kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Т?уелсіздік - та? н?ры" т?рбие са?аты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Т?рбие са?атыны? та?ырыбы: Т?уелсіздік – та? н?ры

Ма?саты: Т?уелсіздік жолында к?рескен ата-бабамызды?, а?а-апаларымызды? ерлігін кейінгі ?рпа??а ?лгі ете отырып, о?ушыларды ?лтжандылы??а, Отанын с?юге т?рбиелеу.

К?рнекілігі: «16-желто?сан Т?уелсіздік к?ні» плакат, шар, слайд

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Т?уелсіздік - та? н?ры" т?рбие са?аты»

«Сәтбаев қаласы №15 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ














Ашық тәрбие сағаты:

«Тәуелсіздік – таң нұры»







Өткізген: 9 «А» сынып жетекшісі

Бекетова Ж.С.














2015-2016 оқу жылы


Тәрбие сағатының тақырыбы: Тәуелсіздік – таң нұры

Мақсаты: Тәуелсіздік жолында күрескен ата-бабамыздың, аға-апаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, Отанын сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «16-желтоқсан Тәуелсіздік күні» плакат, шар, слайд

Тәрбие сағатының барысы:

І. Кіріспе кезеңі

1) Шаттық шеңбер

Үлкенге де сіз, кішіге де сіз,

Баршаңызға құрметпен, бас иеміз біз.

Жүректі біз ашайық,

Бақыт нұрын шашайық.

Барлық жақсы тілекті,

Сіздерге біз арнайық.

2) Топқа бөлу

І топ «Егемен», ІІ топ «Желтоқсан», ІІІ топ «Тәуелсіздік»

Мұғалім: Құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесі күніне арналған «Тәуелсіздік - таң нұры» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Бақ сыйлаған баршаға, өркеніңе,

Үміт артам елімнің ертеңіне.

Тәуелсіздік, 24- ке толдың бүгін,

Отаным жылдан- жылға көркеюде.


3) Әнұран айту

ІІ. Тұсаукесер кезеңі

  1. «Тәуелсіздік», «Желтоқсан», «Желтоқсан жастары» сөздеріне кластер жасау


ІІІ. Негізгі бөлім

  1. «Тәуелсіздік жолында» бейнеролик көрсету.

Бейнеролик бойынша ой-пікірлерін айтады

  1. «Тәуелсіздік шежіресі» сұрақ-жауап

1.16 желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздік туралы заңы қабылданды. 21 желтоқсанда ТМД құрылды.

а) 1996 б) 1991 в) 2008

2. Қазан айында тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады.

а) 1992 б) 1991 в) 1993

3. Тұңғыш Конституция қабылданды. 12 қарашада төл теңге дүниеге келді.

а) 2001 б) 1993 в) 1996

4. Мемлекеттің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді. 30 маусымда ұшқыш Т.Мұсабаев аспан көгіне көтерілді.

а) 1998 б) 1996 в) 1994

5. 30 тамыз жаңа Ата заң қабылданды.

а) 1991 б) 1997 в) 1995

6. Алматыда тәуелсіздік ескерткіші ашылды.

а) 1996 б) 1995 в) 2009

7. Елорда Астанаға көшірілді. Қазақстан-2030 жолдауының шығуы. Жалпы ұлттық татулық пен қуғын-сүргіндерді еске алу жылы.

а) 2001 б) 1997 в) 2003

8. Халықтар тұтастығы мен тарих жылы.

а) 1998 б) 2005 в) 1992

9. Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы.

а) 2000 б) 1999 в) 2001

10. Мәдениетті қолдау жылы.

а) 2002 б) 2000 в) 2001

11. Қазақстандағы Ресей жылы.

а) 2001 б) 2005 в) 2006

12. Денсаулық жылы.

а) 2001 б) 2011 в) 2002

13. Ауыл жылдары.

а) 2006 - 2009 б) 2002 - 2006 в) 2003 – 2005

14. Тәуелсіздікке 15 жыл. Желтоқсанға 20 жыл. 7 қаңтарда жаңа әнұран қабылданды.

а) 2006 б) 2008 в) 2010

15. Қазақ тілін қолдау жылы.

а) 2001 б) 2009 в) 2007

16. Астанаға 10 жыл

а) 2007 б) 2008 в) 2010

17. Қазақстанның Украинадағы жылы

а) 2010 б) 2008 в) 2001

18. ЕҚЫҰ самммиті

а) 2010 б) 2011 в) 2009

19. 1- желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты республикамыздың президенті етіп сайлады.

а) 1991 б) 2001 в) 1998

20. Маусым айында Қазақстан БҰҰ-на мүше болды. Маусым айында Тәуелсіз Қазақстан ел рәміздері: Туын, Әнұранын, Елтаңбасын қабылдады.

а) 1992 б) 1995 в) 1996

21. Қысқы VII Азияда олимпиадасы

а) 2010 б) 2011 в) 2009

22. 3 сәуірде кезектен тыс Президенттік сайлау болып өтті. Халық қалауы Елбасы Н.Ә.Назарбаев болды.

а) 2011 б) 2010 в) 2009

23. Туған қаламыз Сәтбаевтың 40 жылдығы.

а) 2007 б) 2008 в) 2013

24. Халық санағы болды.Қазақстан халқының саны 1600000 –ға жуықтады

а) 2009 б) 2008 в) 2005

25. Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы болып жарияланды.

а) 1993 б) 1997 в) 1995


IV. Қорытынды кезеңі

«Тәуелсіз - Қазақстан» тақырыбына эссе жазу


V. Рефлексия

«Алақан» стратегиясы

Қолдың суретінің бір жағына тілек, екінші бет жағына ұсыныс жазады.


Мұғалім:

Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,

Көк туымды қалайша құлатармын.

Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,

Бәріміз баласындай бір атаның.

Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,

Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.

Халқымның ахуалы дұрыс болсын.

Еліміз әрқашанда тыныш болсын! – деп «Тәуелсіздік-таң нұры» атты тәрбие сағатын көңіл бөліп тамашалағандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар!





«Тәуелсіздік – таң нұры» атты тәрбие сағатына рефлексивті есеп

«Тәуелсіздік – таң нұры» атты тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағаты шаттық шеңберге шығып, топқа бөлінуден басталды. Тәрбие сағаты сәтті өтті. Тұсаукесер кезеңінде әр топ өздеріне берілген «Тәуелсіздік», «Желтоқсан», «Желтоқсан жастары» сөздеріне кластер жасап, топтың алдына шығып қорғады. Одан әрі «Тәуелсіздік шежіресі» атты сұрақ-жауап кезеңінде тәуелсіздікке байланысты сұрақтарға жауап берді. «Тәуелсіз - Қазақстан» тақырыбына әрқайсысы эссе жазып, кейбірі оқып берді. Ақжол, Лаура, Аружан, Оразбектің жазған эсселері жүрекке жылы тиді. Тәрбие сағатының соңында «Алақан» стратегиясы бойынша өздерінің жылы лебіздері мен ұсыныстарын жазып берді.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
"Т?уелсіздік - та? н?ры" т?рбие са?аты

Автор: Бекетова Жанар Сапаргалиевна

Дата: 04.03.2016

Номер свидетельства: 302261


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства