kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Солтүстік Еуропа елдері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Солтүстік Еуропа елдері-Швеция, Норвегия, Финляндия

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Солтүстік Еуропа елдері»

9-сынып. Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §26. Солтүстік Еуропа елдері

Сабақтың мақсаты:

? Солтүстік Еуропа (Дания, Норвегия, Швеция, және Финляндия) елдірінің соғыстан кейінгі жылдардағы сыртқы, ішкі саяси жағдайы, дамуы туралы түсіндіру;

Күтілетін нәтиже: Солтүстік Еуропа елдерінің ішкі және сыртқы саясаты және экономикасы туралы мәлімет алады.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба

Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау,бағалау

VI Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

· Оқу құралын тексеріп түгелдеу

· Әнұран орындау, «Хабар»

· Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: «Бетпе-бет» әдіс бойынша

G Не себепті Қарсыластар қозғалысы Италиядағы демократия мен республикалық тәртіпті қайта қалпына келтіруге әсерін тигізді? Бұл процеске қандай саяси күштер қатысты?

G Италияның әлеуметтік-экономикалық дамуының ерекшеліктері қалай айқындалады? Италиядағы «экономикалық ғажайыптың» себептері неде?

G Не себептен Италиядағы Орталықшылдар бағыты саяси тұрақтылықты негізгі болып, көп жылдар бойы өмір сүрді.

G Франко тәртібі Испанияның Еуропа мен дүниежүзіндегі жағдайына қалай әсер етті?

G 1978 жылғы Конституция Испанияда қандай мемлекеттік тәртіп орнатты?

G Испания, Португалия, Грекияда диктатура режімінің күйреуіне қандай ішкі және сыртқы факторлар әсер етті?

Жаңа сабақтың жоспары:

1. Финляндия

2. Дания, Норвегия, Швеция.

Сабақты бекіту:

Í «Иә-жоқ»

Í БҮҮ





Білгенім

Үйренгенім

Үйренгім келеді






1. Солтүстік Еуропа елдірінің соғыстанк кейінгі жылдардағы сыртқы саяси бағдарларының әртүрлі болу себебі неде деп ойлайсыңдар?

2. Финляндияның сыртқы саясатының ерекшеліктері қандай?

3. Соғыстан кейінгі онжылдықта солтүстік елдері экономикасының қарқынды дамуын қалай түсіндіруге болады?

4. Солтүстік Еуропа елдерінің қайсысы Еуропалық одаққа кірген жоқ?

Бағалау: өзін-өзі бағалау

Үйге тапсырма: §26.









































Начало формы



Конец формы


Солтүстік Еуропа елдері

Жарияланды 30-04-2013, 13:54 Категориясы: Тарих 

Дүние жүзі тарихы 9 сынып.
Сабақтың тақырыбы: Солтүстік Еуропа елдері.
Сабақтың мақсаты: екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі солтүстік Еуропа елдері Дания, Норвегия, Швеция, Финляндия, Исландияның саяси, экономикалық, әлеуметтік дамуына сипаттама беру.
Сабақтың міндеттері: 1. Мазмұнға байланысты міндет: Солтүстік Еуропа елдерінің соғыстан кейінгі онжылдықтарда қарқынды даму себептерін талдау.
2. Сыни ойлауды дамытуға байланысты міндет: Солтүстік Еуропа елдеріне тән ортақ белгілер мен айырмашылықтарды табу.
3. Топтық міндет: топпен бірлесе отырып қосымша құжаттармен жұмыс істеуге, тарихи оқиғаларды талдай және жинақтай білуге үйрену. Тарих пәніне қызығушылығын арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: 1. Дүние жүзінің саяси картасы.
2. Солтүстік Еуропа елдері туралы слайд.
3. Солтүстік Еуропа елдерінің туы, елтаңбасының суреттері.
4. «Солтүстік Еуропа елдеріне жалпы сипаттама» кесте.
5. Суреттер, кітаптар.
Сабақтың түрі: жаңа білімді игеру сабағы.
Сабақтың әдісі: баяндау. талдау, зерттеу.
Пән аралық байланыс: география пәні.

Сабақтың жүрісі: 1. Ұйымдастыру.
2. Қызығушылығын ояту.
3. Мағынаны тану.
4. Ой - толғаныс.
5. Үйге тапсырма.

ІІ. Қызығушылығын ояту:
1. Шетелдік Еуропа туралы не білесің?
2. «Үлкен жетілікке» кіретін елдерді ата.
3. Табиғат жағдайлары мен шаруашылығына байланысты қандай аймақтарға бөлінеді?

Жаңа сабақтың жоспары:
1. Солтүстік Еуропа елдеріне жалпы сипаттама.
2. Дания.
3. Норвегия.
4. Швеция.
5. Финляндия.
6. Исландия.
7. Қорытынды.

Сабақтың барысы:
І. Жаңа тақырыпты меңгеру.
1. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен, жоспарымен танысу.
2. Сабақтың негізгі мәселелерін ауызша баяндау әдісімен түсіндіру.
3. Жұптық топтық жұмыстар.

1. Солтүстік Еуропа елдеріне Дания, Норвегия, Швеция, Дания, Исландия жатады. Бұл елдердің тарихи ортақ негіздері көп. Солтүстік Еуропа елдері негізінен түбектер мен аралдарды алып жатыр. Бұл аймақтың ерекшеліктері күні бүгінге дейін сақталған. ІІ дүние жүзілік соғыс жылдарында Дания мен Норвегияны Германия 1940 жылы басып алды. Швеция бейтарап ел болып жарияланды.

Финляндия 1939 жылы30 қараша – 1940 жылы 12 наурыз кеңес – фин соғысына қатысты. Кейін Финляндия үштік пактіге қосылып Германияның одақтасына айналды. ІІ дүние жүзілік соғыстан кейін бұл елдердің мемлекетаралық қатынастары едәуір тереңдеді. Оны 1951 жылы әртүрлі саладағы қарым - қатынасты үйлестіру үшін құрылған Солтүстік Кеңес ұйымы тездетті. Бірақ сыртқы саясат саласында скандинавиялық елдер бір жақты бағдарда болған жоқ. Норвегия, Дания – НАТО - ға мүше, Швеция бейтарап ел, Финляндия КСРО - мен келісімді байланыста болғандықтан сыртқы саяси әрекеттерден қалыс қалып отырды. Бұл мемлекеттердің саясатында социал - демократиялық партиялар шешуші роль атқарды. Швецияда өкіметті ондаған жылдар бойы СДП басқарды. Дания мен Норвегияда СДП саяси өмірде маңызды орын алды, бірақ олардың билігі Швециядағыдай мықты болған жоқ.
Үкіметті құруда социал – демократтар либералдар және консерваторлар партияларымен одақтасудан тартынбады. Жаппай қару жарақ өндіруге қатыспаған бұл елдер соғыстан кейінгі он жылдықтарда жоғары даму деңгейіне көтерілді және демократиялық жүйені тұрақтандырды. Халықтың жеке табыс мөлшері жоғары, тұрғын үйлері сапалы, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, жүйесінің жетістіктері, қылмыс деңгейінің төмендігі, халықтың өмір сүру деңгейінің өте жоғары болуына себепші.

Ер адамдардың орташа өмір жасының ұзақтығы – 76, әйелдерде 81 жасқа тең. Қазіргі жағдайда бұл елдердің құқықтық құжаттары бір - біріне ыңғайластырылған. Бес елдің әрбір азаматы өзі қалаған мемлекетке қонысын ауыстырады, сонда еңбек етеді, барлық әлеуметтік жағынан қамтамасыз етіледі. Бес елдің тұрғындары осы елдер шеңберінде еркін жүріп тұруына ешқандай бөгет болмайды. Солтүстік Еуропа елдері Еуропадағы экономикалық ықпалдастық үрдісінен шет қалмай 1980 жылы Еуропа құрлығындағы барлық қозғалыстардың ортасында болды. Еуропа Одағына 1973 жылы Дания, 1995 жылы Швеция және Финляндия толық құқылы мүше болып қабылданды. Скандинавия елдері 1991 жылы Маастрихт келісіміне қатысып, ХХІ ғасыр басында Еуропадағы экономикалық, валюталық және саяси одақтың қалыптасуына өз үлесін қосып, қолдау көрсетті.

ІІ. Сынып оқушыларын 5 топқа бөлу. Әр топ Солтүстік Еуропаның бір елін алып, сол ел бойынша өз білімдерін қорғайды.
1. Әр елдің туын, елтаңбасының суреттерін тақтаға іліп, аумағын картадан көрсету.
2. Реферат қорғау.
3. Солтүстік Еуропа елдеріне сипаттама кестесін толтыру:
Елдер, мемлекеттік басқарылуы, әкімшілік территориялық құрылысы, заң шығару билігі, атқару билігі, саяси партиялары, халқы астанасы.

ІІІ. Оқулықпен, анықтамалықтармен жұмыс:
Ұқсастық пен даралық стратегиясы бойынша Солтүстік Еуропа елдеріне тән ортақ белгілері мен айырмашылықтарды табу.
ІҮ. Жұлдызды сәт: (Қай топ тез жауап береді)
1. Солтүстік Еуропадағы территориясы ең кіші мемлекет.
2. Солтүстік Еуропаның екі мемлекеттік тілі бар елін ата.
3. Республика деген не? Республикалық басқарудағы елдерді ата.
4. Монархия деген не? Солтүстік Еуропаның монархиялық елдерін ата.
5. Солтүстік Еуропаның КСРО – мен соғысқан елі қай ел?
6. Унитарлы мемлекет деген не?
7. Ең солтүстіктегі астана қай елдікі?
8. Солтүстік Еуропаның қай елінің өкілдері Қазақстанда жұмыс істеп жатыр?
9. ІІ дүние жүзілік соғыс жылдарында қай ел бейтарап ел болып жарияланды?
10. Солтүстік Еуропа елдерінде қай саяси партия маңызды рол атқарады?

ҮІ. Қорытынды. Оқушыларды бағалау.
ҮІІ. Үйге тапсырма:§26.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Солтүстік Еуропа елдері

Автор: Ушуров Зульфикар Турганжанович

Дата: 23.02.2018

Номер свидетельства: 459142

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "Солтүстік Еуропа елі"
    ["seo_title"] => string(22) "soltustik_ieuropa_ieli"
    ["file_id"] => string(6) "437348"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1510045158"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "Солт?стік Еуропа ж?не О?т?стік Еуропа "
    ["seo_title"] => string(42) "soltustik-ieuropa-zh-nie-on-tustik-ieuropa"
    ["file_id"] => string(6) "197752"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1428307636"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "Солт?стік Европа елдері"
    ["seo_title"] => string(24) "soltustikievropaieldieri"
    ["file_id"] => string(6) "300983"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456831757"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Шы?ыс Еуропа елдері "
    ["seo_title"] => string(24) "shyg-ys-ieuropa-ieldieri"
    ["file_id"] => string(6) "194405"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427776528"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "конспекты на тему: Еуропа"
    ["seo_title"] => string(24) "konspiektynatiemuieuropa"
    ["file_id"] => string(6) "267929"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1450501988"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства