kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ма??ыстау?а – 50 жыл

Нажмите, чтобы узнать подробности

?аза?стан Республикасы, Ма??ыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосы, "Ж.?алды?араев атында?ы орта мектеп" ММ-ні? бастауыш сынып м??алімі Карымсакова Акмарал Турсынгуловна.

Та?ырыбы: Ма??ыстау?а – 50 жыл
Ж?ргізуші: Не замандар ?тсе – да?ы б?лай,
К?к т?рікті? туы ?алды ??ламай.
Ма??ыстауым – т?нып т?р?ан тарихым,
Ашы? аспан астында?ы м?ражай, - деп а?ын айт?андай, ке? – байта? ?аза? даласында осы бір ?асиетті ?лкені? орны ерекше. Тарихыны? тамыры тере?ге тарат?ан Ма??ыстау жеріні? ?асиет т?н?ан топыра?ы талайларды тамсандырып келеді. Таби?аты та??ажайып, тау – тасы т?ртіп ?алса? с?йлеп кеткелі т?р?ан шежірелі ?лке. Ендеше т?рбие са?атымызды? бірінші б?лімі «Жер кіндігі атан?ан ?лке» б?лімінде Ма??ыстау тарихымен танысамыз. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ма??ыстау?а – 50 жыл »

Тақырыбы: Маңғыстауға – 50 жыл

Жүргізуші: Не замандар өтсе – дағы бұлай,

Көк түріктің туы қалды құламай.

Маңғыстауым – тұнып тұрған тарихым,

Ашық аспан астындағы мұражай, - деп ақын айтқандай, кең – байтақ қазақ даласында осы бір қасиетті өлкенің орны ерекше. Тарихының тамыры тереңге таратқан Маңғыстау жерінің қасиет тұнған топырағы талайларды тамсандырып келеді. Табиғаты таңғажайып, тау – тасы түртіп қалсаң сөйлеп кеткелі тұрған шежірелі өлке. Ендеше тәрбие сағатымыздың бірінші бөлімі «Жер кіндігі атанған өлке» бөлімінде Маңғыстау тарихымен танысамыз.

Алаулап жаңа ғасыр келді, білем,

Республикам танылды теңдігімен.

«Ақ ару» ұйқысынан ояныпты,

Маңғыстау пейілінің кеңдігінен.

Жаңаөзен – мұнайшылар астанасы,

Жаңаөзен «қара алтынның» бас қаласы.

Жаңаөзен, Елбасы қамқор болған,

Жаңаөзен жаңа ғасыр бастамасы.

Елімнің құты – мұнай берекелі,

Белгілі Маңғыстаудың жері екені.

Мұнайшы еңбеккерлер тойлап өтпек,

Қырық жыл «Егемендік» мерекені.

Жиырма жыл туған елім асқақтады,

Ер халқым алға басып қас қақпады,

Бірлігі, туыстығы, көп ұлттығы

Елімнің қалыптасқан бастапқы әні.

Өлкемнен мұнай мен газ табылады,

Қоймаға «қара алтындар» ағылады.

Еңбеккер аймақтағы ерлерімнің,

Бар әлем куә болар бағаны әлі...


Мереке: Маңғыстау – Қазақстанның оңтүстік – батыс бөлігінде орналасқан. Бүкіл жер шары көлемінде алып қарасақ, Еуропа мен Азияның түйіскен тұсында. Бұл аймақтың жан – жақпен экономикалық қарым – қатынас жағдайы да өте тиімді. Өйткені облыстың батысы мен солтүстігін қоршай орналасқан Каспий теңізі арқылы Шығыс Еуропаға шығуға толықтай мүмкіндік болса, оңтүстігінде Түркменстан, оңтүстік – шығысында Қарақалпақстан, солтүстігі мен солтүстік – шығысында Атырау, Ақтөбе облыстарымен шектесіп, күнбе – күнгі түрлі экономикалық байланыс жолға қойылған. Маңғыстау облысының әкімшілік – аумақтық құрылымы 5 ауданнан, 3 облыстық маңызы бар 6 кенттен, 30 селолық және ауылдық округтен тұрады. Қала 274,6 мың адамды құрайды (ал ауыл тұрғындарының саны – 87,1 мың адам).

Маңғыстауда...

Көп дейді жұмбақ үңгір,

Жұмбақ үңгір құпиясын тыңдағым бір

Келген еді.

Амал не, жақпар тастар,

Қымтанады сыр шертпейді күңгір – күңгір.

Күңгір – күңгір сырлары ағытылса

Жүре берер еді ғой нұрланып жыр.


Мереке: Балалар біздер Маңғыстаудың киелі жерлеріне саяхатқа шығамыз. Маңғыстаудағы Үстірт қорығымен танысайық. Үстірт қорығына бір топ оқушылар жорыққа кетті.


Альбина таныстырады.


Бағлан: Уа, Каспий

Тәріздісің сен қиял,

Қиял сырды –

Жайық құяр,

Еділ құяр,

Жем құяр

Ағузымен аңыз жырдың

Сосын саған

Мен құям

Сеземін ғой,

Сеземін ғой,

Сеземін

Өтті бастан небір дәрен кезеңі!


Ақбөбек: Маңғыстау бір жиекке орналасқан

Таулары күнмен шағылысқан

Көкірегі өрге жүзсін Маңғыстауым

Әулиелер пір тұтқан Маңғыстауым.


Хақназар: Жағаңда батамын мен ойға терең

Ғажапсың – ау Каспиім, шыныменен

Қыстыгүні ажарың болған аққу

Үн қосып сырласқандай мәніменен.


Ислам: Жырымды жазылған пәк көңілімнен

Арнаймын ақ жүректен өзіңе мен

Маңғаз дала жерінен орнын тепкен

Каспиімді шынымен де сүйемін мен.


Есет: Енді сөз кезегін Гүлденге береміз.


Гүлден: 2011 жылдың басында облысты 524,2 мың адам тұрды, оның ішінде қала халқы - 275,8 мың, ауыл халқы - 248,3 мың адам. 2007 жылдың басымен салыстырғанда халық саны 133,7 мың адамға өсті. Ақтау қаласы – Маңғыстау облысының орталығы. Қаланың іргетасы 1963 жылы Ленинград жобасымен Каспий теңізінің жағасында салына бастады. 2005 жылдың басында Ақтау қаласының халқы 159,2 мың адамды құрады. Ақтаудан Астанаға дейінгі ара қашықтық – 2413 км. 2004 жылы қала мұнайшылары 9,5млн тонна шикі мұнай.


Мереке: Кезекті әнге берейік. Хор: «Маңғыстау әні»


Алуа: Балалар әрі қарай саяхатымызды жалғастырайық. Келесі тоқталатын жеріміз Шерқала тауы.


Даниал таныстырады.


М.Ақбота: Нұр үстіне нұр жаусын,

Ғасырлар бойы жасасын!

Маңғыстауы, Маңғыстауым

Таулары биік шыңға

Шаттанып көтеріле берсін.


Қарақат: Бір ғажайып сиқыр бар сенде бәлкім

Келуге жаны құштар саған әркім

Толқыныңмен достасып жел мен тас та

Алтын күн де төгер саған таң шапағын.


Дидар: Отпан тауы «От Адамның» мекен

Әлімсақта болған екен деседі

Ғұламалар табиғатпен тілдескен,

Дана шалдар, өтіп кеткен кешегі.


Райгүл: Ұранымсың, жан баба,

Жыр әнімсің, жан баба.

Жебеушімсің, жан баба,

Демеушімсің, жан баба,

Бекет Ата – Пір баба!


Мереке: Келесі саяхатымыз Қарақия ойпаты.


Аружан таныстырады.


Гүлден: Каспий жатыр толқын ұрып айлағын

Қиялдадым бір ғажап ой ойладым.

Ойладым да, айлы түнде жағаға

Жібек жолда боз биені байладым.

Байладым да, аулақ барып жаттым мен

Кімге – күмбір кісінердей әлгі айғыр

Пайда болып ақ толқын мен ақ түннен

Қашыр болып азып кеткен жылқымды

Ақылдассам – деген ой ап ырқымды.


Мекке: Әй – әй Маңғыстауым, Маңғыстауым

Өрге жүзсін, биік шыңға

362 әулие пір тұтар Маңғыстауда

Шопан ата, Бекет ата пір тұтқан

Қолдап жүрсін әулиелер биік шыңға.


Айжан: Киелі Маңғыстаудан орын тепкен

Көк теңіз, саған сонша құштар екем.

Бұлқынған толқыныңды терең құшып

Құмарымнан шығам ба қанша жүзсем!


Дариға: Сан ғажапты сыйғызып алабыңа

Көрген адам таңдай қақты саған мына

Көркінен көз тұнатын әсем теңіз

Жайнай берші сән қосып ажарыңа!


Алуа: Енді сөз кезегін Райгүлге береміз.


Райгүл: Иә, киелі Маңғыстау жері әулиелерге бай. Әрқайсысының өзіне тән қайталанбас қасиет ерекшелігі болғаны да аян. Уақыттың куәлік етуінше олардың әрқайсысының киесі мен шарапат – шапағатының әсер ету күші де әр алуан болып келеді. Айталық: бір қан тамырын ұстау арқылы бүкіл болмысына деректерді қолға ұстатқандай, көріп – танып отырғандай баян етсе, енді бірі кәдуілгі қырық бір құмалақты ашып, сол арқылы айқын болжамдар жасаған, ал келесі біреуі болса кісінің бет – жүзіне қарап отырып – ақ, келген шаруасы мен ниет – пиғылын ашып беріп отырған. Маңғыстау десе аузымызға бірден Бекет ата немесе 362 әулие түседі. «Маңғыстаудағы әулиелер саны – 360, қырда – Бекет, ойда – Саназармен 362» деген қағиданың қатесіздігін айғақтай түседі. Қазақстандағы тарихи – мәдени ескерткіштердің 80 пайызы Маңғыстауда шоғырланған: «Әулие түне, Алладан тіле!».


Алуа: Ендігі саяхатымыз Отпантау кесенесіне жалғасады.


Ақнұр таныстырады.


Ерсұлтан: Маңғыстауым көрнекті әсемді,

Өзіне сай келбетті.

Маңғыстаудың аты өшпесін,

Халықтары көшпесін.


Лашын: Сен беріп кең далама, қазағыма

Айналдың сен Маңғыстау ғажабына.

Сәлем саған, қарт Каспий толқындаған

Қараймын да тоймаймын ажарыңа.


А.Ақбота: Бүгін сәби,

Ал ертеңгі тастүғын,

Міне осындай құдіреті бар Каспийдің

Ұлы мақсат жолындағы жандардың

Ерлігіне

Өрлігіне

Басты идім.


Мереке: Балалар біздер Маңғыстаудағы киелі жерлерге саяхат жасадық. Енді өзіміздің киелі Бейнеуімізге оралайық.


Алуа: Сөз кезегін Гүлшатқа береміз.


Гүлшат: Бейнеу ауданы 1973 жылы құрылған. Аудан орталығы – Бейнеу селосы. Ақтаудан Бейнеуге дейінгі арақашықтық – 470 км., аудан көлемі 40,5мың ш.км тең. 2005 жылдың 1 қаңтарында ауданда 34,6мың адам тұрған. Аудан құрамында 10 ауыл кіретін 12 ауыл әкімшілігі бар. Аудан экономикасы ауыл шаруашылығымен айналысады. Аудан мақтанышы болып, экономика жағдайын жақсартып отырған «Бейнеу астық терминалы» осы аймақтан салынды. Астық терминалы жұмысқа орналастыру, ұн өнімдерін тұрақты ұстау, малды жеммен толық қамту секілді 3 мәселені шешуі керек. Аудан қажеттілігінің ұнмен 2,5, жеммен 5 пайызын өтейтін, сыйымдылығы 100 мың тонна бидай сақтайтын элеваторы және қуаттылығы 90мың тонна ұн мен 30 мың тонна жем шығаратын цехы бар. «Бейнеу астық терминалы» құрылысының бірінші кезеңі аяқталды. Терминал өткен жылы іске қосылып, 134 тұрғын жұмыспен қамтылды. Өткен жылы терминал 1100 тонна І-сортты ұн мен 350 тонна жем өндірді.

Маңғыстаудық ақ тасын,

Ақ мәрмәр деп ұғыңыз.

Ақтауды – теңіз қақпасын,

Қазақыландырыңыз.

Пушкиннің ізі қалған жер,

Текені қазақыландырғай.

Маңғыстау – маңғаз арман жер,

Үзілгені көп жалғанбай.


Мереке: Хор «Бейнеу бағы» әні.


Алуа: Сөзіміздің соңын: Қысылғанға дем, жабыққанға жар болатын қасиетті Беке ата рухы кім – кімді де қолдап, есін жиып, ел болу жолында келелі әрекеттерге қадам басқан отандастарын іске бағыттай берсін! Алла тағаланың назары түзеу болып, Мәдинада – Мұхаммед, Түркістанда – Қожа Ахмет, Оғыландыда – Пір Бекет, Маңғыстаудың ойында – 360 әулие, Отпан тауда - Адай Ата желеп жебегей!

Біздің ашық тәрбие сағатымызға келгендеріңізге рахмет!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Ма??ыстау?а – 50 жыл

Автор: Карымсакова Акмарал Турсынгуловна

Дата: 02.04.2015

Номер свидетельства: 196088


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства