Просмотр содержимого документа
«Үш тілдік – заман талабы»
Үш тілдік – заман талабы
Көптілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігіне еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең қажеттілік. Үш тілде оқыту – заман талабы.
Негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгеріп, әлеуметтік және кәсіптік анықтауға қабілетті мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Үш тілдік туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев білім және ғылым саласы қызметкерлерінің 3 съезінде сөйлеген сөзінде: «Ағылшын тілінің қажеттілігі Әлемге тән қажеттілік, бүгінгі күн талабы. Ал орыс тілін жақсы білу – біздің байлығымыз» десе, 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан » атты Жолдауында: «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық эканомикаға ойдағыдай кірігу тілі» деген болатын.
Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгеру адамның жеке және кәсіби қызметінің қазіргі қоғамнан ажырамас компоненті болып отыр. Осының өзі үлкен көлемде адамдардың практикалық және кәсіби тұрғыда көп тілді меңгену қажеттілігін тудыруда. Ағылшын тіліне ерте жастан оқыту жақсы әрі еркін меңгеруге ғана емес, сонымен бірге адамның интеллектуалдық, тәрбиелік және рухани потенциалын жақсартатынын бүгінгі таңда түсіндіріп жатудың қажеті жоқ.
Әлемдегі дамыған елу елдің қатарына қосылу үшін билік «үш тұғырлы тіл» саясатын қолға алып жатқаны белгілі. Ақпараттық техникалық дамыған заманында тілді үйрен қиындық тудырмайды, қайта көп тіл білгеннің еш зияны жоқ. Бірақ Қазақ баласы әуелі отбасында Қазақы рухпен тыныстап, ана тілінің нәрлі уызына қанып, ұлттық рухани тәрбиенің қайнар бұлағынан сусындап өсуі керек. Алғашқы тәрбиені ана тілінде қабылдап, Қазақы қасиетпен жетілген бала кейін қандай ортада жүріп, қанша тіл үйренсе де, өз тілін ұмытпайтын, ұлттық қасиетінен көз жазып адасып қалмайтын болады. Әлихан Бөкейханов сынды алаш арыстарымыздан бастап, кешегі Абай Құнанбайұлы, М.Әуезов, Қ.Сәтпаев сияқты талай тарландарымыз қанша жерден ресей топырақтарында білім алса да, сол империяның қысымында жүрсе де, ана тілінің идеологиясы мен мәртебесін ең жоғары орынға қойған. Өйткені олардың бәрінің де тілі қазақша шыққан, бірі ауыл малдасынан хат таныса, енді бірі ана тілінде мұғалімдерден тіл сындырған. Яғни, тірек мықты. Тіл ана тілде сайрап тұрғандықтан, ешкім оған балта да шаба алмаған.