kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақ хандығының қалыптасуы мен нығаюы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларға қазақ хандығы құрылғандығы туралы білім беру

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазақ хандығының қалыптасуы мен нығаюы.»

Пәні: Қазақстан тарихы

Тақырып: Қазақ хандағының қалыптасуы мен нығаюы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру.

Дамытушылық: Оқушының логикалық ойлау қабілетін арттыру үшін сабақ барысында көрнекі құралдар пайдаланып, пікірсайыстар, ойындар ұйымдастырып отыру.

Тәрбиелік: Бүгінгі ұрпаққа тәуелсіздік сыйлаған, қазақ мемлекетінің құрылуына негіз қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу, өз елінің тарихына, адал ұлдарына деген құрмет сезімін қалыптастыру.

Пәнаралық байланыс: География, әдебиет, құқық, математика.

Базалық ұғым: Қазақ хандығының құрылу ерекшеліктері.

Тірек ұғым: Тұңғыш қазақ мемлекетінің шаңырағын көтерудегі Керей, Жәнібек хандар мен халық арасынан шыққан би, батыр, жыраулар рөлі.

Көрнекі құралдар: Қазақ хандығының және Қазақстан Республикасының карталары, Жәнібек, Керей портреттері, түрлі кестелер, карточкалар, тесттер, дөңгелек шеңберлер, ұпайлар,

Сабақтың түрі: Аралас, ойын сабағы.

Сабақтың барысы.

Үш топқа бөлу.

Эврика ойынын өткізу.

Видеоролик - Қазақ хандығының құрылуы

Жаңа сабақты түсіндіру. Жоспар.

  1. Қазақ хандығының құрылуы. Аумағы.

  2. Қазақ халқының арғы ата-бабалары.

  3. Қазақ хандығының нығаюы.

Жаңа сабақты қорыту.

«Математикалық ойын». Студенттер мына есептерді шығарып, шыққан сандар тарихи оқиғалар екенін біледі.

  1. 4000 : 2 – 532= (Әбілхайыр ханның қайтыс болған жылы)

  2. 400 х 3 + 148 = Моғолстанның құрылған жылы.

  3. 2800 + 105 – 1500 = Әмір Темірдің қайтыс болған жылы.

  4. 728 х 2 + 0 = Қазақ хандығының құрылған жылы.

  5. 4000 + 221 – 3000 = Шыңғысханның Орта Азияны жаулауды аяқтауы.

  6. 3800 : 2 + 91 = ҚР-ның Тәуелсіздік алған жылы.

Жылдар сөйлейді.

  1. 1465-1466 жыл (Қазақ хандығы құрылды.)

  2. 1456 жыл (Қазақ хандығы құрылды)

  3. 870-950 жылдар (Әл-Фарабидің өмір сүрген жылдары)

  4. 1991 ж 16 желтоқсан. (Қ.Р.Тәуелсіздігінің жариялануы.)

  5. Б.з-дың 552 жылы. (Түрік қағанаты құрылды)

  6. 1995 жылы 30 тамыз. (Қ.Р. Конституциясы қабылданды)

Студенттерді бағалау.

Үйге тапсырма. «Есен Бұға Моғолыстанда Жәнібек пен Керейге жер бөліп бермегенде» - деген тақырыпқа шығарма жазып келу.

Лекция. (оқушылар нақты деректерді слайдтан көшіріп алады)


Біз үшін қай замандағы тарихымыз болмасын қымбат, айтулы кезеңдерде ту ұстаған бабаларымыздың барлығына да құрметті, бірақ сол, бұрынғы-соңғы тарихта орны бөлек екі адам бар десек, бұлар-Керей мен Жәнібек. Бұлардың қайсысы басшы, қайсысы қосшы деуге болмайды. Екеуі де дана, екеуі де ер. Алаштың асып туған ұлдары. Ежелгі түріктің қият руынан бастау алатын, қазақтың үш жүзіне ортақ төре деген рудан шыққан аталарымыз.

  1. Қазақ хандығының құрылуы.

Алтын Орданың ыдырауына байланысты дағдарыс күшейді. Ұлы далада ру-тайпалардың басы бірікпей, бір бірімен жауласып жүрді.

Әр түрлі тарихи зерттеулерде қазақ хандығының пайда болуын ХY ғасырдың 40-60 жылдарында деп көрсетеді. М.Х. Дулатидің «Тарих-и-Рашиди» еңбегі. Онда қазақ хандығының құрылған уақыты 1465-1466 жылдар деп көрсетіледі. Қазақстан аумағындағы әлеуметтік-экономикалық және этносаяси үрдістердің заңды нәтижесі болды. XV ғасырдың ортасында Қазақстан аумағында тұрғындардың шаруашылық, қоғамдық мүддесін қамтамасыз ететін қуатты мемлекет кұру қажеттілігі туындады. Үлы далада Алтын Орданың ыдырауына байланысты дағдарыс орын алған еді.

Әр түрлі тарихи зерттеулер Қазақ хандығының құрылуын XV ғасырдың 60-жылдарында Керей мен Жәнібек сұлтандар бастаған қазақтардың өзбек ұлысынан бөлініп, Моғолстанға көшуімен және Көшпелі өзбектер мемлекетінің ыдырауымен байланыстырады.

Әбілқайыр 17 жасында Сібір өлкесінде хан болып сайланған. Кейіннен ханға Дешті Қыпшақтың астанасы болған Ұлытау өңіріндегі Орда Базарды басып алуға мүмкіндік туды. Бұл уақытта Әбілқайырдың «Көшпелі өзбектер мемлекетінің» құрамында бүкіл кыпшақ-ноғайлы тайпалары түгелімен (92 баулы кыпшақ) болған еді. «Сайын ханның тағы» (Еділ бойындағы) үшін күрестен кейін Әбілқайыр сыртқы саясатын тез өзгертті. Енді Дешті Қыпшақ көшпелілерінің назары Әмір Темірдің немересі Үлықбек билік еткен Мауараннахрға бағытталды. Мауараннахр бұл кезде саяси жағынан ауыр жылдарды бастан кешірді. 1446 жылы Әбілқайыр хан Сырдария өзенінің бойын басып алды. Көп жылдар Ақ Орданың орталығы болған Сығанақ «Көшпелі өзбектер мемлекетінің» жаңа астанасына айналды. Осы тұста Моғолстан мен Мауераннахрдың көптеген тайпалары Әбілқайырға бағынғанымен, дербестік бағытты ұстана берді.

Шәкәрім Қүдайбердиевтің «Шежіресі» бойынша, мемлекеттің өзбек және қазақ болып екіге бөлінуінің себебі тайпалар арасындағы келіспеушілік еді.

Керей мен Жәнібек Моғолстан ханы Есенбұғадан жайлы қоныс сұрап Бұрындықты елші етіп жібереді. Көп күттірмей Бұрындықтан хабар да келеді. Есенбүға Талас өзенінің бойынан Балқашка дейінгі аумақты (казіргі Шу және Қозыбасы өңірі) беруге келіседі. Есенбұға хан казақ көшін қошеметпен карсы алады. Қазақтың өз мемлекетін құрып, ту тіккен жері Қозыбасы биігі еді. Сол жерде үлкендік дәстүрі бойынша Керейді қазақтың ханы етіп көтереді. 50-жылдардың ортасынан 70-жылдардың басына дейін Әбілқайыр ханның қарамағынан батыс Жетісуға 200 мың адам көшіп барды. Осы жердегі Ұлы жүз тайпалары қоныс аударған қазақ тайпаларымен етене араласып кетеді. Қазақ халқының мемлекет болып қалыптасуына қолайлы жағдай туындады. Алғашында қазақ хандығының аумағы батыс Жетісу жері, Шу өзені мен Талас өзенінің алабы еді. Міне, нақ осы аумаққа деректемелерде тұңғыш рет «Қазақ елі» деген атау қолданылды.

Бұрын бір мемлекеттің құрамында болған ру-тайпалардың бөлінуіне не себеп болды?

Біріншіден, Әбілқайыр ханның өзіне карсы шыққан сұлтандар мен билердің наразылығын аяусыз басып-жаншып отыруы әсер етті. Жошының үшінші ұлы Шайбан әулетінің ұрпағы Әбілқайыр хан, әсіресе Орда Ежен ұрпағы Орыс ханнан тарайтын сұлтандарды бағынышта ұстап, билікке жолатпауға тырысты.

Екіншіден, Әбілқайырдың иелігіндегі ру-тайпалар жаугершілікке байланысты үсті-үстіне көбейе берген салықтар мен міндеткерлікке, билеуші топтардың тартыстары мен согыстарының ауыртпалығына қар-сы шықты.

Үшіншіден, көрші ел Моғолстанның ханы Есенбүға Керей мен Жәнібек сүлтандардың Әбілқайырдан бөліну пиғылын барынша қолдады. Ол қазақ қосындарын ойраттарға тойтарыс беру үшін пайдалануға тырысты.


  1. Қазақ халқының арғы ата-бабалары.

Қазақстан даласында сан ғасырлар бойы көптеген тайпалар мен халықтар өмір сүрген. Ғылыми әдебиетте этнос деп (ұлт, халық, тайпа, жұрт) өз тілі, мәдениеті, шаруашылық дәстүрі, өзіндік үлттың мінез-құлқы бар және қалыптасқан бір аумақта өмір сүретін халықты, ұлтты атайды. Қазақтар жеке халық ретінде өз ұлттық аумағын ХV-ХVI ғасырларда құрды. Халық болып қалыптасқанға дейін олар сан ғасырлың тарихты басынан кешті, ол не бір күнде, не бірнеше жылда құрыла қойған жоқ. Қазақ халқының тарихи тамары Ұлы даланы ежелден мекендеген тайпалармен сабақтас келеді. Себебі қазақтың аңыз-ертегілерінде тас дәуірінің окиғалары, әдет-ғұрыптары кездеседі. Ал қазақ халқының «алаш» атану себебі мыс-тас, яғни энеолит дәуіріне нұсқайды. Қазақ халқының мәдени негізі, антропологиялық түр-тұрпатының қалыптасуына кола дәуірінде осы жерде мекендеген арий және тур, киян тайпалары ерекше әсер еткен. Қазақ халқы аралас нәсіл өкілі болып табылады. Яғни қазақ халқының антропологиялық түр-тұрпаты монғолоидтық және еуропеоидтық нәсіл белгілерінің араласуынан қалыптасқан. Еуропеоидтық (30%) белгі қола дәуірінен қалған мұра. Бертінде тайпалар бір-бірімен араласып қазақ халқы калыптасты. Олар сақтар, гұндар, үйсіндер, каңлылар, түріктер, түркештер, қарлұктар, оғыздар, қимактар, қыпшақтар, наймандар, алшындар, арғындар, керейлер, дулаттар және әр заманда Қазақстан аумағында өмір сүрген көптеген тайпалар еді. Олардың бірінің күші әлсіресе, екіншісі оның орнын басып, өз мемлекетін құрған. Алайда осы құлаған мемлекеттің (мысалы, ғүндар) халқы, тайпалары сол мемлекеттер құлауымен жойылды деп айтуға болмайды. Халықтың көпшілігі өздерінің орнын басқан мемлекеттің немесе тайпалық одактың құрамындағы халықпен араласып кеткен. Қазактардың арғы ата-бабалары болып табылатын сақ тайпаларының бет-пішіні еуропалық, тілі жағынан иран тілдес болған. Дегенмен ғалымдардың арасында сақ тайпалары түрік тілінде сөйледі деген пікір де бар. Кейін б. з. б. III ғасырда Қазақстан жерін каңлылар мен үйсіндер мекендеді. Олар түрі жағынан еуропеоид тектес және аздап монғолоидтық белгілері де байқалды. Одан әрі қарлүқ, қимаң, кыпшақ, т. б. тайпалар қазақ халқының халық болып қалыптасуына елеулі әсер етті.

ХIV-XV ғасырларда Әбілқайыр хандығына қараған тайпалар ортақ «өзбек» деген атпен әйгілі болды. Олар: қыпшақтар, наймандар, қарлұқтар, қоңыраттар, қаңлылар, үйсіндер, ұйғырлар, қияттар (барлығы 92 тайпа) сондай-ақ түркіленіп кеткен монғолдар еді.

  1. Қазақ хандығының нығаюы

Әбілхайыр ханның өлімі (1468ж.), Өзбек ұлысындағы терең дағдарыс Жәнібек пен Керейге Сырдарияның орта ағысы өңіріне,Түркістанға қайта оралып, ендігі уақытта бұл аймақты жаңа мемлекеттің орталығына айналдыру үшін күрес жүргізуіне мүмкіндік береді. 1470 жылдан бастап Сыр өңірінде қазақ жасақтары көріне бастайды.

Осы кезден бастап Шығыс Қыпшақ даласының далалы аудандары мен Сыр бойының орта сағасындағы қалалы орталықтарды өзіне қарату үшін әрекет ету XV ғасырдың 70—80-жылдары, алдымен, Жәнібек пен Керей хандардың, содан соң олардың мұрагері Бұрындық ханның негізгі қызмет арқауына айналады. Бұл жігерлі де мақсатты әрекет XV ғасырдың соңы және XVI ғасырдың алғашқы онжылдықтарындағы қазақ хандарының қызметінде өз жалғасын тапты. Қазақ билеушілерінің Түркістан мен оның төңірегіндегі қалалық орталықтар үшін мұндай табанды күрес жүргізуінің өз себептері бартын.

Орта Сыр өңірі қалалары ерте кезеңдерден әртүрлі экономикалық, саяси және рухани орталық міндетін атқарып келді. Ал Ақ Орда мен Әбілхайыр хандығы кезеңінде көшпелі мал шаруашылығы аудандары мен отырықшы егіншілік жазираларын жалғастырып жатқан бұл өңірдің стратегиялық маңызы арта түспесе, кеміген еместін. Сондықтан да қазақ хандарының жаңа қалыптасып келе жатқан мемлекеттің болашағын тікелей Түркістан мен оның өңіріндегі Отырар, Сығанақ, Сауран,Сайрам, Созақ сияқты қалалармен байланыстыруы толық негізді шешім болатын.

Қазақ хандары мен көшпелі өзбектер ханы Мұхаммед Шайбани арасындағы Сыр бойындағы қалалар үшін күрес XV ғасырдың 80—90-жылдары ымырасыз және тынымсыз соғыс жағдайында өтті. Бұл талас барысына Әмір Темір мұрагерлері мен Моғол хандары да мүдделілік танытып, ауық-ауық араласып отырды. Дегенмен Қазақ хандығын билеген Бұрындық ханның бұл соғысты XV ғасырдың соңына қарай жеңіспен аяқтау мүмкіндігі болған жоқ. Шайбанилықтар тынымсыз күрестен соң Әмір Темір мұрагерлерін ығыстырып, Отырар, Йасы (Түркістан), Арқұқ жәнеҮзгентті алды. Кезінде Сырдың сол жақ бетіндегі Аркұк, Үзгенттен басқа Сығанақ, Созақ және Аққорғанды (1446 жылы) Әбілхайыр ханның иемденгені болмаса, өзге қалаларды атасынан қалған мұра санауға Мұхаммед Шайбанидың ешқандай да негізі жоқ еді. Ал Ташкент пен Сайрамда бұл кезде моғол ханы Сұлтан Махмұд билік кұрды.

Қазақ хандары Сығанақты, Сауранмен қоса Түркістанның солтүстік жақ бетін, Қаратаудың Созақ және басқа елді мекендерімен бірге солтүстік және оңтүстік беткейін, Сырдың төменгі ағысын, Арал жағалауын иемденді.

XV ғасырдың соңғы онжылдықтарында шайбанилықтар мен қазақ хандары арасындағы күрес Түркістан мен Қаратау өңірі үшін ғана жүргендей көрінгенімен, шын мәнінде, бұл күрес қазіргі Орталық және Оңтүстік Қазақстанның далалы аймақтарын мекендеген халықтарды өз биліктеріне қарату үшін болған талас еді. Сондықтан да Жетісу, Түркістанның солтүстік бөлігін, Қаратау мен Сырдың төменгі ағысы өңірлерін билеген қазақ хандары осы аймақтарға жаткан дала халқын да біртіндеп өзіне қарата бастайды. Мұхаммед Шайбани болса, бұл мезгілде Түркістанның тек оңтүстік бөлігін ғана иемденіп, одан әрі ұзап шыға алған жоқ.

XV ғасырдың соңы алғашқы қазақ хандарының қазақ мемлекеттігін нығайта түсуге тікелей қатысты маңызды шараларды атқарған тарихи кезең болды. Мұхаммед Шайбани хан атасы Әбілхайыр ұлысын енді қайтып сол бұрынғы көлемінде қалпына келтіре алған жоқ. Дегенмен бұл мезгіл Қазақ хандығының нығая түсуінің алғашқы кезеңі ғана еді. XVI ғасырдыңбас кезінде Мәуереннахрды Әмір Темір мұрагерлерінен тартып алған Мұхаммед Шайбани ханмен күрес жаңа қарқын алды. Тура осы мезгілде, Шығыс Түркістанды (Қашқария) билеген моғол хандары бірнеше мәрте қазақ хандарынан Жетісуды тартып алу әрекетін жасап көрді. Қайткенде де Сыр бойы қалаларында орнықкан Бұрындық хан Жетісу, Орталық және Батыс Қазақстан өңіріндегі көшпелі тайпаларды хандық билік төңірегіне жұмылдыра білді.

XVI ғасырдың алғашқы онжылдығы Қазақ хандығы үшін Мұхаммед Шайбани ханның тегеурінді шабуылына тойтарыс беру жағдайында өтті. Мәуереннахр билеушісінің 1503—1510 жылдары қазақ жеріне жасаған жорықтары ол қалағандай нәтиже берген жоқ. 1510 жылдың соңында Мұхаммед Шайбани хан Ираншахымен болған шайқаста қаза табады.

1511 жылы хандық тақтан кеткен Бұрындық ханның орнына келген Қасым хан осы сәтті пайдаланып, 1513 жылы Сайрамды өзіне қаратып, Ташкентті алуға әрекет жасады. Сонымен, бұл тарихи кезең Сыр өңірі қалаларының қазақтарға біржола өтуімен аяқталады.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Қазақ хандығының қалыптасуы мен нығаюы.

Автор: Медеубаева Алия Талгатовна

Дата: 12.02.2017

Номер свидетельства: 391014

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(118) ""?АЗА? ХАНДЫ?ЫНЫ? ?АЛЫПТАСУЫ МЕН НЫ?АЮЫ" та?ырыбында?ы саба? жоспары"
    ["seo_title"] => string(63) "kazakkhandygynynkalyptasuymiennygaiuytakyrybyndagysabakzhospary"
    ["file_id"] => string(6) "289283"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454771805"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(91) "Урок на тему "?аза? ханды?ыны? ?алыптасуы мен ны?аюы""
    ["seo_title"] => string(48) "uroknatiemukazakkhandygynynkalyptasuymiennygaiuy"
    ["file_id"] => string(6) "335024"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1466134176"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) ""Қазақ хандығының қалыптасуы мен нығаюы.""
    ["seo_title"] => string(47) "k_azak_khandyg_ynyn_k_alyptasuy_mien_nyg_aiuy_1"
    ["file_id"] => string(6) "391133"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1486963037"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "?аза? ханды?ыны? ?алыптасуы мен ны?аюы "
    ["seo_title"] => string(45) "k-azak-khandyg-ynyn-k-alyptasuy-mien-nyg-aiuy"
    ["file_id"] => string(6) "229832"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1441892720"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "?аза? ханды?ыны? ??рылуы мен ны?аюы"
    ["seo_title"] => string(43) "k-azak-khandyg-ynyn-k-u-ryluy-mien-nyg-aiuy"
    ["file_id"] => string(6) "308366"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458571407"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства