Просмотр содержимого документа
«Қазақстанда хандық биліктің жойылуы»
Сабақтың тақырыбы: § 17. Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға «Жарғының» ерекшеліктері, жүргізілген реформаның қазақ қоғамына әсері туралы айта отырып, Қазақстандағы хан билігі жойылуының себептерін түсіндіру;
Деректермен жұмыс кезінде логикалық ойлауды, еске сақтау қабілетін жетілдіру және деректерді салыстыра отырып, қорытынды шығаруға ү»рету;
Өткен тарихқа құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Негізгі түсініктер: хан билігі, империялық басқару жүйесі, заң, бағыныштылардың құқ мен міндеттері , халықтың жаңа тәртіпке көзқарасы, «Жарғының» отаршылдық сипаты, сыртқы және ішкі округтар, дистанциялар, Орынбор комиссиясы.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
«Хабар» /ел жаңалықтарынан…/
Оқушы зейінін сабаққа аудару
Үй тапсырмасын сұрау:
Қазақстанның Ресеймен шекаралас аудандарындағы аштықтың негізгі себептері.
Қазақ балаларын шоқындыруға не себеп болды?
Қазақтардың 1812 жылғы Отан соғысына қатысуының тарихъи маңыздылығы неде?
Кестенің толтырылуын тексеру.
Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:
Қазақстандағы хандық биліктің жойылуының себептері мен салдары.
Орта жүзде хандық билікті жоюдың басталуы. Жаңа басқару жүйесін енгізу.
сыртқы округтерде сайлау тәртібі және сыртқы приказдардың негізгі функциялары, міндеттері.
Шаруашылық пен сауданың дамуы.
Денсаулық сақтау, дін, білім беру салаларындағы жаңа тәртіптер. Орта жүздегі 1822 жылдан кейінгі оқиғалар.
Кіші жүзде хан билігін жою.
1877 ж. «Орынбар қырғыздырыны туралы Жарғы».
1822-1824 жж. Жарғыларды енгізудің салдары.
Қазақстанда хандық биліктің жойылуы кездейсоқ оқиға болған жоқ. Ресей империясы басынан бастап алдына осындай мақсат қойды. Ол мемлекет ішінде мемлекеттің өмір сүруіне жол беруге тырысты. ХІХ ғасырдың 1- жартысында қазақ қоғасының экономикалық, саяси, қоғамдық өмірінде болған өзгерістер, Франциямен соғыстың аяқталуы, халық арасында хандардың беделінің түсіп кетуі Қазақстанда хандық билік институтының жойылуына басты себеп болды. ХІХ ғасырдың басында жүргізілген патша үкіметі реформаның басты мақсаты қазақтың дәстүрлі саяси жүйесін жою болды. Өйткені ол қазақ қоғамын шаруашылық жағынан отарлауға бөгет жасады. Тақырыпты оқыту кезінде сабақты үш бөлімге бөлуге болады.
І кезең. Мұғалімнің әңгімесі. Ол хан билігін жоюдың негізгі себептеріне тоқтала отырып, «Жарғының» авторларына және олардың мақсатына жан-жақты тоқталады.
Одан кейін оқушыларға «Орта жүзде хан билігінің жойылуы» («Сібір қырғыздары туралы жарғы», 1822) және «Кіші жүзде хан билігінің жойылуы» («Орынбор қызғыздары туралы жарғы»,1824) деген тақырыптар бойынша өздігінен дайындалуға тапсырма береді.
ІІ кезең. Өзіндік жұмыс.
А) Оқушылар төмендегі жоспар бойынша «Орта жүзде хан билігінің жойылуы» тақырыбына хабарлама дайындаулары керек.
Жобаның аты
Шыққан жылы
Авторлары
Жаңа басқару жүйесінің ерекшеліктері
Округтік приказдарды сайлау тәртібі және функциялары
Мына салалардағы жаңа тәртіп:
экономика
сауда
денсаулық сақтау
білім беру
дін
Ә) «Кіші жүзде хандық билікті жою» (1824, 1844) тақырыбына төмендегі жоспар бойынша хабарлама дайындау:
Жобаның аты
Шыққан жылы
Авторлары
Жаңа басқару жүйесінің ерекшеліктері.
Өзіндік жұмыс нәтижелерін талдағаннан кейін, қорытынды шығару.
Сабақ тақырыбын бекітуге арналған сұрақтар үлгісі:
Қазақстандағы жаңа реформаның мақсатын айтыңдар.
Орта жүзде шаруашылық, сауда, денсаулық, дін салаларында қандай өзгерістер болды? (Кесте толтыру)
1844 ж. Орынбор қазақтары өмірінде қандай өзгерістер болды?
Үйге тапсырма:
Терминдердің мағынасын түсіндіріңдер.қулықтағы мәтінді және Қазақстан тарихы хрестоматиясындағы құжаттарды пайдалана отытыр,
Сабақтың тақырыбы: Кеңес үкіметі билігінің орнауы
Сабақтық мақсаты: Білімділік: оқушыларға Ақпан, Қазан төңкерісі және Кеңестер билігінің орнауы туралы мәлімет беру, аталған төңкерістердің мәні мен сол кездегі Қазақстандағы саяси ахуал жайын түсіне білуге жағдай жасау. Дамытушылық: тақырыпты түсіндіре отырып, негізгі мәселені анықтай білу дағдыларын қалыптастыру, саяси көзқарастарын қалыптастыруға көмектесу, нақты тарихи оқиғалармен таныстыру арқылы ой-өрістерін дамыту. Тәрбиелік: отарлау саясатының салдарын түсіндіре отырып оқушыларды патриоттыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, Отан тарихына деген қызығушылығын арттыру. Сабақтың түрі: аралас Әдісі: интерактивті Пәнаралық байланыс: география Көрнекілік: Қазақстан картасы. Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. II. Жаңа сабақ. Жаңа сабақтың тақырыбы және баяндау жоспары алдын ала тақтаға жазылып қоямын. Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстырамын. Алдымен сабаққа кіріспе ретінде оқушыларга жалпылама сұрақ қоямын. Революция дегенді қалай түсінесіңдер? Бұл сұраққа оқушылар әр түрлі жауаптар беруі мүмкін. Оқушылардың берген жауаптарын бір сөзбен тақтаға жазып қоямын. Осыдан кейін жаңа сабақты түсіндіруге кірісемін. Сабақ жоспары: 1. Патшаның тақтан құлауы. 2. Кеңестердің билікке келуі. 3. Азамат соғысы. Алдымен оқушыларға Ресейдегі император билігі туралы айтып беремін. Үлгісі: Монархиялық жүйе. Императорлар. Император қоластындағы халықтың жағдайы. - Халықтың император билігіне қарсылығы («Қанды жексенбі»). Бұдан кейін 1917 жылғы Ресейде өткен Ақпан және Қазан төңкерістері жайлы оқушыларға түсіндіремін. Оны түсіндіруде төмендегідей схеманы қолданамын. Уақыты Сипаты Нәтижесі Акпан теңкерісі Қазан төңкерісі Осы үлгімен оқушылармен бірігіп отырып кестені толтырып шығамын. Осыдан кейін алдымен Қос үкіметтің содан кейін Кеңес үкіметінің билікке келуі жайлы оқушыларға айтып беремін. 1917 жылғы 25 қазандағы Петроград қаласындағы төңкеріс нәтижесінде билікке жұмысшы, солдат депутаттарының Кеңесі келеді. Кеңестер көсемі В.И.Ленин болды. Кеңестер үкіметі Ресей қарамағындағы аумақтарда әр түрлі кезеңде және әр түрлі жағдайда (қарулы күрес нәтижесінде немесе бейбіт жағдайда) орнады. Қазақстан жерінде де осындай жолдармен кеңестер билікке келеді. Алғашқы кезде кеңестер билігіне қарсы шыққан топтар өте көп болды. Нәтижесінде 1918-1920 жылдар аралығында Азамат соғысы өтті. Азамат соғысы — бір мемлекеттің ішіндегі саяси топтардың билік үшін күресі. Оқушыларға Азамат соғысының барысы, аяқталуы жайында әңгімелеп береміз. Мұғалім оқушылар дәптерлеріне Кеңестер мемлекетінің құрамындағы Қазақстан мемлекетінің (автономиялық және одақтық) құрылу жолын хронологиялық кесте түрінде жазғызады. Оқулықпен жұмыс. 2-3 оқушыға мәтінді дауыстап оқытып, түсінгенін айтқызамын. Оны сынып оқушыларын қатыстыра отырып талдатамын. Қорытынды кезең.: Сабақты бекіту мақсатында көбінесе проблемалық және салыстырмалы сұрақтар қоямын. Сұрақтардың үлгісі. Монархиялық биліктің ерекшелігі неде? Демократиялық Қазақстандағы билік пен монархиялық билікті салыстыр. Патша билігіне халықтың қарсы шығуының басты себептері неде деп ойлайсың? Ақпан төңкерісі мен Қазан төңкерісінің айырмашылықтарын көрсет. Азамат соғысы дегеніміз не? Кеңес өкіметі билікке қалай келді? Кеңестер Одағының құрамындағы Қазақстан мемлекетінің құрылуы қалай өтті? Оқушылардың жауабын толықтырып отырамыннемесе әр оқушының жауабын келесі оқушыға толықтыртамын. Бұдан әрі тақырыптың негізгі, басты мәселелеріне тоқтала отырып бүгінгі сабақты қысқаша қорытындылап өтемін. Бағалау: Үй тапсырмасы: 20-параграфты оқу.