевич Шемякин, Дүйшөнкул Шопоков. Батырлардың есімімен аталатын мектеп, ауыл, аудан, көше, парктер бар. Алматы қаласындағы 28 панфиловшы-гвардияшылар паркінде, Мәскеу түбіндегі Дубосеково разъезінде және батырлардың туған жерінде ескерткіштер орнатылып, мемориалдық мұражай ашылған.

Бауыржан Момышұлы (24 желтоқсан 1910 - 10 маусым 1982) —1990 жылы Кеңес Одағының Батыры атағы берілді,жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик.

Батыс майданындағы 16 армияның 316 (1941 жылдың қарашасынан бастап 8-гвардиялық Қызылту атқыштар дивизиясы 1073 атқыштар полкінің (1941 жылдың қарашасынан 19 Гвардия полкі) және батальон командирі.Ұлы Отан соғысына генерал-майор И.В. Панфилов басқарған әйгілі дивизиясының құрамында 1941 жылдың қыркүйек айынан бастап қатысты. Батальон командирі ретінде аға лейтенант Бауыржан Момышұлы Мәскеу үшін шайқаста 207 рет ұрысқа қатысты. 1941 жылдың 16-18 қараша күндері вермахтың Мәскеу бағытында екінші мәрте жасаған жорығы кезінде аға лейтенант Момышұлы басқарған батальон дивизиядан қашықта, Матронино деревнясының жанында Волоколамск тасжолында асқан ерлікпен ұрыс жүргізді. Білікті комбаттың басшылығы арқасында 3 күн бойы фашистер шабуылын тойтарып, батальон үлкен шығынсыз, ұрысқа қабілетті жағдайда қоршаудан шығады.

Ленинград үшін шайқас.

Ұлы Отан соғысы тарихында қаһарман қала Ленинградты қорғауда және азат етуде кеңес халқы ерен ерлік көрсетті.

1941 жылы 8 қыркүйек айынан 1943 жылы 18 қаңтарға дейін фашистік Германия әскері Ленинград қаласына шабуыл жасап, оны бірден басып алмақшы болды. Алайда Кеңес әскері бұл әрекетке тойтарыс берді. Жау әскері қаланы түгелдей қоршап алып, онымен барлық байланысты үзіп тастады. Фашистер аштықтан, суықтан қалтыраған қала халқы өздігінен беріледі деп ойлады. Немістер қаланы күн сайын бомбалап, қаладағы жарық, жылу, су жүйесін бүлдірді. Қалада азық-түлік жетіспей, аштық басталды. Ленинград 900 күн бойы жау қоршауында тұрса да, қала жұмыс істеуін тоқтатпады. Ол орталықпен тек бір ғана жол арқылы байланыс жасады, мұны жау күтпеген еді. Бұл Ладога көлінің мұзы арқылы салынған жол болатын. Осы жолды ленинградтықтар «Өмір жолы» деп атады. Себебі бұл жолмен қалаға жүк машиналары азық-түлік, оқ-дәрі тасыды. Қайтар жолда қарттарды, ауру балаларды алып қайтатын. Жол күндіз-түні күзетіліп, жауға берілмеді.

1944 жылы ғана жау қоршауы бұзылып, фашист әскері қаладан қуып тасталды. Қазақстандық 310, 314 атқыштар дивизиялары Ленинград үшін шайқаста аяғына дейін қатысты. Шығыстың әйгілі қос жұлдызы Ә. Молдағұлова мен М. Мәметова ерлікпен қаза тапты. Олардың даңқты есімдері Ленинград үшін күрес шежіресінде алтын әріптермен мәңгі қалды.

Сонымен қатар кеудесімен жау пулеметін жауып, Отан үшін жанын қиған Сұлтан Баймағанбетов пен 1941 жылы 26 маусымда отқа оранған ұшақты жау танкілері мен қару-жарақ қоймасына бағыттап, ерліктің жарқын үлгісін көрсеткен.

Сталинград Шайқасы – 2-дүниежүзілік соғыстағы басты шайқастардың бірі. Ол қорғаныс (1942 жылы 17 шілде – 18 қараша) және шабуыл (1942 жылы 19 қараша – 1943 жылы 2 ақпан) кезеңдерінен тұрады.

Қазақстан Сталинград майданының ең жақын тылы болды. Батыс Қазақстан станциялары мен елді мекендерінің кең көлемді бөлігі соғыс қимылдарының аумағына тартылды. 1942 ж. 1 қыркүйекте Атырау қорғаныс көтерісті құрылды. 15 қыркүйекте облыстың мемл. қорғаныс к-ті соғыс жағдайын енгізді. Сталинград майданы әскери кеңесінің нұсқауы бойынша 1942 жылы 16 қазанда Орал майдан өңіріне, ал 10 күннен кейін КСРО ХКК-нің арнаулы қаулысымен әуе шабуылынан қорғану пункттерінің қатарына енгізілді. Чапаев, Ушаков, Тайпақ, Зеленов аудандарында 10 әуежай салынды. Ақтөбе облысының Байғанин, Жұрын, Шалқар, Ключев аудандарында қорғаныс құрылыстары іске қосылды. Сталинград түбінде қарсы шабуылды әзірлеу кезеңінде майданның тыл қызметі 600 км ішкері орналасты. Сайхан, Жәнібек және Шұңғай станцияларында авиация бөлімдерінен басқа 1-танк армиясы мен 57-армияның қоймалары орналасты. Орал қаласында ірі әскери-оперативтік байланыс торабы құрылды. Атыраудан бастап,Жайық өзен бойлай Сталинградтан әкелінген “Волготанкер” кемелері, Каспий және Еділ флотилияларының әскери катерлері жүзіп жүрді. Жау Қазақстан аспанында 30-ға жуық ұшағынан айрылды. Сталинград шайқасына Қазақстанда жасақталған 27, 72 және 73-гв. атқыштар дивизиялары, 292 және 387-атқыштар дивизиялары, 81-атты әскер дивизиясы, 74-теңіз атқыштар бригадасы, 152-атқыштар бригадасы, 129-миномет полкі және 156-жеке көпір құрылысы батальоны қатысты. Даңқты 62-армияның құрамында 4 мыңға жуық қазақ болды. 64-армияның құрамындағы қазақстандық 29, 38-атқыштар дивизиясы сталинград шайқасында көрсеткен табандылығы мен қаһармандығы үшін 72, 73 гв. атқыштар дивизиясы атанды, 73-гв. атқыштар дивизиясына “Сталинградтық” құрметті атағы қоса берілді. 1942 ж. 22 желтоқсанда “Сталинградты қорғағаны үшін” медалі тағайындалып, онымен 750 мың солдат пен офицер марапатталды. 112 адамға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Оның төртеуі қазақстандық – ұшқыш Н.Әбдіров, полк командирі Т.С. Позолотин, взвод командирі Г.Г. Рамаев және минометші Қ.Сыпатаев. 1945 жылы 1 мамырда Сталинград (қазіргіВолгоград) қаһарман қала атағына ие болды

Батыр жерлестеріміз.

Атыраудан 42505 адам майданға аттанып, оның 13287 - сі оралмады. Облысымыз бойынша 9 адам Кеңес Одағының Батыры атағын, 4 адам Даңқ орденінің толық иегері, 344 - і орден, медальдармен марапатталды. 2004жылы желтоқсанда ҚР Президенті жарлығымен Хиуаз Доспановаға «Халық Қаһарманы»атағы берілді.
Атыраулық Кеңес Одағының батырлары
1. Смағұлов Қ. Махамбетауданы, 1919-1993 жж. Керчь үшін
2. Нысанбаев Б Индер ауданы, 1916-1943жж. Орел облысы
3. Баймұханов М. Қызылқоға ауданы, 1910-1945 жж. Ленинград майданы
4. Мазуров Ф. С Құрманғазы ауданы, 1903-1954 жж. Днепр үшін
5. Канцев Г. Ф Махамбет ауданы, 1907-1978 жж. Венгрия үшін
6. Мұсаев М. Құрманғазы ауданы, 1919-1954 жж. Беларус майданы
7. Афанасьев А. Н Құрманғазы ауданы, 1914-1944жж. Воронеж майданы
8. Мохорин М. Ф Индер ауданы, 1916-1998жж. Украин майданы
9. Березин И. В Индер ауданы, 1916-1945жж. Беларус майданы
Ұшқыштық өмір жолын Оралдың аэроклубында бастап, кейін әйгілі ұшқыш Марина Раскова басқарған 46 - гвардиялық полкінің құрамында 300 - ден астам әуе шайқастарына қатысқан Хиуаз Доспанова сол кездің өзінде теңдессіз ерлігі үшін «қанатты қыз» атанған еді. Әлия, Мәншүк, Хиуаз... Олардың есімдерін тек Қазақстан ғана емес, кезіндегі КСРО халықтары да жақсы біледі. Соғыстан кейін лауазымды қызметтер атқарған Хиуаз Доспановаға Елбасының 2004жылы Жарлығымен Халық қаһарманы атағы берілген болатын.
Атыраулық " Даңқ" орденінің толық иегерлері
1. Полынин Е. М Индер ауданы 1923-1984жж.
2. Шамин Г. Т Қызылқоға ауданы 1923-1995жж.
3. Еркінов Ш. Құрманғазы ауданы 1924-1949жж.
4. Әліпов Қ. Жылой ауданы 1924-1986жж.


Сабақты бекіту:


1945ж 2 қыркүйек Жапонияның тізе бүгуімен Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталды.
ҰОС жылдары КСРО 27 млн. адамынан айырылды. Оның шамамен 4101 мыңы қазақстандықтар.
Соғыс жылдары КСРО бойынша 11600 - дей адам ерлігі үшін Кеңес Одағының батыры атағын алды. Соның 497 - сі қазақстандықтар, ал 97 - сі қазақтар болды.
Кеңес Одағының Батыры атағын алған ең жас қазақ жауынгері 18 жасар Жәнібек Елеусіз 1945ж 30сәуірде жауынгер Булатовпен бірге Рейхстагка ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев 1999жылы «Халық қаһарманы» атағын алды.
Дүниежүзін шарпыған жиһандық соғыс қазақ халқының батыр ұлт екенін баршаға мәлімдеді. «Правда» газетінің бетінде 1941 жылы қазан айында «Қазақтар» деген мақала жарияланды. Бұл Мәскеуді



қорғаған 8-гвардиялық Панфилов атындағы дивизия туралы еді. Осы бір жеңіс күндері көрнекті совет жазушысы И.Эренбургтың 1942 жылы жазған «Қазақтар» деген мақаласында: «Бір фриц маған: «Біз жойқын күші бар қаһарман солдаттармен беттестік, оларды алған бетінен тіпті ешқандай оқ та, өрт те тоқтата алмады. Олар тура бізге қарай дауылдай дүркіреп жүгіріп келе жатты. Мен бұлардың қазақ деген халық екенін естідім. Бұрын мұндай халық бар екенін естімеп едім…»деді.
Б елгілі ағылшын тарихшысы Александр Верт өзінің «Ресей 1941-1945 жылдағы соғыста» деген кітабында: «Қызыл Армияның табанды солдаттарының бірі қазақтар болды, тұтас алғанда қазақтар бүкіл соғыс бойында өздерін жақсы жағынан таныта білді. Тіпті Сталинградтың өзінде ең өжет солдаттар қатарында қазақтар тұрды,»-дегендіайтады.
Жазылған жоқ өткен күн жаралары.

Сиреп кетті-ау қарттардың аралары

Бабам жауға бермеген туған жерді

Қорғайды әлі балаңның балалары!

Мақсатсыз елдің тарихта қа­луының неғайбыл екенін тереңнен түсінетін, ұлттың жасампаздығына ұлттық идея қажет екенін бүкіл болмысымен сезінетін Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына кезекті Жол­дауында «Мәңгілік Ел – ата-ба­бамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін барлығымыз білеміз. Ол арман әлем елдерімен терезесі тең қа­тынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол арман тұрмысы бақуат­ты, түтіні түзу шыққан, ұр­пағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз үшін бола­шағымызға бағдар етіп ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы. Тәуелсіздігімізбен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жү­регі, тәуелсіздігіміздің тірегі мәң­гілік елордамызды тұрғыздық. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұр­пақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы – «Мәңгілік Ел», – деген болатын. Осы Жолдаудағы елді елең еткізген басты жаңалық – «Мәңгілік Ел» идеясының жария­лануы еді.Ата-бабамыздың қасық қаны қалғанша қорғаған жерімізбен елімізді көзіміздің қарашығындай сақтап,ұрпақтан-ұрпаққа аманат ретінде тапсыруға тиіспіз.Қазақ Елін Мәңгілік Елге жеткізу біздер мен болашақ жастар Сіздердің қолдарынызда.Сондықтан бүгінгі сабақта айтылған ақпараттарды есте сақтап,батыр аталарымыз бен әжелеріміздің ерліктерін мәңгі есте ұстайық.

Үй тапсырмасы:

Ұлы Отан соғысы туралы қосымша материалдар қарастыру.

Бағалау:




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы майданында

Автор: Аралбаев Сериккали Тулкебаевич

Дата: 30.12.2016

Номер свидетельства: 374654

Похожие файлы

object(ArrayObject)#854 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) "?аза?стан 1941-1945 ж.?лы Отан со?ысы  жылдарында"
    ["seo_title"] => string(43) "kazakstan19411945zhulyotansogysyzhyldarynda"
    ["file_id"] => string(6) "293565"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455511671"
  }
}
object(ArrayObject)#876 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(133) "9 сынып            ?аза?стан тарихы. ?аза?стан 1941-1945 ж.?лы Отан со?ысы  жылдарында"
    ["seo_title"] => string(65) "9synypkazakstantarikhykazakstan19411945zhulyotansogysyzhyldarynda"
    ["file_id"] => string(6) "293636"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455524637"
  }
}
object(ArrayObject)#854 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(93) "Екінші дүниежүзілік соғыс 9 класс Дүниежүзі тарихы"
    ["seo_title"] => string(58) "iekinshi_duniiezhuzilik_sog_ys_9_klass_duniiezhuzi_tarikhy"
    ["file_id"] => string(6) "386404"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1485938454"
  }
}
object(ArrayObject)#876 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(77) ""Мәңгілік өшпес отты жылдар" тәрбие сағаты"
    ["seo_title"] => string(47) "m_n_ghilik_oshpies_otty_zhyldar_t_rbiie_sag_aty"
    ["file_id"] => string(6) "423165"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1498456524"
  }
}
object(ArrayObject)#854 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) ""Аталар ерлігі- бізге ?лгі" "
    ["seo_title"] => string(29) "atalar-ierlighi-bizghie-ulghi"
    ["file_id"] => string(6) "208500"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1430828250"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства