Жаңа тақырып: «Пунт жеріне перғауын Хатшепсут кемелерін не үшін жіберді?» 1 тапсырма Бейнематериал көрсету. Болжау және аналитикалық қабілеттерді дамыту тәсілі. Бейнематериалдан үзінді көріп болғаннан кейін оқушылар мұғалімнің көмегі арқылы көргендерін баяндайды және әрі қарай материалды болжайды. Жеке жұмыс Дескриптор: Оқушылар бейнематериалдан көргенін мұғалімнің сұрақтары арқылы ашу, талдау. Әрі қарай материалды болжау. Тақырыпты толық аша білсе, нақты мәліметтерді келтіре отырып мәнін түсіндірсе жоғарғы балл -3; Тақырыпты толық аша алмай мұғалімнің көмегі болса орта балл -2; 2 тапсырма ДЖИКСО әдісі Топтық жұмыс Оқушылар белсенді оқу арқылы оқулықпен жұмыс жасай отырып, бірлескен оқу арқылы өзіне берілген тақырып бойынша оқиды, топтасып талдайды. №1 топ: А. Хатшепсут деген кім? №2 топ: Ә.Дейр-әл-Бахри ғибадатханасы. №3 топ: Б. Құпия Пунт елі. Дескриптор:Оқулықтағы деректерді материалдарды оқушылар оқиды, талдайды, бір-біріне түсіндіреді. (оқулық) Тақырыпты толық аша білсе, терминдердің мәнін түсіндірсе жоғарғы балл -3; Тақырыпты толық аша алмай мұғалімнің көмегі болса орта балл -2; 3 тапсырма Денотатты граф әдісі Топтық жұмыс 1. Ақпараттағы негізгі ұғым түйінді сөз арқылы белгіленеді. 2. Түйінді сөзді және оның қасиеттерін, белгілерін, ерекшеліктерін сипаттайтын етістіктер анықталады. 3. Бастапқы түйінді сөз тармақтарға жіктеледі. 4. Тармақтар мен түйінді сөз сәйкестендіріледі. Хатшепсут перғауыны әйел перғауын Пунт жері Экспедиция алтын, экзотикалық аңдар, асыл тастар,ағаштар Топтарға қосымша мәліметтерді карточкілер арқылы бөліп беру. 1. Пунт жеріне қазіргі Эфиопия территориясында орналасқан. Египеттен Эфиопия дейін, шамамен, бір апта ішінде жүзіп жетуге болатын. 2.Пунт жері Араб түбегі территориясында орналасты. Түбекте ағаш пен бұталардың ерекше түрлері өсетін, олардың шайырынан жұпар иісті заттар жасайтын. 3. Пунт жері қазіргі Сомалидің оңтүстігінде орналасты. Жануарлар әлемнің алуан түрлілігі Пунт жері ежелгі египеттіктерді ағаштың құнды түрлерімен қамтамасыз етті, олардан жұпар иісті заттар мен эфир майын алатын. Сонымен қатар бұл жерде піл сүйегі және басқа да жануарлар терілері көп болатын.Осы елдің тұрғындары ара ұяларына ұқсайтын үйлерде өмір сүрді. 4.Пунт – қара теңіз территориясында орналасқан. Дейр-әл-бахри ғибадатханасының қабырғаларында сары шашты адамдардың суреті салынған. Ладан жасалынатын мирра ағашы Қара теңіз жағасында өседі. 5.Алыс жердегі Пунт елі қазіргі Зимбабве мемлекеті шегінде болған болуы мүмкін.Оның территориясын ХІХ ғасырда египеттік сәулетке ұқсайтын құрылыстар табылды. 6.Пунт елі Үндістанның территориясы болуы мүмкін. Дәл осы жерде, сондай –ақ Цейлон аралында Египет ғибадатханаларының қабырғаларындағы асыл тастар көп кездеседі. Дескриптор: қосымша мәліметтерді Денотатты граф әдісі арқылы талдау. Түйінді сөз Хатшепсут , оны тармақтарға жіктеп, тармақтар мен түйінді сөз толық сәйкестендірілсе, Пунт жеріндегі шаруашылығын, маңыздылығын, Хатшепсуттың кемелерін неге жіберіп, экспедиция құрғанын талдаса жоғарғы балл -3; Түйінді сөз Хатшепсут , перғауынның кім екенін, оның билік еткен уақытында қандай өзгерістер болғандығын анықтаса, орта балл -2 Түйінді сөз Хатшепсут , перғауынның кім екенін сипаттап, тармақтарға жіктеп, одан әрі талдай алмаса төменгі балл -1 4 тапсырма «Ғажайып әлем» әдісі бойынша суретпен жұмыс. Топтық жұмыс Пунт жеріне Хатшепсут экспедициясын әйгілі еткен Дейр-әл-Бахри ғибадатханасының құрылысы көрсетілген суреттерді А4 қағазға топ санына қарай басып шығару. Дескриптор: суретпен жұмыс, сипаттау .Толық мәлімдесе 3ұпай, мұғалімнің көмегіне сүйенсе 2 ұпай 5.Картамен жұмыс Топтық жұмыс Оқушыларға Пунт елінің орналасуы туралы болжамды оқып шыққаннан кейін, бұл елдің қай жерде болғандығы әлі де нақты анықталмағанын айту. Оқушылар осы елдің қай жерде болғандығын анықтау үшін зерттеу жұмысын жүргізуі қажет.Оны анықтау үшін оқушыларға тірек сұрақтар қою. (картамен жұмыс) Сұрақтар: Египеттіктер қай теңіз арқылы жолға шығады? Олар жолда қанша күн болған? Пунт елінің өсімдік және жануарлар әлемі қандай болған? Дескриптор: картамен жұмыс жасап білу Пунт елінің орналасуын болжап көрсете білсе 3; Пунт жерінің орналасуын өз бетімен нақтылай көрсете алмаса 2; |