Күні: Мұғалімнің аты жөні: Нугманова С.А Сыныбы: 5 Қатысқандар саны: 22 Қатыспағандар саны: - |
Сабақтың тақырыбы | |
Сабақтың мақсаты | Металл өндірісі жетілуінің шаруашылық салаларына тигізген ықпалын түсіндіру |
Оқу мақсаты | Металл өндірісі жетілуінің шаруашылық салаларына тигізген ықпалын түсіндіру |
Бағалау критерийлері | Оқушылар берілген мәтін негізінде темір мен қола дәуіріндегі кем дегенде 3 ұқсастық пен 3 айырмашылықты (Кәсібі мен шаруашылығындағы, еңбек құралдары мен қару-жарақтарындағы, қоғамдық құрылысындағы) анықтайды; Сыныптық талқылау жүргізу арқылы қола мен темір дәуіріндегі сабақтастықты түсіндіреді; |
Тілдік мақсаттар | Кестемен жұмыс жүргізу арқылы адамдардың кәсібі, шаруашылығы,еңбек құралдары, қару-жарақтары, қоғамдық құрылысында орын алған ұқсастық пен айырмашылықтарды анықтайды (жазылым дағдысы); Оқушылар «Ойды аяқта» тапсырмасы бойынша «Темір өндірісі адам өмірін өзгертті. Өйткені ... Темір өндірісі адам өмірін өзгертпеді. Өйткені ...» өз ойларын негіздейді (айтылым дағдысы) |
Құндылықтарды дамыту | Құндылықтар: - Жаһандық азаматтықты қалыптастыру - патриотизм - өз елі үшін мақтаныш - ұлттық сана-сезім - тәуелсіздік |
Пәнаралық байланыстар | Оқушылар кестемен жұмыс барысында дүниежүзі тарихы пәнінен алған білімдерін қолдана алады |
АКТ қолдану дағдылары | Сабақ барысында интерактивті тақта арқылы таныстырылым жасалынады және ғаламтор қолданылады. Оқушылар таныстырылым жасау дағдыларын дамытады |
Бастапқы білім | Қола дәуірі - адамзат қоғамындағы тарихи-мәдени кезең. Ол қола металлургиясының кең қанат жайып, еңбек құралдары мен қару-жарақ жасауға арналған негізгі материалға айналуымен сипатталады. |
Сабақтың барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Қызығушылық ты ояту кезеңі Сабақтың басы 5 минут | БЫМ Сынып оқушыларына пеш-көрікте темір өндіру үдерісі туралы түрлі-түсті суретті көрсетіп, төменде көрсетілген сұрақтар аясында сыныппен талқылау ұйымдастырыңыз. Оқушылардың болжамдарын тыңдап, сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты және бағалау критерийлерімен таныстырыңыз. | 1-слайд 2-3 слайд |
Сабақтың ортасы 35-минут | БІЛУ ЖӘНЕ ТҮСІНУ ДАҒДЫСЫ САБАҚТЫҢ ОСЫ КЕЗЕҢІНДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ М Оқушыларға ерте темір дәуіріндегі металл өндірісі туралы ықшамдалған мәтін ұсынып, зерттеу жұмысын жүргізуді ұйымдастырыңыз. ТАЛДАУ ДАҒДЫСЫ САБАҚТЫҢ ОСЫ КЕЗЕҢІНДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ Ж Оқушылар берілген мәтін негізінде темір мен қола дәуіріндегі ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау мақсатында төмендегідей кестемен жұмыс жүргізеді. Мысалы, | Ұқсастықтары | Айырмашылықтары | Кәсібі мен шаруашылығын да | 1. 2. | 1. 2. | Еңбек құралдарында | 1. 2. | 1. 2. | Қоғамдық құрылысында | 1. 2. | 1. 2. | Дискрипторлары: темір мен қола дәуірінде адамдардың кәсібі мен шаруашылығындағы кем дегенде екі ұқсастықты анықтайды; темір дәуірінде адамдардың кәсібі мен шаруашылығындағы кем дегенде екі айырмашылықты анықтайды; темір мен қола дәуіріндегі еңбек құралдарының кем дегенде екі ұқсастығын анықтайды; темір дәуіріндегі еңбек құралдарының кем дегенде айырмашылығын анықтайды; темір мен қола дәуіріндегі қоғамдық құрылыстағы кем дегенде екі ұқсастықты анықтайды; темір дәуірінің қоғамдық құрылысының кем дегенде екі айырмашылығын анықтайды; Ж Оқушылар бір-бірінің кестелерін алмастырып, толықтырулар енгізу арқылы талдау жасайды. Сондай-ақ, қола мен темір дәуіріндегі сабақтастықты анықтайды. М Жұптық талқылаудан кейін, екі-үш оқушыға өз жұмыстарын сынып алдында оқып берулеріне мүмкіндік жасаңыз. Қола мен темір дәуіріндегі сабақтастықты анықтау үшін сыныптық талқылау ұйымдастырыңыз. БАҒАЛАУ ДАҒДЫСЫ САБАҚТЫҢ ОСЫ КЕЗЕҢІНДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ Ж Оқушыларға «Суретті жандандыр» деген тапсырма бойынша «Темір өндіру әдісі» туралы суреттерді ұсынып, әңгіме құрастыруды тапсырыңыз. Дискрипторлары: темір өндіру әдісін реттілігі бойынша түсіндіре алады; темір өндірудің адам үшін маңыздылығын сипаттайды; өз ойын қорытындылайды; кем дегенде 50 сөз болуы керек | Жұмаханов, Т.Жұматаев Б. Ежелгі Қазақстан.Алматы: Аруна, 2011.-224б.- (Қазақстан балалар энциклопедиясы). 10-минут Қосымша-2 10-минут 4-слайд Қалыптастырушы бағалау мүмкіндігі бар 5-слайд 15-минут Қалыптастырушы бағалау мүмкіндігі бар |
Қорытындылау кезеңі
Сабақтың соңы 5 минут
| Б Сабақты қорытындылау мақсатында оқушыларды «Ойды аяқта» тапсырмасын беріңіз. Оқушы өз ойын кем дегенде 3 дәлел келтірулерін сұраңыз. Темір өндірісі адам өмірін өзгертті. Өйткені ... Темір өндірісі адам өмірін өзгертпеді. Өйткені ... Кері байланыс. Оқушыларға сабақ соңында кестені толтыру ұсынылады. «+» сабақта ұнаған нәрсе жазылады: ақпарат, жұмыс түрлері, т.с.с. | «-» сабақтың ұнамаған немесе түсініксіз сәттері, оқушы пікірі бойынша оған ешқандай қажеттілігі жоқ ақпарат жазылады. | «Қызықты» сабақта естіген қызықты мәліметтерді жазады, оған қоса тақырып бойынша білгісі келетін мәселелер бойынша мұғалімге сұрақтар жазуға болады. | | | | | 6-слайд 7-слайд |