kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Елімізді ертеңіне жетелеген – Елбасы»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Елімізді ертеңіне жетелеген – Елбасы»»



«Елімізді ертеңіне жетелеген – Елбасы»

Мақсаты:Қазақтың Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру; Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу; Оқушылардың бойында Елбасына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру;

  • Қазақ  халқының тұңғыш  президенті Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаевтың  өмір  жолы,туып-өскен,оқып  білім  алған ,қызмет еткен жерлері   туралы  мағлұмат  беру;

  • Елбасының  өмір жолынан үлгі  ала  отырып Отанын , халқын сүюге ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық  сезімге тәрбиелеу;

  • Шәкірт  жүрегінде  елбасына  деген  сүйіспеншілік  сезімін ояту, құрметтеу.


Көрнекілігі:слайдтар  көрсету, үнтаспа, шарлар, суреттер, буклет

« Нұрсұлтан Назарбаев-тұңғыш президент» атты бейнекөрсетілім

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды.1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы- Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.Ата Заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы –Президент. Латын тілінен аударғанда «президент» сөзі «алдында отырған» деген мағынаны білдіреді. 2005 жылы 4 желтоқсанда бүкіл халықтық сайлау қорытындысында Н.Ә. Назарбаев қайта Президент болып сайланды.Қазақстанның атын сонау шет мемлекеттер танып, астанамыз көркейіп жатқаны Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың арқасы. Қазақстан тәуелсіздігіне міне 25 жыл болады.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы оқушыларға қысқаша мағлұмат беру;


1-о
қушы: Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық және қоғамдық – саяси дамуының келешегіне айқын жол ашқан 1990 жылы 25 қазанда қабылданған Егемендік туралы Декларация екені баршамызға белгілі. Бұл мемлекет ретінде өз алдына отау тіккен республикамыздың мәртебесін асқақтатқан бүкіл әлем алдында « Қазақстан  » деген ел бар екенін паш еткен тарихымыздағы тұңғыш құжат.






2-оқушы: Егеменді ел болып, Тәуелсіздіктің көк байрағын көтерген сәті – Қазақстанның әр азаматы үшін қуаныш, көл – көсір зор оқиға, тарихтың үлкен бетбұрысы болғаны анық. Ғасырлар бойы бостандықты аңсаған қазақ халқы үшін бұл шынында да айтып жеткізілмейтін мол бақыт, асыл арманның жүзеге асуы еді.Осының бәрі еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің арқасында!


3-оқушы: Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген. 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келді. Оған әке - шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды. Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын - туыс түрлі есімдерді тұс - тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын». Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді.

«Ой түрткі»
1. Қазақстан Республикасының рәміздері мен авторлары туралы не білесіңдер?

2. Н.Ә. Назарбаев қашан республикамыздың президенті болып сайланды?

3. Алғашқы қазақ ғарышкері кім және ол ғарышқа қашан самғады?

4. Төл теңгеміз дүниеге қашан келді?

5. Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясы қашан қабылданды?

6. Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды?

7. Қазақстанның бұрынғы және қазіргі астаналарын атаңдар?

8. 1992 жылы 4 маусымда қандай оқиға болды?

9. Талғат Мұсабаев кім, ол туралы не білесіңдер?

10. « Тәуелсіздік » монументі қашан ашылды?

11. Қазақстан қандай мемлекет?

12. Қазақстанда қай тіл мемлекеттік тіл?

13. Қазақстан қандай ұйымға мүше болды, қай жылы?

14. Қазақстанда неше облыс бар?

15. Қазақстанның төл мерекелерін атаңдар.

 

Елбасына арналған өлең шумақтары


1-оқушы:Ел болдық, ерік алдық астаналы

Енді кімнен қазағым жасқанады?

Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,

Нұрсұлтанның атымен басталады.



2-оқушы: Жаңа ғана қазағымның таңы атты,

Алу мақсат Ел деп алғыс, сауапты.

Әр отбасы, әрбір қазақ, әр адам,

Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты!

3-оқушы:Қазақстан дейтін менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған.

4-оқушы: Бірде шырқап, бірде төмен құлаған,
Өмір жолы болған қиын бұралаң.
Қазағымды жарқын жолға бастады
Елбасы боп сайланды да Нұр ағам.

Естімейік енді елдің жылағанын,
Қайта құлап, бостандық сұрағанын.
Абылайдың жолымен алға басқан,
Құт болсын «нұрлы жолы » Нұр ағаның.

Биіктей бер, Нұр аға,
Қыран қанат талмасын.
Қадірлемей тұра ма,
Халық сіздей тұлғасын.

Қорытынды. Біздің президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық. Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н. Ә. Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен Отанымызды әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатынымызға күманданған жандар болған екен. Бірақ ар - намысты ту еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді. Ән: «Жаса Қазақстан».


«Жаса Қазақстан!» әні .









« Московскй орта мектебі » КММ








«Елімізді ертеңіне жетелеген – Елбасы»










Сынып жетекшісі : Набиева А.Г









2017-2018 оқу жылы



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
«Елімізді ертеңіне жетелеген – Елбасы»

Автор: Набиева Акнур Гаусылагзамовна

Дата: 20.11.2017

Номер свидетельства: 439750

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "Елімізді ерте?іне жетелеген елбасы "
    ["seo_title"] => string(46) "ielimizdi-iertien-inie-zhietielieghien-ielbasy"
    ["file_id"] => string(6) "179092"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424945381"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства