kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тақырыбы:«Менің елім- Қазақстан!» интеллектуалдық сайысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сайыс-сабақ 9 сынып оқушыларына арналған. Ұстаздар да өз сабақтарында қолдануғу ыңғайлы.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы:«Менің елім- Қазақстан!» интеллектуалдық сайысы»

Сынып 9а,ә

Тақырыбы:«Менің елім- Қазақстан!» интеллектуалдық сайысы

(сыныптан тыс шара)


Мақсаты: Өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойында Отанына деген сүйіспеншілік, патриоттық және адамгершілік сезімдерін қалыптастыру, өз елінің тарихын білуге, оны қастерлей білуге тәрбиелеу.
Міндеттері:
Білімділік: Оқушылардың игерген білімдерін бекіту арқылы, Қазақстан Республикасы туралы білімдерін тереңдету;
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту өз ойын мәдениетті түрде жеткізе білу.
Тәрбиелік: оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, Отанына, өз еліне деген сүйіспеншілікке, патриотизмге, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу
Көрнекілігі: сайысқа қажетті құрал-жабдықтар, сыйлықтар, слайд-презентация
Барысы:
жүргізуші:

Армысыздар құрметті бүгінгі ойынның қонақтары, ойынға қатысушылар және жанкүйер қауым! Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арнап ұйымдастырылып отырған «Менің елім- Тәуелсіз Қазақстан» атты интеллектуалды - танымдық ойынымызға қош келіпсіздер! Қазақ Елі осы Тәуелсіздікке қалай жетті, қандай қилы замандарды бастан кешірді? Міне осы бастан өткен тарихқа қөз жүгіртейік!

«Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбындағы видеоролик арқылы қазақ елінің тарихына шолу жасау.

Халықаралық саяси және экономикалық қатынастар жүйесіндегі ЭКСПО дүниежүзілік көрмелерінің рөлі өте зор.Қандайда бір өнеркәсібі дамыған елдің дүниежүзілік әмбебап ЭКСПО көрмелерін өткізуі бұл жаһандық маңызы бар оқиға. Елбасы Н.Ә. Назарбаев Астананың Халықаралық көрмені өткізу құқығын жеңіп алған кезде: «Халықаралық көрмелер өткен 160 жылдан астам уақытта олар негізінен экономикалық алыптар саналатын-АҚШ, Франция, Германия, Жапония, Ұлыбритания, Қытай т.б елдерде өтсе, енді олардың қатарына Қазақстанда еніп отыр»- деп атап көрсетті.

Елбасы ұсынған «Мәңгілік Ел» идеясының мұраты да кешегі өткен бабалардың ұлы идеясымен мазмұндас, мағыналас болып отыр.Адам баласы өзінің өткенін , тарихын білу арқылы ғана мәңгілікке жол тартады.
Тәуелсіз Қазақстан елінің тарихы – Отаншылдықтың, ерліктің, елдіктің не екенін дәлелдейтін, тамыры терең бай тарих. Елім, Жерім, Отаным деген қасиетті ұғымдар әр адамзаттың өз табалдырығынан, өз отбасынан, өз қаласынан, өз өлкесінен басталады. Егемен еліміздің ертеңін нұрлы етер «барыс» текті намысты ұрпақ бойында ұлттық сана көрініс тапса, ақыл ойы мен жүрегінде туған жері мен еліне деген сүйіспеншілік орын тепсе, бұл Тәуелсіз Қазақстанның қалыпты дамуы, әлемдегі ең беделді мемлекеттер қатарына ұмтылу жолындағы нәтижелі көрінісі болып саналатыны анық.
Міне, бүгінгі біздің интеллектуалды - танымдық «Менің елім- Тәуелсіз Қазақстан » атты ойынымыз да осыны меңзейді. Жоғары да аталған қасиеттер сіздердің де бойларыңызда бар екені және тәуелсіздік таңының жарық жұлдыздары сіздер екені анық. Олай болса, ортаға ойынға қатысушы топтарды шақырайық.
Құрметті ұстаздар мен сайысқа қатысушы оқушылар! «Менің елім- Тәуелсіз Қазақстан » атты интеллектуалды-танымдық сайысына қатысып отырған оқушыларымызға ел тарихының кейбір мәселелерін есте сақтап қалсын деген ниетпен, сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!


Бүгінгі біздің ойынымыз бірнеше кезеңнен тұрады, оған 2 топ қатысады. Ол:
1. «Жасыл ел» тобы
2. «Жас қыран » тобы

Баға берер топтарға,
Қара қылды қылышпен қақ жаруға.
Әділқазы алқасын біз сайлайық,
Жүлдегерді таңдап бүгін алуға.
Енді бүгінгі сайысымызды саралап, таразылап, сайысқа қатысушыларымыздың білімдерін тамашалап, әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен танысайық. (Әділқазылар алқасымен таныстыру)

1. ______________________________________________

2. ______________________________________________

3. ______________________________________________


Енді бүгінгі сайысымыздың шартымен таныстырып өтейін.
Таныстыру (топтың аты, ұраны, белгі)
1. Викториналық сұрақтар
2. Атаулы күндер
3. Ойлан тап. Ребус шешу

4. Тарихи тұлғалар

5.География лота. Картамен жұмыс
Әдеппен, ізетпен танысуға, дей келе, сайыстың алғашқы шарты – «Танысуды» бастаймыз.(топтар өздерін таныстырып өтеді)

1 кезең «Викториналық сұрақтар»

І топқа

1. ҚР тәуелсіздік күні?(1991 ж 16 желтоқсан)
2. Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы(16, 5 мың км )
3. Қазақстанның ғарышкері Тоқтар Әубакіров,Талғат Мұсабаев

4. ҚР қанша облыстан тұрады?(14 облыс)
5. ҚР қай елдермен шектеседі?(Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан)
6. Қазақстан Республикасы мемлекеттік Гимінің әнін жазған кім?(Ш.Қалдаяқов)
7. Ақмола қаласының атауы «Астана» болып өзгертілген жыл(1998 жыл)
8. 2004 жылы 5 томы жарық көрген ұлттық Энциклопедия(Қазақстан)
9. Астана символына айналған ертегі гүліндей сәнді мұнара қалай аталады? (Бәйтерек)
10. Мемлекеттік тудың авторы кім? (Ш.Ниязбеков)

ІІ топқа

  1. Қазақ ССР қай жылы Қазақстан Республикасы болып жарияланды?

  2. 16 желтоқсан қандай мемлекеттік мереке?

  3. Жаңа Конституция қай жылы қабылданды?

  4. Президент Резиденциясы қалай аталады?

  5. ҚР-ның Мемлекеттік тілін атаңыз?

  6. 1992 жылы Қазақстан мүше болған әлімдік беделді ұйым
    7) Қазақстандық білімгерлердің шетелдік оқу орындарында білім алуына мүмкіншілік берген бағдарлама
    8) Ұлттық валюта – теңгенің айналымға енгізілген мерзімі
    9) 2005 жылы 29 қыркүйекте дүние жүзі қазақтарының ІІІ құрылтайы қай қалада өтті?

10) 1929-1997 жылдардағы Қазақстан астанасы

2 кезең «Атаулы күндер»

Слайдта көрсетілген сандар мен жылдарды сәйкестендіру.




1993

Қазақстанның өз тәуелсіздігін алған жылы


1990

Желтоқсан оқиғасы болған жыл


1992

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданған жыл


1995

Қазақстан астанасының Ақмола қаласына көшірілген жылы

1996

«Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымының құрылған жылы»


Слайдта көрсетілген сандар мен жылдарды сәйкестендіру.
1991 – Қазақстанның өз тәуелсіздігін алған жылы
1986 – Желтоқсан оқиғасы болған жыл

1995 – Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданған жыл
20 ұпай:
1997 – Қазақстан астанасының Ақмола қаласына көшірілген жылы
1996 – «Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымының құрылған жылы»
2000 – Қазақстандағы мәдениетті қолдау жылы
2003 – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Астана қаласындағы алғаш бас қосқан жылы

2010 – Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық жасаған жылы
2011 – Қазақстанның Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалық еткен жылы

3 кезең. Ойлан тап. Екі топқа Қазақстан, Тәуелсіздік сөздері жазылған ребусты шешу.

4 кезең. Тарихи тұлғалар.

Интерактивтік тақтадан тарихи тұлғалардың портрет беріледі, сол тарихи тұлғаларға сипаттама беру.




5 кезең. Географиялық лота. Картамен жұмыс

Оқушыларға Қазақстанның шекарасы сызылған картасы беріледі. Сол картаға ұсақ қағаздарға жазылған қалаларды картаға орналастыру.
















Осымен сайысымыздың кезеңдері аяқталды. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші бүгінгі сайысымызды таразылап, әділ бағасын береді деген оймен келесі сөзді әділқазылар алқасына береміз.
Болмасын ешбір сын – өкпе,
Әсері қалды жүректе.
Қазылар берген бағалар,
Ұштассын айтар тілекке!

Енді әділқазы алқасының мүшелері бүгінгі байқаудан озып шыққан топты мақтау қағазымен марапаттап, табыс етеді.

Қорытынды сөз: Құрметті қонағымыз, ұстаздар, оқушылар бүгінгі интеллектуалдық сайыс сабағына катысып ат салысқандарыңызға үлкен рахмет. Сабағымызды Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды» деген сөзімен аяқтағымыз келіп отыр. Сондықтан әр қайсымыз өз еліміз тарихын арқашанда жадымызда сақтап, мақтан етейік.






























ақырыбы: ЕЛІМ МЕНІҢ
Мақсаты:
• Танымдық ой - өрісін, қызығушылығын дамыту.
• Ел тарихын тани білуге құрметтеуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, видеоролик
Өтілу барысы
1 – жүргізуші:
Сәйгүлікті құйрық жалын таралған,
Сүйетұғын қазақ осы қараңдар,
Қазақ осы күй шығарып, ән салып,
Көкпар тартып қыз қууға жараған.
2 – жүргізуші: Құрметті ұстаздар бүгінгі өткізгелі отырған «Елім менің» жобасына қош келдіңіздер! Бүгінгі сайыс қазақ елінің рәміздерін ұлықтауға арналған сайыс.
1 – жүргізуші: Бүгінгі сайыс 6 айналымнан тұрады.
1 - айналым. «Сіз білесіз бе?»
2 - айналым. Сырлы суреттер
3 – айналым. Капитандар сайысы
4 – айналым. «Адасқан әріптер»
5 – айналым. Ән жұмбақ
6 – айналым. Жүзден жүйрік
2 – жүргізуші: Әділ қазылар алқасымен таныс болайық:

1 – жүргізуші: Сайысқа қатысушылармен таныс болайық.
І топ «Бәйтерек»
Топ жетекшісі: Оспан Элеонора
Мүшелері:

2 – жүргізуші:
ІІ топ «Ханшатыр»
Топ жетекшісі:
Мүшелері:
1 – жүргізуші: 1 - айналым. «Сіз білесіз бе?». Бұл айналымда рәміздерге байланысты сұрақтар қойылады. Сұрақтарға нақты жауап бересіздер.
І топтың сұрақтары:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне нелер жатады.
Ту, Елтаңба, Гимн
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туында қандай түстер кездеседі.
Көк, сары
3. Қазақстан Республикасының Гимні неше рет ауысты.
Екі рет
4. Мемлекеттік Елтаңбада кездесетін аспан денесі
Жұлдыз
5. Мемлекеттік Тудың ұзындығы мен енінің қатынасы қандай
2: 1
2 – жүргізуші:
ІІ топтың сұрақтары:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері қабылданған жыл
1992 жыл
2. Мемлекеттік рәміздер күні
4 маусым
3. Мемлекеттік Туда бейнеленген, еркіндікті білдіретін құс
Қыран бүркіт
4. Мемлекеттік Елтаңбада бейнеленген жануар
Қанатты пырақ
5. Қазақстан Республикасының жаңа Гимні алғаш рет қандай жиында орындалды
Ел президентін ұлықтау рәсімінде
1 – жүргізуші: 2 - айналым. Сырлы суреттер. Бұл бөлімде алдарыңызға берілген кескіндерді құрастыру керек.
2 – жүргізуші: 3 – айналым. Капитандар сайысы. Бұл бөлімде топ басшыларына тапсырма беріледі. Тапсырма мынадай:
1. Мемлекеттік Тудағы көк түс қандай мағына білдіреді?( Көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет - тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi)
2. Мемлекеттік Туда бейнеленген күннің, қыран құстың мағынасын түсіндіріңдер? (Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп - өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан - байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР - ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан - дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.)
3. Мемлекетік Елтаңбадан орын тапқан Шаңырақтың мағынасын түсіндіріңдер?( Шаңырақ — мемлекеттiң түп - негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi)
4. Мемлекеттік елтаңбада бейнелеген қанатты пырақ қандай мағына білдіреді?( Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi.)
1 – жүргізуші: 4 – айналым. «Адасқан әріптер» Әр ойыншыға екі әріп тиесілі, сұраққа жылдам жауап беру керек, әр дұрыс жауап 1 ұпай
1 - топ:
О Л Ы Б А С А Р
1 - топтың сұрағы:
1. Нанды баспа обал болады
2. Бала тілі бал
3. Ақыл жастан, Асыл тастан
2 - топ:
А Р А Ж Т Қ Ы Л
4. Бері тарса өгіз өледі
Әрі тартса арба сынады
5. Көмекке келу асар салу
6. Өзін - өзі тану пәні сабағының авторы Сара

2 – жүргізуші:
2 - топтың сұрақтары:
1. Ақыл көпке жеткізер
Өнер көкке жеткізер
2. Ескі жара аузын тырнады
3. Біреуге жала жаппа

4. Үлкен кісі немесе атаны кім дейді қарт
5. Көмірдің түсі қара
6. Астана әсем қала
1 – жүргізуші: 5 – айналым. Ән жұмбақ
1. Атамекен
2. Арыс жағасында
3. Кешікпей келем деп ең
4. 16 қыз
2 – жүргізуші: 6 – айналым. Жүзден жүйрік. Бұл айналымда әр
топ өз сыныбын айқындайтын белгінің суретін салу керек.

Сайыс жеңімпаздарын марапаттау.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Тақырыбы:«Менің елім- Қазақстан!» интеллектуалдық сайысы

Автор: Бекбатырова Бактыгул Кайжахметовна

Дата: 21.02.2018

Номер свидетельства: 458752

Похожие файлы

object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) ""Т?уелсіз елді? білімді ?рпа?тары""
    ["seo_title"] => string(30) "tuielsizieldinbilimdiurpaktary"
    ["file_id"] => string(6) "311712"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459248108"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства