kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тарихи т?л?а - Ілияс Есенберлин

Нажмите, чтобы узнать подробности

І. Есенберлинні? 100 жылды? мерейтойы «2015 жылы ?аза?ты? аса к?рнекті классик жазушысы, Мемлекеттік сыйлы?ты? лауреаты, кітаптары миллионда?ан таралыммен ?лемні? к?птеген тілдеріне аударыл?ан Ілияс Есенберлинні? ту?анына 100 жыл толады. Классик жазушы, ?ажайып с?з зергері Ілияс Есенберлинні? е?бектері де ?шан-те?із, ата?тары да айтарлы?тай. Оны? 100 жылды? мерейтойын ?лемдік де?гейде атап ?ту елдігімізге, азаматты?ымыз?а ?лкен сын. ?дебиетіміз бен м?дениетімізді? айтулы да майталман ?кіліні? мерекесі халы?аралы? ЮНЕСКО аясында?ы д?ние ж?зілік д?режеде к?рсетілуін хал?ымыз да та?атсыз к?тетіні к?міл. Сонды?тан да осынау шара?а Сізді? м?рынды? ретінде бастамашы болуы?ызды бек ??птаймыз!». Ілияс Есенберлин ?дебиетте ал?ашында а?ын ретінде танылды. Оны? «С?лтан», «Айша», «Біржан сал трагедиясы» атты дастандары, «Адамгершілік туралы жыр» ?ле?дер жина?ы жары? к?ріп, о?ырман ілтипатына б?ленді. 60 жылдары ?аламгер проза жанрына бет б?рып, осы аяда с?белі туындарды д?ниеге келтірді. Атап айт?анда: «?зен жа?асында», «Тол?иды Есіл», «Адам туралы ?н» хикаяттары, «Ай?ас», «?атерлі ?ткел», «?ашы?тар», «?а?ар», «Алмас ?ылыш», «Алтын ??с», «Жанталас», «К?ле?ке?мен ?ор?ай ж?р», «Аманат», «Махаббат мейрамы» романдары, «К?шпенділер», «Алтын орда» трилогиялары бірінен со? бірі жарияланып, халы?ты? жастанып о?итын шы?армаларына айналды. Оны? 10 томды? шы?армалар жина?ы да о?ырмандар ?олында. Жазушыны? к?ркем д?ниелері, ?сіресе «К?шпенділер» трилогиясы орыс, а?ылшын, француз, араб, ?ытай, испан, украин, литва, венгр, латыш, т.б. тілдерге т?ржімаланды. Ол 1976 жылы республиканы? Абай атында?ы Мемлекеттік сыйлы?ын иеленіп, Е?бек ?ызыл Ту, «??рмет белгісі» ордендерімен марапатталды. Оны? есімі Атбасар ?аласында?ы мектепке, Алматы мен Астана ша?арларында?ы к?шелерге берілді. Ілияс Есенберлин 1915 жыл?ы 10 ?а?тарда ?азіргі А?мола облысы Есіл ??іріндегі Атбасар ?аласында д?ниеге келген. "Жа?сыны? аты, ?алымны? хаты ?лмейді". Ата?ты «К?шпенділер» трилогиясыны? авторы, тарихи жазушы Ілияс Есенберлинні? 100 жылды?ы 2015 жылы аталып ?тпек. ?ара с?зді? хас шебері, ?аза? ?дебиетіндегі тау т?л?аны? мерей тойы ЮНЕСКО к?лемінде тойланба?. Ал жазушыны? ту?ан жері - А?мола облысы Атбасар ауданында той?а дайынды? ?азірден-а? басталып кетті. М?ра?аттан жазушыны? с?зі: - Д?ние деген ?зенні? адам мен таби?ат екі жа?асы т?різді. Сонды?тан да сонау к?не заманда да, бертін келе де к?шпелі елге ?аза? сы?ылды таби?ат ?те жа?ын орын ал?ан. Б?л бейнетаспа жазушыны? атында?ы жал?ыз м?ражай ?орында са?талып т?р. Ту?ан жері Атбасар ауданында орналас?ан м?ражайда Ілияс Есенберлинні? к?зі тірісінде ?олдан?ан заттарына дейін жина?тал?ан. ??нды ж?дігерлерді? ?азір м?нда екі мы?нан аса данасы бар. ?лбосын ?АМБАТЫРОВА, ІЛИЯС ЕСЕНБЕРЛИН АТЫНДА?Ы ?ДЕБИ М?РАЖАЙДЫ? ДИРЕКТОРЫ: - М?ражай ашыл?аннан бері берген ж?дігерлерді? барлы?ы осында са?талып жатыр. Біра? балалары ?зі ?айтыс бол?аннан кейін к?птеген ж?дігерлерді Алматыда?ы м?ражай?а тапсыр?ан екен. 350 дей ж?дігерлер. Олар біра? м?ражайда са?талма?ан екен бір себептермен. Аз ?ана сонда бар. ?лі зерттейтін ж?мыстар ?те к?п. Мерейтой?а дейін м?ражайды к?рделі ж?ндеуден ?ткізу де жоспарланып отыр. Сондай а? 2015 жылы Атбасар ауданыны? орталы? ала?ына Есенберлинге арнал?ан е?селі ескерткіш те бой к?термек. Халы?аралы? Т?ркі академиясыны? ?йымдастыруымен белгілі жазушы Ілияс Есенберлинні? ту?анына 100 жыл толуына орай «К?ркем шы?армада?ы тарихи шынды?» атты жиын болып ?тті. Бас?осу Елбасыны? тапсырмасымен биыл ке? к?лемде аталып ?тілетін ?аза? ханды?ыны? 550 жылды? мерейтойына арналды. Таяуда ?Р Мемлекеттік хатшысы Г?лшара ?бді?алы?ова Т?ркі академиясына арнайы келіп, осы атаулы дата?а ?атысты шараларды? ма?ызына ерекше м?н берген болатын.Ал?алы жиын?а Мемлекеттік сыйлы?ты? иегерлері, ?аламгерлер ?.М?хамет?алиев, Н.Айт?лы, ?алымдар С.?ас?абасов, ?.Сал?ара?лы, сондай-а? ?Р Парламентіні? депутаттары, тарихшылар мен ?о?ам ?айраткерлері ж?не жазушыны? немересі Ма?жан Есенберлин ?атысуда. ?аза? ?аламгерлері арасында ?лт тарихына ?атысты ал?аш болып кесек туындылар жаз?ан І.Есенберлин Ке?ес Ода?ы кезінде хал?ымызды? тарихи санасыны? оянуына ?лшеусіз ?лес ?осты. “?а?ар”, “Алмас ?ылыш”, “Жанталас” атты тарихи романдардан т?ратын «К?шпенділер» трилогиясы елді? т?л тарихына деген ?ызы?ушылы?ын арттырды.Оны? ?аламынан ту?ан, алаш ж?ртыны? жеті ж?з жылды? тарихын суреттейтін «Алтын Орда», «К?шпенділер» секілді с?йекті шы?армаларында ?лы дала м?дениеті, ?аза? ханды?ы туралы мол ма?л?мат ?амтыл?ан. Ілияс Есенберлинні? 17 романы мен к?птеген шы?армалары ?леміні? 30-?а жуы? тіліне аударыл?ан. Жазушы шы?армаларында?ы ма?ызды о?и?алар тарихи шынды?пен астасып жатады. ??жатты? деректер к?здеріне, сондай-а? шежірелер мен а?ыз-?псаналарды негізге ал?ан жазушы ?аза? хал?ыны? сан ?асырлы? ?мірін к?ркем суреттейді. Сонды?тан бас?осу?а жинал?андар тілге т?сау салын?ан ?иын кезе?де ?лтты? тарихымызды?, оны? ішінде ?аза? ханды?ы т?сында?ы ел ?міріні? к?ркем шы?армада к?рініс табу ерекшеліктерін орта?а салды. Жазушы мерейтойыны? ?аза? ханды?ыны? 550 жылды?ымен орайлас келуі жиынны? ма?ызын арттыра т?сті. Жиында с?йлегендерді? с?зі: Дархан ?ыдыр?лі, Халы?аралы? Т?ркі академиясыны? президенті: -Кезінде тарихшыларымызды? тіліне т?сау т?скен кезде, Бекмаханов сынды алыптарымыз айыпталып жат?ан т?ста ты?нан т?рен салып, ?лкен та?ырыптарды ?оз?ап, ?лкен ??былыс ретінде тарихи сананы к?терген м?зжар?ыштай семсер тілді Ілияс Есенберлинні? ту?анына биыл 100 жыл толып отыр. Б?л мереке бір жа?ынан ?аза? ханды?ыны? 550 жылды?ымен т?спа-т?с келуімен де ма?ызды. Сонды?тан б?гінгіжиынды біз елге белгілі тарихшы, ?дебиетші ?зге де ?о?ам ?айраткерлерімен бірге ?ткізуді ж?н санады?. Жалпы Халы?аралы? Т?ркі академиясы ?аза? ханды?ыны? 550 жылды?ын жыл бойы атап ?туді жоспарлап отыр. Тек ?аза?станда ?ана емес, Еуропа, А?Ш, т?ркі мемлекеттерінде осы?ан ?атысты елеулі шаралар ?теді ж?не сол шараларды? барлы?ында да Ілияс Есенберлинні? аты аталатын болады. Сондай-а?, б?гінгі шара мемлекеттік хатшыны? ?олдауымен, ма??лдауымен ?тіп отыр?анын да айта кетуім керек. ??ныпия Алпысбаев, филология ?ылымдарыны? докторы, профессор: – ?аза? ханды?ыны? тарихы со??ы 30-40 жылда Ілияс Есенберлинні? есімімен байланысты аталып келді. ?йткені Ке?ес кезінде, тарихты шынайы жазу?а м?мкіндік болма?ан кезде, Ілеке? к?ркем шы?армамен болса да ?лтты? ?ткенін тарих ?ойнауынан шы?арып берді. ?лтты? болмысты, ?лтты? сананы ?лтты? бойына сі?діруді ма?сат т?т?ан І.Есенберлин ты? та?ырып?а барды. Оны? «?а?ар» шы?армасы шы??анда ?о?амда ?лкен сілкініс тудырды. ?аза? тарихы 17 жылдан басталады деген жал?ан ?а?иданы? се?ін б?зып, к?бесін с?кті. Сонды?тан Ілеке?ні? халы?ты? санасында ?лтты? рухты орны?тыруда ?лкен е?бек сі?ірді деп толы? сеніммен айна аламыз. ?ойшы?ара Сал?ара?лы, жазушы-?алым, Мемлекеттік сыйлы? иегері: – Мен ілеке?ді к?рмеген адаммын, тілдесіп те к?рмеппін. Біра? оны? «?а?ар» шы?армасы шы??анда сатып алып бас алмай о?ы?аным есімде. Т?німен к?з ілмей о?ып, ерте?інде д?кеннен он данасын сатып алып достарыма таратып берген болатынмын. Мені? ойымша, сол уа?ытта к?п адам осылай жасады-ау деймін. Себебі, сол уа?ытта ?аза? ?о?амы ?лтты? ??нары бар шы?армалар?а з?ру-тін. Жалпы осы шы?арма ?аза? ?о?амына мы?тап ой салды, ?аза? ?айдан шы?ты, ?андай болды? деген с?ра?тар к?пшілікті мазалай бастады. Осы туынды кейін де к?птеген тарихи шы?армаларды? д?ниеге келуіне, жазушы, тарихшыларды? осы та?ырып?а ?алам тербеуіне жол ашты. Сейіт ?ас?абасов, ?Р ??А академигі, филология ?ылымдарыны? докторы: Ілеке?ні? мы?тылы?ы сонда – ол к?ркем шы?арма ар?ылы тарихи шынды?ты? бетін ал?аш?ы болып айтып берді. Оны? шы?армасы сонды?тан да о?ыла береді ж?не зерттеле береді. ?аза? ханды?ыны? 550 жылды?ы ?арса?ында Ілеке?ні? шы?армалары ?айта жа??ырады деген сенімдемін. ?рине, кезінде жазушыны? «?а?ар» шы?армасы ?о?амда біраз дау тудырды. О?ан ?арсы ма?алалар да жазылды. Біра? со?ан ?арамастан уа?ыт ?те І.Есенберлинні? шы?армаларына, туындыларына ?рпа? о? ба?асын беріп жатыр.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тарихи т?л?а - Ілияс Есенберлин »

І. Есенберлиннің 100 жылдық мерейтойы

«2015 жылы қазақтың аса көрнекті классик жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, кітаптары миллиондаған таралыммен әлемнің көптеген тілдеріне аударылған Ілияс Есенберлиннің туғанына 100 жыл толады. Классик жазушы, ғажайып сөз зергері Ілияс Есенберлиннің еңбектері де ұшан-теңіз, атақтары да айтарлықтай. Оның 100 жылдық мерейтойын әлемдік деңгейде атап өту елдігімізге, азаматтығымызға үлкен сын. Әдебиетіміз бен мәдениетіміздің айтулы да майталман өкілінің мерекесі халықаралық ЮНЕСКО аясындағы дүние жүзілік дәрежеде көрсетілуін халқымыз да тағатсыз күтетіні кәміл. Сондықтан да осынау шараға Сіздің мұрындық ретінде бастамашы болуыңызды бек құптаймыз!».

Ілияс Есенберлин әдебиетте алғашында ақын ретінде танылды. Оның «Сұлтан», «Айша», «Біржан сал трагедиясы» атты дастандары, «Адамгершілік туралы жыр» өлеңдер жинағы жарық көріп, оқырман ілтипатына бөленді. 60 жылдары қаламгер проза жанрына бет бұрып, осы аяда сүбелі туындарды дүниеге келтірді. Атап айтқанда: «Өзен жағасында», «Толқиды Есіл», «Адам туралы ән» хикаяттары, «Айқас», «Қатерлі өткел», «Ғашықтар», «Қаһар», «Алмас қылыш», «Алтын құс», «Жанталас», «Көлеңкеңмен қорғай жүр», «Аманат», «Махаббат мейрамы» романдары, «Көшпенділер», «Алтын орда» трилогиялары бірінен соң бірі жарияланып, халықтың жастанып оқитын шығармаларына айналды. Оның 10 томдық шығармалар жинағы да оқырмандар қолында. Жазушының көркем дүниелері, әсіресе «Көшпенділер» трилогиясы орыс, ағылшын, француз, араб, қытай, испан, украин, литва, венгр, латыш, т.б. тілдерге тәржімаланды. Ол 1976 жылы республиканың Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығын иеленіп, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталды. Оның есімі Атбасар қаласындағы мектепке, Алматы мен Астана шаһарларындағы көшелерге берілді.

Ілияс Есенберлин 1915 жылғы 10 қаңтарда қазіргі Ақмола облысы Есіл өңіріндегі Атбасар қаласында дүниеге келген. "Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді". Атақты «Көшпенділер» трилогиясының авторы, тарихи жазушы Ілияс Есенберлиннің 100 жылдығы 2015 жылы аталып өтпек. Қара сөздің хас шебері, қазақ әдебиетіндегі тау тұлғаның мерей тойы ЮНЕСКО көлемінде тойланбақ. Ал жазушының туған жері - Ақмола облысы Атбасар ауданында тойға дайындық қазірден-ақ басталып кетті.

Мұрағаттан жазушының сөзі:

- Дүние деген өзеннің адам мен табиғат екі жағасы тәрізді. Сондықтан да сонау көне заманда да, бертін келе де көшпелі елге қазақ сықылды табиғат өте жақын орын алған.

Бұл бейнетаспа жазушының атындағы жалғыз мұражай қорында сақталып тұр. Туған жері Атбасар ауданында орналасқан мұражайда Ілияс Есенберлиннің көзі тірісінде қолданған заттарына дейін жинақталған. Құнды жәдігерлердің қазір мұнда екі мыңнан аса данасы бар.

Ұлбосын ҚАМБАТЫРОВА, ІЛИЯС ЕСЕНБЕРЛИН АТЫНДАҒЫ ӘДЕБИ МҰРАЖАЙДЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Мұражай ашылғаннан бері берген жәдігерлердің барлығы осында сақталып жатыр. Бірақ балалары өзі қайтыс болғаннан кейін көптеген жәдігерлерді Алматыдағы мұражайға тапсырған екен. 350 дей жәдігерлер. Олар бірақ мұражайда сақталмаған екен бір себептермен. Аз ғана сонда бар. Әлі зерттейтін жұмыстар өте көп.

Мерейтойға дейін мұражайды күрделі жөндеуден өткізу де жоспарланып отыр. Сондай ақ 2015 жылы Атбасар ауданының орталық алаңына Есенберлинге арналған еңселі ескерткіш те бой көтермек.

Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен белгілі жазушы Ілияс Есенберлиннің туғанына 100 жыл толуына орай «Көркем шығармадағы тарихи шындық» атты жиын болып өтті. Басқосу Елбасының тапсырмасымен биыл кең көлемде аталып өтілетін Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналды.

Таяуда ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Түркі академиясына арнайы келіп, осы атаулы датаға қатысты шаралардың маңызына ерекше мән берген болатын.Алқалы жиынға Мемлекеттік сыйлықтың иегерлері, қаламгерлер Қ.Мұхаметқалиев, Н.Айтұлы, ғалымдар С.Қасқабасов, Қ.Салғараұлы, сондай-ақ ҚР Парламентінің депутаттары, тарихшылар мен қоғам қайраткерлері және жазушының немересі Мағжан Есенберлин қатысуда.

Қазақ қаламгерлері арасында ұлт тарихына қатысты алғаш болып кесек туындылар жазған І.Есенберлин Кеңес Одағы кезінде халқымыздың тарихи санасының оянуына өлшеусіз үлес қосты. “Қаһар”, “Алмас қылыш”, “Жанталас” атты тарихи романдардан тұратын «Көшпенділер» трилогиясы елдің төл тарихына деген қызығушылығын арттырды.Оның қаламынан туған, алаш жұртының жеті жүз жылдық тарихын суреттейтін «Алтын Орда», «Көшпенділер» секілді сүйекті шығармаларында ұлы дала мәдениеті, Қазақ хандығы туралы мол мағлұмат қамтылған. Ілияс Есенберлиннің 17 романы мен көптеген шығармалары әлемінің 30-ға жуық тіліне аударылған.

Жазушы шығармаларындағы маңызды оқиғалар тарихи шындықпен астасып жатады. Құжаттық деректер көздеріне, сондай-ақ шежірелер мен аңыз-әпсаналарды негізге алған жазушы қазақ халқының сан ғасырлық өмірін көркем суреттейді.

Сондықтан басқосуға жиналғандар тілге тұсау салынған қиын кезеңде ұлттық тарихымыздың, оның ішінде Қазақ хандығы тұсындағы ел өмірінің көркем шығармада көрініс табу ерекшеліктерін ортаға салды.

Жазушы мерейтойының Қазақ хандығының 550 жылдығымен орайлас келуі жиынның маңызын арттыра түсті.

Жиында сөйлегендердің сөзі:

Дархан Қыдырәлі, Халықаралық Түркі академиясының президенті:

-Кезінде тарихшыларымыздың тіліне тұсау түскен кезде, Бекмаханов сынды алыптарымыз айыпталып жатқан тұста тыңнан түрен салып, үлкен тақырыптарды қозғап, үлкен құбылыс ретінде тарихи сананы көтерген мұзжарғыштай семсер тілді Ілияс Есенберлиннің туғанына биыл 100 жыл толып отыр. Бұл мереке бір жағынан қазақ хандығының 550 жылдығымен тұспа-тұс келуімен де маңызды. Сондықтан бүгінгіжиынды біз елге белгілі тарихшы, әдебиетші өзге де қоғам қайраткерлерімен бірге өткізуді жөн санадық.

Жалпы Халықаралық Түркі академиясы қазақ хандығының 550 жылдығын жыл бойы атап өтуді жоспарлап отыр. Тек Қазақстанда ғана емес, Еуропа, АҚШ, түркі мемлекеттерінде осыған қатысты елеулі шаралар өтеді және сол шаралардың барлығында да Ілияс Есенберлиннің аты аталатын болады. Сондай-ақ, бүгінгі шара мемлекеттік хатшының қолдауымен, мақұлдауымен өтіп отырғанын да айта кетуім керек.

Құныпия Алпысбаев, филология ғылымдарының докторы, профессор:

– Қазақ хандығының тарихы соңғы 30-40 жылда Ілияс Есенберлиннің есімімен байланысты аталып келді. Өйткені Кеңес кезінде, тарихты шынайы жазуға мүмкіндік болмаған кезде, Ілекең көркем шығармамен болса да ұлттың өткенін тарих қойнауынан шығарып берді. Ұлттық болмысты, ұлттық сананы ұлттың бойына сіңдіруді мақсат тұтқан І.Есенберлин тың тақырыпқа барды. Оның «Қаһар» шығармасы шыққанда қоғамда үлкен сілкініс тудырды. Қазақ тарихы 17 жылдан басталады деген жалған қағиданың сеңін бұзып, көбесін сөкті. Сондықтан Ілекеңнің халықтың санасында ұлттық рухты орнықтыруда үлкен еңбек сіңірді деп толық сеніммен айна аламыз.

Қойшығара Салғараұлы, жазушы-ғалым, Мемлекеттік сыйлық иегері:

– Мен ілекеңді көрмеген адаммын, тілдесіп те көрмеппін. Бірақ оның «Қаһар» шығармасы шыққанда сатып алып бас алмай оқығаным есімде. Түнімен көз ілмей оқып, ертеңінде дүкеннен он данасын сатып алып достарыма таратып берген болатынмын. Менің ойымша, сол уақытта көп адам осылай жасады-ау деймін. Себебі, сол уақытта қазақ қоғамы ұлттық құнары бар шығармаларға зәру-тін. Жалпы осы шығарма қазақ қоғамына мықтап ой салды, қазақ қайдан шықты, қандай болдық деген сұрақтар көпшілікті мазалай бастады. Осы туынды кейін де көптеген тарихи шығармалардың дүниеге келуіне, жазушы, тарихшылардың осы тақырыпқа қалам тербеуіне жол ашты.

Сейіт Қасқабасов, ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы: Ілекеңнің мықтылығы сонда – ол көркем шығарма арқылы тарихи шындықтың бетін алғашқы болып айтып берді. Оның шығармасы сондықтан да оқыла береді және зерттеле береді. Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңында Ілекеңнің шығармалары қайта жаңғырады деген сенімдемін. Әрине, кезінде жазушының «Қаһар» шығармасы қоғамда біраз дау тудырды. Оған қарсы мақалалар да жазылды. Бірақ соған қарамастан уақыт өте І.Есенберлиннің шығармаларына, туындыларына ұрпақ оң бағасын беріп жатыр.



«Сам орта мектебі» ММ



Тарихи тұлға - Ілияс Есенберлин





















Дайындаған: Тотенова Ару





2014-2015 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Тарихи т?л?а - Ілияс Есенберлин

Автор: Тотенова Ару Тажибаевна

Дата: 11.02.2015

Номер свидетельства: 171633


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства