kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тарих п?нінен Зияткерлік сайыс

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тарих п?нінен зияткерлік сайыс саба?ы. саба? тартымды ?рі ?ызы?ты ?теді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тарих п?нінен Зияткерлік сайыс»

Тақырыбы: Құқық-әділет пен парасат жолы.

(зияткерлік сайыс)

Мақсаты: Студенттердің қоғам алдында жеке адамның жауапкершілігінің қалыптасуы, сабырсыздық салдарының әртүрлі тәртіп бұзушылықтың алдын алу, заңдылықты қорғау, жас жігіттер мен қыз балалардың өзіне деген жауапкершілікті арттыру, адамгершілік және азаматшылық қасиеттерді қалыптастыру болып табылады.



  1. Сайысқа қатысушылар:

«Құқықтану» мамандығының студенттері.

  1. Сайыс тапсырмалары:

  1. Құқық белгілерін қорғау

А) Өлшемі ½ ватман қағазы;

Б) Қорғау уақыты-1 минут;

В) Идеясы, эстетикасы, мазмұндылығы ескеріледі;

Г) Қорғауға топ немесе жеке топ мүшелері қатысады;

Д) Сайыс 5 балл деңгейінде бағаланады.

2. Келесі сайыс: «Қазақстан Республикасының Конституциясын білесіз бе?»

А) Берілген үш түрлі жағдайды шешу керек;

Б) Ойлануға 1 минут уақыт беріледі;

В) Сайыс 5 балл деңгейінде бағаланады.

3. Келесі сайыс: практикалық міндеттерді шешу.

А) Бұзақылықтың түрлері және оларға қандай шара қолдану керек;

Б) Ойлануға 1 минут уақыт беріледі;

В) Сайыс 5 балл деңгейінде бағаланады.

4. Келесі сайыс: блиц турнир. Заң терминдерін шешу.

А) Әр топқа 5 түрлі термин беріледі;

Б)Әрбір дұрыс жауапқа -1балл.

5. Капитандар сайысы.

А) Капитандар алдына қойылған әріптердің біреуін алып, сол әріптерден басталатын заңи терминдерді жалғастырады;

Б) Дұрыс жауапқа 1 балл беріліді.

III. Өткізу уақыты: 13.00-14.00

VI. Өткізу орны: 8 аудитория

V. Марапаттау.





Қазақстан Республикасының Конституциясын білесіз бе?

№1 тапсырма.

  1. Қазақстан Республикасының азаматы Г.В. Мальцевтің ұлы Қазақстанға көшіп келіп, Қазақстан республикасының азаматтығын алу үшін арыз берді. Оған кем дегенде бес жыл Қазақстанда тұру керек деп, ҚР азаматтығын алуына қарсылық білдірілді.

  2. Кәсіподақ жиналысында азаматша К. Өзінің жұмыстасын әдепсіз түрде жаман сөздермен балағаттады.

  3. Қылмыскер топ міндетін орындамаған бір коммерсантты өлім жазасына кесті.

Осындай жағдайларда ҚР Конституциясында көрсетілген қандай жеке құқықтар мен бостандықтар бұзылған?

№2 тапсырма.

  1. Шебер (мастер) 17 жасар слесарьға түнгі 12-де аяқталатын заводтағы жұмыстың 2-ші кезегіне қалуды сұрады.

  2. Бірнеше ай бойы жасы толмаған (18 жасқа) М. денсаулыққа зиян келтіретін цехта салмағы 25 келі асатын ауыр затты тасумен айналысты.

Осындай жағдайларда ҚР Конституциясында көрсетілген қандай әлеуметтік –экономикалық құқықтар бұзылған?

№3 тапсырма.

  1. Евгенийдің (15 жаста) ата-анасы қайтыс болған, әжесімен бірге тұрады.Ол әжесінің келісімімен бір жетідегі жұмыс уақыты 24 сағатқа созылатын жұмысқа орналасты.

  2. Заводта 11 ай жұмыс істеген жасөспірім бір айға созылған еңбек демалысын алды.

Осы мысалдарда республика азаматтары ҚР Конституциясында көрсетілген қандай әлеуметтік-экономикалық құқықтарды пайдаланады?

№4 тапсырма.

  1. Тұрғындардың өтініші бойынша қоршаған ортаны ластайтын қалдықтары үшін кіші кәсіпорынның қызметі қысқартылды.

  2. Медицина және білім беру қызметкерлері Парламент үйі алдында өз талаптарын білдіріп сөйледі.

Осы мысалдарды республика азаматтары ҚР Конституциясында көрсетілген қандай әлеуметтік –экономикалық құқықтарды пайдаланған?

№5 тапсырма

  1. Кәсіпорын әкімшілігі институтта сырттай оқитын азамат Манасқа ақша төленетін қосымша демалыс беруден бас тартты.

  2. С.Ивановты орташа (9 сынып) білімі туралы куәлікте тек « қанағаттанарлық» (3) бағалары болғандықтан, 10 сыныпқа қабылдаудан бас тартты.

  3. Отбасы айырылысқан. Үлкен ұлы анасының үйіне тіркелген, бірақ әкесімен бірге тұрады. Оның әкесінің үйіне тіркелуіне рұқсат етілмеген.

Осындай жағдайларда ҚР Конституциясында көрсетілген қандай құқықтар бұзылған?









№6 тапсырма.

  1. Бір топ жастар өз бағдарламасын талқылау үшін сайлаушылармен кездеспекші болған депутаттыққа кандидат адамды қорқыту жолымен оған кедергі келтірді.

  2. Кәсіпорын жиналысында жұмыстағы кемшіліктерді сынап сөйлегені үшін инженер Жарасты қызметтен төмендетті.

  3. Тұрмыстың жағдайдың төмендеуіне байланысты өткізбекші болған жұмысшылар митингісіне жергілікті үкімет органы қарсылық білдірді.

  4. Осындай жағдайларда ҚР Конституциясында көрсетілген қандай саяси құқықтар мен бостандықтар бұзылған?



Бұзақылықтың түрлері және оған қандай шара қолдану керек?

  1. Азаматша Д. Белгісіз біреудің ұлынан 15000 теңгені тартып алғандығы жөнінде шағым етті. 1995 ж. Туған, кәмелетке толмаған еш жерде жұмыс істемейтін, оқымайтын Ж. Екендігі анықталды.

Кәмелетке толмаған бұл жасөспірімнің әрекетін қылмыстық заң тұрғысынан бағалаңыз. Бұл қылмысқа нендей жаза қолданылады?

  1. Азаматша М. «Изумруд» дүкенінің жанында белгісіз біреудің баласының бас киімін алып кеткені туралы шағым етті. Жасы кәмелетке толмаған, жұмыс істемейтін, оқымайтын Д (15жас). екендігі анықталды.

Қылмыстық заң тұрғысынан жасөспірімнің әрекетін бағалаңыз. Бұл қылмысқа нендей жаза қолдануға болады?

  1. Азаматша К. Күйеуінің сол жақ санынан пышақпен жарақаттанғаны жөнінде шағым жасады. Жарақаттаған техникумда оқитын, жасөспірім (16 жаста) И. екендігі анықталды.

Бұл әрекет қалай бағаланады және жазаланады? Экспертиза жарақатты әдейі ойластырылған орташа дәрежедегі дене жарақаты деп тапты.

  1. 17 жасар Семенов және 16 жасар Петров мас күйлерінде көшеде азамат Л-ны кезіктіріп, басынан ұрып, сонымен бірге қатыгездікпен соққыға жығып, аяғындағы шетелдік крассовкасын шешіп алуға әрекет жасады.



Блиц-турнир: Заң терминдерін шешу.

1.Жеке өз қорғауындағы немесе өз иелігіндегі , туыстарынан иелгіндегі дүние-мүлікті күш көрсету арқылы беруді талап ету,сондай-ақ оны,оның жақын туыстарын ұятқа әңгіме тарату немесе дүние-мүлкін жойып жіберу.

Қорқыту арқылы талап ету

2.Заңды бұзғандығы үшін санкция ретінде дүие –мүлкін еріксіз түрде қайтарусыз мемлекет меншігіне салу.

