kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Жұлдызды сәт» интеллектуальная игра

Нажмите, чтобы узнать подробности

Елордамыз Астана туралы оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыру арқылы Республикамыздың жаңа астанасы туралы толық мәлімет беру.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Жұлдызды сәт» интеллектуальная игра»

«Жұлдызды сәт»

(интеллектуалдықойыны)


Сабақтың мақсаты: Елордамыз Астана туралы оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыру арқылы Республикамыздың жаңа астанасы туралы толық мәлімет беру.
Білімділігі: Астана қаласы – еліміздің жаңа астанасы. Оның Есіл өзенінің оң жағынды орналасуы. Еліміздің орта тұсында болуының маңызы.
Дамытушылығы: Астана – бас қала, жас қала, арман қалаға деген сүйіспеншіліктерін туғызу. Эстетикалық қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Отансүйгіштікке тәрбиелей отырып, өз Отанына қызмет етуге, мақтан етіп, қадір тұтуға патриоттық сезім қалыптастыру.
Көрнекі құралдар: суреттер, сұрақтар комьютер арқылы көрсетіледі, интербелсенді тақта . 
Сабақтың түрі: интеллектуалдық ойыны

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, пікірталас, ойын.

Қатысушылар: 7 сынып оқушылары.

Сабақтың барысы: а) Сабақтың мақсаты мен міндеттерімен таныстыру. ә) Ойынға қатысушы оқушылармен таныстыру. б) Әділ қазылар тобымен таныстыру. в) Ойын шартымен таныстыру. (Әрбір турдағы сұрақтар 5,10,15 ұпаймен бағаланады)

1-жүргізуші: Армысыздар,қадірменді ұстаздар мен тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпақтары. Бүгінгі біздің 7 сыныптар арасындағы өткелі отырған  «Жұлдызды сәт»атты интеллектуалдық ойынына қош келдіңіздер.

2-жүргізуші: Біздің интеллектуалдық ойынымыз Қазақстан Республикасының бас қаласы Астана күніне арналады

Астанам – бағы биік асқарымсың,
Астанам – мәңгі жарық аспанымның
Астанам – пейіш қала, ел арманы,
Астанам – қайда жүрсем мақтанышым – дей келе баршаңызды алда келе жатқан біз үшін аса қасиетті, қымбатты мереке Астананың 20 жылдық мерей тойымен шын жүректен құттыққтаймыз!

1-жүргізуші: Қазылар орнықтырар әділдікті, 
Кімдердің жауаптары кәміл шықты. 
Білім мен тапқырлықтың сайысында 
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты-дей келе әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік: мектебіміздің әдіскері Избагамбетова Мейрамгүл апай, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Халикова Бекзада апай. 2жүргізуші: Оқушыларды 3 топқа бөлеміз.(Астана Бәйтерек Ақ орда құрастыру арқылы) І топ: Астана ІІ топ: Бәйтерек ІІІ топ: Ақ орда

2жүргізуші: Ал, келіңдер, келіңдер,

Біріңе-бірің еріңдер.

Білгеніңді тексеріп,

Бақ сынап бүгін  көріңдер – деп ойын алаңына сайысқа қатысушы үш  топты  шақырамыз.

(Әр  топ  басшысы өз топтарымен таныстырып ,ұрандарын айтады).



Сайыстың барысы VІ кезеңнен тұрады: (Әрбір турдағы сұрақтар 5,10,15 ұпаймен бағаланады) І. кезең «Бәйге» ІІ. кезең «Палиглот» ІІІ. кезең «Маңызды жеті сұрақ» ІV. кезең «Шешендік» V. кезең «Көкпар» VІ. Кезең «Жорға»

І кезең. «Бәйге».,,
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар
Бәйге, бәйге, бәйгені бір көріңіз,-
дей келе сайысымызды бастаймыз. Қатысушыларға сәттілік тілейміз.

І-кезең. «Бәйге» (Шартты сұраққа тез, толық жауап беру керек) І-топ: 1. Қазақстан Респубьликасы қашан тәуелсіздік алды? Тәуелсіздікке неше жыл? (16 желтоқсан 1991 жыл, 26 жыл) 2. Қазақстанның Елбасшысы Президент қай жылы сайланды? (1 желтоқсан 1991 жыл) 3. Қай жылдары Қазақстанның астанасы Қызылордадан Алматыға. Алматыдан Астанаға көшірілді? (1929 жылы, 1998 жылы) 4. Қазақстан Республикасының рәміздерін ата және олар қай жылы қабылданды? (Туы, Елтаңбасы, Әнұран. 1992 ж.4 маусым) 5. Қазақстан Республикасының әнұранының авторлары кімдер, ол қай кезде орындалады? Әнұранның бір шумағын айт? (Сөзі: Жұмакен Нәжімеденов, Нұрсылтан Назарбаев, Әні: Шәмші Қалдаяқов, салтанатты жиындарда) 6. Парламент қанша палатадан тұрады? Атап айтыңыз 2 палата Сенат, Мәжіліс 1. Қазақстан

ІІ-топ: 1.Республикасының туының авторы кім, ту туралы әңгімеле? (Шәкен Ниязбеков) 2. Қазақстан Республикасының елтаңбасының авторлары кімдер? Елтаңба туралы әңгімеле? (Жандарбек Мәлібеков, Шота Уәлиханов) 3. Қазақстан қандай елдермен шектеседі? (Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан). 4. Астана қаласының символы? (Бәйтерек)
5. Астана қаласындағы Бәйтерек монументінің биіктігін айтыңыз, ол нені білдіреді? (97 метр, Астанаға көшкен жылды білдіреді) 6. Н. Ә. Назарбаев қай жылы дүниеге келді? 1940 жылы, 6 шілде

ІІІ-топ: 1. Астана қаласы қай өзенің жағалауында орналасқан? (Есіл) 2. 1999 ж. жарық көрген Н. Назарбаевтың еңбегі (Тарих толқынында) 3. Конституция қанша тарау, қанша баптан тұрады? 9 - бөлім, 98 - баптан тұрады
4. Н. Ә. Назарбаев бірінші рет ҚР Президенті болып қай уақытта сайланды 1991 жылы 1 желтоқсанда
5.Қазіргі қолданыстағы конституция қай жылы, қай күні қабылданды? 1995 жылы 30 тамыз 6. «Бәйтерек» жобасының авторы? (ағылшын архитекторы   Норман Фостер)

2-жүргізуші: Тауды биік деме сен, Талаптансаң шығарсың. Жауды мықты деме сен, Білімді болсаң шығарсың!-дей келе 2-ші кезеңді бастаймыз.

ІІ-кезең. «Палиглот» (Кім көп біледі)

Шарты: сұраққа қазақша-орысша-ағылшынша жауап береді.

1. Республика басшысын кім деп атайды? (Елбасы-Президент-the President) 2. Әр адамның несі бар? (Отан-Родина-Mоtherland) 3. Қазақстан Республикасының негізгі заңы не? (Конституция-Соnstitesоn) 4. Одақ құрамындағы мемлекеттер1990 жылдан бастап не алды? (Тәуелсіздік-суверенитет-sаwerenity) 5. Ұзындығы екі метр, ені 1 метр, көгілдір түсті, ортасында күн сәулесі шашыраған, астында қалықтап ұшқан қыран сурет бейнеленген, ол не? (Ту-флаг-biug) 6. Салтанатты жиындарда жанды дауыспен айтылатын не? (әнұран-гимн- Humn) 7. Көгілдір түсті, шаңырақ бейнеленген, оны айнала күн сәулесіндей уықтар шаншылып, оны қанатты пырақтар көмкерген, ол не? (Елтаңба-герб-enthem) 8. Қазақстан Республикасында Астана қаласы не болып есептелінеді? (Астан-столица) 9. Заң шығаратын мемлекеттік орган не деп аталады? (Парламент) 10. Заңдарды кімдер жүзеге асырады? (Үкімет-правительство) 11.Тәуелсіз Қазақстан(Indetendent Kazakhstan) 12. ....отбасынан басталады.  (родина family)
13.... – алтын қазына ( тіл – язык-)
14. Атамекен туған.... (жер-земля-land) 

ІІІ-тур. Маңызды жеті сұрақ: «Ғажайып жетілік» ДОДА 

Шарты: 
1.Ойыншыларға экранда көрсетілген 4 тақырыпты таңдау ұсынылады. 
2. Әртақырып 10,20,30,40,50 санды ұяшықтарға бөлінген. 
3. Ұяшықтағы сұраққа жауап берсе ойыншы сол ұяшыққа тиесілі ұпайды иеленеді. 


1. Математика. Әл-Фараби 873 жылы туып, 950 жылы қайтыс болды. Ол қазір неше жаста, неше жыл өмір сүрді? ( жаста, 77 жыл өмір сүрді)

2. Қазақ тілі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қандай тіл? Ол Конституцияның нешінші бабымен бекітілген. Конституциясының деген сөз қай септікте тұр? (Қазақ тілі, 7 бабымен, ілік септікте)

3. География. Қазақстан территориясының көлемі дүние жүзі бойынша нешінші орында? Онда неше облыс бар? Қазақстан немен шұғылданады? (9-орында, 14 облыс бар, ауыл шаруашылығы және саудамен айналысады)

4. Биология. Қазақстанда қандай қорықтар бар? Қандай аңдар мен құстар мекендейді? (Барса-келмес, Алматы, Баянауыл, Қорғалжын, Ерементау. Арқар, Елік, ақбөкен, аю, қасқыр, аққу, қаршыға қырғи, қарлығаш)

5. Әдебиет. Ғабит Мүсірепов кім? Оның жазушылығымен қатар тағы қандай қырын білесіңдер? Еңбектерін ата? (Ол жазушы. Аудармашы, драматург, «Ананың арашасы», «Қазақ солдаты»)

6. Музыка. Қазақтың қандай әнші-композиторларын білесіңдер? «Атамекен» әнінің авторы кім? Әнді орында (Е.Хасанғалиев)

7. Тарих. Қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ жазушыларын ата? (М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жанансүгіров)

ІV-кезең. «Шешендік».  

Ұлылардың ұрпағымыз кешегі, 
Ой қалдырған, сөз қалдырған еселі – деп «Өнерлі өрге жүзер» сайысын бастаймыз. 

Астанаға арнап өлең шығару. (7минут беріледі)

«Ойлан, тап» дидактикалық ойыны. Шарты: А, с, т, а, н, а дыбыстарынан басталатын сөздер құрастыру.

Астана Бәйтерек Ақ орда

V-кезең. «Көкпар».

1-нұсқа. 1. Алматы қаласы дүние жүзіне несімен танымал? (апортымен, Медеу мұзайдынымен) 2. Қазақстанның ең биік шыңы (Хантәңірі). 3. Астана қаласы қай жылдан бастап ҚР-ның астанасы? (1998 жыл) 4. Төл теңгеміз қашан дүниеге келді? (1993 жылы, 15-қарашада) 5. Жылқының сүтінен не жасалады? (қымыз) 6. Қазақстан күміс, қорғасын шығарудан нешінші орында? (2-орын) 7. Сүттен не жасалынады? (құрт, ірімшік, сүзбе, қаймақ, май) 8. Қойдың басын кімдерге таратады? (сыйлы қонақтарға) 9. Киіз үйдің сүйегіне не жатады? (кереге, есік, шаңырақ, уық) 10. Қазақтың ұлттық ойындарын ата? (көкпар, бәйге, ат жарыс, алтыбақан, қыз қуу т.б.) 11. Бала туғаннан жүргенге дейінгі тойлардың түрін ата? (Шілдехана, тұсау кесу, қырқынан шығару) 12. Мына мақалды аяқта. Отан оттан да ...



ІІ-нұсқа. 1. Астана қаласының бұрынғы атаулары. (Ақмола, Целиноград) 2. Алматы қаласы қай жылдары Қазақстан Республикасының астанасы болды? (1929-1998 жылдары) 3. Астана қаласы қай өзеннің жағасына салынған? (Есіл өзенінің) 4. Қазақстанда көлемі 100 шаршы шакырымнан асатын көлдер саны (21). 5. Түйенің сүтінен не жасалынады? (Шұбат) 6. Қазақстан Республикасы мырыш шығарудан нешінші орында? (1-ші) 7. Еттен не жасалынады? (Қуырдақ, қазы, қарта,ет) 8. Төрге кімдер отырғызылады? (Жасы үлкен және сыйлы қонақтар) 9. Киіз үйдің жабуларына не жатады? (Түндік, есік, туырлық) 10. Қазақтың ұлттық киімдерін ата? (Тақия, сәукеле, тон, шапан, шекпен, етік, кебіс, мәсі) 11. 1-жастан бастап мектеп аралығындағы балаларға арналған тойларды ата? (Тоқым қағу, сүндет тойы, тілашар тойы) 12. Мына мақалды аяқта? Туған жердей жер ...

ІІІ-нұсқа

1. Жеті жарғыны қазақтың қай ханы жазған? (Тәуке хан)
2. Қазақ халқы Жаңа жылды қашан тойлайды? (22 наурыз)

3. Қазақстанның тұңғыш президенті.  /Н.Назарбаев/.
4. Биыл Тәуелсіздігімізге неше жыл толып отыр?( 26 жыл)
5. ҚР рәміздері қай жылы қабылданды? 1992 жылы 4 маусымда қабылданды.
6. Қазақ хандығы қашан пайда болған? (1465ж.) 
7.Киіз үйдің төбесі қалай аталады? (шаңырақ) 
8. Қазақ хандығының негізін қалаған хандар?( Керей мен жәнібек)
9. Президент резиденциясын атаңдар(Ақ Орда)
10. Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін ғарышқа самғаған қазақ ғарышкері кім? (Талғат Мұсабаев)

11.Қазақтың ұлттық музыкалық аспабы (домбыра)

12. Мына мақалды аяқта? Отан үшін күрес,... Елге тиген үлес.



VІ-кезең. «Жорға ». Әр топтың капитандары сайысы. Қобдиша ішінен сұрақтар алып жауап беру

1. Түріктерде көөк бөрі Ежелгі Русте киелілер ал Қазақстанда бұл туралы заң 1992 жылы 4 маусымда қабылдынды? (Флаг)



2. Орта ғасырларда Қазақстан аумағында осы атаумен мемлекет болған, Қазіргі таңда бұл атаумен Қазақстан Республикасының Призидентінің тұңғыш резиденциясы аталады? (Ақ орда)



3. Бұл заң АҚШ-та 1787 жылы Францияда 1791 жылы ал Ұлыбртанияда әлі күнге дейін қабылданбаған? (Конституция)



2-жүргізуші: Сайыстың қорытындысын жасауға әділқазылар алқасына уақыт береміз.

1-жүргізуші: Міне біз «Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік» шыққан озық ойлы оқушыларымызды анықтайтын да кезге жеттік. Ендігі сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.

Қорытынды. Балалар, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Еліміздің болашағы бүгіннен басталады» деген үндеуінде сендерге үміт артып отыр. Енді бір 20-30 жылдан кейінгі елімізді басқаратын және жоғарғы техниканы меңгерген жұмысшылар сендер боласыңдар. Астана қаласы аз ғана уақыт ішінде қарқынды жылдамдықпен өсіп келе жатырған біздің бас қаламыз. Сендерде терең білім алып, бас қаламыздай қалалар тұрғызуға өзіндік үлестерінді қосуларын керек. Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет.



Дайындаған: Тілепова Л.Қ.















































































Түріктерде көөк бөрі Ежелгі Русте киелілер ал Қазақстанда бұл туралы заң 1992 жылы 4 маусымда қабылдынды?









2. Орта ғасырларда Қазақстан аумағында осы атаумен мемлекет болған, Қазіргі таңда бұл атаумен Қазақстан Республикасының Призидентінің тұңғыш резиденциясы аталады?











3. Бұл заң АҚШ-та 1787 жылы Францияда 1791 жылы ал Ұлыбртанияда әлі күнге дейін қабылданбаған?























































































«Жұлдызды сәт» интеллектуалдық ойыны



Кластар

І. кезең «Бәйге»


ІІ. кезең «Палиглот»

ІІІ. кезең «Маңызды жеті сұрақ»

ІV. кезең «Шешендік»

V. кезең «Көкпар»

VІ. Кезең «Жорға»

7 «А»

























7 «Ә»


















7 «Б»
























































Жанкүйерлерге сұрақтар:

1. «Дружба» сөзінің қазақшасы қалай? (достық)
2.Халқаралық тіл (ағылшын)
3.Экология апатқа ұшыраған теңіз (Арал)

4.Астана қаласының символы (Бәйтерек)

5.Мұсылмандар діні (Ислам)
6. Наурызда пісірілетін тағам? (наурызкөже)
7. Солтүстік Қазақстанның бас қаласы (Петропавл, Қызылжар)
8. Христиандардың ең басты мерекесі қалай аталады? (пасха)
9.Қазақ алфавитінде неше әріп бар? (42)
10. Қазақ қыздарының ұзатылғанда киетін бас киім (сәукеле)
11.Қай ханның тұсында «Жеті жарғы» заңы жасалды? Тәуке хан

12. Абайдың шын аты (Ибраһим) 
13.Шығыстың Аристотелі кім (Әбу Насыр әл-Фараби





І- оқушы: Отан қадіріне жетпеген, Өз қадіріне жетпес.

ІІ-оқушы: Туған жердің күні де ыстық, түтіні де ыстық.

ІІІ-оқушы: Отаныңның ойраны, Өміріңнің тозғаны.

ІV-оқушы: Кісі елінде сұлтан болғанша, Өз еліңде ұлтан бол.

V-оқушы: Өзге елдің оты, Өз еліңнің түтініне де татымас.

VІ-оқушы: Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас.

VІІ-оқушы: Отан оттан да ыстық, Жалыны бар шоқтан да ыстық.

VІІІ -оқушы: Отанға опасыздық еткенің, Өз түбіңе өзің жеткенің.

ІХ- оқушы: Отан үшін күрес, Елге тиген үлес.

Х- оқушы: Ел үмітін – ел ақтар, Ер атағын – ел сақтар.











А

С

Т

А

Н

А





Б

Ә

Й

Т

Е

Р

Е

К





А
Қ


О
Р
Д
А























АСТАНА

















АҚ ОРДА























БӘЙТЕРЕК









































Қазақстанның бірінші астанасы қай қала?

  • Бірінші астанасы — Орынбор қаласы.

  • Екінші астанасы қай қала?

  • Екінші астанасы — Ақмешіт (қазіргі Қызылорда).

  • Үшінші астанасы қай қала?

  • Үшінші астанасы — Алматы қаласы.

  • Төртінші астанасы қай қала?Төртінші астанасы — Астана қаласы

VI. Сабақты қорыту.
Сонымен балалар, бүгіндері Елордамыз көркімен де, келбетімен де әлемнің атақты балаларымен терезесін теңестіріп тұр. Астана - ғажайып құрылыс алаңы.
Әлемдік сәулет өнерінің қайталанбас үлгілері саналатын. Ақ орда, Бәйтерек, Бейбітшілік және келісім сарайы сынды ғимараттар халқымыздың көз қуанышы болуда.
Сарыарқаның төсінде, ерке Есілдің жағасында орналасқан әсем шаһар келешектің қаласы, жастардың яғни сендердің қалаларың.
- Сендер Астанамыздың көркеюіне өз үлестеріңді қосасыздар.

Тәуелсіздік Астана Қазақстан Назарбаев сөзіне сөйлем құастыр


 

Тағы келеді сыналар щақ айналып, 
Тереңіне білім теңіз байланып. 
Бүгінгі кештің жеңмпазы атанып 
ХХІ ғасыр көшбасшысы болып тұр – деп, Сөз әділ қазылар алқасына беріледі, қорытынды есепті тындайық және бүгінгі ойын туралы, қатысушылар туралы бірнеше ауыз сөз айта кетсеңіздер. 
«ХХІ ғасыр көшбасшысы» жеңімпазы _____ сынып оқушысы ___________________________________________________ 
Осымен бүгінгі «ХХІ ғасыр көшбасшысы» шоу бағдарламасы аяқталды. 
Жастықтың оты жалындап, 
Жас жүректе жанған шақ. 
Талаптың оты арындап, 
Әр қиянға салған шақ – деп Абай атамыз жырлағандай Жүректерінде жеңіске жетем деген сенім оты жалындаған бүгінгі ойын жеңімпаздарын құттықтаймыз. Көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!!

V. Қорытындылау. 
- Сонымен балалар, бүгінгі сабақтан не түйдік? 
- Қазір сендер алдарындағы қиындыларға бүгінгі тақырып бойынша түйгендеріңді жазасыңдар.
(Оқушылар жауабын тыңдау)
- - Иә, балалар, сабағымызды қорытындылай келе, әрине Астана туралы айтып тауысуымыз мүмкін емес, Астана туралы жырланған жыр, салған ән, шерткен күй қаншама дерсіз?
Астана – үлкен армандар жетегіне еріп, жаңа қала, үлкен шаһар, әлемдік орталық жасалады деген биік мақсаттармен салынған қала.
Бізде тек, Астана – бар қазақтың алтын бесігі, әлемнің қызыға көз тіккен бекзат қаласы болса деген арман бар.
Бізде тек, Астана дегенде бар қазақ елеңдеп, қазақ дегенде Астананың ашық аспаны жарқырай түссе екен деген тағы бір тілек бар.

Бүгін міне Астана қаласына саяхатымыз аяқталды. Астана көркем де ұлан байтақ екеніне көзіміз жетті. 1999жылы Астана қаласына «бейбітшілік қаласы» медалы мен Құрмет Дипломы тапсырылды. Бұл 100 жылда бір рет берілетін атақ. Осындай атақты Астана қаласы ие болғанына өте қуаныштымыз, мақтан етеміз.
Ән « Астана»















































Д-Келесі ойынымыз «Құрастыру» деп аталады. Бұл ойынның жеңімпазы болу үшін алдарыңызда жатқан әріптерден сөз құрап, сөздерден мақал құруларыңыз қажет. Ия, біз қателігімізді мойындаймыз. Ешқандай әріпті бас әріппен жазбады, өйткені ойынымыз жеңіл болар деп ойладық.

(алдарына әріптер беріледі, ойын ойнатылады)

Д-Ойын шарты: топ басшысы 5 қадам алға шықсын, ал сіздер біз көрсеткен сөздерді сөзсіз, іс-қимылмен көрсетулеріңіз керек. Ендеше, кеттік!

(Ойын)

А-Құрметті ұстаздар, қазіргі заман талабына сай үш тілділікті біз де насихаттай отыра, мына ойынымыздың шартын былай түсіндіреміз. Үш тілді мемлекет болуға талпынсақ, біз күнделікті қолданылатын сөздерді білуіміз тиіс. Алдарыңызға таратылған қолданыстағы сөздерді үш тілде жеткізулеріңіз қажет.

(ойын)






























































Благодар орта мектебі











«Сүйем сені туған ел»

(Тарихи саяхат ойыны)







Ұйымдастырушы: 8 «А» сыныбы

Жетекшісі: Тілепова Л.Қ.


























































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Жұлдызды сәт» интеллектуальная игра

Автор: Тилепова Лаззат Киякбаевна

Дата: 13.03.2018

Номер свидетельства: 461679

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(22) "Ж?лдызды с?т "
    ["seo_title"] => string(14) "zhu-ldyzdy-s-t"
    ["file_id"] => string(6) "116038"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1412229588"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(103) "Статья о проведении мероприятия посвященный дню языков "
    ["seo_title"] => string(67) "stat-ia-o-proviedienii-mieropriiatiia-posviashchiennyi-dniu-iazykov"
    ["file_id"] => string(6) "234539"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1443461842"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(119) "Методический семинар "Как прекрасен наш богатый и могучий язык !" "
    ["seo_title"] => string(72) "mietodichieskii-sieminar-kak-priekrasien-nash-boghatyi-i-moghuchii-iazyk"
    ["file_id"] => string(6) "240072"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1444927184"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства