1-жүргізуші. Армысыздар құрметті студенттер қонақтар! Егеменді еліміздің тәуелсіздік алғанына биыл 25 жыл толды. Елу жылда ел жаңа демекші, өмір 20 жылда біраз өзгеріске ұшырады нарықтық заман орнады. Тәуелсіз еліміздің жастары үшін заман талабына сай өнерлі де білімді болып өсу талабы туды. Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп, өркениетті елдер қатарына жетуге аяқ басты. Болашақтың тірегі мына бүгінгі бүлдіршіндер сендерсіндер. Сәби күлкісімен ана мейрімінің сәні ешқашан бұзылмасын.
Хор: Ән-ұран орындалады.
2 жүргізуші. Ежелден – ақ жақсылықты Алладан күтіп, болашаққа үмітпен қараған кеңпейіл халықпыз. Сол пейілге орай қазақ халқына кең байтақ жер, көл-көсір көңіл бұйырған. Ол қиырдан бұл қиырға, дейін жайылған маңғаз елдің кең байтақ жеріне жан-жақтан көз тігушілер аз болған жоқ. Өз тілін мәдениетін дамытан деген қазақ халқына мүмкіндік бермеді. Осы қазақ халқының жері болашағы үміті үшін желтоқсанда жас өмірін жалау еткен қазақтың ұл-қыздары Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатайұлы, Ляззат Асанқызы, Сәбира Мұхамеджанқызының аттарын атап айтпай кетуге болмас. Олардың аңсаған армандарымен үміт тілектері бұл күнде толық жүзеге асты. Қазақ елі тәуелсіздігін алды. Туымыз асқақтап желбіреп тұр. Бір ғана өкініш бар ол азаттық үшін жан аямай алысқан, сол боздақтардың кейбірінің бүгінгі бақытты сәтімізді көре алмауы.
Оқытушы: Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген... Ж. Молдағалиевтің осы өлең жолдары қазақ деген дана халықтың бүкіл болмысы мен өмір жолын айғақтап бергендей: ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама, 30-жылдардағы ашаршылық, 37- жылдардағы нәубет, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан Соғысы, желтоқсан көтерілісі:
Биылғы жылы Тәуелсіздік таңының арайлап атқанына 25 жыл толып отыр.Биыл Қазақ хандығының 550 жылдығы,Ұлы Жеңіске -70 жыл,Ассамблеяға -20,Қазақстан Конституциясына-20-дығы тойланып жатыр. Биыл 2016 жылы дүниені дүр сілкіндірген желтоқсан көтерілісіне 30 жыл болды.
1-жүргізуші: Армандарды жақындатып тым алыс, Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс. Егемендік - ел бақыты, ертеңі, О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Бейнематериал көрсетіледі. (Желтоқсан оқиғасы)
Ән: «Желтоқсан желі»
2-жүргізуші Азат өлкем күндей күлген шығыстан, Асыл елім жан - жүректі ұғысқан. Ата бабам аңсап өткен бақытым, Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!
Ән: Атамекен
2-жүргізуші: Қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ ешқашан мойымады, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сенді. Енді осы кейбір тарихи оқиғаларды еске түсіріп өтейік.Соған орай колледжіміздің тарих пәнінің оқытушысы Досмағанбетов С.Ж сөз беріледі.
1 жүргізуші:
Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың, Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира Құрбаны болған жаланың Ал қоғамның адамнан бар ма асылы, Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып, Бұғаудағы боздақтары кете барды Бірі атылып, ал бірі дарға асылып
2 жүргізуші:
Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,
Көк туымды қалайша құлатармын.
Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,
Бәріміз баласындай бір атаның.
Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,
Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.
Халқымның ахуалы дұрыс болсын.
Қазақстан республикасы – біздің туып өскен жеріміз, біздің Отанымыз. Бұл жерде қазақ халқы ертеден тұрып келеді. Қазақтар мал өсіріп, жер игеріп, өз Отанын жаудан қорғаған, жерін болашақ ұрпағына мұра етіп қалдырған, яғни біз үшін Еліміз әрқашанда тыныш болсын! Көк туымыз аспанда қалықтай берсіндей отырып, тәрбие сабағымызды қорытындылаймыз!Конец формы