| Әр топқа шығармадан үзінді беріледі. Үзінді бойынша сұрақтарға жауап әзірлейді. Тапсырма. · Шығарма үзіндісімен танысыңыз. · Қандай мәселе көтеріледі? Мәтіннен дәлел келтіріңіз. · Көтерілген мәселені бүгінгі өмірден байқауға болады ма? Ойыңызды дәлелдеу үшін өмірден мысал келтіріңіз. · Мәтінде көтерілген мәселеде ұлттық мүддеміз көрініс табады ма? Бұл ұлттық мүддеміздің бүгінгі таңдағы маңыздылығы қандай? 1-топ. 1-топ. Кенесары батыр қазақтардың өз тәуелсіздігінен айрылуының ең басты себебі —«ортақ өгізден оңаша бұзау артық» деп қарайтын ел ағаларының ауыз бірлігі жоқтығынан деп білетін. Сол қазақтың басын қосуға бола ма? деген сұраққа өзі де жауап бере алмайтын. Тек соңғы кезде ғана бір жауаптың ұшығын тапқан тәрізді. https://kitap.kz/audio-book/koshpendiler_iii_kitap «Қаһар» романы Ол ұшық Абылай атасының заманы мен қазіргі ел жағдайында жатқан секілді. Абылайдың тұсында Россия патшасы Сарыарқаны төңіректеп бекініс салғаны болмаса, бәлендей ішіне кіре қоймаған-ды. Сондықтан атасы Абылай біресе Россияны еміндіріп, біресе Қытайды дәмлендіріп екі ортада бостандығын сақтап жүре берген. Ал қазір қазақта ондай мүмкіншілік жоқ. Бір жағынан әбден орын теуіп алған патша әскері болса, екінші жағынан қазақ жерінін бүкіл оңтүстігі мен Сыр бойын басып алған Қоқан мен Атырау, Арал тұсынан Үстірт, Маңғыстауға дейін өкімін жүргізген Хиуа хандықтары тұр. Абылай кезіндегіден қазір қазақ елінің басын қосудың қиындығы да, жеңілдігі де осында деп түсінеді Кенесары. Кенесары тағы да ойға шомды. 2-топ. 2-топ. «Абылайдың жолын қуу — бүкіл қазақтың басын қосып, үш жүзді билеу деген сөз. Үш жүзді билеу — сұлтан атаулыны аяғына жығылтып, Әбілхайыр, Сәмеке, Нұралы, Бөкей, Серғазы, Уәли ұрпақтарын өзіне табындырып, барлық қазақты аузыңа қарату. Үш жүздің баласын қойдай өргізіп, қозыдай көгендеу. Сонда ғана Абылай ханның қалмақ әйелі Хочадан өрбіген ұрпақтарының ежелгі арманы орындалады. Қазақ елінің жаудан жерін, еркіндігін қорғау мен Үш жүзге Қасым төре балаларының үкімін жүргізу — қазір бір тілек, бір мақсат. Ал осы тілек, осы мақсаттың орындалуына ең қолайлы кезең бүгінгі кезең. Өзінің тәуелсіздігін қорғауға көтерілгелі тұрған халық, егер бастай білсең хандықты, Үш жүзді билеуді саған езі алып бергелі тұрған жоқ па?!» «Хандыққа таласудың екі жолы бар. Оны сан айқастан өткен Кенесары жақсы біледі. Бірі саған хан билігін әперем деген халықтың артында тұрып басқара білу. Екіншісі соңынан ерген қолдың алдында жүріп ерлігіңмен өзіңе тартып алу. Хандыққа жүз бен жүз, ру мен ру таласса, жұрттың арт жағында тұрып елді қырғынға айдап салып, ақыл-айламен, зұлымдық-жауыздықпен мұратқа жетуге болады. Ал бүгінгі таластай, қалың бұқараның тәуелсіздігін қорғау арманы мен сенің жұрт билігін қолға алам деген көкейкесті тілегің ұштасып жатқанда, соңыңнан ерген қолдың артында емес, алдына шығу қажет. Сонда ғана саған қара халық сенеді, соңыңнан ереді. 3-топ. Кенесары жігіттері осы уақытқа дейін, Ташкент пен Қараөткел, Қызылжар арасындағы керуендерді талап, ырқына көнбеген кейбір сұлтандардың аулын шауып, Чириков пен Карповтың жасақтары секілді патша әскерлерінің шағын топтарымен ғана қағысып келді. Ал ертеңнен бастап үлкен айқасқа шықпақ патша әскерлері мен Россияға берілген қазақ сұлтандарына қарсы майдан ашпақ. Ол сөйтуге міндетті, өйткені соңынан ерген жұрттың көкейкесті арманын, мүддесін еске алатын мезгіл жетті, әйтпесе жер-суымызды, еркіндігімізді қорғаймыз деп маңына топталған бұқара елдің көңілі суи бастауы мүмкін. Қара қазақтың бұдан күткені ел шабу, керуен тонау емес, үлкен іс, халықтық іс. Кенесары бұл майданды ашпастан бұрын, патша әскерімен таласты соғыссыз шешпек боп қолдан келген амалын аяған жоқ. Маңайына ақ патшадан зәбірлік жеген жұртты жинаумен қатар, мүмкін, күннен-күнге көбейіп жатқанымызды көріп бізбен санасар деген үмітте де болды. Омбы бастықтарына хат үстіне хат жолдады. 4-топ Хаттың мазмұны мынадай еді: «Мәртебелі ұлуғ господин жанарал-губернатор хазратләріна.3 Абылай ханның ұрпағы Кенесары Қасым ұғылынан ғарызнама. Сіздің ағзам хазрәтларыңызға мағлұм қыламыз, шунки менің тілегім екі патшалықтың халқы да тыныштықта өмір сүру еді, бірақ та сіздің адамдарыңызды өз жағыма шығарып алды деп сіз мағач күмәнданатын көрінесіз. Менің айтып отырғаным мынау: біздің бабамыз хан Абылайға тиісті жерлерде сіз дуан салдырдыңыз және қазақ халқынан алым-салық аласыз, сөйтіп бізді қыспаққа салып отырсыз. Біз бұған риза емеспіз және алым-салық төлеп сіздің қарауыңызда тұра алмаймын, Біздің басымызға туған күн Ресейдің басына туса сендер қандай күйде болар едіңдер? Сондықтан біздің жай-күйімізбен санасуларың керек. Әрине, мен Баянауыл, Қарқаралы һәм Ақмола қазақтарын өзіме қосып алдым, әлі де болса халқымды өз жағыма қоса берем деген ниетім бар; алайда қазақ халқы бұрынғыша өз алдына ел болып өмір сүрсе тіпті жақсы болар еді, сонда ғана сіз де, біз де тыныш өмір сүре алар едік. Менің естуімше, сіздер бізді Қоқан һәм Бұқар хандығынан айыруды көздейтін көрінесіздер. Бірақ олар мұсылман заңы бойынша бізді қорғауға міндетті. Екі ел тынышы, бейбіт өмір сүрсе бәрінен де сол жақсы болар еді. Бірақ дуанбасылары ел аралаған кезінде сиязға деп сылтауратып қазақтың жақсы ат, жақсы киім-кешектерін алатын көрінеді. Біздің мүлкімізді талан-таражға салуға тыйым болсын деген патша ағзамның заңы бола тұрса да, дуанбасылары қазақтардың айтқан арызын құлағына да ілмейді. Жуырда ғана Тортуыл болысының қазағы Азнабай мырзаның әйелін, екі келінін, қызын Һәм бір жесір әйелді жаулап алып кетті. Бұлардың қайда екені әлі белгісіз. Сізбен әрқашанда достық қатынаста тұруды көздеп мен мына төмендегілерді талап етемін: 1) Ақтау қорғанысы жойылсын; 2) Ақмола дуаны жойылсын; 3) Біздің жерімізге салынған сондай мекеме орындары тегіс жойылсын; 4) Қамауға алынған біздің адамдар һәм Қоңырқұлжа сұлтанға жіберілген екі адам босатылсын. Ұшпуны иландырмақ үшін мен сұлтан Кенесары Қасым ұғлы мөрімді бастым». Бұл хатта Кенесары Қоқан, Бұхар хандығымен еш уақытта да бірікпейтінін біле тұрса да, генерал-губернаторға сұс көрсету үшін олар жәрдем береді деген сөзді әдейі көрсеткен. Бағалау критерийі: · Көтерілген мәселені анықтайды · Өмірмен байланыстырады · Ұлттық мүддені анықтайды «Шеңбер» әдісі бойынша топаралық бағалау жүзеге асады. 1-топты 2-топ, 2-топты 3-топ, 3-топты 4-топ,4-топты 1- топ бағалап шығады. Ж Оқушы тапсырманы жеке орындайды. Төменде берілген пікірді негізге ала отырып, сұраққа жауап әзірлейді. Тапсырма2 Сұрақ: Ұлттық мүдденің маңыздылығы неде? Ұлттық мүдде мемлекет дамуының ішкі және сыртқы қатынастарының бағыт-бағдарымен, саясатымен тікелей байланысты Бұл деңгейдегі әрқилы мүдде тарихта уақытында және тиімді түрде шешімін тауып отырса, онда қоғамдық дамудың өркениеттілігі, пәрменділігі, үйлесімділігі арта түседі, сондай-ақ мемлекеттің ішкі қайшылықтарының әлеуметтік тұтастықты бұзбауына негіз болады. Бағалау критерийі: · Ұлттық мүдденің маңыздылығын дәлелдейді. Кері байланыс «Бүгінгі сабақта мені...» әдісі Мені таңғалдырғаны Мені ренжіткені Мені қуантқаны Мені ойландырғаны | |