kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Үштілдік-заман талабы

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Үштілдік-заман талабы» атты қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, ағылшын тілдері онкүндігінің есебі

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Үштілдік-заман талабы»

«Үштілдік-заман талабы» атты қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, ағылшын тілдері онкүндігінің есебі

Қазақстан Республикасы Халықтарының тілдер мерекесіне орай қыркүйек айының 22-сі мен қазан айының 3-і аралығында «Үштілдік-заман талабы» атты қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті және ағылшын пәндерінің онкүндігі өтті. Онкүндіктің іс-шара жоспары алдын – ала жоспарланып, бекітілді. Онкүндік барысында пән оқытушылары ашық сабақтар, сабақтан тыс іс-шара және соңғы күнінде жеңімпаздар мен онкүндікке белене қатысқан оқушылар марапатталып, қорытынды кеш өткізілді.
22.09.16. Онкүндік қазақ тілі пәнінің оқытушысы Ж.К. Джумагалиева мен ағылшын тілі пәнінің оқытушысы И.А. Губанованың кіріспе сөздерімен басталып, үш тілде жүргізген оқушылардың сөзімен жалғасты. Қазақ тілінде №221 топ оқушыларының «Тәуелсіздік тұғырым», «Ана тілі», «Қазақ тілі» өлеңдері оқылып, №282 топ оқушысы Белова Дарья Абайдың «Көзімнің қарасын», №372 топ оқушысы Загидулин Рустам, №282 топ оқушысы Белова Дария ағылшынша әндер орындады. Ағылшынша, орысша өлеңдер оқылды.

23.09.16. Джумагалиева Ж.К. қазақ тілі және әдебиеті пәнінен, І курс орыс топтары арасында олимпиада өткізді. Олимпиада барысында оқушылар ауызша, жазбаша, аударма жұмыстарын, грамматикалық және тест тапсырмаларын орындап, нәтижесінде:

І орын №122 топ оқушысы Семина Вера

ІІ орын №122 топ оқушысы Попов Александр

ІІІ орын №112 топ оқушысы Бусалаева Дарья иеленді

23.09. 16. Губанова И.А. 2016-17 оқу жылына арналған І және ІІ курстар арасында «English Crossword» тақырыбында (Сөзжұмбақтар байқауы) қашықтан өткізілетін І Халықаралық лексикалық байқауға қатысу үшін жіберілген өтініші қанағаттандырылып, оқушыларға арналған тапсырмалары алынды. Тапсырмалар (Сөзжұмбақтар шешу) орындалып, оқушылардың жұмысы көрсетілген сайтқа жөнелтілді. 3 және 4 қазан күндері байқаудың қорытындысы жарияланып, І курстар арасында №122 топ оқушысы Олейников Даниил және Семина Вера І дәрежелі Дипломмен, ІІ курстар арасында №282 топ оқушысы Белова Дарья І дәрежелі Дипломмен марапатталды

24.09.16. Губанова И.А. ағылшын тілі пәнінен І курстар арасында олимпиада өткізді. Олимпиада материалдары болашақта жеңімпаздардың жұмысын тарату үшін олимпиада байқауына арналған арнайы сайттан алынды.Олимпиада да лексикаға, грамматикаға арналған тест жұмыстары жүргізілді.Барлығы 8 оқушы қатысып,

І орынды - №112 топ оқушысы Поминов Давид

ІІ орынды - №122 топ оқушысы Семина Вера

ІІІ орынды - №112 топ оқушысы Ансариев Данил иеленді.

Жеңімпаздардың жүмыстары Халықаралық олимпиадаға жіберілді. Қорытындысы қараша айында болады.

26.09.16. Азимуратова Э.Ш. №12 топ оқушыларымен Ұлыбритания туралы білімін тереңдету, басқа елдің мәдениетіне сыйластықпен қарау, оқушылардың ағылшын тліне деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Do you know Great Britain?» тақырыбында сыныптан тыс шара өткізді. Шара 7 кезеңнен тұрып, ойын-виктарина түрінде өтті. Оқушылар әр кезеңде белсенділік танытып отырды.

27.09.16. оқытушы Ж.С. Зинетова оқушылардың ана тіліне деген танымдық қызығушылығын арттыру, ой-өрісін кеңейту, сауаттылығын жетілдіру мақсатында І, ІІ курстар арасында «Сүйемін туған тілді анам тілім» тақырыбында шығармалар сайысы өткізді. Сайысқа барлығы 12 оқушы қатысты. Жазылған жұмыстарын тексеру барысында оқушылардың сауаттылығы , тіл байлығы, сөз саптауы, грамматикалық , пунктуациялық , орфаграфиялық сауаттылықтары ескеріліп, нәтижесінде:

І орын Есмадиярова Гүлбану - №221 топ оқушысы

ІІ орын Семина Вера - №122 топ оқушысы

ІІІ орын Джуманова Альфия - №122 топ оқушысына берілді.

27.09.16. Зинетова Ж.С.Олимпиада орыс тілі және әдебиеті пәнінен, қазақ топтары үшін І,ІІ курстар арасында өткізді. Олимпиада ІІІ кезеңнен тұрды. І кезеңде оқушылар тест жұмысын орындады. ІІ кезеңге 10 оқушы өтіп, грамматикалық тапсырмалар және мәтінмен жұмыстар, сөйлемге синтаксистік талдаулар жүргізілді. ІІІ кезеңде орыс ақындарының өлеңдерін жатқа, мәнерлеп оқыды. ІІІ кезеңнің қорытындысы бойынша:

І орын: Андросова Александра-№222 топ оқушысы

ІІ орын: Крестникова Лидия-№212 топ оқушысы

ІІІ орын: Семина Вера-№112 топ оқушысы иеленді

28.09. 16. Азимуратова Э.Ш. І курстар арасында олимпиада өткізді. Мақсаты-оқушылардың ағылшын тіліне дайындық деңгейін бақылау. Олимпиада барысында жазбаша тапсырмаларды, ауызша диалогты оқып, лексикалық-грамматикалық тапсырмалар орындады. Қорытындысы бойынша:

І орын: Талғатова Шыңзада

ІІ орын: Икпаубаева Камелбек

ІІІ орын: Қуанышева Альбинаға берілді.

29.09.16 Губанова И.А., Андрусенко Н.А. ағылшын тілі мен физика пәнінен «The Force of Gravity» I Newton тақырыбында бинарлық сыныптан тыс шара өткізілді. Сабақ физика пәнінің оқытушысы Н.А. Андрусенконың кіріспе сөзінен басталып, оқушылардың ағылшын тіліндегі Англияның көрікті жерлерін таныстырумен жалғасты. Сондай-ақ, Ньютонның өмірбаяны мен оның еңбектеріне тоқталды. Ағылшын пәнінің оқытушысы И.А. Губанова хронологиялық кесте және тағы да басқа қызықты етіп дайындаған презентациялар бойынша оқушылар ағылшын тілінде және орыс тіліне синхронды аудармалармен баяндады. Сабақ соңында Ньютонның өмірбаянына байланысты құрылған сөзжұмбаққа оқушылар 2 тілде жауап берді. Швалова Оксана Ньютон туралы өлеңді нақышына келтіріп ағылшын тілінде оқыды. Ньютонның заңдарын баяндау кезінде бейнебаян көрсетілді. Іс шара өтетін жер майшам, Ньютонның ІІІ томдық кітабы қойылып сол кездегі библиотека стилінде дайындаған. Оқушылар сабаққа қызығушылықпен және жоғары белсенділікпен қатысты.

