Просмотр содержимого документа
«"Маңғыстауым - тұнып тұрған тарихым"»
“Маңғыстауым - тұнып
тұрған тарихым”
Орындаған: Джумабаева Самал
Абстракт
Зерттеу жұмысының мақсаты:
Ғылыми жобамның тақырыбы «Маңғыстауым-тұнып тұрған тарихым»
Бұл тақырыпты зерттегендегі негізгі мақсатым Серікбол ағамыздың еңбектерін ішіндегі киелі 360 әулиелі Маңғыстау жерін жан-жақты
танып-білу.
Зертеудегі міндетім:
Тақырыбымның мақсаты негізгі жоспарға сәйкес төмендегі
зерттеу міндеттерімен толықтырылып,айқындалды.
1.1.Маңғыстаудың өткеніне саяхат
1.2.Маңғыстау – қазыналы түбек.
1.3.Маңғыстау тарихи орындарға бай өлке.
Зерттелетін обьект
Маңғыстаудың тарихын анықтап,осы күнге дейінгі
жағдайын зерттеп зерделеу.
Серікбол Қондыбай Әділбекұлы
XVIII ғасырға дейінгі уақыттар мен мыңжылдықтардағы Маңғыстау тарихының жазба құжаттарға түсіңкіремей қалуы
Маңғыстау
XVIII ғасырға дейінгі Маңғыстау түрікмендікі болған» деген қағиданың салдарынан қазақ тарихшылары тарапынан өлкенің көне тарихына деген қызығушылық болған жоқ
Маңғыстау –ізденістерге қажетті фольклорлық базасы мол сақталған өлке,ал фольклорлық материалдар біздің жағдайымызда ең басты мифологиялық қайнар көз болып табылады.
1911, 1926-28 жылдары Маңғыстауда геологиялық іздеулер жүргізіп, фосфорит, тас көмір кендерін ашқан.
Оған жергілікті білімдар азамат, жоғары білімді, іс жүзінде өлкеден шыққан тұңғыш географ Оразмағамбет Тұрмағанбетұлы (1882-1942) елеулі көмек көрсеткен. XX ғасыр Маңғыстауды географиялық тұрғыдан жан-жақты, кемелді зерттеу заманы болды.
Өлкенің тарихымен қатар географиясы, жер-су атаулары,
жерасты суларын — Сыдықов Ж.С., топырағын — Герасимов И.П., Жамалбеков Е., Боровский В.М. т.б. зерттеді .
"...Нағыз шөл, құм немесе тас! Ең болмаса көгалды бір алқасы, нулы бір өлкесі болсайшы. Ең болмаса көз тігерлік көгілдір тауы, ауыз шаярлық ағынды өзені де жоқ. Қарай-қарай көз талар
, мұң басар шерлі жүректі" деп ақын Тарас еріккендіктен айтты ма екен?! Бірақ ол да Маңғыстауды қарғап-сілеп кеткен жоқ, атын шығарып мадақтап кетті. Мөңкенің Мұраты айтқандай, "шаңды қиян Маңғыстау« қандай бақытты сәттердің, қаншама қуаныш пен қайғының куәсі болмады десеңізші?!
Бүгінде Маңғыстау — іргелі өлке. Қайталанбас табиғаты, есепсіз байлығы бар өлке. Ол ұйқыдағы ару емес, ұйқыдағы алып батыр өлкесі. Маңғыстау бос жатқан иесіз құла, сұрқай шөл емес. Жақындап келіп ала тауларға,шыңдар мен сайларға үңілсең, Темірхан ақын айтқандай: "Сен оған алыстан қара, сонда оның біртұтас организм екенін бұлжытпай мойындарсың!"
Маңғыстау табиғаты қандай романтикалық ой сарынын тудырмады десеңізші...
"Маңғыстауға барған сапардыжұлдызды өлкеге жасаған саяхат деуге де болар еді.
Мен еш жерде мұндай жұлдыз нөсерін, олардың көз
шаршатар жарқылын көргем жоқ. Оның жарқындығы сондай,
түн сайын шексіз тұңғиықтан жұлдыздар осынау
үнсіз Маңғыстауға ұшып келіп жатқандай сезіледі". Бұл — К.Паустовскийдің сөзі.
Маңғыстауды көрген, зерттеген адамдар да кейінгілер есте сақталарлықтай көркем теңеулер қалдырыпты. Өткен ғасырда осы өлкеде айдауда болған поляк Бронислав Заллеский Маңғыстау таулары туралы: "Күн сәулелері бұлттардан өте осынау тауларға алуан түрлі, әр бояу тигізіп, ауық-ауық ғажайып көрік береді.Түнде, ай жарығында бұл жер басқа түрге бөленіп, бұрынғыдан да зор ғаламатқа айналады. Айдалада жалғыз
отырып, осынау кеңістік пен үнсіздіктің ұлылығы мен ерен елестерге кенелген шөлді алқаптың ерекше бір тылсымына
еніп кеткендей сезінесің" депті.
Маңғыстау – тарихи орындарға бай өлке
«Жасаған Ие осы бір құлазыған былайғы дүниені шектен шыға таңдандыру үшін жаратқандай. Қиялда ғана болатындай қиян өлкеге көкте самғамасаң, жер бетімен жылжып, ғұмыры жете алмайтындайсың», – деп айтқанындай бұл өлкені көрмей жатып, көзбен шарлап ұғына алмайсың.
Қарт Каспий – менің махаббатым! Кейде қатты қуанамын, осы Каспийдің болғанына... Мен оның жаратылысына, суының мөлдірлігіне, Маңғыстаудың шұқыр-шұқырында әр жерінен әртүрлі болып жатқандығына таң қаламын. Мен оның әр адамға шабыт беріп, мұңайып келгенде жұбатып, шабыттанып келгенде шарықтатып, жіберетін өзіндік күшіне ғашықпын.