| Сабақ тақырыбын, мақсаттар және бағалау критерийлерін анықтау (3 мин) | БЫМ Оқушыларға бос торы бар феодалдық сатыны ұсынамын. Оқушылардың мақсаты: феодалдық сатынының өкілдерін дұрыс ретпен орналастыруды сұраймын (Қосымша 1). Тапсырма орындалғаннан кейін, мұғалім оқушылармен талқылау жүргізіп, феодалдық сатыны дұрыс толтырғанын анықтап, неліктен осылайша орналастырғанын сұрау. Дұрыс толтырылған форасын ұсынып, түсіндіру. Жұмыс дәптеріне сабақ тақырыбын жазып, зерттеу жұмысының қадамдарымен, сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерімен, тарихи концептімен танысу. Оқушылармен бірлесіп, зерттеу сұрақтары анықталады: феодалдық саты ерекшеліктерін біліп, түсіну; феодалдық қоғамда сословиеге бөліну ерекшеліктерін қарастыру; әр сословиенің ерекшеліктерін анықтауда, тарихи деректі талдау; Қорытынды жазу. | Презентация. Қосымша 1 «Әлеуметтік топтар» |
| Жұптық жұмыс түрі Оқулықпен жұмыс (10 мин) | М/Ж Мұғалім оқушыларды оқулықтың 31-33 беттегі мәтінмен танысуды және кестені толтыруды сұрайды: сословие | өкілдері | қызметі | 1 сословие | | | 2 сословие | | | 3 сословие | | | Бағалау кртиерийлері: Мәтіннен басты ақпаратты ажыратады; Бірінші, екінші, үшінші сословие өкілдерін анықтап, дәптерге түсіреді; Әр сословиенің қызметін анықтайды. М/С Жалпысыныптық талқылау. М/С Мұғалімнің сұрақтары: -Бірінші мен екінші сословиені не біріктіреді? -үшінші сословиенің айырмашылығы неде? | |
| Жұптық жұмыс түрі Тарихи дерекпен жұмыс (10 мин) | Ж 34 беттегі тарихи деректі оқыңыз. Дерек бойынша әр сословиенің қызметін, құқығын, міндетін анықтаңыз. Жауаптарды схема түріне салыңыз: Сословие Қызметі Құқықтар мен міндеттері Бағалау критерийлері: Тарихи дерекпен танысады; Феодалдық қоғамның үш сословиесін ажыратады; Әр сословие өкілінің қызметін анықтайды; Сословие өкілдерінің құқықтары мен міндеттерін анықтайды; | А4 қағаз, маркерлер |
| Жеке жұмыс (8 мин) | Ж төменде берілген ұғымдарды пайдалана отырып, сабақтың зерттеу сұрағына жауап беріңіз: Феодалдық қоғам қалай ұйымдасқан? Феодализм Феодалдық қоғам поместье әлеуметтік рөлдер рыцарьлар басыбайлы шаруалар теңсіздік феодалдық міндеткерліктер барщина оброк сеньорлар сословие тәуелділік С Кейбір оқушылар жауаптарын оқиды. | Презентация |
| Рефлексия және үй тапсырмасы (5 мин) | С Мұғалім келесі сөйлемдерді жалғастыруды сұрайды: Батыс Еуропадағы феодалдық қоғамның басты ерекшеліктері ... болып табылады. Сеньор дегеніміз… Шаруалар феодалдық сатыға кірмеді, себебі ... Король вассал бола алмайды, себебі ... | Презентация |