Дүние-мүлкін тәркілеу

3.Істі анықтауға қажетті жағдайлардан хабарлар болуы мүмкін адам.

Куәгер

4.Кемтар адамды, оның құқығы мен мүддесін қорғауды мемлекеттік ұйымдастыру мен жүзеге асыру.

Қамқорлық





5.Қоғамдық тәртіпті және мемлкеттік меншіктің қауіпсіздігі , сонымен бірге азаматтырдың жеке қауіпсіздігі мен дүние-мүлкін қорғайтын әкімшілік мекеме.

Заң қорғаушы органдар

6.Мемлекет, қоғам және адам меншігіне қарсы қылмыстық ісі алдап –арбап немесе сенімді пайдалану арқылы мүлкін , мүлік құқытық иелік алумен аяқталу.

Алаяқтық

7.Істі дұрыс шешу мақсатында оқитын фактілердің бар, я жоқ екендігі туралы тергеушінің немесе соттың алдын ала пікірелрі.

Мәлімет

8.Келісімдерді куәландыратын ,сендіретін және басқа да заңдық ахуалдарды, құжаттарды дайындауға өкілеттілігі бар қызметкер.

Нотариус

9.Жиналыстық құқықтығын мойындауға қажетті оған қатысушылардың саны.

Кворум

10.Бағдарламалық сипаттағы мемлекеттің ресми белгісі болатын салтанатты ән.

Елұран

11.Заңмен немесе келісіммен белгіленген жеке оқиғада тәртіпте қолданылатын ақшалай айып, материалдық жағынан әсер ету шарасы.

Айыппұл

12.Мемлекеттік, қоғамдық және жекеменшікке иелік ету мақсатындағы осы жағдайға тап болған адамдарға күш көрсетіп , олардың өмірі мен денсауылығына қауіп төндіретін шабуыл.

Шабуыл жасап тонау

13.Сотқа, арбитражға жеке басының құқығы бұзылғаны, я болмаса құқығынан айырылғаны жөнінде заңмен қорғалатын мүддесін қорғау мақсатында шағым етуші адам.

Шағым иесі

14.Ең маңызды деген мәселелерді заңдар, шешімдер қабылдау жөнімен шешу бүкілхалықтық дауысқа салу.

Референдум

15.Айыпкерді укімде көрсетілген белгілі бір уақытқа дейін қоғамнан бөлектеуге негізделген жаза.

Бас бостандығынан айыру









16.Ататектен бергі отбасылық немесе тұрмыс құру кезінде алынған жеке адам есіміне қосылатын атау.

Фамилия

17. Адамның белгілі бір мемлекетке саяси және құқықты мүшелігі.

Азаматтық

18.Біреудің дүние-мүлкін құпия түрде алу.

Ұрлау

19.Әскери қызметті өтеуден бас тартып, әскери бөлімді немесе әскери әкімшілік қызмет орнын тастап кетуші.

Қашқын

20.Мемлекеттің басқа мемлекеттен тәуелсіз ішкі және сыртқы саясатын құруы мен жүргізуі.

Егемендік

21.Қылмыстық заңмен қаралып, сот шығарған үкім заңды күшіне еніп, айып тағылған адам.

Сотталушы

22.Мемлекет белгілеген жалпыға міндетті ережелер, тұтас нормативті құқықтық актілер.

Заң

Капитандар сайысы.

Капитандар алдына қойылған әріптердің біреуін алып, сол әріптерден басталатын заңи терминдерді жалғастырады.





























































Н.Наушабаев атындағы Затобол мектеп гимназиясы











Құқық - әділет пен парасат жолы.

(сайыс сабақ әзірлемесі)







Өткізген: Ғаппас А.Ғ.



















2015-2016 оқу жылы




























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тарих п?нінен Зияткерлік сайыс

Автор: ?аппас Айжан ?алымжан?ызы

Дата: 19.09.2016

Номер свидетельства: 344522

Похожие файлы

object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "Т?уелсіз елді? білімді ?ландары "
    ["seo_title"] => string(34) "t-uielsiz-ieldin-bilimdi-u-landary"
    ["file_id"] => string(6) "213203"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1432006533"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства