1. Білімділік: Интелектуалдық сайысқа қатысушы оқушылардың тарихи білімдерін дамыту. 2. Дамытушылық: Қазақстан тарихы пәніне қызығушылықтарын арттыру, шығармашылық қабілеттерін нығайту, тарихи зерделік қасиеттерін дамыту. 3. Тәрбиелік: Қазіргі заман талабына сай күнделікті теледидардан көрсетіліп жүрген танымдық бағдарламаларды негізге ала отырып, оқушыларды қоғамдық жаңалықтардан және өзгерістерден тыс қалмауға баулу. Өткізілу формасы: ХХІ ғасыр көшбасшысы интелектуалдық бағдарлама негізінде. Көрнекілігі: Білім туралы даналық сөздер жазылған плакаттар, шармен әсемделеді. Ашылу сәті: Сонау ежелгі өркениет кезеңдерінен - ақ адамзаттың дамуы мен қалыптасуы жайында көптеген ғалымдар ғылыми әрі теориялық, тәжірибелік ізденістерін, пікірлерін ұстанумен келеді. Бұл тұрғыдан қазақ халқы да кенде емес. Ұлы Абай, Шәкәрім, Ыбырай сынды алыптарымыздың осы жолда көрсеткен тәлімі мен білімі еш ұмытылмақ емес. Ал Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Біз өмір бойы жететін білім моделінен өмір бойы білім алу моделіне көше алуға тиіспіз» - деп білімнің маңызын айрықша жоғары бағалаған. Ендеше, құрметті жас достар! Ғылым мен білім бәсекесі туындаған ХХІ ғасырдың тәуелсіз, егеменді еліміздің болашақ көшбасшылары білім додасына қош келдіңіздер. ХХІ ғасырдың қазақстандық көшбасшылары, құрметті қонақтар, егемендігіміздің 23 жыл толуына байланысты өткізілетін мектепішілік «Тарих қадамдары» атты тарихи танымдық сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер. 1.
2
3
Ал енді сайысымыздың өту барысымен таныстырайық.
1 кезең «Сәлем сөздің анасы» топтар өздерін таныстырады
2 кезең «Кім жылдам?» әр топқа 15 сұрақтан беріледі әр сұрақ 5 ұпаймен бағаланады
3 кезең «Тіл-өнер» терминологияға қатысты сұрақтар кім бірінші болып тапса, жауабын қазақша, орысша, ағылшынша айтады 10 ұпаймен бағаланады
4 кезең «Көкпар» сандардың астындағы жасын сұрақтарға жауап беру 10 ұпаймен бағаланады
5кезең «Егерде мен президент болсам....» эссе жазу уақыты 7 минут. 30 ұпаймен бағаланады
Ендеше, құрметті сайыскерлер, ағартушы ғалым Ыбырай Алтынсариннің «Бір аллаға сиынып, кел балалар оқылық» дегеніндей «Бір Аллаға сиынып, кел жас достар сайысымызды бастайық». Сайысымыздың бірінші бөлімі «Кім жылдам» деп аталады.
1 топқа сұрақтар:
Қазақ хандығының (1456ж) негізін салушы хан? (Керей) 2. Абайдың шын есімі? (Ибраһим) 3. Қазақтың тұңғыш астанасы болған қала? (Орынбор) 4. ҚР - ның жер көлемі қанша? (2млн 724, 9 мың шақырым)
5 ҚР - да ұлттық валюта – теңге қашан айналымға енген еді? (1993ж. 15 қараша) 6. Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады? (130 - дай)
7 .Біздің Елбасы? (Н.Ә.Назарбаев)
8. Қазақстан Елтаңбасында қандай жануар бейнеленген? (Жылқы)
9.16 желтоқсан тойланатын мереке? (Тәуелсіздік күні)
10. Заң бойынша бала деп кімді атайды? (18 жасқа толмаған адам)
11.Қазақтар қандай дала өсімдігін туған жер рәмәзә деп есептейді (жусан)
12. Қазақтың ұлттық билерін ата (Қаражорға Қамажай,)
13. Отан ..... ыстық (оттан да)
14. Астана Қазақстанның нешінші астанасы (4)
15. Қазақстанның ертеден келе жатқан мейрамдарын ата (Наурыз, Ораза айт,Құрбан айт)
2 топқа сұрақтар:
Қазақстанның ең үлкен өзені (Ертіс)
2. Қазақтың ұлттықкиімдерін ата (Сәукеле,тақия,кимешек,камзол,шапан)
3. Қазақстандық тудың түсі. (Көк)
4. Тудағы бейнеленген құс. (Бүркіт)
5. Қазақстан қандай елдермен шекаралас? (Ресей, Қытай,
Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан)
6. Желтоқсан құрбандары. (Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова,
Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұхаметжанова)
7. Алғашқы адамдар қандай еңбек құралдарын пайдаланды? (үшкір таяқ, тас кескіш, қырғыш, шапқы, т.б.)
8. – «Жеті жарғы» заңдар жинағы қай ханның тұсында жасалды? (Тәуке) 9. Үш биді ата? (Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)
10. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Т. Әубәкіров) 11. Қазақстанда қанша болыс бар? (14)
12. Астан қаласының ажарын ашып тұрған сәулет орындарын ата (Ақ орда, Бәйтерек)
13. Туған жердей.....
14. «Алтын адам »табылған жер (Есік қоған)
15. Желтоқсан көтерілісі өткен қала (Алматы)
3 кезеңге аяқ басамыз. «Тіл өнер»
1 сұрақ: Екі немесе одан да көп мемлекеттердің әскүштерінің немесе бір мемлекеттің ұйымдастырылған қарулы топтарының арасындағы ұзаққа созылған ұрысы? (соғыс - война - war)
2 сұрақ: Тұрақты халқы, нақты аймағы, басқару механизмі айқын, басқа елдермен қарым - қатынас жасай алатын, билікті жүзеге асырушы заңды түрде құрылған адамдар бірлігі қалай аталады? (мемлекет - государство - governmend)
3 сұрақ: Кез-келген мемлекеттің тұрғындары қалай аталады? (халық-народ-nation)
4 сұрақ: . Адамдардың бір-бірін түсіну құралы? (Тіл-язык-language)
5 сұрақ: Адамның ешкім қол сұғуға болмайтын құқығы. (Бостандық-свобода-freedom, liberty)
6 сұрақ: Өнер ағып жатқан бұлақ, ...( білім) жанып жатқан шырақ. (білім-знание- knowledge)
4 кезең «Көкпар» сандардың астындағы жасырын сұрақтарға жауап беру керек. Қай санның астындағы сұрақты алса, сол ұпайды иемденеді.
Жауаптары: 3000 км, Исатай мен Махамбет, Конституция. Балқаш, Керей мен Жәнібек, Орынбор-Қызылорда-Алматы-Астана, Бәйтерек, Құрманғазы.
5 кезең «Егер мен президент болсам..» эсссе жазуға 7 минут уақыт беріледі. 30 ұпаймен бағаланады.
Әділ қазылар алқасы қортынд ұпайлардышығарып болса сөз кезегі өздеріңізде.
Осы жылы Тәуелсіздігімізге 23 жыл толғалы отырғанын ескере отырып Бейбітшілік пен жасампаздықтың 23 жылында еліміз тыныш, халқымыз аман, күніміз ашық, түніміз жарық болсын деп бүгінгі сыныптан тыс шарамызды аяқтаймыз .Назар салып тыңдағаныңызға көп-көп рахмет.