Просмотр содержимого документа
«Жаңартылған білім заман талабы»
Жаңартылған білім заман талабы
Жаңа заман ағымына сай білім саласында жаңа технологиялар қолданудың маңызы зор. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамыту тұжырымдамасында кәсіптік білім беру жүйесін дамыту тұжырымдамасында кәсіптік білім берудің мақсаты – жылдан жылға өзгеріп отыратын дүние жағдайында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұлғасынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру деп нақты көрсетілген.
Қазіргі заман нені оқыту емес, қалай оқыту маңыздырақ болып отыр. Сабақ барысында студенттердің ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық. Солардың бірі модульдық оқыту технологиясы. Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді.
Модульдік технология дегеніміз – студенттердің ішкі мүмкіншілігіне, қабілетіне қарай өз бетімен ізденуге, әрекет етуіне лайықталған дидактикалық құрылым, адамның өзін-өзі дамуының жолы.
Модульдік оқыту технологиясы – білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқытудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.
Модуль – оқу мазмұны мен технологияны біріктіріп тұрған мақсатты функционалды байланыстырушы. Оқу – жұмыс бағдарламасы оқыту мен бақылауды әдістемелік жағынан дұрыс жоспарлауда қамтамасыз ететін құжат. Оқу модулі, негізінен, үш құрылымды бөліктен: кіріспе, сөйлеу бөлімі және қорытынды бөлімнен тұрады.
Оқыту модулінің мазмұны:
Оқытушыларға оқу матиралын зерттеу жұмысы негізінде беру;
Оқытушылардың әрбір сабақта іс-әрекетін бағалау үшін диалогтік қарым-қатынас негізінде студенттердің танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру;
Жалпы тарауды, тақырыпты 4-7 рет қайталау негізінде оқу материалын меңгерту;
Барлық тақырып бойынша тест (сынақ, бақылау жұмысы т.б.) жүргізу.
Модульдік оқытудың ерекшілігі оқытушы көп сөйлегеннен гөрі, студенті көбірек тыңдауға мүмкіндік береді, бағалау парағын қолдану. Сабақ жеке жұмыс, топпен жұмыс болуы мүмкін.Студенттерге әр жұмысқа балл қою арқылы қорытынды баға қойылады.
Қазіргі таңда студенттер тек білім беріп қана қоймай, сонымен әрбір студент, оқу-тәрбие үрдісінде модульдік технологияны пайдаланса сабақ сапасы жақсара түсіп, студенттердің пәнге деген қызығушылығы арттары сөзсіз.
Егеменді Қазақстанның келешегі, бүгінгі жас жеткеншектердің қолында. Дүние жүзі деңгейіндегі қалыптасқан азамат, білімді, жан-жақты тұлға – біздің болашағымыздың жарқын кепілі.