29.09.16. оқытушы Ж.С. Зинетова №222 топ оқушыларымен фразеология, лексика тараулары бойынша білімді жетілдіру және материалды бекіту мақсатында орыс тілі мен әдебиеті пәнінен «Фразеологизмы.Употребление фразеологизмов в речи» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сұрақ-жауап арқылы үй тапсырмаларын тексеріп, дайындаған презентациялары бойынша жаңа сабақты жалғастыра отырып, фразеологизмнің шығу тарихына тоқталды. Сабақ барысында оқытудың түрлі әдіс- тәсілдерін қолдану арқылы оқушыларды сабаққа тарта білді. Түрлі жаттығу жұмыстарын жүргізіп, мәтіннен фразеологизмдерді табу, оның мағынасын түсіндіру және синонимдерін табу, тест жұмысы сияқты тапсырмалар орындалды. Сабақ жаңа технология элементі «миға шабулды» пайдалана отырып, яғни «фразеологизм» сөзінің әрбір әрпіне фразеологизмдер ойлап табу жұмыстарымен бекітілді. Үйге 3деңгейде түрлі тапсырмалар берілді.

29.09.16. АзимуратоваЭ.Ш. №311 топ оқушыларымен «Family relations» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты сөздік қорын кеңейту, лексикалық-грамматикалық дағдыларын қалыптастыру, бір-біріне деген сыйластыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу. Сабақ барысында көптеген жұмыстар жүргізілді. Мәтінмен жұмыс, тақырып бойынша ата-ананың жауапкершілігі туралы сұрақтар қойылып, өздерінің ойларын жеткізді. Грамматикалық-лексикалық тапсырмалар беріліп, орындалды.

30.09.16. Айжарықова А.А №221 топта «Тіл білгірлері» атты сыныптан тыс шара оздырылды. Мақсаты оқушылардың өз ана тілінің қадір қасиетін біліп, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүние танымын , ой өрісін дамыту. Ана тіліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл иәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру. Сайыста топ оқушылары «Зеректер» мен «Тапқырлар» болып екіге бөлінді. Оқушылар әр кезеңде белсене қатысып, білімдерін көрсете білді. Сайыс соңында әділқазылардың шешімімен екі топқа бірдей ұпай берілді.

30. 09. 16. Губанова И.А. «Breakfast at the restaurant Types of the questions» тақырыбында №152 топ оқушыларымен ашық сабақ өткізді. Сабақтың І бөлімі оқушыларды түгелдеуден басталып, оқушылармен арада сұрақ-жауап болды. Оқушылар қойылған сұрақтарға ағылшынша жауап беріп отырды. Оқушылар рөлдерге бөліп диалог оқып, аударды және сұрақтарға жауап берді. Жаңа сабақ бойынша топпен, жеке жұмыстар және грамматикалық тапсырмалар орындалды. Бекіту «рефлекция» әдісі бойынша оқушылар нені білді, нені үйренгендігін баяндап берді. Оқушылардың жұмысы бағаланып, үйге тапсырма «Қонақүйдегі таңғы ас» бейнебаян түрінде көрсетіліп, оқушыларға осы бейнебаян бойынша диалог құрастыру берілді

30.09.16. Джумагалиева Ж.К. Зинетова Ж.С. Азимуратова Э. Ш. №311, №321, 322 топ оқушыларымен «Менің сүйікті мамандығым» тақырыбында сыныптан тыс шара өткізді. Үш тілде білімдерін нығайту, өз мамандығы туралы еркін сөйлеуге, дұрыс және толық жауап беруге бағыттау, логикалық ойлау қабілетін дамыту мақсатында ұйымдастырылған шарада, 1кезең- үй тапсырмасы «Менің сүйікті тағамым», яғни, дайындайтын тамақтың дайындалу технологиясы мен керекті өнімдерін толықтай 3 тілде айтып беру, 2 кезең- ұяшық таңдау, шарты: жасырылған ұлттық тағамдардың атауын, жазылуын 3 тілде жазып көрсету

3 кезең - «Менің мамандығым» тақырыбында мәтін құрастыру сияқты тапсырмаларды орындап, үш тілде өз білімдерін көрсете білді.

01.10.16. Джумагалиева Ж.К. Кәсіби қазақ тілі пәнінен қазақтың ұлттық тағамдары, оның түрлерін біліп, салт - дәстүр бойынша сәлемдесу, әңгімелесу жоралғылары бойынша сөйлесе білуді үйрету мақсатында «Ұлттық тағамдар. Сөз тіркестері» тақырыбында №322 топ оқушыларымен ашық сабақ өткізді. Сабақ ұлттық тағамдардың түрлері мен дайындалу технологиясын көрсететін бейнебаяннан басталып, мәтінмен, сөздікпен, өз бетімен жұмыстар жүргізіліп, оқушылардың жеке жұмыстары тыңдалды. Бурхетева Мария қымыздың пайдасы туралы презентация дайындап баяндаса, Коштаева Жанар қазақтың ұлттық тағамы «Бешбармақтың» дайындалу технологиясын дайындаған презентациясы арқылы көрсете отырып, түсіндірді.Топпен жұмыс кезінде оқушылар кластермен, түрлі жағдаяттар және грамматикалық тапсырмалар орындады.Сабақ соңында Қазақы дастарханы әніне бейнебаян көрсетіліп, оқушылар бірге шырқады.

03.10.16. Губанова И.А. І-ІІІ курстар арасында «Kazakhstan is my Motherland» тақырыбында презентация байқауын өткізді. Оқушылар қойылған талаптарға сай өз өлкелері, отаны туралы презентация дайындап, слайд көрсету кезінде, грамматикалық ережелерді сақтай отырып, баяндап, көрермендерге жеткізе білді.Әділқазылардың шешімі бойынша:

І орын: №282 топ оқушысы Белова Дарья

ІІ орын: №212 топ оқушысы Крестникова Лидия

ІІІ орын: №112 Ансариев Данилге берілді.

03.10. 16. Джумагалиева Ж.К. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, әдеби - көркем, мәдениетті сөйлеуге дағдыландыру, мәнерлеп оқуын дамыту. Атадан балаға мирас болған байлығымыз, қазынамыз туған тілге, көркем әдебиетке, оның ішінде поэзияға деген құштарлығын арттырып, өлең сөзінің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету.Шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума - талант, табиғи дарындарын анықтау, Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында тәуелсіздіктің қадір-қасиетін ұғындыру, Отан мен жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, сөз өнерін қалыптастыру мақсатында өткізілген «Мәңгілік Ел - мұратым» атты Жас ақындар байқауы өткізілді.

І – кезең. «Өзге емес, өзім айтам өз жайымда» (өзін - өзі таныстыру)

ІІ- кезең. «Жыр жазамын жүрегімнен» (өз өлеңдерін оқу)

ІІІ-кезең. «Туған жер» (Эссе – шешендік өнерлерін қара сөзбен айтып көрсету) бөлімдерінен тұрды. Қатысушылар өз туындыларынан өлеңдерін мәнерлеп оқып, ІІІ кезеңде тіл байлықтарын шебер қолдана білді.

Әділғазы шешімімен:

І орын -№221 топ оқушысы Әсемғалиева Жайна

ІІ орын - №441 топ оқушысы Заңғалиева Әсем

ІІ орын - №131 топ оқушысы Гүлдана

ІІІ орын -№441 топ оқушысы Кутлиева Ажар

ІІІ орын- №212 топ оқушысы Баева Екатеринаға берілді.

Байқау екі жүргізушінің басқаруымен өтті. Презентациялар дайындалып әрбір қатысушыға арнап өлеңдер оқылып таныстырылды. «Тіл-халық қазынасы, ұлт шежіресі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

03.10.16 Онкүндіктің салтанатты жабылуы. Мадақтама. Онкүндіктің соңы қорытынды кешпен, марапаттаумен аяқталды. Кеш патриоттық тұрғыда өтіп, тәрбиелік мәнге көп көңіл бөлінді. Жеклеген оқушылар үшү тілде өлеңдер оқып, №311 топ оқушысы Ниеткалиев Еламан «Менің елім», №282 топ оқушысы Белова Дарья ‘Skyfall’, №372 топ оқушысы Загидуллин Рустам “Yesterday” әндерін нақышына келтіріп орындады. Жалпы алғанда онкүндіктің барысы жоғары деңгейде өтті.



Тілдер кабинетінің меңгерушісі Джумагалиева Жанар Крыкбаевна


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Үштілдік-заман талабы

Автор: Джумагалиева Жанар Крыкбаевна

Дата: 31.12.2016

Номер свидетельства: 374809


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства