Суырып салма а?ындар К?теш пен Шал ?з замандастарыны? ?міріні? моральды? ж?не этикалы? жа?тарына арнал?ан тол?аулдар шы?арды.Сондай-а? к?шпелілерді? діни сенімі м?селелерін де ?оз?ады.Оларуды? іжырлары ?аза?станны? барлы? жерлеріне жетіп, жат?а айтылып ж?рді.Халы? Шал а?ын деп атап кеткен, Тілеуке ??леке?лы ?азіргі А?мола облысыны? ауданында ту?ан.Есіл ?зеніні? жа?асында ата?ты ??леке батырды? отбасында д?ниеге келген. А?ын ретінде он бес жасынцда танылды.А?ын ?тірікті, жа?ымпаздыо?цты, ?лердей жек к?рді, адамгершілік пен ар-намысты б?рінен де жо?ары ?ойды.?з тайпаластарын? расында?ы досты?ты ,бірлікті, ж?не ауызбіршілікті мада?тап, жыр?а ?осты. А?ын б?кіл ??аза?ты топтасып ?уатты ел болу?а ?айырымдылы? пен ?ділеттілікке ша?ырды.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Шал Ақын, Тілеуке Құлекеұлы (1748-1819) халық ақыны, Абылай ханның замандасы. Тiлеуке Құлекеұлы қазiргi Ақмола облысы Азат темiр жол станциясының маңында дүниеге келген. Шал ақынның әкесi Құлеке батыр Тәңiрбердiұлы қазақ-қалмақ соғысының атақты батырларының бiрi.
Ол Абылай ханның ширек ғасырдай уақытта ең жақын қадiрлес досы, сенiмдi батыры, беделдi елшiсi болып, орта жүздiң iшiндегi ел бастаған, қолбасшы адамы болған. Ол 1742 жылы Орта жүз атынан Ресейдің қол астына қарау туралы ант берушiлердiң бiрi болған. Абылай хан атынан Ресей мемлекетiне елшiлiкке барғаны туралы деректер сақталған. Анасы - үйсін тайпасынан шыққан атақты Төле бидiң қызы. Құлеке мен оның ағасы Тiлекенiң соғыстағы ерлiгi жайлы әңгiмелер ел iшiнде күнi бүгiнге дейiн айтылады. Құлеке жайында Алматы мұрағатында нақты деректер де сақталған.
« Өлеңге тоқтамайды Шал дегенiң,
Болмайды қойға пана тал дегенiң. Таң ата жалаң аяқ тоқты арқалап, Хан ата, қалай екен мал дегенiң? Сыйлайды ханымыз деп үлкен-кiшi, Бiреудiң хақын жемес жақсы кiсi. Тақтағы хан, топтағы бидi еңкейткен, Хан ата, қалай екен малдың күшi?»
Суырып салма ақындық таланты 15 жасында оны даңққа бөлеп, сол кездің өзінде халық Шал ақын ауылы (кәрі, дана) деп атаған. Оның шығармашылық таланты бүкіл Сарыарқаға кеңінен жайылды. Ақын адамгершілік үшін күресіп, қоғамдағы әділетсіздіктерді шындық тұрғысынан айтып, сынады. Оның «Шал мен дегдар қыз», «Шал мен Күлтімжан қыз», «Жігіт пен шал», «Шал мен кемпір» шағын айтыстары мен «Ата-ананың қадірін», «Жігіт туралы», «Жігіттің өзін білем дегені», «Әйел сыны», «Қыздар туралы» және басқа өлеңдері сақталған. Шал ақынның көптеген шығармалары, соның ішінде тарихи аңыздар мен әңгімелерге бай қазақ халқының шығу тегі жөніндегі эпикалық шығармасы сақталмаған. Шал ақынның белгілі өлеңдері 20 ғасырдың 60-жылдарынан бастап баспа бетінде жарық көрді, жеке шығармалары орыс тіліне аударылды.Есімі Солтүстік Қазақстан облысының аудандарының біріне берілген.
Шал ақын қазақ халқының аса бір ерекше құндылығы - перзенті де сөз етіп, жырлайды, табиғат құбылыстарымен салыстырады: жер-боз, қой-қозы, ағаш-жапырақ, құс-жұмыртқа, тау-бұлақ, ешкі-лақ, көл жағады жасыл құрақ. Бұл табиғаттағы келісімділік адам өмірінде де болу керек екенін айтып, өзінің перзентсіз болғанын зарлы түрде жырлайды:
Ол ерте дәуiрде қалыптасып, жалғасып келе жатқан ақындық дәстүрдi,яғни ХVШ ғасырда өмiр сүрген Тәтiқара, Көтеш ақындардан кейiн қазақ поэзиясын дамытушылардың бірі болған. Оның бұл салада қосқан үлесi үлкен.Тілеуке Құлекеұлының өлең- термелерi, толғау -тақпақтары сан жағынан мол, сапа жағынан мазмұнды, тақырыбы көркем және кең. Шал ақын қазақ поэзиясының лирикалық өлең жанрын, өз замандастарымен салыстырғанда, жан-жақты толықтыра түсiп, оның көркемдiгiн арттырды. Бұл тұрғыдан алғанда оны толғауды көркемдiк шегiне жеткiзе бiлген Бұқар жыраумен ғана салыстыруға болады. Сондықтан да кейiнгi кезеңдерде өмiр сүрген ақындар Шал ақынды ұстаз тұтты. Шал ақынның өлең, жырлары кезiнде ел арасына кеңiнен таралған. Шалдың бiзге жеткен шығармалары негiзiнен әр жерде әр түрлi себептермен суырып салып айтқан шағын өлеңдерден тұрады. Терме-тақпақтары, нақыл сөздерi, сөз қағыстары да баршылық. Шалдың ұзақ эпикалық жырлар шығарғандығы, қазақ халқының шежiресiн өлеңмен жазғаны да Шоқан Уәлихановтың еңбектерiнен белгiлi. Шал ақынның мұралары бізге толық жетпеген, жеткендерінің өзі бір жарым мың жол ғана. Адамның артықшылығы, жақсылығы көпке, туған елге пайдалы болуында деп қорытынды жасайды. Ашқарақ, сұғанақ, арызқой, пасық адамдарды әшкерелейді. Өзiмшiл, күншiл пасықтарға жаны таза жақсы адамдардың адал ниеттi iзгi iстерiн қарсы қоя жырлап, бiрiнен жирендiрiп, екiншiсiнен үйренiп, үлгi-өнеге алуға үндейдi. Ол шығармаларын аяқ астына шығарып отырған. Ақын өзi өмiр сүрген дәуiрдiң өзектi мәселелерiн жырлаған. Өлеңдерiнiң көбi мақал-мәтелдерге, нақыл сөздерге, дiни ұғым сөздерге, бейнелi сөз тiркестерiне толы.