kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Германия Федеративтік Республикасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың  тақырыбы:   §24. Германия Федеративтік  Республикасы

Сабақтың  мақсаты:

А) Германияның  соғыстан  кейінгі  жағдайы, оны  жаулап  алған  мемлекеттердің  герман  милитаризмі  мен  нацизмін  жою  әрекеттері, денцификациялау  саясаты, германияны  басқару  үшін  құрылған  Бақылау  кеңесі  туралы, алғашқы  экономикалық  жаңартулар, басып  алынған  аймақтардағы  саяси  өзгерістер, 1948 ж Берлин дағдарысы, Германияның  ыдырауы, Аденауэр  кезеңі, 1960 – 1980 ж ГФР – дің  ішкі  саяси  дамуы, Шығыс  Германиядағы  социализм  құрылысының  дағдарысы, екі  герман  мемлекетін  біріктіру  процесі, біріккен  Германияның  саяси  және  әлеуметтік – экономикалық  дамуы  туралы, қазіргі  Германияның  халықаралық  жағдайы  жайлы  толық  әңгімелеп  түсіндіру

Б) Сұрақтар  қою, өтілген  тақырыптарды  қайталап  шолу  жасау, оқушылардың  есте  сақтау, ойлау  қабілеттерін  дамыту.

С) Оқушыларды  әдептілікке, тәртіптілікке, елжандылыққа  тәрбиелеу.

Сабақтың  түрі: дәстүрлі  сабақ

Сабақтың  әдісі: әңгімелеу, сұрақ – жауап  әдісі

Көрнекілігі: карта, оқулық, слайдтар

Пәнаралық  байланыс: география, құқық, әдебиет, математика

Сабақтың  барысы:

І.Ұйымдастыру  кезеңі

ІІ. Үй  тапсырмасын  сұрау

ІІІ. Жаңа  сабақты  баяндау

ІҮ. Қорытындылау, бағалау

Ү. Үйге  тапсырма  беру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Германия Федеративтік Республикасы»
























Сыныбы: 9

Пән мұғалімі: Айғараева















Сабақтың тақырыбы: §24. Германия Федеративтік Республикасы

Сабақтың мақсаты:

А) Германияның соғыстан кейінгі жағдайы, оны жаулап алған мемлекеттердің герман милитаризмі мен нацизмін жою әрекеттері, денцификациялау саясаты, германияны басқару үшін құрылған Бақылау кеңесі туралы, алғашқы экономикалық жаңартулар, басып алынған аймақтардағы саяси өзгерістер, 1948 ж Берлин дағдарысы, Германияның ыдырауы, Аденауэр кезеңі, 1960 – 1980 ж ГФР – дің ішкі саяси дамуы, Шығыс Германиядағы социализм құрылысының дағдарысы, екі герман мемлекетін біріктіру процесі, біріккен Германияның саяси және әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы, қазіргі Германияның халықаралық жағдайы жайлы толық әңгімелеп түсіндіру

Б) Сұрақтар қою, өтілген тақырыптарды қайталап шолу жасау, оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.

С) Оқушыларды әдептілікке, тәртіптілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ – жауап әдісі

Көрнекілігі: карта, оқулық, слайдтар

Пәнаралық байланыс: география, құқық, әдебиет, математика

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ. Жаңа сабақты баяндау

ІҮ. Қорытындылау, бағалау

Ү. Үйге тапсырма беру.



І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесіп, назарларын сабаққа аудару. Кабинет тазалығына мән беру.


ІІ.Үй тапсырмасы

§ 23. Франция


Үй тапсырмасының сұрақтары:

1.Екінші дүниежүзілік соғыстан, кейінгі Францияның тарихы неше кезеңге бөлінді? (1944-1946; 1946-1958; 1958 – бүгінге дейін)

2.Франциядағы «Азат Франция» қозғалысының жетекшісі кім?

(Шарль де Голль)

3.Соғыстан кейін Францияда қандай реформалар жүргізілді?

(өнеркәсіп мемлекет меншігіне өтті, әлеуметтік қауіпсіздендіру, еңбек заңдылықтары)

4.Францияның жаңа Конститутциясы қашан қабылданды? (1946 ж)

5.Мемлекет билігі, қалай жүргізілді? (Ұлттық жиналыс, Сенат)

6.Франция НАТО құрамына қай жылы кірді? (1948 ж)

7.Францияның 14 отары қай жылы тәуелсіздік алды? (1960 ж)

8.1968 ж 3 мамырда қандай оқиға орын алды?

(сорбонна университетін студенттер басып алды)

9.Шарль де Голль қай жылы қайтыс болды? (1970 ж)

10.Джорж Помпиду қай жылы президент болып сайланды? ( 1969 ж)

11.В.Жискар д’Эстен қай жылдары мемлекет басқарды? (1947 – 1981 ж)

12.Ф.Миттеран қай жылы президент болды? (1981 – 1985 ж)

13.Париж қаласының мэрі Жак Ширак қай жылы президент болып сайланды? (1995 – 2003 ж)

14.Еуропа Одағына мүше елдерде бірыңғай «еуро» ақшасы қашан енгізілді? (2002 ж)


Қорытынды. Сонымен, Франция соғыстан кейінгі қираған экономикасын қалпына келтіруге тырысты. Соғыс жылдарындағы опасыздар мен сатқындар мемлекеттік аппарат жүйелерінен қуылып, істері сотқа берілді. Соғыстан кейінгі тарихы 3 кезеңге бөлінді:

А) 1944 – 1946 – Уақытша үкімет тәртібі

Б) 1946 – 1958 – Төртінші Республика кезеңі

С) 1958 ж қазірге дейін – Бесінші Республика кезеңі

Көптеген зауыттар, басқа да ірі өндіріс орындары мемлекет меншігіне айналды. 1948 ж Францияның «Маршалл жоспарына» қосылуы, АҚШ – пен бірқатар экономикалық, саяси және әскери келісімдер жасауы, НАТО – ның құрамына енуі, Батыс Германияны қарусыздандыру жоспарын қолдауы, АҚШ – тың әскери базаларына өз аумағын беруі, осының барлығы соғыстан кейін Францияның жағдайының жақсаруына себеп болды. Дегенмен 1950 ж әлеуметтік жанжалдар өрши түсті. Жұмысшы қозғалыстары көп нәрсеге қол жеткізді. Ұжымдық келісім туралы заң қабылданды, еңбекақы көбейтілді, салық мөлшері азайтылды. 1960 ж Франция өзінің 14 отарына тәуелсіздік берді. Оңшылдар мен солшылдардың арасындағы алауыздыққа қарамастан мемлекеттегі тұрақтылық нығайды, ел экономикасы едәуір биіктерге көтерілді. Қазірде Франция ең күшті дамыған елдердің қатарында. Жылдық ішкі өнім өндірудің көлемі жағынан дүние жүзі бойынша төртінші орынды иемденіп отыр. Көп салалы ауыл шаруашылығы халықтың 10 % - ын жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Еуропа аймағында бидай, ет, сүт, май, ірімшік өндіруден алда келеді. Ұшақтар мен зымырандардың түр – түрін шығаруда. Автомобиль жасау жөнінен әлемде 3 орынға ие. Еуропа Одағының алдыңғы шебінде келеді.


ІІІ.Жаңа сабақ


Одақтастар Германия жөнінде өзара келісімге келіп, герман милитаризмі мен нацизмді жою, мемлекетті фашизм қалдықтарынан тазарту, соғысқұмар күштерді күйрету қажеттілігін жақтады. Потсдам шешіміне сәйкес Германияны басқару үшін Бақылау кеңесі құрылды. Кеңестің құрамына 4 мемлекет: үш батыс аймағы АҚШ, Англия, Франция; ал шығыста КСРО күштері бақылады.

«Қырғиқабақ» соғысының қалыптасуы әр аймақтағы одақтастардың Германияны басқару саясатында қайшылықтар туғызды;

1946 ж Парижде өткен бес ұлы державаның сыртқы істер министрлерінің Кеңес мәжілісінде келіспеушілік анық байқалды.

  • Алғашқы экономикалық жаңартулар.

1945 ж соңында КСРО басып алған аймақта экономикалық реформаларды жүзеге асыру байқалды.

  • Нацистер иелігіндегі кәсіпорындар тәркіленіп, экономика мемлекеттік секторға өтті;

  • Экономика саласы жоспарлық жүйеге сүйеніп дами бастады;

  • 1945 – 1946 ж аграрлық реформа қолға алынды.

  • 1948 ж ақша реформасының нәтижесінде батыс аймақтардағы көптеген бос ақшалар азайып, тұрақты ақша жүйесі құрылды.

  • Шаруашылық қатынастардың дамуы екі аймақтағы экономикалық бөлшектенудің барысын тереңдетіп, елдің екі ірі аймаққа бөлінуіне әкеліп соқты.

  • Басып алынған аймақтардағы саяси өзгерістер.

Экономикалық өзгерістермен қатар, саяси өзгерістер де жол ашты. Фашистік партияның орталық және жергілікті ұйымдары жойылып, Германия қарулы күштері таратылды. Нацистік жүйемен байланысты болғандар саяси қызметтерден аластатылды.

Кеңес аймағында 1946 ж Германия Коммунистік партиясы мен Социал – демократтық партияның радикалдық тобы бірігіп, жаңа Біріккен Германия Социалистік партиясын құрды.

Соғыстан кейінгі жылдарда Еуропада христиандық – демократиялық қозғалыс кең қанат жая бастады:

  • Христиандық – демократиялық қозғалыстың жетекшілері Якоб Кайзер мен Конрад Аденауэр болды. 1945 ж Конрад Аденауэр ХДО партиясын ұйымдастырды. 1946 ж Ф.И.Штраус бастаған Христиандық – әлеуметтік одақ (ХӘО) партиясы құрылып, Аденауэрдің бағдарламасын жақтайтындығын мәлімдеді.

1948 ж Берлин дағдарысы және Германияның ыдырауы


1948 ж ақпан – маусым. Лондон конференциясында Кеңес өкілдерінің қатыспауына қарамастан Германия мәселесі қаралды. Конференция Құрылтай жиналысын шақырып, жаңа Германия мемлекетінің конститутциясын дайындау керек деген шешім қабылдады.

  • 1948 ж 20 маусымда ақша реформасы қабылданды

  • Шығыста шығыс маркасы енгізілді

  • 1948 ж 24 маусымда КСРО Берлиннің батыс бөлігін қоршап, басқа батыс аймақтармен қарым – қатынасын үзді. Халықты азық – түлікпен қамтамасыз ету қиындап, Берлин дағдарысы басталды.

  • АҚШ әкімшілігі әуе жолын пайдалану арқылы 324 күн бойы ауыр ұшақтармен азық – түлік жеткізіп отырды;

  • 1949 ж 14 тамызда бундестагқа парламенттің төменгі палатасына сайлау өткізілді. Мұнда жетекші рөлде ХДО болды. Жоғарғы палата бундесрад жергілікті өкілдерден құрылды.

  • 1949 ж 7 қыркүйекте Бундестаг және Бундесрат Конститутцияны бекітті және Германия Федеративтік Республикасы (ГФР) құрылды;

  • 1949 ж 20 қыркүйекте канцлер Конрад Аденауэр парламентке тұңғыш үкімет құрамын ұсынды;

  • 1949 ж 7 қазанда Шығыс Германияның аймағында Герман Демократиялық Республикасының құрылғандығын (ГДР) жариялады;

  • 1949 ж Германия екіге бөлінді. (ГДР, ГФР)



Аденауэр кезеңі. Германдық экономикалық ғажайып.

(1949 – 1963ж)

Әлеуметтік – рыноктық шаруашылық үлгісі 50 – 60 ж табыспен іске асырылды. Бұл екі онжылдықта ГФР – дағы өнеркәсіп орындарының дамуының орташа жылдық өсу қарқыны 8,5 есе өсті.

  • ГФР – да соңғы индустриалдық жаңарту аяқталды.

  • Ұзақ мерзімдік көпшілік тұтыну тауарлар өндірісінің аса күшті потенциалы құрылды.

  • Толық жұмыспен қамтамасыз етілу іске асырылып, ереуілдер тыйылды, өмір сүру деңгейі артты.

  • Әскери шығындардың болмауы неміс халқы үшін жеңілдіктер әкелді.

  • Өзге батыс елдермен салыстырғанда Германия отарларды басқаруға кететін шығын болған жоқ.



60 – 80 ж ГФР – дің ішкі саяси дамуы.


ГФР – дің Конститутциясы мемлекеттің дамуының басты тірегі болды.

  • Ең жоғарғы зай билігі Парламент

  • Президент 5 жылға сайланды

  • Бундестаг қолында едәуір өкімет билігі бар, канцлер лауазымын сайлады;

  • Канцлер мемлекетінің негізгі саяси даму бағытын белгілейді, үкімет құрамын бекітеді;

  • ГФР – дың мемлекеттік басқару әдісін канцлерлік республика деп атайды;

  • ГФР – дың саяси жүйесінде екі партия басты орын алды;

1)Либералдық – консервативтік Хриспман демократиялық одақ (ХДО)

2)Германияның социол – демократиялық партиясы (ГСДП)

Либералдық.Ерікті демократиялық партия (ЕДП) бар болып, ол үкімет құрарда екі партияға бірдей одақтас болып отырды.

1963 – 1966 ж Л.Эрхард (ХДО)

1966 – 1969 ж К.Кизингер (ХДО) кабинеттері «Германдық ғажайыпты» сақтауға тырысты. 1969 ж социол – демократиялық партия өкілі Вилли Брандт канцлер болып сайланды. (1969 – 1974 ж). В.Брандт үкіметі КСРО – мен, Польшамен, Чехословакиямен, ГДР – мен қарым – қатынас орнатты.

70 ж дағдарыс орын алды.

  • Өнім шығару 2% - дан аспады

  • 1974 жылы В.Бранд қызметтен кетуге мәжбүр болды.


1974 – 1982 ж канцлер қызметтік «Темір канцлер» атанған социалистердің өкілі Гельмут Шмид атқарды.

1974 – 1975 ж және 1980 – 1982 ж әлемдік дағдарыс экономикалық дамудың қарқынын төмендетті.

1982 ж ГФР үкіметін ЕДА қолдаған ХДО – ның жетекшісі канцлер Гельмут Коль басқарды.

1982 ж наурыздағы бундестаг сайлауында Коль «экономикалық өрлеу» үшін дауыс беруге шақырды. Гельмут Коль 1990 ж соңына дейін канцлер орнын ұстап келді.


Шығыс Германиядағы социализм құрылысының дағдарысы (ГДР)


1949 ж қазанда ГДР құрылғаннан кейін көп ұзамай елде ГБСП социалистік қоғам орнатуға бағыт алды.

  • Үлгі ретінде кеңестік мемлекеттік социализм жүйесі алынды.

  • Индустрияландыру, ауыл шаруашылығын кооперациялау жүргізілді.

  • 16 млн. халқы бар елде көпсалалы өндірісті әкімшілік – әміршілдік жүйенің үлгісі жасалды.

  • Азық – түлікті бөліп беру жүйесі де жанға батты.


Екі герман мемлекеттік біріктіру процесі


1990 ж 3 қазаннан бастап, ГФР құрамына енуі туралы шартқа қол қойылды. Тарихи оқиға орын алып, Германия бірікті.


Жаңа сабақтың сұрақтары:


1.Соғыста жеңіске жеткен мемлекеттердің жеңілген Германияны басқару принциптері қандай болды?

2.Жаулап алынған аймақтардағы саяси өзгерістер қандай жағдайда өтті?

3.Германияның ыдырау себептері қандай?

4.Берлин қамалы қай жылы тұрғызылды?

5.Немістің «экономикалық ғажайыбының» алғышарттары қандай?

6.ГФР – дің мемлекеттік және саяси жүйесі Конститутцияға сәйкес қалай жұмыс істеді?

7.В.Бранд кезіндегі ГФР саясатының даму ерекшелігі неге байланысты болды? Оны неге «Реформа канцлері» деп атады?

8.Шығыс Германия мемлекетінің дағдарысқа ұшырау себебі неде?

9.Біріккен Германияның саяси – экономикалық жағдайы қандай болды?


  • Мәтінмен жұмыс 176 бет, 2; 177 бет 2.

Ү.Үйге тапсырма беру

§ 24. Германия Федеративтік Республикасы


  • Тақырыпты оқып, мазмұнын түсіну, сұрақтарға жауап беру

  • Тақырыпқа байланысты қосымша материалдар жинақтау

  • Сөзжұмбақ, ребус құрастыру

  • Реферат жазып келу


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Германия Федеративтік Республикасы

Автор: Айгараева Кулзия Маденовна

Дата: 27.01.2017

Номер свидетельства: 384325

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Германия Федеративтік Республикасы.   ГФР"
    ["seo_title"] => string(40) "giermaniiafiedierativtikriespublikasygfr"
    ["file_id"] => string(6) "323907"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1462263464"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) ""Германия Федеративтік Республикасы""
    ["seo_title"] => string(41) "giermaniia_fiedierativtik_riespublikasy_1"
    ["file_id"] => string(6) "415650"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1494867453"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "Германия Федеративтік Республикасы "
    ["seo_title"] => string(39) "giermaniia-fiedierativtik-riespublikasy"
    ["file_id"] => string(6) "202787"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1429332465"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(115) "Герман Федеративтік Республикасы ХХ -ғасырдағы ІІ жартыжылдық"
    ["seo_title"] => string(70) "gierman_fiedierativtik_riespublikasy_khkh_g_asyrdag_y_ii_zhartyzhyldyk"
    ["file_id"] => string(6) "395041"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1487875029"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "Германия,  Италия "
    ["seo_title"] => string(18) "giermaniia-italiia"
    ["file_id"] => string(6) "184974"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1426134929"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства