Масалиева Қарлығаш Амангельдықызы.
Орал «Сервис» технологиялық колледж, ҚР БҚО, Орал қаласы.
Қоғамдық пәндер оқытушысы.
Мазмұны
1.Кіріспе................................................................................................................3
1.1.Зерттеу жұмысының мақсаты...................................................................3
1.2.Зерттеу жұмысының өзектілігі .................................................................3
2.Негізгі бөлім.....................................................................................................7
2.1. Жалпақталдық жастар құрған «Қазақ халқын қорғаушылар одағы»
астыртын ұйымы ..........................................................................................7
2.2. «ҚХҚО» астыртын ұйымының мақсат, міндеттері.............................9
2.3. Ұйым жетекшісі Ғұбаш Әнесов................................................................11
2.4. Ғ.Әнесов туралы естеліктер......................................................................12
2.5.Сейтқали Бажекенов ақсақал жеткізген ұйым туралы
шындық..........................................................................................................13
3. Қорытынды.....................................................................................................14
Қыршын кеткен жалпақталдық боздақтар
Кіріспе
Менің туып-өскен жерім Казталов ауданы, Жалпақтал ауылы (бұрынғы Фурманов ауданының орталығы). Мектепте оқып жүрген кезімде тарих сабағында біздің ауылда жасырын жастар ұйымы болған екені туралы оқыған болатынбыз. Ол кезде оның маңызын терең түсінбесем керек, колледждегі оқытушым маған ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысуды ұсынғанда, ойланбастан осы тақырыпты алдым. Туған өлке тарихын терең білу әрбір жастың, ел азаматының парызы. Жалпақтал топырағына кіндік қаным тамған мен үшін де бұл оқиғаны зерттеп білу, құрбыларыма ол туралы айтып жеткізу маңызды деп білемін. Әлі көп айтылмай жатқан қаралы отыз жеті мен қаралы қырық бірдің аралығындағы оқиғаның кейіпкерлері өзімдей өрімдей жастар екені мені таң қалдырды.
Әсіресе бәрін өз мойнына алып, атылу жазасына кесілген, қалған ұйым мүшелеріне он, бес жылдан түрмеге отырғызу жазасын алуға мүмкіндік жасаған ұйым жетекшісі Ғұбаш Әнесовтың бұл ісін қалай ерлікке теңемессің? «Сізді Кеңестік үкіметке қарсы ұйымға тартқан кім?»-деген сұраққа жауаптау кезінде:
-деп айқайлауы он тоғыз жасар балаң жігіттің санасының қаншалықты жоғары екенін, елінің, халқының тәуелсіздігі үшін жанын пида етуге әзір қайсарлығын, қаҺармандығын көрсетпей ме?
Қазіргі заманның жедел ақпарат көзі – ғаламтордан бұл оқиға туралы ақпарат ала алмаған соң, кітапханаға барып жергілікті ақын-жазушы А.Шахиннің «Сол бір сүргін» деп аталатын кітабын таптым. Осы оқиғаның куәгерлері жас шамасына қарай өмірден өтіп кеткендіктен, олардың тума – туыс, таныс болған, осы оқиға туралы аз да болса мәлімет бере алады-ау деген ауыл адамдарын іздестіре бастадым. Зерттеу жұмысын жүргізуіме ауызша,телефон арқылы, өздерінде сақталған құжаттар көшірмесі арқылы көмек берген төмендегі жерлестеріме, басқа қалалардан телефон арқылы хабарласқан адамдарға үлкен алғысымды білдіремін:
Ең алғаш «Қазақ халқын қорғаушылар одағы»
деген атпен құрылған жасырын ұйым туралы шындықтың бетін ашып, зерттеуге түрткі болған бір кезде жазықсыз жапа шеккен, он жеті жасында саяси көзқарасы үшін шаталып кетіп, ата жұртына араға жарты ғасырдан астам уақыт салып әдейі келіп, облыс әкімшілігінің редакцияға берген нұсқауы бойынша журналистік тапсырма алған Амангелді Шахинмен жүздескен, оған басынан өткерген саяси қуғын-сүргін оқиғаларын баяндап берген Сейтқали Бажекенов ақсақал болды.
Ұлы Отан соғысы басталардан сәл ғана бұрын «Қазақ халқын қорғаушылар одағы» деген атпен құрылған жасырын ұйым жеті ай өмір сүрген. Бұл астыртын ұйым КСРО мемлекеттік қауіпсіздік комитеті органдарының дәлелдеулері бойынша Қазақ КСР, Орал облысындағы Фурманов ауданында осы жердің жас азаматы Ғұбаш Әнесовтың басшылығымен құрылған. Ұйым мүшелері он төрт адам болған.
«Қазақ халқын қорғаушылар одағы» астыртын ұйым мүшелерінің алдына қойған негізгі саяси мақсаты-Қазақстанның Кеңестік Социалистік Республикалар Одағынан бөлініп, Қазақстанда өз алдына дербес Қазақтың Социалистік Ұлттық мемлекетін құруға қол жеткізу.
Ұйымның нақты мынандай міндеттері белгіленген:
Жаңадан тартылған қатысушылар есебінен «Қазақ халқын қорғаушылар одағы» ұйымын кеңейту.
Қазақстанның КСРО-дан бөлінуі жөнінде қазақ халқы арасында үгіт-насихат жүргізу. Үгіттік листовкалар басып тарату, «ҚХҚО»мүшелерінің халық алдына шығып сөйлеуін ұйымдастыру, газеттерге мақалалар беру.
Кеңес үкіметінің алдына Қазақстанның КСРО-дан бөлінуі туралы үзілді-кесілді талап қою.
Ұйым жетекшісі Әнесов Ғұбаштың 1941 жылдың 29 желтоқсанындағы жауаптау хаттамасында осы міндеттерді орындау жолында іс жүзінде сіздер не істедіңдер? – деген сұраққа:
1.Кеңестік үкіметке қарсы ұйымға жаңа мүшелер тартумен айналыстық. Кеңес үкіметіне қарсы жиындарға қатысып, «ҚХҚО» ұйымын ұйымдастыруға қол жеткіздік.
2.Жасырын баспахана ұйымдастырдық. ....
3. Кеңестік үкіметке қарсы парақшаларды басуға және көбейтуге қатыстым.
4. «ҚХҚО» ұйымының мүшелік билеттерін дайындап, басып шығаруға қатыстым.
5. КСРО мен ҚКСР Үкіметінің мүшелерінің атына мәлімсіз (анонимдік) хаттар жазып, жолдауға қатыстым.
6.НКВД, милиция, аудандық әскери комиссариатты басып алып, қарусыздандырып, одан соң почта,телеграф,еңбекшілер депутаттары аудандық кеңесі, аудандық партия комитеті, банк басқа да аудандық мекемелер мен ұйымдарды басып алу жолымен Фурмановта қарулы көтеріліс ұйымдастырудың жоспарын жасауға қатыстым,-деп тайсалмай жауап бергендігі жазылған.
Ұйым жетекшісі Ғұбаш Әнесовтың Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мұрағатында сақталған жеті томдық құжатта көрсетілген НКВД тергеушілерінің сұрақтарына берген жауаптарының нақтылығы сонша, ұйымның ұстанған саяси бағытының айдай анықтылығын және мақсаттылығын тура көрсетеді. Ұйымның қалыптасуы мен даму жолына назар аударған адам ұйым жетекшісінің жас та болса сұңғыла, білімділігін, Ресейдегі большевиктік төңкерістің теориясы мен тарихын жақсы меңгерген және оны далалық жағдайда қолданудың мүмкіндіктерін шебер қарастыра білгендігін аңғартады.
Уақыт өте келе сарғайған тергеу құжаттарында сақталған Ғұбаш Әнесовтың өмірдерегі төмендегідей:
Ғұбайдолла ату жазасына кесілген.
Ғұбаш Әнесовтың өзінен алты жас кіші інісі, Жаңақала ауданы, Пятимар ауылының тұрғыны Нығметолла Көшеков: «Төрт ағайынды едік. Өзімнен алты жас айырмашылығы болса да Ғұбаш ересек көрінетін.Көбіне әлдебір кітаптарды оқып, жазып отыратыны жадымда қалыпты. Сабаққа алғыр, аса зерек, ақылды еді.Жетінші сыныпқа дейін қазақша, сегізінші сыныпты орысша оқыды да, 9сынып пен 10 сыныпты бір жылда оқып бітірді.Сол жылы жазда Оралдың мұғалімдер институтына барып оқуға түсіп, екі жылдық курсты бір жылда тәмамдап, ауылға келіп мұғалім болғаны есімде.
Ғұбаштың өлең шығаратынын, «Қарап жатпа» деген поэма жазғанын оның айыптау құжаттарына тіркелген қолжазбасынан көріп, біліп отырмын.
Ғұбаш 1941 жылғы 21 желтоқсан күні таңғы 4-5 сағаттар шамасында үйден тұтқындалып кеткеннен хабар-ошарсыз. Ең болмағанда бұл дүниеде бар-жоғы да белгісіз.Жаны жайсаң, жүрегі таза, әділеттен басқаны білмеген қыршын Ғұбаштың тағдырына әкем Әнес пен анам Жаңыл ғана түсіне алмай арманда кетті»,- деп бауырын есіне алады.
Латын шрифтісіне негізделген қазақ алфавитімен жазылған Ғ.Әнесовтың «Қарап жатпа» поэмасын қазіргі жазуымызға түсірген де осы Нығыметолла інісі екен.
Ең бірінші тұтқындалған ұйым мүшесі Сатқали Молдағалиев жетпістен асқан шағында : «НКВД жансыздары арамызға кіріп кетіп арандап қалдық та, ұйымдасқан жоспарымыз іске аспай қалды ғой.Ұйым жетекшісі Ғ.Әнесов Жалпақталға Оралдан келген Ғабиден Құлбасов деген өзіміздей жас жігітті Кеңес Үкіметіне қарсы астыртын ұйымның белсенді мүшесі деп таныстырды. Мен одан бірден секем алып, әр іске тінтініп қатысқан ұстамсыздығын жаратпай қалдым. Бірде Ғұбашқа «Осы жігітің маған ұнамайды, қайдан тап болып едің»деп ескертпе жасадым. Қайран, аңғал Ғұбашты ол әбден арбаған екен. Ақыры сол жігіт түбімізге жетіп тынды ғой.
1941 жылғы 7 қарашада КСРО Жоғарғы Кеңесінің төрағасы М.Калинин жолдасқа Ғұбаш екеуіміз «ГАКСИМ» деген бүркеме атпен жолдаған хат та менің қолтаңбаммен жазылып еді. «ГАКСИМ»-нің шешімі - Ғұбаш Анесович Кушеков, Саткали Имангалиевич Молдагалиев деген аты-жөндеріміздің бас әріптері болатын. Осы хат НКВД қолына түскесін-ақ мені тұтқынға алудың амалы қарастырылған болса керек»,- деп сол бір сұрапыл жылдарды есіне алған екен.
Ұйым белсендісі Сейітқали Бажекенов: «Әнесов Ғұбаштың өте зерек, айтарлықтай батыл, қайтпас қайсар, халқына деген адал мінездері әлі күнге дейін көз алдымда тұрады. Бір күні екеуміз келе жатқанда мен оған: «Егер бізді НКВД ұстап алса, не болатынын білесің бе?»-деп сұрағанымда,Ғұбаш кідірместен жігерленіп: «Атылып жатқан ағалардан біздің жанымыз артық емес қой», - деп жауап берген. Ғұбаш большевиктердің алдамшы саясаттарының түпкі сырын жақсы түсіне білетін еді. Мысалы тергеу кезінде большевиктердің сұмдық алдамшы саясаттарын әшкерелеуден тайынбаған. Кеңес үкіметі кезінде қабылданған Конституциялардың бәрінде де
1936 жылы Фурманов поселкесінде 14 жастағы Ғұбайдолла Әнесовтің отбасымен бірге сол кездегі Фурманов аудандық атқару комитетінің жүргізушісі болып қызмет атқарған 25 жастағы Сатымов деген туысқаны тұрған. Жасөспірім Ғұбайдолланың саяси көзқарасының жетілуіне осы азамат әсер еткенін айыпталушы Әнесовтің жауаптау хаттамаларынан аңғаруға болады. Алайда, Сатымов құрт ауруына шалдығып, сол 1936 жылы дүниеден өткен. Ауруы әбден асқынған ол бақилыққа аттанар алдында Ғұбайдолланы өзіне шақырып алып, саналы ғұмырын қазақ халқын кеңестік империяның бұғауынан босату жолына арнағандығын айтып, мектеп оқушысы Ғұбашты кеңестік билікке қарсы ұйымдасқан күреске бағыттап, Қазақстанды КСРО- дан бөлуге әрекет жасау керектігін өсиет еткен. Сатымовтың бұл өсиетін жаттап қалған зерек бала ержете келе, айтылған әңгіменің саяси астарын жете түсіне бастайды. Мұрағат деректерінде Ғ.Әнесовтің өз серіктерін бұл саяси ұйымға қалай біріктіргені жөнінде көптеген мәлімет бар. Мұрағат деректерінен түйгеніміз, Ғ.Әнесов Қазақстан Кеңес Одағынан бөлінсе, қазақтардың тұрмыс жағдайы жақсарады деп ойлаған және ол жауаптау кезінде тергеушілерге осындай мәлімет берген.
Мұрағат деректерінен байқалатыны - ұйымнының негізін салушы, ұйымдастырушы ретінде айыптаушылардың бәрі бірауыздан Ғ.Әнесовтің есімін атаумен болған. Осы деректерді саралай келе, 1937-нің қуғын- сүргінінен кейін іле-шала азаттық идеясын ту етіп көтерген жас ұлдың атан тартпас ауыр жүкті өз мойнына алған қайсарлығына тәнті боласың . Өкініштісі, балғын боздақтар әзірлеген барлық жоспар сәтсіз аяқталды. Олар сол сәтте әлемдегі ең алып держава саналатын КСРО империясы құрамынан дәл осындай қимылмен бөлініп шығу еш мүмкін емес екеніне көз жеткізе алған жоқ. Өйткені бұл кезде өлкенің ұлан байтақ даласы Кеңес өкіметінің толық өктемдігінде еді.
Бұл оқиғаны республика жұртшылығы әлі толық біле бермейді. 17 мен 23 жас арасындағы балғын 14 боздақ түгел ұсталып, сотталған. Ұйым жұмысын ұйымдастыруды бастаған кезде ұйым басшысы Ғұбайдолла Әнесов небары 17 жаста еді. Ол 1943 жылы 19 жасында Орал қаласындағы НКВД түрмесінде атылған. Елдің тәуелсіздігін аңсап жиырмаға да толмай қыршын кеткен ұйым жетекшісі Ғұбаш Әнесовтың кешегі Қайрат Рысқұлбековтен айырмашылығы бар ма еді... Тек олардың жоқтаушылары болмады ғой... Қылышынан қан тамған қызыл империяға қарсы көзсіз ерлікке барған, 1943 жылы Орал қаласындағы НКВД түрмесінде 19 жасында оққа байланған оғлан Ғ.Әнесов мемлекеттік деңгейде әлі толық тарихи бағасын алып үлгермеген жас боздақ. Қазақ тарихына есімі алтын әріптермен қашалған Халық Қаһарманы Қ.Рысқұлбеков сынды саңлақпен тағдырлас Ғ.Әнесов тұлғасы тек соңғы жылдары ғана жұртшылық назарын өзіне аудара бастады. Ел басына күн туғанда ұлт мүддесін бәрінен жоғары қоятын дарабоз саңлақтар ғана алғы шепке суырылып шығатыны мың мәрте дәлелденген аксиома. Ал ерлік , батырлық дәстүр халық мерейі, ұлт мақтанышы ретінде жас ұрпаққа қызмет жасайды. Халқын, қазағын шексіз сүйіп, сол жолда ұмытылмас өнегелі өмір сүрген, қаршадайынан азаттық үшін «атойлаған» алаштың алтын асықтай ұлының аруағы алдында біз не істей алдық? Жалпақтал ауылының жергілікті тұрғындар арасында «Құлақ» деп аталып кеткен шеткі бөлігіндегі Винерман көшесі 2005 жылы Ғұбайдолла Әнесов көшесі болып ауыстырылған, Жалпақтал ауылындағы бақта «Жалапақтал жастарына» тақырыбындағы тақта орнатылған. Жалындаған жас жетекші Ғ.Әнесов негізін қалаған «Қазақ халқын қорғаушылар одағы» туралы қысқаша ғана мәлімет Білім және ғылым министрлігі мектеп оқулығына енді. Әзірше көңілге медеу болары осы ғана.
Ғ.Әнесовтің тағдырынан тағылым алу, оны бүгінгі және келешек ұрпаққа насихаттау жерлестері,барша қазақ халқының азаматтық парызы деп білемін. Халық Қаһарманына лайықты асыл ұлдың ерлігі бүгінгі өскелең ұрпаққа өнеге болып, оның есімін елі, ұрпағы ұмытпауы тиіс.
Қолданылған әдебиеттер.
1. А.Шахин «Сол бір сүргін» Орал қаласы 2002 жыл.
2. Журнал «Дана» №1, 2012ж «Олар қазақ халқының қорғаушылары еді».
3. Журнал «Дана» №1, 2012ж «Батыс пен шығысты жалғастырған хаттар».
2