Сыныппен амандасу Топтарға бөлу (3 топ) Үй тапсырмасы: Әбілқайыр хандығы (Өзбек хандығы) А) Картамен жұмыс: Әбілқайыр хандығының шекарасын анықта және астанасын көрсет. Б) Тест жұмысы.Өзін-өзі тексеру. 1. Әбілқайыр хан кімнің ұрпағы болған? А. Шайбани. Б. Шағатай. В. Бату. Г. Орда – Ежен. Д. Темір. 2. Әбілқайыр хан билік жасаған жылдар: А. 1418-1438 жж. Б. 1428-1458 жж. В. 1438-1478 жж. Г. 1428-1468 жж. Д. 1438-1468 жж. 3. Әбілқайыр мемлекетінің алғашқы орталығы болған қала: А. Түмен. Б. Тура. В. Алмалық. Г. Сарайшық. Д. Сарай 4.1446 жылдан кейін орталық болған қала: А. Сығанақ. Б. Сайрам. В. Созақ. Г. Аққорған. Д. Үзгенд. 5.Екі рет Әбілқайыр – хан Тоқа–Темір ұрпақтарына қарсы шайқасқа шыққан жыл: А. 1430 ж. Б. 1431 ж. В. 1432 ж. Г. 1433 ж. Д. 1435 ж. 6.1446 ж. Әбілқайыр басып алған қала: А. Бухара. Б. Ташкент. В. Самарқанд. Г. Түркістан. Д. Сығанақ. 7.1456-1457 жж Әбілқайыр .... күйрете соққы алып, жеңілді. А. ноғайлардан Б. монғолдардан В. ойраттардан Г. қазақтардан Д. қарақалпақтардан 8. Жәнібек ен Керейдің орналасқан мемлекеті: А. Ақ Орда. Б. Ноғай Ордасы. В. Өзбек хандығы. Г. Сібір хандығы. Д. Моғолстан. 9.Әбілқайыр Моғолстанға жорығын мына мақсатпен орындады: А. Жәнібек пен Керейді жазалау Б. Ойраттар билеушісі Үз-тайшыдан өшін алу В. Есен-Бұғадан кегін алу үшін Г. Сырдария бойындағы қалаларды қайтарып алу Д.Моғолстанды өз билігіне қарату |