Просмотр содержимого документа
«Қазақстандағы этносаяси үдерістер»
Сабақ тақырыбы: Қазақстандағы этносаяси үдерістер
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Қазақтардың халық болып қалыптасу үдерісінің аяқталу себептері мен жағдайлары туралы түсіндіру.
2.Дамытушылық: оқушылардың жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру, жүйелі ойлау қабілетін дамыту. Оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өз бетінше жұмыс жасауына бағыт-бағдар беру.
3.Тәрбиелік: Ұлттық патриоттық тәрбие беру, адамгершілік сана сезімін қалыптастыру, туған ел мен жерін сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Электронды оқулық, сөзжұмбақ, ҚР картасы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Электронды оқулықпен жұмыс, «миға шабуыл», ауызша баяндау, әңгімелесу, сұрақ-жауап, тест тапсырмасы.
II. Үй тапсырмасын сұрау. 10 параграф. Қыпшақ мемлекеті.
Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
III. Сабақтың барысы: 11 параграф. Қазақтардың халық болып қалыптасуының аяқталуы.
Миға шабуыл сұрақтары:
Ежелгі грек авторлары сақтарды қалай атаған?
Ертедегі Қытай жазбаларында үйсін атауы қай кезден бастап кездеседі?
Семей ядролық қару сынақ полигоны қашан жабылды?
ҚР-сы қашаннан бастап БҰҰ-на мүше болды?
ЮНЕСКО шешімімен 1996 жыл қалай аталады?
ҚР Президентінің «Қазақстан-2030» атты стратегиясы қашан жарияланды?
Ақмоланың атауы қашан Астана болып өзгертілді?
Ұлы Жеңістің 60 жылдығы қашан тойланды?
Астананың тұсаукесер рәсімі қашан өтті?
«Халық бірлігі мен ұрпақтар сабақтастығы» жылын ата?
Монғол шапқыншылығы әсерінен Қазақстандағы халықтардың этностық құрамы елеулі өзгерістерге ұшырады. Этностық бірлестіктер ыдырап, халық болып қалыптасу үдерісі бұзылды. Монғолдар қанша жаншып, таптағанымен, өз саяси билігін жүргізгенімен, жергілікті халық көптігі арқасында өз тілдерінде сөйлеп, өз діні мен әдет-ғұрыптарынан айырылмаған.
Этносаяси қауымдастық дегеніміз – белгілі бір тарихи-этнографиялық аймақ шебінде құрылған мемлекет тұрғындары.
Қазақтардың халық болып қалыптасуында қыпшақ тайпаларының алатын орны орасан зор. XI-XII ғ. аралығында бүкіл Қазақстанның жерінде қыпшақ тілінде сөйлеген қыпшақ халқының өмір сүргендігін көруге болады. Қыпшақтардың этностық құрамына ұран, баят, азкіші, түркеш, т.б. түркі тілдес тайпалар да енген. Қыпшақтар тарихын зерттеуші Б.Е.Көмеков: «Қазақ» сөзінің қыпшақтар арасынан шыққандығына ешбір күмән жоқ», - дейді.
Электронды оқулықтағы №3 модуліндегі видеомен жұмыс.
XV ғ. 50-жылдардың соңында Керей мен Жәнібек хандардың Қазақ хандығын құруы қазақтардың халық болып қалыптасу үдерісін толығымен аяқтайды. Ал жаңа құрылған хандықтың халқына «қазақ» деп ат тағылған. Сонымен Қазақстанда халық болып қалыптасудың екі мың жылға жуық мерзімді басынан өткізген ру-тайпалары «қазақ» деген атқа ие болып, тарих сахнасына шығып, тарихи дамудың жаңа жолына бағыт алған.
IV. «Құпия ұяшық» ойыны
Мұнда ұяшықтардағы жасырын сөздерді табу керек.
1.Осы мемлекеттің шапқыншылығы әсерінен Қазақстандағы халықтардыңэтностық құрамы елеулі өзгерістерге ұшырады?
Монғол
2.Батый ханның әскері қалай аталды?
Қыпшақ
3.Оңтүстік Қазақстан, Жетісу аймағында өмір сүрген тайпалардың бірі?
Жалайыр
4 «Қаңлылар қыпшақша сөйлейді» деп айтқан Еуропа саяхатшысы, ғалым?
Карпини
5. «Қазақ» сөзінің қыпшақтар арасынан шыққандығына ешбір күмән жоқ» деп айтқан атақты қазақ ғалымы?
Көмеков
V. Тарихи оқиғаны бағалау (әр оқушы өз компютерлерінде электронды оқулық арқылы Қазақтардың халық болып қалыптасуының аяқталуы атты тақырыпта ой-толғау жазады)
VI. Бекіту: Электронды оқулықтағы №3 модуліндегі 3-нұсқалы тестпен жумыс.
VII. Қорытынды: Қазақ жері – қонақ жай төрелер жері,
Қазақ елі – қас қақпай ерлер елі.
Елі кедей болмаған – жері байтақ.
Едігелі, Бабырдай шерлер елі.
Қазақ жері көп шеккен қасіретті,
Қазақ жері өнерлі, қасиетті,
Қазақ дейтін халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүр мен салтымыз,
Египетті билеген Бейбарыстай,
Елі текті, киелі, қасиетті – дей келе бүгінгі Қазақтардың халық болып қалыптасуының аяқталуы атты жаңа сабағымызды аяқтаймыз.
VIII. Бағалау.
IX. Үй тапсырмасы: 11 параграф. Ізденіс жұмысы: Қазақтардың халық болып қалыптасуының аяқталуы тақырыбында қосымша мәліметтер, аңыз-әңгімелер жинау.